Логопедиялық жұмыстарда массаждық зондтарды қолдану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Логопедиялық жұмыстарда массаждық зондтарды қолдану

Массаж жасау үшін 12 арнайы зонд түрлеріжасалынған, олардың әрқайсысы белгілі бір топқа, яғнитіл бұлшықетіне, бетке, жаққа, ерінге, жұмсақ таңдайға әсерін тигізеді.
№ 1 Шаңышқы тәріздес зонд

тілдің, жақтың, беттің, жұмсақ таңдайдың бұлшекеттеріне массаж жасауға қолданамыз. Ол лұқсу рефлексін анықтау шегіне және бұны жеңілдету үшін қажет.
Зонд бұлшықеттерді шаншу үшін арналған. Мұндай ықпал етудің нәтижесінде бұлшықеттер белсенді жиырылады.
Зондпен шаншу кезінде қысқа, жиі, жеңіл қимылдар жасалады, шаншулардың арасы бір-бірінен алшақ болмауы керек.
Қарқынды әсер алу үшін таптауды бұру арқылы жүзеге асады : яғни, алдымен зондты белгілі бір жерге қойып, 4-6 секунд аралығында қайталап оны оңға, солға, артқа бұрамыз. Айтылмыш тәсілдың тағы бір нұсқасы : зондтыбұлшықетке қойып, сағат тілімен (немесе сағат тіліне қарсы) бағытта , зондты қимылдату қажет. 5 секунд бойына қысым түсіру керек. Зондты қойған орыннан қозғалтпау тиіс.

№ 2 Сегіздік зонды

тілдің бұлшықетіне, жаққа, бетке, ерінге массаж жасауға арналған. Бұлшықеттерге батыра басып үйкеуге арналған құрал : ол үшін ілмекті бұлшықетке қойып ( тереңдетіп батыру) 6 рет жоғары-төмен үйкей қозғалыс жасаймыз. Зондты басқан орнынан қозғалтпау керек. Содан соң зондты жылжытып, басқааумақты да үйкейміз. Зондымыз етке батырылып, орнында айналып, бұлшықеттердің белсенді жұмыс жасауына септігін тигізеді.
№ 3, 4, 5. Үлкенді, ортаңғы, кішілі Шаналар зондтары

тілдің бұлшықеттерін, жақты, бетті, ерінді, жұмсақ таңдайды әр түрлі бағытта жылжи отырып, белсендіреді.
Зондтың ұштары кез келген жағымен жұмыс істеуге икемді етіп жасалған. Егер де бір жағымен екі нүктелі жылжымалы үйкеліс жасалса, ал екінші жағынан үш нүктелі жылжымалы үйкеліс жасауға болады. Массаж жасау барысында зондтың жоғарғы бөлігімен де бұлшықеттерді басуға болады.
Шаналар зондымен біркелкі массаждар жасалғанымен, бірақ массаж жасайтын ауқымда қарқындылығы әр түрлі болады. Сонымен қоса, № 5 зондының (келесі бетімен) бұрылмалы және секірмелі қимылдар жасалады.
№ 6 Балта зонды

ауқымды жерді алып және қарқынды ықпал жасай отыра, тілдің бұлшықетіне, жаққа, бетке, ерінге, жұмсақ таңдайға массаж жасауға пайдаланады.
Бұл зонд екі қимыл жасауға арналған : бұлшықетті қатты басу және бұлшықетпен жылжыту.
Бұлшықетті басу арқылы оның тонусының тартылғанын, қимылының белсенділік қабілетін байқаймыз. Басу дәрежесі бұлшықеттің тонусына байланысты : тонус төмен болса, сол ғұрым басу қарқынды болады. Басу қимылы жиірек, ал арақашықтығы қысқа болады. Басу қимылы 5 секунд жасалады.
Жылжыту әдісі бұлшықетке икемділік пен беріктілік беріп, бұлшықеттің ширығуын жояды.
№ 7 Айқастырылған табан зонды

бұлшықеттерге әсерін тигізіп, тілдің жоғары көтерілуін қамтамасыз ете отырып, жақ сүйектеріне, бетке, ерінге, ортаңғы және тілдің тамырларына массаж жасауда қолданамыз. Бұлшықеттің белгілі жерлеріне ғана жаттығу жасау керек : тілдің үстін басып және кері ығыстыру және мәжбүрлеп тілді жиыру.
Айқастырылған табан зондымен 30 секунд ішінде тілдің бұлшықетін жиыруға болады. Оның көмегімен мына қимылдар жасалады :
- Басып шаншу қимылдары, қимыл уақыты - 5 секунд.
- Секірмелі алға-артқа қайтармалы қимылдар. 5-6 қимыл жасап болған соң , орнын ауыстырып жалғастырамыз.
- Шеңберді бойлай оңға-солға басу әдісі ( бұлшықетті зонды арқылы бұрау ) . Қимыл уақыты - 5 секунд.
- Бұл зонд Г, К, Х және Ш, Ж, Щ, Ч, Р дыбыстарын қоюға қолайлы.
№ 8 Итермелеуші зонды

жақ бұлшықетіне , бетке, ерінге, жұмсақ таңдайға массаж жасауға қатысады. Ұзынан бойы, көлденең, әр түрлі артикуляциялық жаттығуларды жасауға мүмкіндік береді , яғни жиырылған бұлшықеттерге әсер етеді және қозғалғыштығы мен иілгіштігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логопедиялық түзете
Артикуляциялық жаттығулар арқылы баланың тілін дамыту
Фонетика-фонематикалық тіл дамымаушылғы бар мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілін қалыптастырудың теориялық мәселелері
СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке оқытуға дайындау
Сөйлеу кемістігі бар адамдарға арнайы білім беру тәжірибесін және логопедтердың жетістіктерін зерттеу және жалпылау әдістері
Балалардың церебральды сал ауруы кезіндегі сөйлеу тілінің ерекшеліктері
4-5 жастағы балалармен логопедиялық жұмыс
Жалпы мектеп жасындағымекемедегі мұғалімдердің сөйлеуі бұзылған балалармен жүргізілетін жұмысқа дайындығы
Балқу қисықтары
Пәндер