Гормон деңгейін кері байланыс механизмдері арқылы реттеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Қазақ тілі мен әлем тілдері институты

Қазақ тілі мен әдебиеті

Пән: Жас ерекшеліктер физиологиясы

Тақырыбы: Гормон мөлшерін кері байланыс механизмі арқылы реттеу

Қабылдаған: Наурызбаева Ж. Е

Орындаған: Пәрімбек Ж. М

Гормон терминін 1905 ж Бейлис және Старлинг деген ғалымдардың 12 елі ішектегі бөлінуші секретин гормонын зерттеу кезінде енгізілген. Hormao- грек тілінде «қоздырамын» деген мағынаны білдіреді. Гормондар-жоғары белсенді биологиялық зат, эндокринді бездермен ағзаның ішкі ортасына синтезделіп бөлінеді, реттеуші әсер беретін заттар. ІСБ - гормондарын тікелей қанға немесе лимфаға бөлетін бездер.

Кейбір зерттеушілер бұл бездердің организм қызметін реттеудегі орнын шектен тыс көтерген, оларды жеке автономды реттеуші жүйеге жатқызған. Эндокриндік бездер жүйесін орталық жүйке жүйесінен жоғары құрылым ретінде, ағзалар мен олардың жүйелерінің, соның ішінде орталық жүйке жүйесінің де негізгі реттеушісі ретінде қарастырған. Қазіргі таңда 60 -қа жуық гормондар бар.

Бездердің жалпы сипаттамасы:

• Өзектері болмайды, өздерінің сөлін (гормондарын) қанға бөледі.

• Мөлшері кішкентай.

• Қан тамырларымен және жүйкемен жақсы қамтылған.

Биологиялық белсенді заттар

• Энтериндік жүйе - ішек-қарын, әсіресе 12 -елі ішек бездері бөлетін биологиялық белсенді заттер.

• Мида өндірілетін гормон тәрізді полипептидтер (энкефалиндер, эндорфиндер) медиаторлар әсері секілді нейрокриндік әсер көрсетеді.

• Паракриндік әсер - гормон жасуша аралық кеңістік нысана жасуша.

• Изокриндік әсер паракриндікке ұқсас, продуцент жасуша мен нысана жасуша арасындағы контакт тығыз.

• Аутокриндік әсер - продуцент жасуша гормондары сол жасушаның өзіне әсер етеді.

Гормондардың жіктелуі

• Химиялық құрамы бойынша:

Стероидтық.

Амин қышқылдарының туындылары.

Белокты пептидты.

Әсерінің бағыты бойынша:

Анаболиттік (СТГ, инсулин) .

Катаболиттік (тироксин) .

Қызметі бойынша:

Эффекторлық.

Троптық.

Гипоталамус гормондары.

Гормондардың ЖІКТЕЛУІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Гормондарды жіктеу түрлі критериилерге байланысты. Ерігіштігі бойынша - гидрофильды, липофильды.

Химиялық құрылымы бойынша:

1. АМҚ туындылары: тирозин туындылары: адреналин, тироксин, дофамин, норадреналин, трийодтиронин

2. Белокты-пептидті гормондар:

-полипептидтер: глюкагон, кортикотропин, меланотропин, вазопрессин, окситоцин, пептидті гормондар

-жай белокты (протеиндер) : инсулин, соматотропин, пролактин, паратгормон, кальцитонин

-күрделі белокты (гликопротеидтер) : тиреотропин, фоллитропин, лютропин

-стероидты гормондар: кортикостероидтар (альдостерон, кортизол, кортикостерон), жыныс гормондары: андрогендер, прогестерон

, 3. Сигналдарды өткізу механизмі және рецепторлардың орналасуы бойынша, екі негізгі топқа бөлінеді:

а) стероидтар, йодтирониндер, кальцитриол. Бұлардың рецепторлары цитоплазма, ядрода орналасады.

б) суда еритін гормондар - олар плазмалық мембранадағы рецепторлармен байланысады.

4. Сигналдық табиғаты, жасушаішілік эффект бойынша.

5. Биоқызметтеріне қарай - АМҚ, липид, көмірсуды реттеушілер (инсулин, глюкагон, кортизол, адреналин) . Су-тұз алмасуын реттеуші (вазопрессин, альдостерон) . Са+ алмасуын реттеуші (паратгормон, кальцитриол, кальцитонин) . Репродуктивті қызметті реттеушілер (эстрадиол, тестостерон, прогестерон) . Тропты гормондар - либерин, статиндер гипоталамустын, гипофиздің кейбір гормондары басқа гормондардың синтезін реттейді.

Гормондардың жалпы физиологиялық қасиеттері

  • Жоғары биологиялық белсенділік.
  • Дистанттық әсер көрсетуі.
  • Тез және қысқа әсер етуі.
  • Тез бұзылады және организмде жинақталмайды.
  • Тек қызметке ғана емес, сондай-ақ құрылымға әсер етеді (акромегалия) .
  • Түрлік арнайылығы бар (бірқатар гормондар) .
  • Ферменттік белсенділігі жоқ.
  • Физиологиялық әсері - қатаң, арнайы спецификалы
  • Жоғары биоактивтілігі: гормондардың физиологиялық әсері аз дозада (10 -6 -10 -10 мольл) .
  • Әсер етудін дистальды сипаты: гормон түзілу жерінен әдетте нысана-жасуша алыс орналасады.
  • Генерализденген әсері (жайылынқы) . Гормонның метаболиттік әсері түрлі жолдармен жүзеге асады. Оның ішінде ең маңыздысы:
  • ферменттердің активтілігі
  • жасуша мембрана өткізгіштігінің активтілігі
  • энергетикалық, биосинтетикалық реттеушілік

Гормондардың әсер ету этаптары: синтез, қанға өтуі, тасымалдау түрлері, гормонның әсер етуінің жасушалық механизмі.

Гормондардың әсер ету типтері:

  • Метаболизмге әсері.
  • Морфо-генетикалық.
  • Кинетикалық.
  • Коррегиялық.

Гормондардың әсер ету жолдары •

  • Тікелей.
  • Рефлекстік.
  • Орталық.
  • Шартты рефлекстік.

Гормондардың әсер ету механизмі

Жасушалық деңгейде гормондардың әсер етуі негізгі екі механизімі белгілі:

  • жасуша мембранасының сыртқы қабатындағы эффектінің реализациясы;
  • гормон ішіне енгеннен кейін реализация.

Гормондардың ыдырауы.

Белокты-пептидті гормондар протеолиз арқылы аминқышқылына дейін ыдырап, →АМҚ әрі қарай дезаминденуге түсіп, соңғы өнімге дейін ыдырайды: СО, Н О. Стероидты гормондардың ыдырауы өзгеше. Ағзада олардың ыдырауын қамтамасыз ететін ферменттер жоқ. Сондықтан да көбіне шеткері радикалдардын модификациясы өтеді. Қосымша гидроксильды топтар енгізіледі де кетотобы бар молекулалар пайда болады Гормондар гидрофильды болады. Осылайша стероидтық катаболизмнен қалған нәтиже зәрмен сыртқа шығады, оны 17 -кетостероидтар деп атайды.

Гормондардың инактивациясы және қызметі

Гормондардың инактивациясы көбінесе эффекторлы мүшелерде өтеді - бауырда. Гормондардың ағзадағы қызметтері:

  • бойдың реттелуі, ұлпалар мен мүшелердің дамуы мен дифференцировкасы, физикалық, жыныстық, ақыл-ойдын дамуы.
  • сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделушілік
  • гомеостазды қалыпта ұстау

Гормондар бөлектеніп жалғыз қызмет атқармайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабақтарында кері байланыс арқылы оқушылардың рефлексивті іс-әрекетін дамыту
Математикада тиімді кері байланыс арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру: мұғалімнің іс-әрекеттік зерттеуі
Оқушыларға тиімді кері байланыс берудің 20 тәсілі
Автогенераторлар: теориясы, кері байланыс және стационарлық режим
Ұйымдардағы коммуникациялық процестер, кедергілер және кері байланыс
Сындарлы кері байланыс: анықтамасы, сипаттамасы және педагогикалық стратегиялары
Қалыптастырушы танымдық кері байланыс: сабақтағы ұйымдастыру тәсілдері мен тиімділігі
Қадамды қозғалтқыштарды басқарудың импульсті, фазалық және микропроцессорлық кері байланыс әдістері
Спастикалық диплегиясы бар церебральды сал ауруымен ауыратын науқастарды биологиялық кері байланыс терапиясы арқылы кешенді оңалту: клиникалық және электрофизиологиялық бағалау
Реттегіштердің кері байланысы және реттеу жүйелеріне әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz