ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

ХІХ ғасыр әдебиетінің өзіндік ерекшелігі.

ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі.

ХІХ ғасыр әдебиеті- сан жанрлы әдебиет

ХІХ ғасыр әдебитінің өкілдері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әдебиет (араб. : асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.

Әдебиеттің суреттейтіні - адам. Оны жалпылай емес, нақты, тұлға (образ) дәрежесіне көтере даралап көрсетеді. Адам қашан да бір ортада өмір сүреді, еңбек етеді, сол ортада өзін жан-жақты таныта, көрсете біледі. Сондықтан әдебиет Адамды “қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы” (К. Маркс) ретінде, өз ортасының шындығымен жан-жақты байланыста бейнелейді. Дара тұлға айналасындағы тіршілікпен тұтастықта ашылады.

Қазақ әдебиеті - қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Негізгі бөлім

Қазақ әдебиеті ХІХ ғасырда аса бір елеулі, құнарлы кемелденуді, түрленіп, түлеуді бастан кешті. ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің бел асқан кезеңі болды. Әдебиет тарихының мәселелері түпкілікті қозғала бастаған жиырмасыншы ғасырдың басынан бері ХІХ ғасыр әдебиеті айрықша назарда болды : шұқшия зерттелді.

Бұл дәуірдің әдебиет үлгілері, оның туу жасау себептері тек қана сырт мазмұндау емес, көркемдік негіздерімен дәлелденіп, айғақтала бастады. ХІХ ғасыр әдебиетінің сан-саласы, оны туғызушылардың өмірбаяны, шығармашылық мұрасы ғылым назарына ілікті. Өкінішке орай, түрлі саяси қаулы-қарар: әдеби мұраны ары тартып, бері тартып саясаттың, идеологияның көкпарына айналдырған тұстар аз болған жоқ: ол уақыттарда көркемдік әлем, сөз өнері жайлы ғылым жаландыққа, жасандылыққа барды, тоқыраған сәттері болды.

Соның өзінде әдебиеттану ғылымы әдеби мұраны жиып, теріп, жариялап, бастырып: зерттеу ісін тоқтатқан жоқ.

Қазіргі күнде қолымызда ХІХ ғасырда жасаған қазақ әдебиеті үлгілерінің қырау мұрасы бар: сол әдебиетті туғызушылардың өмірбаяны, шығармашылық ғұмыры жайлы толып жатқан мәнді, маңызды мәлімет бар. Негізігі, басты сипаттары, ерекшелектері қамтылған ғылыми-зерттеу еңбектер бар.

Соңғы уақыттарға шейін ХІХ ғасыр әдебиеті түрлі атауларымен бөлініп келгені мәлім. Бірақ ол атауларға көбіне сол әдебиеттің көркемдік негізі, әдеби үлгісі емес, көбіне мазмұндық, саяси мән жағынан берілген жалпы баға негіз болды. Кертартпа романтикалық, сыншыл реалистік деген атаулар әдебиет ерекшелігін ажыратуға қатысты қолданыстар, айғақтар болғанымен, өз мәнінде қолданылды деуге болмас. Бір кездерде біздің әдебиеттану ғылымымызда, көркемдік танымымызда реализм тек Абайдан басталды деген ұғындыру басым болды. Көркем әдебит реалистік негізсіз тумайтынын, жасамайтынын мойындағымыз келмеді.

ХІХ ғасырдағы әдебиеттің өзіне шейінгі жасап келген әдебиетпен сабақтастығы бола тұра, көркемдік жөнінде де, басылым, шығармашылық тақырып, мазмұн жөнінен де, бірнеше ерекшелігі, айырмасы бар. Негізінен, ХІХ ғасырға шейін ауыз әдебиеті, жыраулар поэзиясы болып келсе, енді әдебиет сырт түрі, үлгісі жағынан бірнеше түрлі болды. Ішкі көркемдік сапа жөнінен де көп өзгеріс, жаңалық туды.

Х. Досмұхамедұлы халық әдебиетін көркемдік жөнінен жіктеп отырып, ХІХ ғасыр әдебиетінің бір қырын көрсетер мына бір жайларға тоқталады:«Халық әдебиеті ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жүйелі түрде хатқа түсе бастады. Әдетте оны қызығушылар мен Радлов, Потанин, Ильминский, Мелиоранский сияқты шығыстанушы мамандар жазып алды. Қазақ халық әдебиетінің нағыз жинаушысы этногроф Әубәкір Ахметжанұлы Диваев болды. Қырық жылдан астам уақыт бойы ол шаршамай-талмай қазақ халық әдебиеті үлгілерін жинады, жүйеледі және орыс тіліне аударды».

Халық әдебиеті үлгілерін Омбыдағы орыс оқымыстыларының, зиялыларының тапсыруымен Шоқан Уәлихановтың жиыстырғаны белгілі.

ХІХ ғасырдың соңына қарай қазақ тіліндегі баспасөзде «Түркістан уәлаятының газетасы», «Дала уәлаятының газетасы » беттерінде әдебиет материалдары, оларға қатысты пікір, сыни ойлар жарияланды. Орыс тіліндегі түрлі басылымдарда, қазақ тіліндегі басылымдарда Алекторовтың, Диваевтың, Радловтың, Лютшьтің еңбектеріндегі әдебиет үлгілері жарық көріп жатты.

ХІХ ғасырдың соңын ала, төңкеріске шейін Қазанда көптеген өлең кітап, жинақтар басылып шықты. Дулаттың «Өсиетнамасы», Шортанбайдың «Бала зары», түрлі қиссалар.

ХІХ ғасырда жазба әдебиет туғанын М. Әуезов те нығыздай айтты.

М. Әуезов түрлі саяси күйдің әдебиетке жаңа сарындар әлеуметшілдік, азаматтық бағыт әкелгенін айтты.

ХІХ ғасыр әдебиетіне байланысты Сәбит Мұқанов 1942 жылы мынандай тұжырым жасады:ХІХ ғасыр әдебиетінің дәуірлері одан бұрынғы ғасырлардың әдебиет дәуірлеріндей көмескі емес, айқын, ашық. Мәселен: ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ұлт бостандығын жырлайтын әдебиет жасалды. ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарында «Зар заман» әдебиет басым болды. ХІХ ғасырдың 70 жылдардан бастап просветительдік (мәдениет үндеуші) әдебиет туды.

С. Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиетінде Айтысқа айрықша тоқталды.

Айтыс- ХІХ ғасырда жасаған әдебиет үлгілерінің бір түрі.

Мұқанов жіктеуінде, бөлуінде (1942ж) сыншыл реализм атауы жоқ, Абай дәуіріндегі әдебиетті мәдениетке үндеу деп бөледі.

ХІХ ғасыр әдебиетінің негізгі бітім-болмысы, саяси-тарихи жағдайлары Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев, С. Қирабаев, Т. Кәкішов, Р. Бердібаев, М. Мырзахмедов. М. Мағауин, А. Жақсылықов, Б. Омарұлы т. б ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылды.

ХІХ ғасыр әдебиет үлгісі, түрі мол, сан жанрлы әдебиет. ХІХ ғасырда қазақ әдебиетінде жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрымен бірге жаңа өлең түрлері туып дамыды. Уақиғалы дастан-поэмалар, түрлі сырлы лирикалық өлеңдер, сатира, айтыс түрлері қатар жасады. Көркем прозаның үлгілері (Ыбырай әңгімелері), сыни мақалалар, түрлі баспасөз жанрлары, аударма әдебиет ғылыми-публицистика туып, қалыптаса бастады. Мазмұн мен түрдің жалпы сырт сипатына қарағанда әдебиет мынадай үлгілерде, салаларда көрінеді:

Жыр үлгісінде келген түрлі толғау, терме, үгіт-насихат өлең: Ерлік, бостандық күрес жырлары. Тарихи жырлар: жоқтау, естірту, зар:

1. Ақыл-нақыл, афоризм:

2. Айтыс өлеңдер

3. Сал-серілердің ән өлеңдері.

4. Қиссалар

5. Саяси-әлеуметтік көңіл-күй лирикалары

6. Поэмалар

7. Көркем қара сөз

8. Публицистика

9. Сын

10. Аударма.

ХІХ ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері бостандық рухты жырлаған Махамбет ақын, Шернияз.

-Зар заман әдебиетінің айтулы тұлғалары Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әубәкір.

-Әйгілі айтыс ақындары Шөже, Орынбай, Кемпірбай, Түбек, Марабай.

-Атышулы сал серілер Сегіз Сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері.

-Қиссашыл ақындар: Қоқан езгісіндегі өңірдің әдебит өкілдері Сүйінбай, Мәделі, Құлыншақ, Майлықожа, Базар:

-Жаңа жазба әдебиет өкілдері: Абай, Ыбырай, Шоқан.

Қорытынды

Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында қазақ әдебиеті өз арнасын жаңа бағытқа бұрады. Жаңа бағыттың дамуына сәйкес оқырмандар көз майын тамызып оқитын проза, беріректе роман жанрындағы шығармалар жазыла бастайды. Олар - Төлен Әбдіковтің «Парасат майданы», Әкім Таразидің «Жаза», Мұхтар Мағауиннің «Мен», Қалихан Ысқақтың «Ақсу - жер жанаты», Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Әбдіжамал Нұрпейісовтың «Соңғы парыз», Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз», Софы Сматайдың «Жарылғап батыр», Ұзақбай Доспамбетидің «Қызыл Жолбарыс», Хасен Әдібаевтың «Отырар ойраны», Асқар Алтайдың «Алтай новелласы», Әлібек Асқардың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», Бексұлтан Нұржекеұлының «Әйелдің жолы жіңішке», Тұрсынхан Зекенұлының «Көк бөрілердің көз жасы», Баққожа Мұқайдың «Өмірзая», Оразбек Сәрсенбайдың «Шеңбер», Құлмұқан Исабаевтың “Шоң би”, Кәдірбек Сегізбайдың “Беласқан”, Жанат Ахмедидiң “Шырғалаң”, Тынымбай Нұрмағамбетовтың “Айқай” атты шығармалары. Аталған шығарманың барлығы тәуелсіздік жылдарында әдебиеттің ерекше қарқынмен дамығанын көрсетеді. Мұнымен қатар, сол заманның шындығын көзге шұқып айтқан әңгіме мен повестер жарық көрген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі
Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz