ҚР аумағында орын алатын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

М. Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Білім берудегі математика кафедрасы

СРС

Тақырыбы: ҚР аумағында орын алатын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. Орман-дала өрттері

Тексерген : Мәліктайұлы Мұратжан

Орындаған: Болатжан Рахат

Тараз 2022

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т. б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады. [1] Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері - орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.

Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.

Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.

Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.

Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.

Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай

Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын Төтенше жағдай-лар. Рихтер шкаласымен есептелінеді.

Төтенше жағдай аймағы

Төтенше жағдай аймағы бұл Төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдай таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Орман өрті

Орман өрті - абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі - ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 - 900 0 С-қа жетеді, жалын 0, 5 - 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0, 25 - 5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар (диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т. б. ) , су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. Қаулама өрт жалыны ағаш басын шалады, оның бұтақтары, жапырақтары жанады. Өрт жел бағытына, күшіне қарай сағатына 5 - 25 км-ге дейін өршиді. Жер астындағы кеулеме өртте топырақ арасындағы өсімдік шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны көбіне сыртқа шықпай, бықсып жанады. Мұндай өртті өшіру үшін жанған жердің айналасын тереңдігін ыза суға жеткенше, енін 1 м етіп ор қазады. Қазақстанда Ертіс және Обь өзендерінің арасындағы далалы аймақта орналасқан қарағай жолағында өрт тіпті жауынды жылдары да көп болады. Бұл жерлерде ауа-райы құрғақ болғандықтан өрт қаупі кезеңінің орташа ұзақтығы 180 күннен асады. Орман өртін сөндіру үшін көбіне табиғи кедергілер - өзен, жыра, батпақ, жол, арнайы жасалынған орман аралық ағашсыз жолақтар пайдаланылады (енін 1 - 2 м етіп жыртады) . Қарсы от салып та тоқтатылады. Күшті өртке қарсы ұшақтар мен тікұшақтар арқылы жоғарыдан су, химикаттар шашады.

Орман өрттері үлкен жылдамдықпен тарайды және жердің орасан үлкен аумағын өртеп жібеуі мүмкін. Ол кез келген жерде тұтанады, әйтсе де орман өрттері АҚШ пен Канаданың ормандарында жиірек кздеседі.

Жер сілкіну

Жер сілкіну , жер сілкінісі (араб тілден ескірген сөз зілзала араб. : زلزال ‎, ағылш. earthquake ) - жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.

Жерсілкіну түрлері мен басқа да сипаттамалары мен өзгешеліктері Пайда болу тегіне қарай

Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.

Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.

Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.

Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну - Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.

Сейсмикалық толқындар таралуына қарай

Сейсмикалық толқындар қума, көлденең және беттік толқындар болып үшке бөлінеді.

Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады.

Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 - 6 км/с, көлденең толқындардікі 3 - 4 км/с.

Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде - 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді.

Ал 1957 жылғы Гобь Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған.

Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.

Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай

Жерсілкіну Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай:

  • Жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),
  • орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 - 60 км),
  • аралық (60 - 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып жіктеледі.

Ең көп тарағаны жақын және орташа (Ашғабадта жерсілкінудің тереңдігі 15 - 20 км, Ташкентте 5 - 10 км, Спитакта 10 - 15 км болған) тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты жерсілкіну өте аз тараған(Қиыр Шығыста, Тынық мұхиттың жағалауындағы жерсілкінудің гипоцентрі 600 - 700 км тереңдікке жеткен) . Жерсілкіну гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінуі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунами пайда болады.

Жерсілкіну ұзақтығы

Жерсілкіну ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жерсілкіну кезеңі деп атайды. Афтершоктар негізгі дүмпуден соң 3 - 4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы (Верный) жерсілкіну кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген. Жерсілкіну кезінде орташа есеппен 1×10 24 - 1×10 25 эрг энергия бөлінеді. Мысалы, Ашғабадта болған жерсілкінудің энергиясы - 1×10 23 эрг, Моңғолиядағы Гобь Алтайында - 1×10 24 эрг, Чилиде - 1×10 24 эрг, Ташкентте - 1×10 20 эрг, Кемин жотасында (Алматы) - 4×10 24 эрг.

Сел - тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.

Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.

Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі күшті аудандар болып табылады.

Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауы (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді.

Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс.

Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарланған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ бұрандысын жауып, жарықты өшіріп, электр заттарын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қаупті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.

Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр және т. с. с. болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.

Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балаларды, аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық толғандарды нығайтуға, кедергілер туғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті.

Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына әзірленген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әр түрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары тартылады.

Дауыл - жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел.

Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ асытнан бұзылуы әсер етеді.

Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келітреді.

Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тыйым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланылатын материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуге тиіс. Дауыл өзінің алапат күшімен инженерлік ғимараттарға жер сілкінісінен кем әсер етпейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар қызметінің құқықтық негіздері
Халықтың төтенше жағдай кезіндегі іс әрекеті
Табиғи апаттар
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау
Сұрапыл апаттардан тұрғындарды қорғау
ТЖ кезінде халықты қорғау
Халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау
Адам өмірі қауіпсіздігінің негізгі курсының дәрістері
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz