Менің сүйікті кітабым


«Менің сүйікті кітабым»
Данабаева Сабина 10 «В» сыныбы«Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына»
Әлішер Науаи
Жазу, сөйлеу, оқу қабілеті - ата-бабамыздан берілген құнсыз мұра. Сөз тану, кітап әлеміне берілу көбінің арманындағы ғана ғанибет. Айта берсең, не кітаптың, не әріптердің әр адамзат өміріне деген үлесі орасан зор. Кітап адамның жан дүниесі секілді. Оны оқығанда басқа бір әлемге сапар шегіп, өзің бір керемет әсер аласың.
Кітап атты сөз толған қағаз парақтары өмірімде едәуір орын алады. Соңғы жылдары шытырман оқиғаларға беріліп, үлкен махаббаттың куәгері болдым, бірге қылмыстарды тергеп, басты кейіпкерлердің жан досына айналдым. Соның барлығы кітаптың арқасында. Ақ бетке түскен әр жазушының ойлары, фантазиясы, қуанышы, күйзелісі - бір-бірінен тым алабөтен, сонымен қатар ерекше ұқсас. Тіпті бір оқырмандарды жаулап алатындай сиқыры бар секілді. Осылайша мені баурап алған кітаптың бірі жақында оқыған «Махаббат, қызық мол жылдар» атанды. Әзілхан Нұршайықов атамыз жазған бұл романы сұлу махаббат хикасымен ғана емес, сондай-ақ тәрбиелік ықпалдарымен, 50-інші жылдағы Қазақстанның атмосферасымен оқырманды өзіне бірден ғашық етеді. Қыз бала дүниесіне романтика мен көрікті сөздер жақын болғандықтан болар, «Махаббат, қызық мол жылдар» бикештер қауымының ортасында аса танылымдылыққа ие болған. Анам үнемі осы шығарманы еске түсіріп отыратын. Сол кісінің бір сөзінде, есімі де Әзілхан Нұршайықовтың кейіпкерінен алынған десі. Ата-анасы қызына Аяужан атын берген екен. Шынайы өмірден жылжысақ, роман бастауын ұлы атамыз Абайдың сөздерінен алады:
«Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар».
Соғыс жылдарынан кейін бақыт мен бейбітшілік туралы жырлау таңданбайтын жайт, десекте айтудың өзі қан жылатарлық. Осылайша соғыстан сау оралған Ербол өз бағы мен айлағын іздеп, Алматы қаласындағы университет студенті аталады. Жастығына малынып үлгермеген бұл жас жігіт роман басында ақкөңіл, қарапайым, ұяң мінезді болып сипатталғанымен, хикая барысында өзін салмақты ересек кісі ретінде паш етеді. Күнделікті стунденттік өмірге дағдылана алмай жүрген Ербол Меңтай есімді қызды кездестіреді. Меңтай - ақылына көркі сай, биязы, қысқасы қазақтың нағыз қырмызы қызы. Дос болып әңгіме құрған жандар бір-біріне жылы сезімдер сезіне бастайды. Ербол Меңтайды серуендеуге шақырып, сол көз алдында қалған бикеш келбетіне арнап біраз өлең шығарады. Алайда қызға оқып беруге тым ұялып, жазған шумақтарын жас аруға шалдырмайды. Екі ғашықты билеген сезімдер ғажап, адамды құс етіп ұшырып, балық секілді су кешуге жетелейтін бұл махаббат оқырмандарды тереңдігім тамсандырады. «Махаббатты өзенге емес, көлге емес, тек қана теңізге теңестіруге болады. Теңіз сияқты мұның да бетінде тулаған толқындар жүреді, түбінде ғажайып сырлы тереңдік жатады. » - дәл осылай Әзілхан Нұршайықов сипаттапты. Махаббат туралы бұндай ғажап кітап жазғаны таңғалдырмайтын нәрсе болса керек. Әзілхан атамыз бұл сезімдер туралы айдан анық біледі, оған себеп 54 жыл бірге ғұмыр кешкен жан жары Халима. Шексіз өмірлік серігіне кешкен махаббатын Әзілхан Нұршайықов өзінің «Мәңгілік махаббат жыры» туындысында ерекше бейнелеген. Дегенмен, махаббат таусылмас әңгіме. Романда, тура шынайы өмірдегіндей, жақсысы да бар, жаманы да бар. Хикая барысында меңмен жағымсыз кейіпкерлер кездеседі, өмір балдай тәтті болмасы анық. Қулық пен арсыздыққа беріліп, Ербол мен Меңтайдың арасына түскен Тұмажан жазайын тартады. Әділеттік міне осында емес пе? Біреудің артынан сөйлеп, біреудің бақытына көз тіккен адам ешқашанда шынайы бақ иесі аталана алмайды. Жақсы адам - магнит. Магниттің бірнеше темір шегені өзіне тартып ала алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт көп үйріледі. Ербол мен Меңтайдың хикаясы неғұрлым әдемі болса, аяқталуы соғұрлым жыланышты. Алайда, роман соңында Ербол өзінің тағдырына деген еш аяушылық білдірмейді: «Тірі адамның бар бақыты, бар қызығы жер бетінде. Оған көкке ұмтылудың немесе о дүниеден үміт етудің қажеті жоқ. Сол себепті бар терді төгіп, барша ой мен ақылды жұмсап, жер бетін, тұрған үйіңді жұмақ ете біл. »
Жарды аялауды жырлаған Әзілхан Нұршайықов шығармаларында жалаң махаббатты ғана емес, сол арқылы адамның адам қалуын болып көрсетуге тырысқан. Қай уақытта да қазақ ұлтының атын шығаратын, ұялтпайтын жастары болады. Ол үшін ересектер тарапынанда, алып жатқан біліміненде тәрбие қажет. Жастар кітап оқуға ұмтылып, ақын-жазушылардың ақылын сіңірсе, еліміздің болашағы айдай жарқын болар еді. Кітап - сауап, кітап - білім, кітап - өмір.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz