Ұстазым – ұлағатты үлгі өнеге


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ҰСТАЗ» ИНСТИТУТЫ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ» КАФЕДРАСЫ

Ұстазым - ұлағатты үлгі өнеге

Тараз 2022ж

Ұстазым - ұлағатты үлгі өнеге

Ұстаз - жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы «Ұстаз - тәрбиелеуші» ұғымы діни ілімнен бастау алады. Ол адамзатты ғылымды сүюге, танымға құштарлыққа үндейтіні Құран Кәрімнің беташар сүресінің Алланы “Рабби - тәрбиелеуші” мағынасында ұлықтаумен басталуынан көрінеді. Мұсылмандар пайғамбары Мұхаммедке (ғ. с. ) келген алғашқы уахидің де «Оқы, оқы, оқы…» деп басталуы адамды ізгілікке бастаушы ғылым-білімнің маңызын, осы ілімді шәкірт жүрегіне егуші ұстаз қызметінің маңызын аңғартады. Діни танымда, халықтың мифологиялық санасында шәкірттің ұстазға бұлтақсыз мойынсұнуы мен шексіз берілуін, өз еркін ұстазға сеніп тапсыруы арқылы ақиқат ілімді иеленетіні насихатталған. Мұның бір мысалын Мұса (ғ. с. ) пайғамбардың Қызыр (ғ. с. ) пайғамбарға шәкірт болуынан көреміз. Демек, бұдан ұстаздың зор жауапкершілігін, оның терең ілім иесі болуымен қатар, кемел адамдық қасиеттің иесі болуы керектігін байқаймыз. Дәстүрлі Қазақ мәдениетіндегі рухани-ақылақтық тәрбие ісінде «Ұстаз - шәкірт» қарым-қатынасы кең тараған әрі ғылыми, ағартушылық, мәдени, кәсіптік тәрбие беру тәжірибесін рухани тәжірибемен ұштастырған ерекше жүйе болды. Қазақ халқының шәкіртті ұстаз алдына апарғанда айтылып, мәтелге айналған «Сүйегі - менікі, еті - сенікі» деген сөзінің астарына үңілсек осыны аңғарамыз. Бұл мәтел кеңеcтік замандағы атеистік идеологияға сай бұрмаланып түсіндіріліп келсе, герменевтикалық тұрғыдан сөз астарына үңілсек: «сүйегінің - асылының, рухының иесі - Алла бар, оған қиянат жасама, ал етін сомдау, яғни біліммен көркейту ұстаздың ісі» деген тұспал бар. Бұл мәтелде ұстаздың шәкірт тәрбиелеу ісіндегі ең негізгі ұстанымның бірі - шәкірттің өзіндік «меніне» құрмет, қайталанбас адамдық тұлғасы қалыптасуына ықпал ету міндеті көрінеді. Ұстаз - пір, яғни ақиқат жолындағы рухани тәрбиеші, жолбасшы ұғымы да қазақ дәстүрлі мәдениетіне жат емес. Қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұра қалдырған, рухани адамгершілік мұраттары мен ақылақтық ұстанымдары, үлгі-өнегесі түркі әлеміне, жалпы адамзатқа ізгілікті, игілікті жол нұсқайтын рухани ұстаздар бар. XIX-XX ғасырларда А. Құнанбаев көшбасшысы болған, ағартушылық идеясын басты ұстаным тұтқан Алаш арыстары қазақ қауымын тың өріс, жаңа өркениет көшіне ілесуге үндеді және осыған негіз боларлық ғылыми-әдістемелік негіз жасады. Кеңестік дәуірде өркендеген ғылым-білім саласындағы жетістіктер негізінде ұстаз мамандығы, педагогика ғылымы жаңа деңгейде дамып өрістеді.

Мұғалім деген ат - қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам - мұғалім.

С. Мұқанов

Ұстаздық ету - ең ұлы іс. Ал ұстаздар - шын бақыттылар. Ұстаз алдынан өтпеген жан кемде-кем. Мейлі әкім бол, мейлі ғалым бол, ұстазыңның алдында мәңгілік қарыздарсың! Өйткені оның тәлім-тәрбиесін, үйреткен оқу-білімін жылдар бойы сіңіріп, дүниенің бір кірпіші боп қаландың.

Ұстаз деген кім? Ол - мектептің жүрегі. Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен жеткізсек, ұстаз - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Мен «ҰСТАЗ» ұғымын өз ісінің ұстасы, шебері деп түсінемін.

Әр мұсылманға ілім үйренуді парыз еткен асыл дінімізде де ұстазға деген құрмет сөз болады. Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) хадистерінде: «Ілім үйреніңіздер, ілімге қажетті байыптылық пен байсалдылықты да қоса үйреніңіздер. Сіздерге ілім үйреткен кісіні құрметтеңіздер, сыйлаңыздар», - делінген. Халқымыздың: «Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер» деген даналығынан ұстаздар қауымының жоғары бағасын көремін.

Ақын Төлеген Айбергенов:

Ақ өркеш Алатаудай асқар ұстаз,

Махаббат Сырдария саған деген

- деп тебіренсе, Ғафу Қайырбеков:

Сол күйі, ұстаз күйі үлгі болып,

Мәңгілік көз алдымда қалды менің!

-деп, ұстазын сағынышпен еске алады. Ұлағатты ұстаздарына жыр арнаған ақындар тізбегі бұнымен бітпек емес. Қалай десек те, өмір сапарында жіберген қателіктерімізді ұстаз секілді ешкім кешірген емес. Ұстаз есімі сонысымен де ыстық . . .

Қоғамның тірегі - ұстаз. Қоғам тұлғаны жетілдіреді, ал тұлға қоғамды гүлдендіреді. Сондықтан қоғамның дамуы үшін білім беру мәселесі маңызды. Мұндай жауапты міндет - аты алтын әріппен қалатын аяулы ұстаздың еншісінде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Бүгінгідей жаһандану жағдайында мемлекет пен адам озық, бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет» - деген еді. Білім өркендеуі үшін педагог - инноватор маманға, оқушы - сапалы білім мен саналы тәрбиені бірдей сіңірген озатқа айналуы тиіс деп ойлаймын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Қоғам және ұстаз
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Мұғалімнің жеке тұлғасы
Педагогтің оқушылар алдындағы беделі
Менің педагогикалық философиям. Эссе
Жұмыстың негізгі бөлігін жазу
Шора Сарыбаевтың лингвистикалық зерттеулері
Адамгершілік
Бекет атаның ұрпақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz