КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҮШ ЖҮЗДІ ҚАМТЫҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС МӘСЕЛЕСІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҮШ ЖҮЗДІ ҚАМТЫҒАН
ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС МӘСЕЛЕСІ

Баизова Г.Б.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Патша өкіметінің отарлау саясатын қазақ халқы құптамады және барынша қарсылық танытты. Ол қарсылықтар бас көтерулер мен көтерілістер сипатында көрініс берді. Қазақтың ұлт-азаттық қозғалысы тарихындағы анағұрлым ірі көтерілістердің бірі ретінде ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісті атауға болады. Бұл көтерілістің тарихи мәні мен зерттелуі әлі де болса толық емес.
Қазақ жерінде болған басқа ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгел қатысуында. Көтеріліс он жылға созылды, осылайша 1837-1847 жылдар аралғындағы кезең әлі де зерттеулерді күтеді. Халықтың қалың бұқарасы күреске тартылып, Кенесары көтерілісі алғашқы бүкіл халық көтерілген қозғалысқа айналды. Кенесары көтерілісінің басты мақсаты - патшалық Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді. Сондай-ақ Кенесарының тағы бір көздеген мақсаты - қоқандықтардың тепкісіндегі Оңтүстік өңірдегі қазақтарды босатып, оларды Қазақ хандығына қосу болатын. Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші бұқара халық күшейе бастаған отарлық езгіден, феодалдық топтардың қысымынан құтылуға тырысты. Кетеріліске сонымен қатар ақсүйек өкілдері де қатысты. Олар көтерілісті, бір жағынан, өз мүдделеріне пайдаланып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алуды, екінші жағынан, көшпенді дербес феодалдық мемлекет құруды көздеді.
Патша өкіметінің қазақтарға көрсеткен қоқан-лоқысы ешкімді де қорқыта алмады, керісінше көтерілісшілерді Кенесарының маңына топтастыра түскен. Кенесары жасақтарында қазақтармен бірге қарақалпақтар, түрікмен, қырғыз, өзбек, өкілдері де аз болған жоқ. Дегенмен, Кенесары барлық əдіс-амалдарын қолданып тырысып бақса да, кейбір феодалдық топтарды, үш жүздің ру-тайпалық бөлімдерін біріктіре алмады. Оның себебі - көтерілістің бастапқы кезінде қазақ ақсүйектері бір-біріне қарсы күресуші екі жаққа бөлінген еді. Бірақ осыған қарамастан, Кенесары Қасымұлы өзінің туы астында үш жүздегі қазақ руларының едəуір бөлігін топтастыра алды.
Омбы облыстық басқармасына қарасты сот-жазалау мекемелері жинастырған мəліметтер бойынша тек Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы жəне Баянауыл округтерінде ғана көтерілісшілерді 80-нен астам сұлтандар мен билер қолдаған. 1838 жылдың көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша əскерлеріне қарсы алдын ала жасалған жоспар бойынша дəйекті күрес жүргізді. Олармен шайқаста Ақмола қаласын қиратып, Ақмола округіндегі патша əкімдерімен ауыз жаласып жүрген Қоңырқұлжа сұлтанның ауылын шапты. 1840 жылы күзде көтерілісшілер Ырғыз бен Торғай маңында патша əскеріне, орыс əкімшілігін қолдаушы жергілікті бай-шонжарларға қарсы күресті күшейтті. Осы кезде Кенесарының аты казақ арасында кеңінен тарап, оның беделі бүкіл қазақ даласында жайлап жүрді.
1841 жылы қыркүйекте Кенесары үш жүзден адам жинап, əкесі Қасым ханның өлгеніне бір жыл толуына байланысты ас берді. Осы астан кейін үш жүзден жиналған жамағат ата дәстүр салтымен Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл қазақ халқының ханы етіп сайлады. Бұл белгілі құбылыс еді. Барлық ұлт-азаттық қозғалыс халықтың қалың бұқарасының қолдауына сүйенсе, өзінің ұлттық мемлекетін құруға тырысатыны белгілі. 1841-1842 жылдары Кенесары жасақтары Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Созақты, Сауранды алып, Қоқан хандығының мүмкіндіктерін басып тастады. Бұл әрекетінің нәтижесінде Кенесарының қазақтың қалың бұқарасының алдында беделі көтерілді. Жеңілген қоқан ханы Кенесарыға мәңгілік одақ құруды ұсынып келіссөз жүргізуге мəжбүр болды. Бірақ, ол бұл келіссөзден бас тартып, қазақ халқына тиісті жерді қайтаруын талап етті.
1844-1845 жылдар қазақ даласындағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысы өрлеудің ең жоғарғы шегіне жеткен кезі болатын. Оған Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз əскерінің санын 20 мың адамға жеткізді. Жасақтардың жауынгерлік дайындығын жетілдіруге, оларды дұрыстап каруландыруға көңіл бөлінді. Зеңбірек, мылтық, оқ-дəрі жасау, оларды сатып алу, азық-түлік дайындау жұмысы қолға алынды. Патша әкімшілігі әскерлеріне тыңшы жіберу, оларды басып-жаншу жұмыстары ұйымдастырылды. Кенесары кең даланың бір жерінен екінші жеріне тез орын ауыстырып, соңына түскен қуғыншыларға ұстатпай кететініне бұған дейінгі жылдардағы күресте көзі жеткен патша үкіметі, көтерілісшілерге қарсы жекелеген отряд жіберуден нәтиже шықпайтынын түсінді.
Е.Бекмаханов зерттеулерінде патша өкіметі осыдан кейін 1844 жылдың көктемінде 3 отряд жіберуге шешім қабылдады десе, ал Жұмақаева зерттеулерінде бұл 3 отряд 1844 жылдың жазында болған деп жазылған. Бұл отрядтарға Кенесары мен оның жасақтарын қоршауға алып, шегінер жолын жауып тастауға міндет қойылды. Осы міндетті ойдағыдай іске асыру үшін, олар Сібірден Кенесарымен шайқас жүріп жатқан жерлерге бет алған генерал Жемчужниковтың əскерімен күшейтілді. Кенесары бұл күштердің басын біріктірмеу үшін, өзінің жасақтарын қоршап алуына мүмкіндік бермей, оларды бір-бірлеп құрту тактикасын қолдануды жөн көрді. Сібір əскерінің алдынан шыққан оның шағын тобы Ақмолаға қарай қаша соғыс салып, Кенесары күші Ұлытауға бет алыпты деген сөз таратып, жау күшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азатт козгалыстын басталуы
Кенесары бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық күресі
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалысы
Қазақ шаруалары
Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
18-19 ғғ. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер
Пәндер