XIX ғасырда өмір сүрген ақын - жыраулар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулар
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жыраулар кезеңі (XV ғасыр -- XVIII ғасырдың бірінші жартысы.
2. Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы -- XIX ғасырдың бірінші жартысы).
3. Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы -- XX ғасырдың басы).
Қорытынды
Кіріспе
Қазақ халқының XV -- XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы -- қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.
XV ғасырдың соңы -- XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып, феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы -- кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі (Құтты білік, Ақиқат сыйы, Жылнамалар жинағы, т. Б.).
XV -- XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV -- XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз.

Негізгі бөлім
Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері -- Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465 -- 1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675 -- 1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706 -- 1778 жылдары), Бұқар жырау (1693 -- 1787 жылдары), Шал ақын (1748 -- 1778 жылдары), Жанақ ақын (1770 -- 1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.
Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі -- жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.
XVIII -- XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз.
Қорқыт -- бүкіл түркі өркениетіне ортақ ортағасырлық тұлғалардың бірегейі. Қорқыт -- әулие, ақын, жырау, сазгер, қобызшы болған. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер бүкіл түркі халықтарында кездеседі. Ол оғыздардан шыққан, руы -- баят, әкесінің аты Қарақожа делінеді. Шешесі қыпшақ руынан.
Қорқыт қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының, жерінде, Сырдың бойындағы ортағасырлық, Жанкент деген қалада VIII -- IX ғасырларда дүниеге келген. Бұл оғыз тайпаларының Сырдың ортаңғы, төменгі ағысында өмір сүрген кезі болса керек.
Қорқыттың сегіз қырлы күмбезді, қазақтың киіз үйі тәріздес мазары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты темір жол станциясына жақын Сырдария өзенінің жағасында болған. Оны 1898 жылы қазақ фольклоры мен этнографиясы мұраларын жинаушы Ә. Диваев суретке түсірген екен. XIX ғасырдың соңында мазардың қалдықтарын Сырдың суы шайып кеткен. 1978 -- 1980 жылдары осы маңайда Қорқытқа арнап ескерткіш орнатылды. Бұл ескерткіш қылқобызға ұқсатып жасалған, желдің әсерінен езінен-езі ызыңдап, қобыз үнін шығарып тұрады. Ескерткіштің авторы -- белгілі сәулетші, этнограф Бек Ыбыраев.Қорқыт туралы жазба дерек IX -- X ғасырларда пайда болып, XV ғасырда хатқа түскен. Қорқыт ата кітабы, Қорқыт жөнінде қазақ ғалымдары -- Ә.Марғұлан, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. зерттеген.
Қорқыт ата кітабын дүниежүзілік әдеби, тарихи мұраның алтын қорына жатқызуға болады, ол түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы болып есептеледі.
Қорқыт 95 жыл жасаған, оғыз-қыпшақ заманындағы төрт-бес хандықты басынан еткізіп, солардың бәрінде бас уәзір болған деген дерек бар.
Қазақтың Қорқыт туралы аңыз-ертегілерінде ол әулие, қобыз күйінің атасы, мәңгілік өмір іздеген адам болып суреттеледі.
Қорқыт қобызды алғаш жасаған және сонымен күй тартқан адам екен.
Қорқыт аңыз бойынша, желмаясына мініп алып, өзінің, елінің өмірін тілеп жүргенде көз жеткізгені -- өзекті жанның бөрінің де ерте ме, кеш пе, бұл өмірден озатындығы. Содан қазақта Қайда барсаң да Қорқыттың көрі деген нақыл қалған. Ақыры Қорқыт:
"Өлімді тоқтатса, тек өнер ғана тоқтатар",-деп, Сырдың суына кілем жайғызып, бірнеше күн мен түн бойына отырып, өзінің Өмір деген күйін тартқан екен дейді.
Қорқыт күні-түні тоқтамай күй тартқанда, өлім де бір сәт тоқталыпты деседі. Күні-түні күй тартып әбден шаршаған Қорқыт бір сәт қалғып кетеді. Сонда судан бір қарашұбар жылан шығып, Қорқытты шағып алыпты-мыс. Бұл аңыз-жырдан біз не ұғамыз?
Біріншіден, Қорқыт -- шамандық дін өкілі.
Екіншіден, бұл аңызда адам баласының мәңгілік өмір жөніндегі арманы жатыр.
Үшішіден, өмірді ұзартса, артында қалатын өнері ғана ұзартады деген идея жатыр.
Қазақ музыкасында Қорқыттан қалған күйлер -- Қорқыт күйі, Қорқыт сарыны, Қорқыт толғауы, Тәңірі биі. Бұл күйлерде Қорқыт өзінің қасиетті ата-бабаларын еске түсіреді, олардың ерлігін асқақтата толғайды, ізгілікке үндейді.
Қорқыт дәстүрін қазақ арасында жалғастырған XVIII -- XIX ғасырлар күйшілері -Жанақ, Нысанбай, Найман-бала, Қанқожа, Жұмағұл, Құлыншақ, Базар жырау, т. Б. Соңғы дәуірде жалғастырғандар -- Қойлыбай, бағаналы Балақай бақсы, Досжан, Шоман деген кісілер.
Қорқыт дәстүрін XX ғасырдың басына дейін тамаша жалғастырушылардың бірі Ықылас Дүкенұлы қобыз даусымен Шу, Қаратау, Сарысу бойы, Бетпақдаланы күйге бөледі.
Асан қайғы -- XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына қайғы деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлық Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған.
Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде, Жәнібек пен Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан қайғы -- кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін танимыз.
Асан қайғы қазақ руларының Әбілхайыр ұлысынан бөлінуіне қарсы болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек пен Керейді оңтүстік жаққа емес, батысқа -- Жайық, Жем бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Сөзден ұтылған хан
XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму сипаты
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі жыраулық дәстүрдің көрінісі
Жыраулық пен ақындық поэзиясының даму жолдары
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Бұның сөз үлгісі, шығармасы - толғау
Пәндер