Түркілердің шығу тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жамбыл облысы
Талас ауданы
М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Тақырыбы:Түркілерден шыққан тарихи тұлғалар
Ғылыми жоба мазмұны:
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2.Түркілердің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.Махмұт-Қашқари ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.Әмір-Темір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
5. Мұстафа Кемал Ататүрік
6.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:Тарихта маңызы зор болған түркілердің тарихын терең зерттей отырып,олардан таралған ұрпақтардың тарихтағы рөлін зерделей отырып ғылыми жобаның мәнін толық ашу.
Жұмыстың мақсаты:Тарихта аты алтын әріппен жазылған,түркілерден шыққан тарихы тұлғалармен танысу.
Жұмыстың міндеттері: Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:
-Түркілердің тарихына тоқталу;
-Әр тарихи тұлғаның өмірбаянымен жеке-жеке танысу;

2.Түркілердің шығу тарихы
Ежелгі түркілер туралы мәлімет тұңғыш рет б.з.-дың 542 жылындағы қытай жылнамаларында кездеседі. Қытай жазбаларының айтуынша, түркілер ғұндардың ұрпақтары болып табылады. Ал көне аңызға сәйкес, түркілер касқырдан тараған ұрпақ деп есептеліп, Ашина (қасқыр) әулеті атанған. Ашина тайпасы VI ғасырдың ортасына дейін жужандардың қол астында болады. VI ғасырдың ортасынан бастап билікті қолына алған Бумын түркілердің басын біріктіріп, Түрік қағандығын (552 - 745 жж. өмір сүрген) құрады. Түрік мемлекетінің алғашқы билеушісі Бумын қаған болып есептелінеді, оның мұрагерлері, яғни балалары Қара Ыссық (Қараессе) пен Мұқан қағандар жужандарды талқандауды аяқтайды.

Түркілер шығысында Тынық мұхиттан бастап, батысында Қара теңізге дейінгі ұлан-ғайыр даланы қол астына қаратқан. Бүгінгі Қазақстан жері сол замандарда осы бір аса қуатты Түрік мемлекетінің құрамында болған. Мемлекетті Ашина әулетінен тарайтын мұрагерлер басқарған. Билік, әдетте, балаларына, бірге туған ағайындарына немесе жақын туыстарына көшіп отырған. Түркілердің жоғарғы ел билеушісі қаған деген лауазымга ие болған.

Түркілер, негізінен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Олар үй жануарларының жаңа түрлерін шығаруға көп көңіл бөлген. Сонымен қатар елдің бір бөлігі жер өңдеумен, қолөнер кәсібімен, саудамен айналыскан. Қалалар, қоныстар салған. Басқа елдермен сауда және мәдени қарым-қатынас орнатқан. Ұлы Жібек жолының үлкен бөлігін қолдарында ұстап, иелік еткен.
Түрік қағанатының нығаюы. Мұқан қаған түркілердің Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдегі үстемдігін бекітті. Иштеми (Істеми) қаған қазіргі Қазақстан, Орта Азия аумағын бағындырып, Еділ мен Солтүстік Кавказға шықты. Қытай жылнамаларындағы деректер бойынша Мұқан қаған шегара (Ұлы қорған) сыртындағы барлық иеліктердің зәресін ұшырды. VI ғасырдың 60-жылдары Түрік қағанаты сол кездегі ірі мемлекеттер -- Византия, Иран, Қытаймен өзара қарым-қатынас жасады. Түрік қағанаты нығайған кезінде (VI ғасырдың 70-жылдары) Маньчжуриядан Босфорға дейінгі жерді алып жатты. Иштеми қаған тұсында түркілер әскери жағынан қуатты империяға айналды.
Мемлекеттің ыдырауы. VI ғасырдың 60-90-жылдарында Түрік қағанаты іштей қуатты және көршілер үшін қаһарлы еді. Түркілер Қытайды өздерінің кіріс көзі деп білді. Қытайлар мұнымен келісе алмады. Түркілерге қарсы күрес олардың басты міндетіне айналды.

VI ғасырдың соңы -- VII ғасырдың басында Қытайдың күшеюі билік басындағы түркі әулетінің өз ішінде қырқыстың басталуымен және даладағы сұрапыл жұтпен тұспа-тұс келді. Мұның бәрі қағанатты дағдарысқа ұрындырды. Түркілердің қарсылығын әскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603 жылы дипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді. Біртұтас мемлекет Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына бөлінді. Қағанат ыдырағанмен қуатты мемлекет болып қала берді.
3.Махмұт-Қашқари
Махмұд Қашқари - түркі халықтарының тұнғыш ұлы филологы, ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым. Оның толық аты-жөні: Махмұт ибн ул-Хусаин ибн Мухаммадин Қашқари. Он бірінші ғасырда өмір сүрге ғалымның туған , қайтыс болған жылдары белгісіз.Қашғари Талас, Шу өзендерінің бойындағы Баасағұн,Барсхан кент-қалаларында болған. Махмұт Қашғари Барсхан қаласында туған. Бұл қаланы Тұран әміршісі Алып Ер Тоңғаның баласы Барсхан салдырған.Алғаш Қашқар қаласында, сосын Бұхара, Нишапур, Самарқан, Мерв және Бағдат шаһарларында оқыған. Ерекше зейін қойып үйренгені - түркі рулары мен тайпаларының тілдері, фольклоры, этнография, әдет-ғұрпы, наным-сенімі. Махмұт Қашғари осы мақсатын жүзеге асыру үшін, бір жағы - Жетісу, Мауераннахр, Хорезм, ал екінші жағы- Еділ, Жайық, Қара Теңіз жағалауына дейінгі түркі тайпалары мекендеген ұлан - ғайыр өлкені аралап шығады. Сонын нәтижесінде қыруар көп тілдік, этнографиялық деректер, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап алады. Сөйтіп, Түркі тілдерінің жинағы өмірге келеді. Ол өзінің Түркі тілдерінің жинағы атты еңбегінің кіріспесінде былай деп жазады: ...Мен сол түріктердің қызыл тілге ең шешендерінен, ең әдемі әңгімешілерінен, ең бір зеректерінен, ең білгірлерінен, ежелгі асыл тайпаларынан уа соғыс ісінде мықты найзагерлерінен болғандығымнан, олардың шаһарлары мен сахарасын бастан - аяқ аралап шықтам Түрік, түркмен, оғыз, шығыл, йағма, қырғыздардың сөздерін және (сөздерінің) қасиет, құпияларын анықтап шықтым, оларды пайдаландым. Мен бұл істерді осы тілдердегі әрбір кішігірім айырмашылықтарды парықтап білу үшін істедім. Сонымен , олардың әрқайсысының тілі менің көңілімде ұялап, берік сақталып қалды. Мен оларды мұқият реттеп, әбден тәртіпке келтіріп жүйелеп шықтым. Бұл бір мәңгілік жәдігерлік уа таусылмас - түк естілмес, азып-тозбас бір байлық болсын деп, бір Тәңірге сыйынып, осы кітапты тізіп шықтым да, оған Диуани лұғат ат- түрік -- Түрік тілдерінің сөздігі деген ат бердім.
Диуани лұғат ат- түрік 1074 жылы жазылған. Қазіргі түркі халақтарының бәріне ортақ мұра. Бұл сөздікте орта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бәріне бірдей ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға ғана қатысты диалект сөздер бар. Бұл лексикалық жинаққа енген сөздер, мақалдар, өлең жолдары, т.б. түркі тілдерінің сөз тудыру, сөйлем құру жүйелерін, әдеби тіл мен көріктеу құралдарынын өмірге келу жолдарын анықтай түсуге мүмкіндік береді.
Диуани лұғат ат- түрік -- тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған еңбек. Көне түркі әдебиет ескерткіштерінің тілін үйренуге бұл зерттеу көп көмек көрсетіп келеді. Мәселен, осы Диуани лұғат ат- түрік табылғаннан кейін ғана Құтты білік дастанын оқу, аудару және транскрипция жасау кезінде бұрын жіберілген қателер түзетілді.
4.Әмір-Темір
Әмір Темір; Ақсақ Темір; Темірлан (қаз. Темір бін-Тарағай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркілердің шығу тегі
Н.А.Аристовтың «Түркі халықтары мен тайпаларының этникалық құрамы туралы жазбалар мен олардың саны жөніндегі мәлімет» атты еңбегіндегі түркі тайпалары
Көне түркілердің діні, наным – сенімдер және салт-дәстүрлері
Көне жазбалар
Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Этимологияның зерттеу объектісі және оның шығу тарихы
Көне және батыс түрік қағанаты
Түрік руна жазуы. Ел және қаған ұғымдар арақатынасы
ЕКІНШІ ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНДАҒЫ ИМПЕРИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер