Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
18.Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы Қазақстан
Республикасының Конституциясын қабылдау.
Қазақ халқы зайырлы және өз егемендігін алған мемлекет.Осы орында оның бүкілхалықтық референдумы орын алады.Ең алдымен референдум туралы тоқтап кететін болсам, референдум деп Қазақ халқының билікті тікелей жүзеге асыруының конституциялық құқықтық нысанын айтамыз.Ал, Республикалық референдум бұл - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беруі. Демек, референдум конституциямен бірге жүретін тарихи, ғылыми термин. Референдум - демократияның маңызды институты болып табылады. Референдум арқылы қабылданған шешімдер жоғары заңдық күшке ие, қандай да бір қо­сымша бекітуді, қуаттауды қажет етпейді және мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылуы мін­детті болып табылады. Бұл - азаматтарды мемлекет өмірінің маңызды сұрақтары бойынша шешім қабылдауға қамту арқылы демократияның ауқымын кеңейту және дамыту жолы. Өйткені,референдумда халық құқықтық шығармашылық санатындағы шешім қабылдайды.
Қазақстанның қазіргі қолданыстағы ата заңы, яғни конституциясы 1995 жылдың 30 тамызы қабылданып, ел тарихында алтын әріппен жазылған уақыт.Яғни, 30тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданса 5ші қыркүйекте қолданысқа енгізілді. Бұл Республикамыздың тәуелсіздікке қол жеткеннен бергі екінші Конституциясы. Бұл конституция тәуелсіз, демократиялық, зайырлы мемлекет құруға негіз салды, Қазақстан мемлекетін жекелеген бір ұлт емес, бүкіл халықтың саяси ұйымы деп жариялады. Тұңғыш рет адам құқықтары мен бостандықтары және міндеттері нақты түрде жарияланды. Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы - халық болып бекітілді. Республикадағы мемлекеттік билік -- заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары өзара іс-қимыл жасау қағидасына сай жүзеге асырылатын болды. Қазақстан Республикасының Президенті халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға болды. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға Президенттің өкілеттілігін ұлғайту жөнінде елеулі өзгерістер енгізілді. 1995 жылғы Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы - алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енгізілген.
Конституция 9 бөлім және 98бапқа бөлініп, натыланып жазылған.Олар туралы тоқталып кетсем:
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер.

19. Қазақстандағы Парламентаризмнің қалыптасуы.
Парламенттің өмірге келіп, парламентаризм институтының қалыптасуына нақты негіз қалануы 1995 жылғы бүкілхалықтық референдумда орын алған болатын. Парламент термині туралы тоқталып кететін болсам, Парламент бұл - Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.Тіпті парламент туралы ата заңымызда да қарастырылған. Яғни, Қазақстан Республикасының Конституциясының 4ші тарау, 49-шы бапта парламент туралы заңдар енгізілген. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан, Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілдікті органдары депутаттарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Референдум - Қазақстан халқының билікті тікелей жүзеге асыруының конституциялық құқықтық нысаны
Президенттің Республикалық референдум туралы
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
Жеке құқықтар мен бостандықтар
Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституциялары
Конституцияда конституциялық құрылыс негіздерін бекіту мәселелерін зерттеу
Президенттің нормативтік жарлықтары
“ЗАҢДАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ”
Конституция-мемлекеттің Негізгі Заңы туралы ақпарат
Қазақстан мемлекетінің конституциялық бақылау институтының қалыптасуы, нығаюы және дамуы
Пәндер