Спорттық күрес түрлеріне жалпы мінездеме



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Халықаралық Тараз Инновациялық институты

СӨЖ

Тақырыбы: Спорттық күрес түрлеріне жалпы мінездеме
Курс: 2
Топ: Дш 21-13
Орындаған: Тұрсынбекова Дана
Қабылдаған:Танаев Қонысжан

Тараз 2022

Қазақстанда күрестің қазақша күрес, грек-рим күресі, еркін күрес, дзю-до және самбо сияқты жекпе-жек түрлері кең дамыған.Қазақ күресі - ұлттық спорт түрі. Оның тәсілдері сан алуан. Жекпе-жек барысында бір қолмен белдіктен немесе күрте жағасынан, жеңінен ұстап шалу, үйіріп, сүріндіре, жұлқу, тізеден қағу, іліп немесе кеудеден асыра лақтыру, т.б. көптеген тәсілдер қолданылды.1928 жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданып, ол 1938 ж. республикалық спорттық жарыстың бағдарламасына енгізілді.Қазақша күрес балуандары халықаралық аренада тұңғыш рет 1952 ж. Ашхабад қаласында сынға түсті. Қазақша күрестің салмақ дәрежелері де, ережесі де жиі өзгерістерге ұшырады. Кей жылдары үш, төрт, бес, сегіз, он салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өтіп жүрді.1998 жылдан еліміздің балуандары үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. 60 кг-ға дейінгі балуандар - кіші балуан, 74 кг-ға дейінгілер - орта балуан, 74 кг-нан жоғарылар - бас балуан деп аталады. Грек-рим күресі, классикалық күрес - қол және тұтас дене қозғалысына негізделген тәсілдерді пайдаланатын спорттық күрес түрі. Бұл күресте қарсыласын белден төмен ұстауға, аяқтан шалуға, т.б. болмайды. Грек-рим күресінің мақсаты - қарсыласының жауырынын жерге тигізу немесе күрес тәсілдерін шебер қолдана отырып, ұпай санымен жеңу.Грек-рим күресі 1896 жылғы 1-Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді.1904 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіліп келеді.20-ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап күрестің бұл түрі Қазақстанда жедел дами түсті. Қазақ халқынан шыққан , Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Мәмбетов сияқты Дүниежүзілік олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің есімдері көпшілікке белгіліЕркін күрес. Мұнда қарсыластарға әр түрлі техникалық тәсілдерді (қарсыласын лақтыру, аударып түсіру, қапсыра ұстау, белден төмен ұстау, т.б.) кеңінен қолдануға мүмкіндік беріледі.Еркін күрес 19-ғасырдың аяғында Англияда пайда болған.1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген.1951 жылдан дүниежүзілік, 1928 жылдан Еуропа чемпионаттары өткізіледі.Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өткізіліп келеді. Қабден Байдосов, Әбілсейіт Айқанов, Амангелді Ғабсаттаров, Аманжол Бұғыбаев, Сейітжан Әбдікәрімов, Алмас Мұсабеков, т.б. халықаралық аренада халқымызды әлемге танытты. Мәулен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қажымұқанның физикалық сипаты
Белбеу күрес
Қонақ үйдің қоғамдық бөлімі.
Жеңіл атлетиканың даму тарихы
Гигиеналық дене шынықтыру
Спортшылардың психологиялық дайындығы
Дене жаттығуы кезіндегі жүктеме
Спорттық психологиядағы мотивация
Спорттық жаттығу әдістері
Жаттықтыру сабақтарының түрлері
Пәндер