Қазақстан Респуликасының құқық қорғау органдары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«М. Х. Дулати атындағы өңірлік университеті»

Реферат

Тақырыбы:«Қазақстан Респуликасының құқық қорғау органдары»

Қабылдаған:Телесбаев Бексұлтан

Орындаған:Жақсымбек Жұлдыз Жансұлтанқызы

Құқық қорғау органының түсінігі.

Заң мен құқық тәртібін қорғаштау, адамның құқығы мен бостандығын қорғау, қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықтармен күресу негізгі (арнайы) міндеті болып табылатын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына: сот, төрелік сот, конституциялық сот, прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, әділет, төрелік, кедендік бақылау, қаржы полициясы органдары және т. б. жатады. Құқық қорғау қызметі - қиын және түрлі үлгілерде болатын қызмет. Оларға конституциялық бақылау, сот төрелігі, соттарды ұйымдық қамтамасыз ету, прокурорлық қадағалау, қылмыстарды анықтау және тергеу, заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау жатады. Осы бағыттардың әрқайсысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған: ҚР Конституциясының ұйғарымдарын бұзуды жою, азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді әділ талқылау және шешу, соттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасау; прокурорлық ден қою құралдарының көмегімен заңды бұзуды анықтау және жою; қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және ашу; сотта нақты істерді қарау үшін материалдар дайындау; кімге қажет болса, барлығына білікті заң көмегін ұсыну. Осы нәтижелердің орындалуын құқық қорғау органдары қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган.

Құқық қорғау органдарының түрлері. Құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, коррупцияға қарсы және экономикалық тергеу қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жатады.

Құқық қорғау органдарына қызметке жасы 18-ге толған, өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене бітімінің даму жағдайы, білім деңгейі жөнінен өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.

Сонымен қатар арнаулы мемлекеттік органдар да бар. Оларға ұлттық қауіпсіздік қызметі, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органдар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметі жатады. Арнаулы мемлекеттік органдар ҚР Президентіне тікелей бағынады және есеп береді, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында барлау және қарсы барлау қызметін, сондай-ақ жедел іздестіру және техникалық шаралар кешенін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар.

Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Қазақстан Республикасының аумағында заңдардың, ҚР Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Прокуратура органдары төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Бас Прокурор басқарады.

Прокуратура органдары жүйесіне: Бас Прокуратура; облыстардың прокуратуралары; республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары; ауданаралық; аудандық; қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар кіреді.

Прокурордың қызметі:

  • қылмыстық істің қозғалуының негізі бар екендігін анықтайды немесе қылмыстық істі өзі қозғайды, жалпы тергеуді бақылауда ұстайды;
  • прокурор алдын ала тергеудің бікенінен кейін қылмыстық істің әрі қарай қозғалысын анықтайды, ол дегеніміз қылмыстық істің біткенін прокурордың бекітуімен ғана соттың қаралуына өткізіледі;
  • сотта прокурор мемлекеттік айыптауды қолдайды және ол қодаудан жеке өзіне байланысты себептермен бас тартуға хақысы жоқ;
  • прокурор тергеушінің немесе анықтама анықтау органының маңызды процессуалдық шешімдерін (күзет қарауына алу, тінту жүргізу, пошта-телеграф корреспондеттігін қамауға алу) бекітеді;
  • прокурор тергеушінің және анықтау органдарының іс әрекетіне жасаған шағымдарды қарайды және осы туралы шешім қабылдайды;
  • прокурор тергеу біткен соң істі толық тексереді және айыптау қорытындысын бекітеді;
  • анықталған заңбұзушылықтарға прокурор қылмыстық іс қозғауға тиіс, тәртіп бұзушыларға қатысты заңды шешіп қабылдауы қажет.

Ішкі істер органы. Құқық қоғау органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

Құқық қорғау қызметкерлерінің құқығы, міндеттері және жауапкершілігі.

Құқық қорғау қызметкерлері мемлекеттік биліктің өкілі болғандықтан, мемлекеттің қорғауында болады. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдылығында қарастырылып қойған талабын барлық азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті. Құқық қорғау қызметінің қойған талабын орындамаған азамат заң алдында жауапқа тартылады.

Сонымен қатар құқық қорғау қызметкерін балағаттаған, қарсылық көрсеткен, қоқан-лоқы көрсеткен және өміріне, денсаулығына, абыройына қауіп төндірген жағдайда да заң алдында жауапкершілікке тартылады. Оған қоса құқық қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының және жолдастарының өміріне, денсаулығына, абыройына қауіп төндірген жағдайда да заң алдында жауапкершілікке тартылады.

Құқық қорғау қызметкерлерінің құқықтары:

  • лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;

лауазымдық міндетерін атқарумен байланысты мемлекеттік органдарға, ұйымдарға олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, белгіленген тәртіппен кіріп-шығуға; Қызметкерлерге, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін қоспағанда, атыс қаруы мен арнаулы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы беріледі. Олар дене күшін, оның ішінде, күрестің жауынгерлік тәсілдерін қолдануға да құқылы. Атыс қаруын, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдану тәртібі заңмен айқындалады.

Қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруге байланысты міндеттері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокаттық қызметі
Адвокаттың қылмыстық істер бойынша заң көмегін көрсетуі
Әкімшілік құқық ғылым және құқық саласы ретінде
Салықтық бақылаудың формалары
Заңды тұлғаның құқық қабіліттігі
Кәмлетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілік
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары туралы
Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқытық субьектісі ретінде
Қазақстан Республикасындағы жер мәмілелерінің аясындағы қоғамдық қатынастар
Ерлі-зайыптылардың теңдігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz