Жыраулық поэзияның қалыптасу тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі
Халықаралық Тараз Инновациялық Институты

Жалпы педагогика
"Педагогика" факультеті

СӨЖ

Пән аты: XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті
Тақырыбы: Жыраулар тарихы
Оқытушы: Пертаева Эльмира
Студент: Данышпанова Қымбат
Тобы: ҚТ 20-1

Тараз, 2022
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүр құндылығы
Жыраулық поэзияның қалыптасу тарихы ...
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүр көрінісіндегі ерекшеліктер
Махамбет,Мұрат,Базар туындылары мен Асанқайғы,Қазтуған,Шәлгез шығармаларының үндестігі мен сабақтастығы
. Қорытынды
. Пайдаланылған әдебиеттер

Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері -- Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465 -- 1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675 -- 1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706 -- 1778 жылдары), Бұқар жырау (1693 -- 1787 жылдары), Шал ақын (1748 -- 1778 жылдары), Жанақ ақын (1770 -- 1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.

Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі -- жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.

XVIII -- XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз.

Ең алдымен жырға келетін болсақ, Жыр-(көне түркі тілінде иыр)- 1.кең мағынада поэзиялық шығармалардың жалпы атауы...2.тар мағынасында қазақ халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры деген анықтама Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында берілген екен. Ал, зерттеуші Ш.Ш.Уалиханов Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде атты еңбегінде Жыр дегеніміз рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді.Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуімен тақпақтап айтылады,-деп көрсеткен екен.

Жырау -ақпа-төкпе,суырыпсалма өлең сөзді қару еткен өнер адамы,халықтың қамын ойлай білетін парасаты мол ел ағасы,қысылғанда жол табар ақылшысы, уақыт, оқиға сырын, замана бағыт-бағдарын ақыл таразысына салып сынай, салмақтай білетін,болжағаны болып,айтқаны келетін тапқыр да көреген дана абызы, кеткенді қылышпен емес, сөзбен сілейтіп, бұйрық берер әміршісі, бетің бар, жүзің бар демей тура айтар өткір де әділ биі, жөні келгенде жыр мен қаруды бірдей жұмсап жауға аттанар жауынгер қолбасы болған. Жырау ел тағдырын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісі
Жыраулар поэзиясын оқыту
Жыраулар поэзиясының даму жолдары
Жыраулар әлеміне шолу жасау
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
ЖЫРАУ МЕН ЖЫРШЫЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСУЫ
Толғаудың жанрлық ерекшеліктері
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Жыраулар тарихы
Пәндер