Жұмбақ ұғымына сипаттама


Жоспары :
- Жұмбақ ұғымына сипаттама
- Қазақ жұмбақтарының зерттелуі
- Кодекс Куманикус жұмбақтары
- Қорытынды
Жұмбақ - ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жұмбақ мақал - мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырып айтылады. жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. М. Әуезов «Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген. Жұмбақ болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар, мал, жан - жануарлар, адам оның денемүшелері, еңбек құралдары, т. б. әр түрлі заттар мен құбылыстар, білім өнер ұғымдары. Жұмбақтар соған байланысты тақырыбы жағынан да сан алуан. Өздерің де кез келген нәрсені жұмбақтап, ұйқасын келтіріп құрастыруларыңа болады. Жұмбақ- адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Қазақ жұмбақтары ежелгі дәуірде туып, қазіргі кезеңге дейін ұзақ даму жолынан өтті. Қазақ әдебиетінде ақындардың ауызша, жазбаша жұмбақ айтыстары көп кездеседі. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік - көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Мысалы, “Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау” (жұмыртқа), “Отқа жанбас, суға батпас” (мұз) . Қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетін жинақтап, алғаш рет жіктеп көрсеткен Ш. Уәлиханов, сондай-ақ, ағартушы Ы. Алтынсарин өз шығармашылығында Жұмбақтарға арнайы тоқталған. Ауыз әдебиетін зерттеуші орыс ғалымы А. В. Васильев, сондай-ақ қазақ ғалымдары С. Аманжолов, Т. Жанұзақов, Қ. Саттаровтардың құрастыруымен «Қазақ Жұмбақтары» жинағы бірнеше мәрте кітап болып шықты. Өзінің бастау көзін, өсіп-өркендеу жолын фольклор қойнауынан алатын жұмбақ қазақ жазба әдебиетінде жалғасын тапты. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілдері Абай, Шәкерім, С. Торайғыровтар жұмбақ жанрында қалам тартты. Қазақ әдеби жұмбағының өсіп қалыптасуына М. Жаманбалинов, Ж. Смақов, М. Әлімбаев, Қ. Ыдырысов, Қ. Мырзалиев, К. Баянбаев, Қ. Шұғаев, Ә. Ысқабаев, т. б. ақындар қомақты үлес қосты. Қазіргі уақытта жұмбақ қазақ әдебиеттану ғылымының арнаулы нысаны ретінде зерттеліп келеді. Алғашқы кезде адам баласына дүниедегі заттардың, құбылыстардың барлығы, олардың сыры, неден жасалатындығы мәлім болмаған, жұмбақ болған. Бірақ адам баласы сол жұмбақты шешуге тырысқан. Ол үшін айналаны қоршаған жаратылысты, еңбек, кәсіп құралын, әр түрлі хайуанаттар жайын, бір затты екінші бір бейтаныс затқа салыстыра отырып, ұқсас белгілеріне қарап неден шыққанын қандай зат екенін анықтаған. Жұмбақтардың алғаш үлгілері осылай шыққан», - дейді Мәлік Ғабдуллин.
Ғалымдар жұмбақтың әуелгі тегі тыйым сөздермен және табумен төркіндес деп есептейді. Бағзы дәуірде адамдар айналадағы өктем күштерден сақтағандықтан, өзара шартты сөздермен, астарлы тіркестермен тілдескен. Кейін жұмбақ табу мен тыйым сөздерден бөлініп шыққан.
Қазақ жұмбақтарының алғаш жиналып, баспа бетіне түсуі XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. 1842 жылы «Татар хрестоматиясын» құрастырып бастырған. М. Иванов оған қазақ жұмбақтарында енгізген.
Жалпы алғанда, жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ой - өрісін, қиялының белгілі бір сатысын көрсететін ұшқыр ойдың бір түрі. Жұмбақты шешу адамның зеректігін, ақыл - парасатын, білімін байқатады.
«Жалпы алғанда, жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді», - дейді Мұхтар Әуезов. Өйткені, жұмбақ өзге фольклорға қарағанда бітімі бөлек, ерекше затты деректі сөз. Сол деректілікке сүйенетіндіктен жұмбақ әр заттың жағдай, бөлім - бөлшектеріне көбірек көз салады. Дүниетану жолдарын еңбегіне байланыстырып, осыдан барып қорытынды жасайтын халық, көп жұмбақты нәрселердің неден пайда болғандығын айтуға арнайды. Ал бұның өзі адам танымын тереңдетіп, ұрпақты ұлағатты, зерделі етіп тәрбиелейді. Жұмбақ жанырына тән ерекшелік - көлемі шағын, құрылымы жұп - жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбіне қысқа, жинақы келеді. Қазақ жалпы жұмбақты адамдардың білім деңгейін, парасатын аңғартатын үлкен өнер деп есептеген, сондықтан ақындар, ел ішіндегі шешен, би, т. б. данагөй, қадірменді адамдар бір - біріне жұмбақ жолдап, ақыл - ой сынасып, таным салыстырған. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, ақындық айтыс түрінде де кездеседі. Осы жұмбақтардың қай - қайсысы болса да халықтың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесіне негізделіп, оның тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық дәстүрімен тығыз байланысты туып, дамып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отырған. Жұмбақпен толғап жыр айту Асанқайғы, Бұқар жырау, Базар жырау, Шортанбай, Әубәкір сияқты қазақ ақындарының жырында, Сырым, Төле би, Жиренше, т. б шешендік сөздерінде жиі кездеседі. Шешендік сөзге құрылған жұмбақтардағы ақыл - парасат, тапқырлық, терең логика жазу - сызу болмады, сауатсыз еді деп күстәналап келген халқымыздың асқан даналығының көрінісіндей көзге ұрады. Қазақ жұмбақтарын өзінің құрылысы, айтылуы, мазмұны жағынан іріктеп алғанда, негізінен жеті түрге бөлінеді. Атауы «Кумандар кодексі» деген мағынадағы түркілердің грамматикалық және сөздік туындысы Қара теңіздің солтүстігіндегі Дешті Қыпшақ даласында жазылған. Бұл еңбектің екі нұсқасы бар: итальяндық және германдық. Жазу таңбалары көне Гот әріптерімен бірдей. «Кодекс куманикустың» екі нұсқасы 1303 жылдың жазында бір кітап болып біріктірілді. Бірақ кітаптың нақты қай кезде толық аяқталғандығы беймәлім. Кітапты флоренциялық Петрарка деген ақын Антониус вон Финальден сатып алып, 1362 жылы Венеция республикасына сый ретінде жөнелткен. Еңбек шамамен 1303-1362 жылдар аралығында жазылуы мүмкін. Елу бес беттен тұратын туындының алғашқы нұсқасы «Итальян кодексі» деп аталған. Онда 1560 сөз бар. Сонымен қатар латын тіліндегі кіріспеден кейін үш баған болып тізілген латын, парсы, түркі тілдеріндегі грамматикалық ережелерді қамтиды. 1120 сөз дін, көңіл күй, сауда, заттар, хайуанаттар, мамандықтар, шен түрлері тәрізді топтарға бөлініп жазылған. «Кодекс куманикус» сөздігінде 2680 түркі сөз бар. Жиырма жеті
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz