Айтыстың ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Айтыс - ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады.

Айтыстың ерекшелігі

Ақындар айтысында жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады. Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен ештеңе өндіре алмайды, сайыста дәрменсіз болып қала береді. Жаттанды сөз өрнегін қолдану ақынға абырой әпермейді.

Түрлері.

1. Бәдік айтысы.

2. Жар-жар.

3. Жануар мен адамның айтысы.

4. Өлі мен тірінің айтысы

5. Жұмбақ айтысы.

6. Салт айтысы: 1) қыз бен жігіт айтысы; 2) ақындар айтысы.

7. Осы күнгі айтыстар.

Қазақ халқының өмірінен, тұрмыс-тіршілігінен төрт түлік мал ерекше орын алған. Төрт түліктің адам өміріндегі маңызы халық ауыз әдебиетіндегі айтыс жанрының бір түрі жануарлар мен адамның айтысындакөрсетілген.

Айтыс жанрының ең көлемді де көркем түрі - салт айтысы . Салт айтысы ХІХ ғасырдакең түрде дамыған. Осы кезеңде өмір сүрген Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Біржан, Сара сияқты айтыс өкілдері сөз таластырып, айтысқа түскен. Салт айтысы екіге бөлінеді: 1) қыз бен жігіт айтысы; 2) ақындар айтысы.

Қыз бен жігіт айтысы той-думанда, үлкен жиында айтылған. Айтыс қыз бен жігіттің арасындағы әзіл-қалжыңға құрылған. Қыз бен жігіт айтысына «Омарқұл мен Тәбияның», «Біржан мен Сараның», «Жамбыл мен Салиханың», «Кенен мен Ләтипаның», «Сүйінбай мен Күнбаланың» айтыстары жатады.

Салт айтысының ерекше түрі - ақындар айтысы. Ақындар айтысының маңызын академик-жазушы М. Әуезов:«Айтыс - сөз барымтасы» деген сөзбен ерекше бағалаған. Ақындар айтысына «Сүйінбай мен Тезектің», «Құлмамбет пен Түбектің», «Шөже мен Балтаның», «Шөже мен Кемпірбайдың», «Шөже мен Орынбайдың», «Жанақ пен Шөженің», «Біржан мен Сараның» айтыстары жатады.

Топтар талдауы керек түрлері.

Бәдік айтысы - айтыстың ең көне түрі. Ерте заманда адамдар мал ауруының да, адам дертінің де иесі бар деп ойлап, сол дерттен құтылу жолын іздеген. Ескі наным-сенімге байланысты дерттен құтылудың жолы - үшкіру, шақыру деп есептеген. Түрлі аурумен ауырған малды «бәдік» арқылы үркіту үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып, кеш өткізген, өлең сөзбен малға келген індетті көшіруге әрекеттенген. Келе-келе айтыстың бұл түрі жастардың әзіл-қалжың ойын айтысына, сауық кешіне айналды.

Айтыстың көнеден келе жатқан тағы бір түрі - жар-жар ұзату тойы үстінде екімақсатпен: 1) ұзатылып бара жатқан қыздың мұң-зары түрінде; 2) ұзатылатын қызды жұбату сарынында айтылған. Жар-жар айтысының негізгі көркемдік тәсілі - пихологиялық параллелизм - екі құбылыстың ұқсас жақтарын параллель етіп қою.

Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі - жұмбақ айтысы . Бәдік, жар-жар, жануарлар мен адамның айтысына қарағанда жұмбақ айтысы адамның сана-сезімінің, таным-түсінігінің даму, өсу, табиғаттың әр түрлі құбылыстарын танып-білу кезінде туған. Жұмбақ айтысына «Сапарғали мен Нұржан», «Әсет пен Ырысжан», «Қожахмет пен Әубәкір» айтыстары жатады.

Шөже Қаржаубайұлы (1808, қазіргі Ақмола облысыҚызылту ауданы -1895, сонда) - халық ақыны. Қазіргі Нұра ауданының жерінде кедей шаруа отбасында туған. Өлең шығару дарыны жас кезінен-ақ байқалған, бала кезінде аурудың салдарынан зағип болып қалған. Айтыстарға қатысқанда қалыптасқан әлеуметтік-философиялық көзқарастары болды. Адамгершілікке жат кеселді кемшіліктерді әшкерелейді (Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Келдібай, Балта, Орынбай, Серәлі, Шортанбай және басқаларымен айтысқан) . Үлкен айтыстарда 17 рет жеңіп шыққан. Өзінің асқан шешендігімен, суырып-салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғауымен және ауылдағы ат төбеліндей бай-шонжарлардың екіжүзді зұлымдығы мен парақорлығын жұрт алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған. Асқақ жыршы, лирикалық, эпикалық дастандарды шебер орындаушы болған. Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасаған. Ш. Уәлиханов 1864 ж. 5 наурызда өзінің Омбыдағыпәтерінде Шөже орындаған «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастанының ең тандаулы нұсқаларының бірін жазып алып, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген.

Оның бір топ өлеңдері (“Дәукейге”, “Домбыра шыққан тыңқылдан”, “Бәйтікті мақтағаны”, т. б. ) жеке адамдарды көтере дәріптеп, мақтауға құрылған. Сонымен қатар Шөже тоғышарлық пен парақорлықты, өмірдің жағымсыз жақтарын батыл сынға алды.

Аталары Қуандық, Шөженің әкесі құлдықта, шешесі күңдікте өткен адамдар, өзі де жасынан жетім қалып, бай босағасында малайлықта күн кешкен. Сондықтан Шөжемен айтысқа түскен ақындар ата-тегіне мін тағып оның кемтар соқырлығын бетіне басқан. «Дүржан үйінде» өлеңінде Шөже өз өмірі туралы едәуір мәлімет береді. Жасынан жетім өсіп қорасан ауруынан көзі кеткенін айтады.

Салт айтысының қандай түрлері бар?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айтыс жайында
Қазақ әдебиетіндегі айтыс өнерінің өзіндік өрнегі
Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері
Қазақ шешендіктеріндегі сөйлеу түрлері
Халық шығармашылығының публицистикалық қыры
Қыз бен жігіт айтыстары
Айтыстың жанрлық ерекшелігі
Қазақ ескілігінің бір үлкен саласы айтыс өлеңдер
Ақындар айтысындағы әзіл-әжуа
Айтыс түрлерінің зерттелу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz