22 қыркүйек Қазақстан Республикасы халықаралық тілдер күні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

“Педагогикалық психология” кафедрасы

БАЯНДАМА

Тақырыбы: “22 қыркүйек Қазақстан Республикасы халықаралық тілдер күні”

Тараз 2022

Тіл - аса маңызды әлеуметтік қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ел мен елді, ұлттар мен ұлыстарды жақындастыратын, табыстыратын тегеурінді тетік.

Елбасымыздың 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні болып жарияланды және барша қазақстандықтардың ортақ мерекесіне айналды.

Егемендіктің басты белгілерінің бірі ретінде көріне келіп, тіл ұлттық мемлекеттілікті айқындайтын ұстындар қатарынан орын тебеді. Бұл әсіресе 100-ден астам халық өкілдері мекендейтін Қазақстан сияқты көпұлтты ел үшін өте маңызды. Ата Заңымыз - Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Тіл саясаты туралы» 1996 жылғы Тұжырымдамада және аталған құжаттар негізінде өмірге келген 1997 жылғы «Тіл туралы» Заңда еліміздегі ұлтаралық ынтымақ пен ауызбіршілікті қамтамасыз етуде­гі тілдің маңызы ашып көрсетілген.

Республикада қолданылатын тіл­дер үшін жағдай жасауға бағытталған тіл саясаты Қазақстанды мекен ететін түрлі ұлтар мен ұлыстар өкілдерінің өз ана тілдерін оқып-үйренулеріне жан-жақты жәрдем көр­сетуді көздейді. Елімізде 23 ұлттың тілдері оқытылатын 178 жексенбі күнгі мектептер жұмыс істейді. Сонымен қатар орыс, сондай-ақ өзбек, ұйғыр, корей және неміс ұлттық театрлары жұмыс істейді. Олар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

Астанада Елбасы ұсынысымен салынған Бейбітшілік пен келісім сарайында жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары, дүниежүзілік дәс­түрлі діндер съездері, басқа маңызды іс-шаралар өткізілуде. Мұны қоғамдағы өзара тү­сіністікті, бірлік пен ынтымақтастықты ны­ғай­татын іргетас ретінде қарастыруға болады. Еліміздің ақпараттық кеңістігінде ұлт тіл­деріндегі бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен қамтылған.

Қазіргі таңда 35-тен аса этникалық газеттер мен журналдар рес­пуб­ликаның медиалық өрісін кеңейте түсуде. Ба­сылымдар 11 тілде, радиобағдарламалар 8 тілде, ал телебағдарламалар 7 тілде шығары­лады. Солтүстік Қазақстан облысында «Полония» атты поляк теледидарының, Оңтүстік Қазақстан облысында өзбек теледидарының хабарлары жүргізіледі. «Қазақстан» ұлттық телеарнасының және Қазақ радиосының эфирінде корей, ұйғыр, неміс тілдерінде бағдарламалар шығады.

Бүгінде мемлекеттік тіл барша қазақстан­дықтарды топтастыратын маңызды фактор­лар қатарында. Тіл қолданысы саласында жүр­гі­зіл­ген социологиялық зерттеулер елімізде қазақ тілінде еркін сөйлейтін адамдар санының бір­тіндеп көбейіп келе жатқанын көрсетуде. Мем­лекеттік тілді жан-жақты дамыту Ел­басы­­мыздың бағдарламалық құжаттарында басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіліп, жамиғатты біріктірудің басты тетіктерінің бірі ретінде қарастырылуда. Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығай­ту және оның әлеуметтік-коммуникативтік мін­дет­терін кеңейту еліміз саясатының басты страте­гиялық бағыты саналып отыр.

Мұның нәтижесін соңғы кезеңде жүргізілген әлеуметтік зерделемелерге сәйкес балаларына қазақша білім беруді қалайтын қазақстандықтар санының соңғы он жылда төрт пайызға артқанынан көріп отырмыз. Бұл «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген Елбасы тұжырымы көрегендігінің тағы бір айғағы болып табылмақ.

Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар­ламасына сәйкес мемлекеттік тілді қолда­нуды кеңейту жөнінде пәрменді шаралар қабылданды. Бұл орайда, елімізде тілдердлі дамытуға бағытталған игі істер жеткілікті. Әртүрлі деңгейдегі оқу-әдістемелік құралдар, қажетті терминоло­гиялық сөздіктер жеткілікті шығарылып келеді.

Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, еліміз заман талабына сай оқу үрдісін дистан­ция­лық және интерактивті тәсілдермен жүр­гізуге бет бұруда. Осы орайда алуан меншік түрлеріндегі ұжымдарда ұйым­дастыру-басқару құжаттары, оның ішінде жеке және негізгі құрам бойынша бұйрықтар, ішкі құжаттар мемлекеттік тілде жүргізіліп келе жатқанын атап өтуге болады.

Тіл - жастар тәрбиесінің пәрменді құрал­да­рының бірі. Қазақстан болашағы - елін сүйетін, тілін құрметтейтін, діліне берік отаншыл жас­тардың қолында болуы тиіс.

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!

Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.

Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл саясатының республикадағы ұлтаралық қарым-қатынастарға ықпалы
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Іс қағаздар (Лекция жинағы)
Технологиялық карта туралы ақпарат
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
ТМД КЕҢІСТІГІНДЕ САЯСИ ҚАТЫНАСТАР
Кәсіптік - еңбек тәрбиесі
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ
Қазақ тілім, өркенде!
Мемлекеттік тіл саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz