Банкроттық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1)Банкротттылық түсінігі,белгілері,және жүзеге асрыу тәртібі
2)Жалған банкроттық
3)Банкроттық деп тану
4)Кредитор дегеніміз не?

Банкроттық -- кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманыңбанкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Банкроттық ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Алайда борышқор арызын соттың тиісті шешімінсіз кері қайтарып ала алмайды. Ал, ықтиярсыз Банкроттық туралы іс қозғауға кредит берушінің талабы негіз болады. Кейде фирмалардың алған қарыз ақшаларын жасырып қалу мақсатымен "жалған Банкроттыққа" ұшырау деректері де кездеседі. Бұл теріс әрекет ретінде танылып, заңмен қудаланады. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның кредит берушіге қарызын және басқа да міндетті төлемдерін өтеу туралы үшінші жақтың кепілдігі болмаған жағдайда сот баспасөзде борышқордың қаржы жағдайын жақсартып, кредитберушілердің тілек-шағымдарын қанағаттандыруына жәрдем беруге қабілетті заңи тұлғалар мен азаматтарға арналған тендр жариялай алады. Егер бір ай ішінде мұндайлар табылмаса, кәсіпорынныңБанкроттықғы туралы іс заң құжаттарындакөрсетілген тәртіппен қаралады да кәсіпорын мемлекеттік тіркеу регистрінен шығарылып, таратылады. Заңды тұлғалардың банкроттығы жағдайында оның салдары атқарушы директорға әсер етуі мүмкін. ЖШС туралы Заңның 44-бабына сәйкес, басшылық өзінің міндеттерін орындауға немқұрайлы қарағаны үшін келтірілген шығынның бір бөлігі үшін жауап береді
Жалған банкроттық - фирма басшылығының берешекті өтеу үшін қаражаты бола тұрып төлемдерге мұрсат және шегерім алу үшін несие берушіні адастыру мақсатымен өзінің дәрменсіздігі туралы көрінеу жалған құлақтандыруы.
Коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің несие берушілерге тиесілі төлемдерін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу үшін несие берушілерді жаңылыстыру мақсатымен өзінің дәрменсіздігі туралы көпе-көрінеу жалған хабарлауы. Жалған банкроттық экономикалық қызмет саласындағы қылмысболып табылады.
Жалған банкроттық - фирма басшылығының берешекті өтеу үшін қаражаты бола тұрып, төлемдерге мұрсат және шегерім алу үшін несие берушіні адастыру мақсатымен өзінің дәрменсіздігі туралы жалған құлақтандыруы.

Жалған банкроттық экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып есептеледі.

Әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау жолдары қандай? Осы жалған банкроттық дегенге қалай тосқауыл қоюға болады?
Әдейі банкроттық белгілерін анықтау сот банкроттық туралы іс бойынша өндіріс қозғаған жағдайда және борышкерге міндетті тапсырмалар беруге немесе қалайда оның қызметін анықтауға құқылы тұлғалардың әрекеттерін құқықсыз деп тануға негіздемелердің болуы жағдайында жүргізіледі. Бұл белгілер іс қозғалғанға дейінгі кезеңде де, банкроттық рәсімі барысында да (конкурстық өндірістен басқа) анықталуы мүмкін.Әдейі банкроттық белгілер деп жоғарыда аталған тұлғалардың, кредитордың қаржы міндеттемелері бойынша талаптарын қанағаттандыруға және (немесе) міндетті төлемдерді төлеуге борышкердің қабілетсіздігін тудырған қызметтері болып табылады.Әдейі банкроттық белгілерін анықтау мақсатында, әдейі және жалған банкроттық белгілерінің болуы (болмауы) туралы сараптама жүргізу бойынша, Әдістемелік кеңестерге сәйкес борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің келесі талдаулары жүргізіледі.
Әдейі банкроттықтың мәні борышкердің борыштарды толығымен төлеуге мүмкіндігі бола тұра (яғни кәсіпорын төлемге қабілетті болып табылады), басшысы сотқа банкроттық туралы арыз береді. Бұл, әдетте, кредиторлардан төлемдерді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу немесе борыштардан шегерім жасатқызумақсатында жасалады. Мұндай арыз берген борышкер кредиторлар алдында осы арызбен келетін зиян үшін жауапкершілік артады. Банкрот деп танудың немесе жариялаудың нәтижесі кредиторлардың, бюджеттің, мемлекеттік бюджеттік емес қорлардың талаптарын әділетті, яғни тең және заңмен белгіленген кезекте орындалған қанағаттандыру болып табылады. Сондықтан әдейі банкроттық барысында борыштарды төлемеу нәтижесінде келтірілген үлкен залал кредиторларға, салық және басқа уәкілетті органдарға өздеріне тиесілі қаражаттың түспеуі болып табылады. Әдейі және жалған банкроттық белгілерінің болуы (болмауы) туралы сараптама жүргізу бойынша Әдістемелік кеңестерге сәйкес жалған банкроттық белгілерін анықтау, өндірісте борышкер ұйымның өз арызы бойынша экономикалық сотпен қозғалған банкроттық туралы іс болған жағдайда жүргізіледі. Жалған банкроттық белгісі ретінде борышкердің оны банкрот деп тану туралы арызымен сотқа жүгіну күнінде кредиторлар талаптарын толық көлемде өтеуге мүмкіндігінің болуы болып табылады. Ол үшін борышкердің қысқа мерзімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкроттық туралы істер бойынша төрелік соттың актілері
Коммерциялық ұйымның банкроттық рәсімдеріне түсінік
Әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау
Банкроттық рәсімдерді қолдану негіздері
Кәсіпорын қаржысының банкроттық жағдайы
Компанияның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық негіздері. Жалған банкроттық қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Экономикалық дамудағы банкроттың рөлі
Қазіргі жағдайда толық есепке ала отырып, банкрот проблемасын толық түсіндіру
Банкроттық және оның құқықтық аспектілері
Экономикадағы банкроттықтың дамуы және рөлі
Пәндер