ХХ ғ. 30-шы жылдарындағы Павлодар Ертіс өңіріндегі ашаршылық
ХХ 30-шы жылдарындағы
Павлодар Ертіс өңіріндегі ашаршылық
Қазақстан тарихының өткен кезеңдеріне зер сала қарасақ, тағдырдың талай қысталаң шақтарында тапқанынан жоғалтқаны көп халқымыздың сан қилы қиындықтарды бастан өткергенін көреміз. Әйтсе де ел басына түскен небір зұлматтардың ішінен орны толмас өкініш, азалы да қаралы кезең, қасіретті апат ретінде 1931-1933 жылдардағы ашаршылық нәубеті бәрінен де асып түскені рас. Бұл жеке адамның немесе отбасының емес, бүкіл халық басына келген апат.
Большевиктердің өкіметті басып алғаннан кейінгі жылдары қазақ жер екі дүркін - 20 жылдар басында және 30-жылдар басында жантүршігерлік ашаршылықты бастан өткерді. Осы аштықтарда қазақтың қырылғаны қырылып, аман қалғаны бас сауғалап тоз-тоз болып, халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында қалды. [3; 260б]
Қазақстандағы ашаршылыққа, шындығына келсек, ауа-райы, құрғақшылық емес, өздері өкіметті бір түнде басып алған соң, кешікпей-ақ азамат соғысы тұтанатынын, ал одан шаруашылық күйзеліп, халық аштан қырылуы мүмкін екенін біле тұра қатерлі бағыттарынан қайтпай қойған большевиктер және олардың біржақты саясаты кінәлі. [3; 261б]
Тәуелсіздік жылдары жарияланған деректерде кеңестiк билiктiң алғашқы 1920- 1930-жылдарында қазақтар 4-4,5 млн. адамынан айырылған. 1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде 1 млн. 700 мың адам (ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтің мәліметі бойынша), 1932-1933-жылдары 2 млн. 300 мыңға жуық адам құрбан болған. Соңғы мәліметтерде, 1920 жылдардағы ашаршылықтан өлгендердің саны 2,3 млн. адамға жеткені, қазақ демографы Мақаш Тәтiмовтің деректерінде ХХ ғасырда болған азамат соғысы, қолдан жасалған ашаршылық, қуғын-сүргiн кездерiнде, екiншi дүниежүзiлiк соғыста бас-аяғы 3 миллион 850 мыңға жуық қазақ қырғынға ұшырағаны айтылады. [5]
Ал Павлодар, Ертіс өңіріндегі ашаршылық жайлы Облыстық мемлекеттік архив директорының орынбасары Ханшайым Мақажанованың мәліметінше, ашаршылық жылдары Павлодар облысынан 125 мың адам Омбы, Сібірге қарай кетсе, 40 мың бас ірі қараның 1935 жылғы статистикада небәрі 4-ақ мың басы қалғаны және 1932 жылы аулалар саны 11 мыңнан 3 мыңға дейін қысқарғаны көрсетілген. [4]
Осы тақырып аясында жазушы, аудармашы Зейтін Ақышевтың 1993 жылы Захардин Қыстаубаев пен Балжан Хабдинаның құрастыруымен Алматы қаласы "Өнер" баспасынан жарыққа шыққан Қызылдар қырғыны атты кітапта басылған мақаласын біреу білсе, енді біреу біле бермес. Ал бұл кітапта сол аштықтың зардабын тартып, өздері де бір өліп, бір тірілген тірі куәгерлер көздерімен көріп, бастарынан өткерген зұлмат жылдар трагедиясын баяндайды.
Ойымызды түгендеу үшін сол мақаладан үзінді келтіре өтейік.
... Жасымда, 1923-1931 жылдар аралығында Омбы қаласында оқыдым. Алғаш рет оған қалашыларға ілесіп үйден жаяу кеткенім есімде. Ол заманда оқу іздеп шұбырғандар көп. Бастапқы жылдары жазғы каникулда елге жиі келіп жүрдім. 1929 жылдың жазында өстіп ауылға келгенім бар. Онда халық анау бір жылдардағы жүдеушіліктен арылып, ішкен мәз, жеген тоқ дегендей, есін жия бастаған. Сауынсыз үй жоқ, көбінің өз саумалы өзінде. Әкемнің арабша аздаған сауаты бар еді. "Арғымақ бабамнан (өзінің үшінші атасы) тараған ұрпақ отыз екі түндік болды" -- деп отырушы еді ол кісі. [1; 12-17б]
Содан 1931 жылы Омбының рабфагын бітірген соң жоғары оқу орындарының біріне кетпек ойым болды да, соның алдында әке-шешемді, туған-туысқандарды көріп кетейін деп, жазда тағы елге келдім. Бұл жолы ана жылғыдай емес, ауылдың астаң-кестеңі шығып жатыр екен.
Баян дуаны төңкерістен бұрын он болыс ел болған. Соның бірі-біздің Далба болысы. Қарамағында 1500 түндік болыпты. 1931 жылдың жазында содан 200-дейі қалыпты. Өзгесі жан-жаққа тарап көшіп кеткен. Қалған 200 үйден ТОЗ (товарищество по обработке земли) ұйымдастырып, оған Голощекин деген ат қойыпты. Ел іші қаптаған белсенді, шауып келіп, "көш!" деп бұйырады.
- Қайда?
- Қарабаққа! (Голощекин ТОЗ-ының орталығы сонда, қазіргі Баянауыл ауданындағы "Октябрьдің 40 жылдығы" совхозы тұрған жер.)
Ел көнбейді, әрине. Ертең қыс түседі... баспана жоқ...
- Киіз үйде отыра тұрасыңдар. Қыс түскенше қала салып аламыз.
Ел көнбейді. " Ендеше..." дейді де, белсенділер барды жоқты малын қуа жөнеледі. Содан кейін ол малдың көзі де жоқ, ізі де жоқ.
- Малым қайда? -- деп сұрайды шаруа.
- Орталыққа берілді. Үкіметке тапсырылды...
Сол кезде ауылдық кеңестің хатшысы болған бір жігіт бертінге дейін ғұмыр кешті. Соның айтқаны рас болса, ол уақытта елден ондаған түрлі салық жиналған екен. Олар: астық, май, ет, тері, жүн, қыл (жылқының жалы, құйрығы), мүйіз, тұяқ, ескі-құсқы зат, шөп қоры, машина қоры, госзаим, т.б. Бұларды төлемеген, тауып бере алмаған шаруа бар қарызын азын-аулақ малымен өтейді. Малдан, күнкөрістен айрылған ел жаяулап-жалпылап жан-жаққа шұбырып кете бастайды. Біздің ел екі жаққа бөліне шұбырды. Біреуі - сыртқа. Екіншісі-ішке қарай.
Ол кезде Қарағандының даңқы жер жарады. "Қарағандыға барған адам ертеңінде-ақ нанға қарық болады екен. Шахтаға түсіп жұмыс істей бастағандар үш күннен кейін үй алады екен", -- деп бөседі жұрт. Үлкен ағай әйелімен, бір баласымен көп шұбырындыға еріп сол Қарағандыға кеткен. Барысымен баласы өліпті. Үлкенін туғанда-ақ немеренің алды деп әкей мен шешей бауырына салған екен, ол мұнда қалды. Онан кейінгі ағай әйелімен, екі баласымен Семізбұғы дейтін рудникке кетіп еді, өздері шұбырып барған аш-арықтың қолынан не келеді, көп ұзамай бәрі өліпті.
"Арғымақтан тарағандардың" қалғаны тік көтеріле жаяу шұбырып, көршілес Ресей жеріне өтіп кетіпті. Жеткен тұстары - Омбы мен Новосібір арасындағы Камыск (қазіргі Куйбышев) қаласы. Бұлардың жайына сөз соңында соғармын...
Әрі қарай оқудан күдер үзген соң, қызметке тұруға тура келді. Ол кездегі ең қадірлі қызмет -- мұғалімдік. Ай сайын қолға санап беретін ақшасы бар. Үйде оншақты күн болған соң Баянауылға келгем. Аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі - арабша ғана сауаты бар, ертеде медреседе оқыған, төңкерістің алғашқы жылдарында партияға алынып, кеңес жұмысына орналасқан Әбдінәсір Ысқақов деген кісі болып шықты. Ол орысша да, қазақша да сауаты бар адамға зәру екен, құшақ жая қарсы алды мені.
-- Әзірше іс жүргізуші (делопроизводитель) болып істей тұр, күз мектеп ашылған соң мұғалімдікке барарсың, - деді.
Біздің үйде отызыншы жылдың ортасына дейін, менен басқа он жанның қорегі - үш бұзаулы сиыр, екі құлынды бие, он-он бес шамалы қой-ешкі, бір түйе, бір ат болыпты. Отыз бірінші жыл туа-ақ соның бәрі жоғарыда айтқан белсенділердің айдауына түсе бастаған. Біразын "ит жегенше Еділбай жесін" дегендей, өздері сойып алыпты. Әкейдің қолында жалғыз көк бие қалған екен. Оны күндіз иесіз қалған қораларға, түнде ауыл сыртындағы таудың шатқалдарына тығып ұстап, әйтеуір жұрт көзіне түсірмей аман алып келіпті. Қар түсе оны сойып, етін салған шананы жаяу сүйретіп, әкем мен шешем, немере інім үшеуі маған - Баянауылға келді. Семіз биенің еті келесі жылдың жазына дейін бір үйлі жанға азық болды. Ет бар екенін біліп қойса, бір күні аузымызды аппақ қылып кетеді деп, әкей түнде ет қойған тас қораның алдында қолына балтасын, пышағын алып көлденең жатады.
Жаз шықты. Азық таусылды. Ендігі күніміз қараң. Ертеңіміз тіпті үрейлі. Бұл - 32 жылдың шілдесі. Менің алатын 27 сомым төрт адамның жұтқыншағына жұқ болмайды және оған табылып жатқан тамақ жоқ. Әйтеуір, маған қызметкер ретінде аудандық оқу бөлімі арқылы айына 8 килограмм қара тары береді. Бар қорегіміз сол.
- Қарағандыға кетейік. Біздің ағайындар сонда (олардың тірі екеніне, өлі екеніне көзі жетпейді), деп біраздан бері күңкіл шығарады әкей де, шешей де.
- Жылы орнымызды суытпайық, заман түзелер, шыдай тұрайық, -- деп көріп едім, көнбеді екеуі де. Амал жоқ. Шұбырып жатқан көппен бірге біз де тарттық Қарағандыға. Жол бойындағы азығымыз - тарының қалғаны. Оған қоса - тарғыл жуа, шалғын жуа. Жолдан бұрылып отыра кетіп жуа теріп жейміз. Біраз жүрген соң құстың ұясы көзге түсе бастады. Оларда аппақ боп жатқан бір ұя жұмыртқаны көргенде қуана ұмтыламыз. Жұмыртқасын алған соң, ұясына тұзақ құрып, қаз-үйректің өзін де ұстап алып, бордақыға байлаулы ту қой сойғандай боламыз.
Қарағандыға жақындадық. Ащылыайрық деген жерге жеткенде алдымыздан үш салт атты кездесті. Үшеуі де қазақ жігіттері. Бұлар Қарағандының орта қол мекемелерінде қызмет істейтін азаматтар екен. Халықтың анадай мүшкіл халге душар болғанын естіп, ең болмаса балаларын- алып қалайық деп атқа мініпті. Сөйтіп, Ащылыайрықтағы иесіз қалған қоралардың кетеуі кетпеген біреуін лайықтай, детдом ашыпты. Шұбырып бара жатқан аш-арықтар балаларын жылай-жылай сонда беріп кетіп жатты. Бірақ жілігінің майы үзіліп, сіңіріне ілініп барған баланың бірқатары көпке бармай өліп қалады екен. Оларды ертеңінде өгіз жеккен арбаға салып әлдеқайда алып кетеді. Дәл осыны өз көзіммен көрдім.
Өзіміздің соңымыздан еріп келген немере інішекті осы детдомға беріп кетуге бір ойыстық. Бірақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz