XIX ғасырдағы айтыс өнері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі
Халықаралық Тараз Инновациялық Институты

Жалпы педагогика
"Педагогика" факультеті

СӨЖ

Пән аты: XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті
Тақырыбы: XIX ғасырдағы айтыс өнері
Оқытушы: Пертаева Эльмира
Студент: Орынбасар Ақмарал
Тобы: ҚТ 20-1

Тараз, 2022
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. IXI ғасырдағы айтыс өнері
2.Ақындар айтысы
3."Айтыс -уәж, дәлелге құрылған екі сөз сайысы ,өнер бәсекесі"
4.IXI әйгілі айтыс ақындары
5. Айтыс өнерінің зерттелуі
. Қорытынды
. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әдебиеттегі өзгешеліктердің бірі - XIX ғасырдағы ақындар айтысы, жалпы айтыс өнері, айтыс өлең фольклористикада, әдебиеттану ғылымында Шоқан дәуірінен бері зерттеліп келеді. Ұзақ уақыттар бойы әдебиетіміздің көп асыл мұрасы сияқты айтыс ауыз әдебиетінің еншісі есебінде зерттелді.

Жекеленген зерттеушілер XIX ғасырдағы ақындар айтысының табиғатындағы дәстүрлі айтыс өлеңмен туыс тұсты да, оның өзіндік белгілерін де аша сөйлеуге ауысты. Осы айырым, ажырату тұсында
XIX ғасырдың айтысында атап айтар, айқын өзгешеліктер, әрине аз емес.

Қазақ халқының ауыз әдебиетінің негізгі бір саласы -- айтыс өнері. М.Әуезов айтыс... өлең жарысы, өнер жарысы... бұл жай айтысушы ақындарды, үлкен жиын топта сайысқа шығарған батырлардай, күреске түсірген балуандардай, бәйгіге қосқан аттардай, бәсеке жарыс қызуына араластырады деп келтіреді. Айтыс -- уәж, дәлелге құрылған екі қарсыластың ақындық сөз сайысы, өнер бәсекесі. Ол екі адамның сөз жүзінде тартысуы, қағысуы, дауласуы, жарысуы, сынасуы, өнер салыстыруы деген ұғымды қамтиды. Жалпы бұл өнер қара сөз түрінде де, өлең түрінде де дамып, халықтың қоғамдық өміріне, тұрмыс-тіршілігіне байланысты қалыптасқан. Ең алғаш тұрмыс-салт жырлары Жар-жар мен Бәдіктен бастау алып, сан алуан асу-кезеңдерден өтіп кемелдене жетілген айтыстың алғашқы үлгілері көпке ортақ жаттанды өлеңдерден тұрса, кейінірек өз жанынан шығарып айтылатын суырыпсалмалылық сипаты басым болып отырады...

Айтыс қазақ даласында негізінен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінмен дамыды. Бұған сол тұстағы қазақтың көшпелі өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрі басты себеп болды. Оны тудырған да, дамытқан да ақындар болған. Бұл өнер түрі қазаққа ағайындас, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас келетін қырғыз, түркімен, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Айтыстың басты ерекшелігі -- оның суырыпсалмалы түрде орындалуы.

Айтыс қай кезендерде де филолог, фольклортанушы және саяхатшылардың назарынан тыс қалмады. Оның әр-түрлі үлгілерін қазақ арасынан XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап В.Радлов, Ш.Нұрмағамбетұлы, Т.Сейдалин, С.Жантөрин, Ж.Шайхысламов, Ә.Диваев, С.Сейфуллин және т.б. жинап, жарыққа шығарса, солармен қатар, құнды ойлар мен деректер А.Васильев, А.Левшин, Ш.Уәлиханов, А.Янушкевич, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, С.Қирабаев, М.Мырзахметов, С.Қасқабасов, М.Жармұхамедұлы және т.б. жұмыстарында орын алады.

Айтыс өзінің туу, айтылу дәстүрі мен табиғаты жағынан халық әдебиеті мұраларының қатарына жатады. Ілкі замандардан келе жатқан аталмыш өнердің кейбір үлгілері түркі ғалымдары Махмұт Қашқари (жыл мезгілдерінің айтысы) мен Жүсіп Баласағұн (айтыстың сұрақ-жауап түрі) шығармашылықтарынан байқалады.

Айтысты, соның ішінде XIX ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Қазақ әдебиетіндегі айтыс өнерінің өзіндік өрнегі
«XIX ғасырдағы қазақ халқының мәдениетінің дамуы және мәні»
Қазіргі айтыс тілінің ұлттық мәдени сипаты
Сүйінбайдың айтыскерлігі
Айтыс жайында
Айтыс өнері
ХІХ ғасырдағы жазба айтыстүрлері
Кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
Пәндер