Жоспарлау түсінігі. Бизнес-жоспар бөлімдері
Лекция 3
Жоспарлау түсінігі. Бизнес-жоспар бөлімдері
Меншіктің түріне, кызметтің көлеміне және оның бағытына қарамай әрбір кәсіпорын жоспарлаумен айналыса алады. Жоспарлау - бұл белгілі бір болашаққа кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі, оған жету үшін сәйкес технологияны әзірлеу, шешімдер мен негізгі бағыттарды таңдау және негіздеу қажет. Қазіргі нарықтық экономика орталықтандырылған басқару жүйесі кезіндегі отандық экономикаға қарағанда, неғұрлым жоспарлы болып табылады. АҚШ-тың жай фермері ауыл шаруашылық кезеңге ауыл шаруашылығы өнімдеріне жыл басындағы қалыптаскан биржалық бағаға, тасымалдық қызмет бағасына, ауа райы жағдайына байланысты әрекет ету жоспарын жасайды (қандай сортты егу, кандай көлемде, қанша, кімге кандай өнімді сату туралы).
Нарықтық экономика жағдайында айрықша ерекшелігі бойынша бірінші кезекте жоспарлау субъектісі өзгереді: жоспарды меншік иесі немесе жалданған кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесіне жауап беретін, оған өкілетті қызметкер жоспарды кабылдап бекітеді. Сондықтан ең алдымен кәсіпорында жоспарлаудың орталықтанған басқару жүйесі жағдайында қалыптасқан баға кажет. Бұл мәнін әлі жоғалтпаған нарықтық экономика жағдайында базаны анықтау үшін қажет (мысалы, жоспарлаудың бағдарламалық мақсатты әдістері, оның ішінде ғылыми-техникалык серпіліс және өндірісті-техникалық қайта жабдықтау бағдарламалары, оралымды-өндірістік жоспарлау, өндіріс факторлары бойынша жоспарлау және т.б.) - Сонымен катар нарық жағдайында кәсіпорында жоспарлау кызметін кайта кұру жүйелік кемшіліктерін еңсеру үшін де керек.
Нарықтық жағдай кәсіпорындағы жоспарлаудың белгілі бір мақсатты бағыты мен сипаты болуын талап етеді. Дер кезінде кәсіпорынға ықпал ететін сыртқы факторларын (бәсекелестердің, өткізу нарығының, түтынушылардың жэне т.б) ескеру, алдағы ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, экологиялық, саяси жэне басқа да өзгерістердің ықпалын анықтауға ұмтылу керек. Мемлекеттік органдардың бұрынғы функциялары кәсіпорынға тікелей өтеді: кәсіпорын деңгейінде өз бетінше дамудың ұзақ мерзімді стратегиясын жасау қажеттілігі туындайды. Осыдан зауыттық жоспарлаудың кағидалары мен түрлері өзгереді. Ағымдағы (жылдық) жоспарлаудың шеңбері санаулы болады, бұл болашағы бар жоспарлаудың қажеттігін меңзейді. Болашақ жоспары стратегиялық максатты көрсететін ағымдағы жоспарлау үшін басты бағыт болады және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі қызметі болып табылады. Өз кезегінде ағымдағы қызметтің жылдык нәтижесі шаруашылық жағдайлардың өзгерісін ескере отырып, болашақ жоспарды кезінде түзету үшін пайдаланылады. Басқаша айтқанда өзгермелі жоспарлау қағидасы қолданылады.
Жоспарлауды басқару функциясы ретінде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда олардың және әрбір бөлімшесінің мақсатын белгілі бір кезеңге нақтылауда, міндетті қоюда және оған жету жолдарын таңдауда, қойылған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қажетті еңбек, каржы, материалды ресурстарды анықтауда жүзеге асырылады. Нақты мақсатқа жетудің бағыты мен тізбектілігін, сонымен қатар технологиялық тізбектің жолын анықтауда кәсіпорынның жекелеген құрылымдык бөлімшелерінің іс-әрекетін өзара байланыстыруға бағытталған шаралар кешені жасалады (ғылыми-зерттеу жэне тәжірибелік конструкторлық нұсқауларды өндіріске ендіруге, өткізуге және сервистік кызмет көрсетуге дейін әзірлеу). Бұл үшін нарық жағдаятының болашағын, тұтынушылык сұраныс үрдісін, қолданылатын ресурстардың неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігін білу қажет. Сондай-ақ жоспарлау маркетингпен және бақылаумен тұрақты үйлесуі қажет. Жоспарлау болашақты және ағымдағы жоспарлаудың өзара байланысты жиынтығы түрінде жүзеге асады.
Негізгі бөлім
1. Жоспарлау нысаны мен кезеңдері, жоспар түрлері
Директивті және индикативті жоспарлау. Директивті жоспарлау оны орындайтын бөлім үшін міндетті болып саналады. Директивті жоспарлау нарықтық қатынаста балама түрінде бола отырьш, мемлекеттік басқару мен кәсіпкерлікте, мысалы, кәсіпорында ағымдағы жоспарлау үшін қолданылады. Индикативті жоспарлау макродеңгейде жиі қолданылады. Индикативті жоспарлаудың тапсырмасы орындалуы міндетті болмайды. Олар элеуметтік-экономикалық саясат бағамындағы мемлекеттік басқару органының әзірлеуі мен қалыптасуы нәтижесінде анықталынған елдің экономикасының даму бағыты мен көрсеткіштерін сипаттайды.
Индикативті жоспарлау елдің элеуметтік-экономикалык дамуының жалпы тұжырымдамасынан, элеуметтік-экономикалық дамуды болжаудан, мемлекеттік және аймақтық мақсатты бағдарламалардан және экономикалық реттегіштер жүйесінен түрады. Индикативті жоспарға міндетті тапсырмалардың шектелген саны ғана кіруі мүмкін. Индикативті жоспарлау директивті жоспардан айрықша ерекшеленеді және міндетті сипатта емес, ұсынылатын сипатта болады, сонымен қатар ол жанама реттеуге, экономикалық нормативтер мен жеңілдіктер жүйесін, табиғи көрсеткіштері емес кұндылық көрсеткіштерді пайдалануға негізделген. Кәсіпорын индикативті жоспарды келесідей нысандардың бірінде жүзеге асыруда қатыса алады: 1) республикалық немесе аймақтык мақсатты кешенді бағдарламаларда қатысу; 2) өнімді жеткізу, мемлекеттік қажеттілік үшін қызмет пен жүмыстардың орындалуы. Индикативті жоспарлау микродеңгейде де, оның ішінде болашақты жоспарлауды құруда және жасауда қолданылады. Мазмұны, мақсаты және міндеттеріне байланысты жоспарлаудың келесідей нысандарын саралауға болады.
Жоспарлау деңгейі бойынша жоспарларды саралау. Жоспарлы кезең (жоспарлау деңгейі) ұзактығы бойынша келесілерге бөлінеді: 1) ұзак мерзімді (болашақты) жоспарлау; 2) орташа мерзімді (бір жылдан жоғары) жоспарлау; 3) қысқа мерзімді (ағымдағы) жоспарлау. Болашақты жоспарлауды басқа жоспарлаудан болжау нысаны бойынша айыруға бола-ды. Болжау жоспарлаудың ажырамас элементі бола отырып, болашақтағы мүмкін жағдайы бар тәжірибелік мәліметтерге сүйене отырып, суреттемесін көрсететін әдіс болып табылады және үдеріс пен кәсіпорынның даму өзгерісіне қарай ағымды суреттемесін анықтайды. Маркетинг, кәсіпкерлік, инвестициялау, инновация облысында қабылданатын көптеген шешімдер болашақта болатын жағдайларды бағалауға негізделген, яғни болашақта болатын жағдайлардың болжамы болады. Жоспарланған нысанның немесе үдерістің дамуының әр түрлі баламаларын болжау көмегімен анықтау және тиімді баламаны таңдауды негіздеу болжауды болашақты жоспарлаудың кезеңдерінің бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Орташа мерзімді жоспарлау бір жылдан бес жылға дейін жасалынады. Ағымдағы жоспарлау бір жылға дейінгі кезеңде жүзеге асады және жарты жылдык, тоқсандық, айлық, апталық және туліктік жоспарлаудан тұрады. Жекелеген кәсіпорындар орташа мерзімді жоспарлауды ағымдағымен біріктіреді: өзгермелі бес жылдық (үш жылдық) жоспар құры-лады, онда бірінші жыл ағымдағы жоспар деңгейіне дейін бөлшектеліп көрсетіледі. АҚШ-та кәсіпорындарда жоспарлау бір жылдан үш жылға дейін жүзеге асады. Жапонияда жоспарлар корпорацияларда 5 жылдан 15 жылға дейін жасалады. Бұрынғы КСРО кәсіпорын деңгейінде бес жылдық және бір жылдық жоспарлар жасалды. Жылдық жоспарлар әсіресе нарықтық экономикаға өтуге дейінгі соңғы жылдары жиі реттеліп отырды. Сондықтан кәсіпорынның ағымдағы қызметін жоспарлаудың негізі тоқсандық және айлық жоспарлар болды. Қазіргі уақытта өмір сүру мәселесі бар кәсіпорындарда кәсіпорынның ағымдағы қызметін жоспарлау негізі токсандық және айлық жоспарлар болып табылады.
Мақсат түрі бойынша жоспарларды саралау. Қойылған мақсат маңыздылығы (мақсат түрі, жоспарлы шешімдер мазмұны немесе тартылатын инвестиция және материалды ресурстар көлемі) бойынша бөлінеді: 1) стратегиялық жоспарлау; 2) тактикалық жоспарлау; 3) оралымды жоспарлау; 4) инвестициялық жобалау; 5) бизнес-жоспар. Осылайша болашақтық жоспарлау стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған ұзақ мерзімді жоспарларды қалыптастырудан тұрады. Стратегиялык жоспарлау - сыртқы ортаның басты факторы ретінде нарықтық мүддеге, нарықты есепке алуға жоспарлауды айқын бағыттау болып табылады. Стратегиялык баскарудың құрамдас элементі ретінде стратегиялық жоспарлау - балама нұсқаны іздеудің көп кезеңді үдерісі, олардың ең тиімдісін таңдау, осы таңдаудың негізінде жалпы даму стратегиясын кұру, оны жүзеге асырудың арнайы тетігін қалыптастыру.
Әлемдік тәжірибе бойынша көбінесе ұзақ мерзімді және стратегиялык жоспарлау түсінігі қолданылады. Ұзақ мерзімді жоспарлау дамудың қалыптаскан үрдісінің алдағы уақытта болатынын және оларды жоспарлау үлгісінде болашақты бағалау үшін негіз болады. Болашақтағы дамуға өткен заңдылықтар мен құрылымдық сипаттамаларды ауыстыру, мұндай ыңғайдың ерекшелігі мен кемшілігі болып табылады, себебі болашақ өткен кезеңге қарағанда жақсы болатындығына үміттелінеді. Стратегиялық жоспарлаудың негізі болып мақсат ағашын және жоспарлау бағдарламасын құру, жағдайлық үлгінің негізінде жоспарлар жасау, шаруашылық әрекеттер баламаларын сарапты және матрицалық бағалау және т.б. саналады. Жалпы корпоративті стратегиялық жоспарды жасаудың ерекше кағидасы - оларды болашақтан казірге дейін кұру. Жоспарлаудың бүл нысаны ірі өнеркәсіптік кәсіпорынның стратегиялық басқару тұжырымдамасына жазылады (концерн, консорциум, картель және т.б). Стратегияны таңдау кезінде жаңа стратегияның кәсіпорынның жинақталған әлеуетіне сәйкес болуын ескеру кажет.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесінде ағымдағы қорытындыларды бағалау және сыртқы ортаны болжау негізінде стратегиялық мәселелерді анықтау жүргізіледі. Ұзақ мерзімді стратегиялық саясат қалыптасады, стратегияны біріктіру үшін орташа мерзімді жоспарлар қабылданады. Мақсаттар әрекет ету бағдарламасына, бюджетке, кәсіпорынның әрбір негізгі бөлімшелері үшін жасалған пайда жоспарына айналады. Бөлімшенің жоспарларды орындауы бойынша мәліметтері жиналады, олардың орындалуына баға беріледі және ұзақ мерзімді жоспардың (көбінесе жаңа бұйым бойынша), сондай-ақ жылдық жоспардың (көбінесе бұрынғы бұйым бойынша), негізінде жоспардан нақты көрсеткіштердің ауытқуы бойынша бақылау жүргізіледі. Ірі жапондық корпорациялардың 70-80 пайызы ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесін қолданады. Стратегиялық жоспарлау тізбекті-параллельді жүзеге асатын және келесідей төрт шешімді камтитын көп кезеңді үдеріс:
1. Бизнесті анықтау (өндірілетін өнімді, техника-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, жұмыс пен қызметті, тұтынушылық қасиетін суреттейді, сол өнім нарығының көлемін бағалау, нарықты сегменттеу);
2. Бизнес миссиясы (рөлі) - олардың сандық өлшеміндегі кептеген зерттелген мақсаттар, яғни миссия - даму мақсатын көрсететін сандық өлшемдердің жиынтығы (сатылу көлемінің өсу карқыны, нарық үлесінің мөлшері, пайдалылық және табыстылық деңгейі, таза табыстың шамасы және ақшалай айналым көлемі және т.б.).
Атқарымдық стратегия - еңбек ресурстары және қаржы, инвестиция, өндіріс, маркетинг, зерттеу облысындағы стратегия.
Бюджеттеу - бағдарлама, жоспар, стратегияның жүзеге асуын қамтамасыз ететін бюджеттерді құру және ресурстарды бөлу жүйесін қалыптастыру.
Стратегиялық жоспарлау өзінің негізінде қабылданған жоспарлы шешімдерді жыл сайын реттеу, сондай-ақ осы жоспарларды орындау бойынша сәйкес шараларды қайта қарастыру. Осыдан келіп, стратегиялық жоспарлаудың ерекше белгісі көбінесе кәсіпорынның көлемі мен мөлшеріне негізделген жоспарлы кезеңнің икемділігі болып табылады.
Тактикалық жоспарлау - кәсіпорын стратегиясының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін, дәстүрлі қабылданатын немесе алдын ала бекітілген жетістіктер үшін қажетті міндеттер мен қорларды негіздеу үшін салдарлар жасау үдерісі.
Ішкі өндірістік шаруашылық тетігін қамтитын, техника-экономикалық жоспардың негізгіде кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің арасында байланыс орнайды, өндірісте ғылыми негізделген парапарлы және негізгі қызмет түрлері бойынша бюджеттер жасалады, сондай-ақ олардың орындалуына бақылау жүргізіледі. Қазіргі жағдайда бюджеттеу жоспарлаудың және мемлекеттік басқару мен кәсіпкерлікте бақылаудың негізгі құралы болып табылады. Кәсіпорын бюджеті - белгілі бір кезеңге кәсіпорын саясаты мен міндеттерін, мақсатын көрсететін кәсіпорынның шаруашылық операцияларының барлық аспектілерін қамтитын жоспар.
Оралымды жоспарлау қысқа мерзімді кезеңде кәсіпорын қызметінің нақты сұрақтарын шешу және тактикалық жоспарлау көрсеткіштерін нақтылауға арналған. Оралымды жоспарлау жоспардың жоғары деңгейде бөлшектенуін сипаттайды. бағыты санаулы және қолданылатын әдіс-тәсілдер әр түрлі болуымен сипатталады.
Инвестициялық жобалар (күрделі салым жоспарлары) өндірістік қуатты арттыруға бағытталған, үзақ мерзімді сипатпен сипатталады. Бизнес-жоспар жаңа кәсіпорын және ұйымның құрылуын негіздеу үшін, нарыққа шығу және шаруашылық қызметтің пайдалылығын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Басқа да белгілері бойынша жоспарды саралау. Жоспар түрлері, сондай-ақ келесідей белгілерге байланысты жіктелуі мүмкін: 1) шаруашылық қызметтің мазмүны - зерттеулер (ҒЗЖ және ҰКЖ), өндіріс, маркетинг, өткізу, персонал, шикізатты және материалдарды сатып алу, инвестиция, қаржы жоспарлары; 2) басқару деңгейі және кәсіпорынның ұйымдастырушылық кұрылымы - корпоративті, кәсіпорындық жоспарлау, филиалдардың жоспары, цехтық жоспарлау жүйесі, жоспарлаудың өндірістік жүйесі (бөлімше, бригада, жұмыс орны және т.б.); 3) пайдалану саласы бойынша - цехаралық, цехішілік, бригадалық, жеке; 4) жоспарлау нысаны - мақсатты жоспарлау (стратегиялық және тактикалық мақсаттарды анықтау), бағдарламалық жоспарлау (нақты бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру, мысалы, маркетинг, өзіндік құнды төмендету, өндірістік бағдарламалар, өткізу) және қорларды жоспарлау (мақсатқа жету үшін қажетті қүралдарын анықтау, персоналды жоспарлау, өндірістің техникалық қайта жабдықталуы); 5) жоспарлау тереңдігі - шектелген жоспарлау (берілген көрсеткіштермен шектелген, мысалы, бөлімшелер сомасы бойынша цехты, цехтар сомасы бойынша зауытты жоспарлау) және бөлшектерді жоспарлау (терең есептеу және үдеріс пен жоспарланған нысанды суреттеу); 6) қамту деңгейі бойынша (барлық кезеңдер мен көрсеткіштер) жалпы және бөлшекті (белгілі бір кезеңдер, көрсеткіштер және облыстар) жоспарлау; 7) жасау кезеңдері бойынша - (жоспар жобалары жасалады) алдын ала және соңғы (бекітілгеннен кейін жоспарлар заңды күшіне ие болады) жоспарлау; 8) уақыт бойынша жоспарлардың үйлесімдігі - тізбекті (әр түрлі жоспарларды жоспарлаудың келісілген тізбекті жүзеге асырылатын үдерісі) жоспарлау және бір уақтылы (барлық жоспарлардың көрсеткіштері жоспарлау кезеңінде анықталады) жоспарлау; 9) мәліметтердің өзгерісін есепке алу бойынша - катаң және икемді жоспарлау.
Жоспарлау кезеңдері. Жоспарлы кызмет - қазіргі менеджменттің негізгі функцияларының бірі. Басқарудың орталықтанған жүйесі жоспарлы-экономикалық бөлім және кәсіпорындағы бухгалтерияға бөлінеді, өйткені ақша көбінесе есептеу функциясын орындайды. Нарықтық экономика жағдайында, кәсіпорын стратегиясының негізі кіріс пен шығысты жоспарлау болады; жоспарлаудың қаржылық аспектісі (бюджеттеу) жоспар жасау кезінде және оны нақтылап, орындау кезінде негізі болып табылады. Жоспарлауды басқарудың бастапқы кезеңі бола отырып, кәсіпорынның даму мақсатын таңдауға, әрекет ету бағдарламасын аныктауға, қойылған мақсатка жету әдістері мен шараларын жасауға бағытталған үдерістен тұрады. Жоспарлау үдерісі бес кезеңге бөлінген.
Бірінші кезеңде болжау жүргізіледі, алдымен бар ресурстарды болжау мақсатында белгілі бір факторларға жүйелі талдау жасалады. Болжау жоспарға негізделген мүмкіндігін көрсетеді. Екінші кезеңде кәсіпорынды дамыту баламасына таңдау жасалып, салыстыру жүргізіледі. Басқаруда қойылған міндеттің шешіміне бір ыңғай болмайды. Сондықтан әр түрлі тұғырнамада баламаны бағалау қажет (пайдаланылатын ресурстардың пайдалылығын, әлеуметтік-экологиялық мәнін және т.б.) және неғұрлым ыңғайлы баламасын таңдау. Үшінші кезең - мақсатты қалыптастыру және міндетті қою. Мақсатты дәл анықтап, оған жету мерзімдерін анықтау кажет. Төртінші кезенде жұмыстың сәйкес тізбегі мен әрекет ету бағдарламасы жасалады. Әрекет ету бағдарламасын жасау үшін қабылданатын міндеттердің орындалуының уақытша тізбектілік пен кезектілігін бекіту қажет. Бесінші кезеңде бағдарламаны кұндык бағалау және бірінші кезекте қаржылық ресурстарды бөлу жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің басқа жүйесіне (неғұрлым тиімді) сүйенетін қазіргі әлемдік тәжірибеде бұл кезең бюджеттеу, яғни бюджетті қалыптастыру деп аталады. Ол өткен барлық материалдарды жалпылап, құндық түрде кұжаттардың стандартты жинағы түрінде ұсынуға арналған.
1. Бизнес-жоспар үлгісі
Бизнес-жоспар ағылшын тілінен аударғанда кәсіпкерлік іс-әрекет жоспары, кәсіпкерліктің жоспары деп аударылады. Бизнес-жоспардың екі қағидалы бағыты бар: 1) ішкі кәсіпорынның кәсіпкерлік іс-әрекетін өзіндік бағалау және жүзеге асыру кезеңдеріне бөлінген жобалық ұсыныстардың бағдарламаларын дайындау; 2) сыртқы - қызыққан кәсіпорындар мен ұйымдар, мемлекеттік және жергілікті ұйымдарға, сыртқы инвесторларға ұйымдық-техникалық, қаржылық-экономикалық және басқа да артықшылықтары жөнінде ақпараттар жатады.
Жоспарлау тәжірибесінің мақсатына қарай бизнес-жоспарлардың бірнеше түрлері белгілі: өндірістік бизнес-жоспар немесе ксіпорынды дамыту бизнес-жоспары; инвестициялық бизнес-жоспар, жаңа кәсіпорынды, жаңа тауар мен қызметтерді құрудың бизнес-жоспары; несие алу үшін бизнес-жоспар және т.б.
Бизнес-жоспардың құрылымы, көлемі мен құрамы кәсіп-орынның мақсаттарымен, іс-әрекет түрлерімен, өлшемдерімен анықталады. Сонымен катар бизнес-жоспарды әзірлеудің ішкі логикасы мен жалпыға танымал кағидалары болуға тиісті. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz