Осман империясының құлдырау себептерінің алғышарттары мен себеп салдары
Орындаған:Сарсенбай Ербахыт
Тобы:ГИ-18-2к
Қабылдаған:Ильясова Г.С
ЭССЕ
Осман империясының құлдырау себептерінің алғышарттары мен себеп салдары
Осман империясы - Еуропа, Азия және Африка құрлықтарында орналасқан ортағасырлық көпұлтты мемлекет.Мемлекет XV-XVII ғасырларда үш құрлыққа (Еуропа, Азия, Африка) жайылып, оңтүстік-шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың басым бөлігін билеген; батыстағы Марокконың Атлант жағалауынан шығыстағы Парсы шығанағының жағалауына дейін, солтүстіктегі Украинадан оңтүстіктегі Сомалиға дейінгі аймақты қамтып жатқан.Бұл мемлекет алты ғасыр бойы Батыс пен Шығыстың қарым-қатынас жасасуының бел ортасында болып келді.
1299 жылы Анатолияның cолтүстік-батысында князьдік ретінде құрылған Осман мемлекеті арада екі жарым ғасыр өтер-өтпестен әлемнің сол кездегі ең алып мемлекетіне айналып, орта ғасырдың саяси аренасынан супердержава ретінде орын алды.Жалпы, Осман патшалығы, 1453 жылы Шығыс Рим империясының бас қаласы болған Константинополь шаһары османдық патша Фатих Сұлтан тарапынан басып алынғаннан кейін, империялық келбетімен таныла бастады. Дәл осы жеңістен кейін патшалық Девлет Аалий Усманииа, яғни Ұлы Осман мемлекеті деген атау алды. Былайша айтқанда, православ христиандарының рухани орталығы болып танылған Константинополь шаһарын мұсылмандардың иеленуі - Осман империясын Еуропаға қуатты, бәсекелесуге тұрарлық күш ретінде мойындатқызды. Осман династиясы жерінің ең кеңейген кезеңінде шығысында Еуропадағы Вена қаласына, батысында Бағдадқа, солтүстігінде Каспий жағалауларына, ал оңтүстігінде Африканың солтүстігіндегі елдерге дейін созылған, 5 млн 200 мың шаршы шақырымды алып жатқан әлемнің ең үлкен мемлекеті саналды.
Осман мемлекеті тек мұсылмандар ғана емес, сондай-ақ, жүздеген ұлттар мен түрлі діни сенімдегі қауымдарды өз қамқорлығына алған көпұлтты держава еді. Еуропа мемлекеттері XVI ғасырдың басына дейін көктем шығысымен осман падишахтарының кәрі құрлыққа жасайтын жаңа жорықтарынан сескеніп, шекараларын күшейтетін. Ал империяның атақты жауынгерлері - янычарлардың соғысқа қатысуларының өзі қарсылас тарап жауынгерлерінің жүректеріне үрей ұялататын.Сондай-ақ, османдықтар теңізде де осал емес еді, патшалықтың әскери флоты Сүлеймен Әділ патшаның кезеңінде Жерорта теңізіне толық үстемдік жүргізу абыройына ие болды.Дегенмен, әр нәрсенің басталуы бар да, соңы бар. Осман империясы да бұл қағиданың тысында қалған жоқ. Сонымен, шығыс пен батыс арасында 6 ғасырға жуық мәдениет, сауда-саттық көпірі рөлін атқарған алпауыт империяның тарих сахнасынан кетуіне не себеп болды? Қай жерден қате кетті?
Бұл сұрақтардың жауабын XV-XVI ғасырлардағы Осман империясының жүргізген саясатынан, сол кездегі әлемдегі қалыптасқан геосаяси құрылымнан іздеп көрейік.
Негізінде ешқандай империяның, яки мемлекеттің құлауы бір күнде не бір айда жүзеге асатын дүние емес. Бұл ұзақ тарихи процесстердің нәтижесінде жемісін беретін құбылыс. Сол сияқты Осман империясының тарих сахнасынан кету процессі де бірнеше ғасырға созылды. Анығырақ айтқанда, XV ғасырдың екінші жартысынан османдықтар билігінің артқа кету кезеңі басталды деп айтуға болады.
Жалпы, Осман мемлекетінің армиясы Сүлеймен патшаның кезеңінде әлемнің ең заманауы әскерлерінің бірі еді және халифат өзінің ең үлкен жетістіктеріне де сол кезде жеткен болатын. Осман империясының негізгі әскери күшін сауытты атты әскер мен жаяу әскерлер құрайтын. Адами ресурстардан басқа Осман патшалары жаңа қаруларға, зеңбіректерге көп мән беретін.
Мысалы, 1453 жылы қуатты қамалдармен қоршалған Константинопольды, Фатих Сұлтан венгриялық зеңбірек ұстасы Урбанның соғыс қарсаңында ойлап тапқан, жаңа алып зеңбіректерінің арқасында алғаны көпшілікке мәлім. Сондай-ақ, Ыстамбұл алын-ғаннан кейін де қалада бірнеше зеңбірек шығаратын фабрика іске қосылды.
Осман патшалары басқа жерлерді жаулауға шыққанда әскермен бірге жүздеген зеңбіректерді алып шығатын. Бұл оларға тас қамалдарды, бекіністірді қиратуға керек еді.
Тағы бір ескеретін жәйт, 1365 жылы I Мурад тарапынан құрылған янычар әскері Еуропадағы ең алғашқы құрылған жүйелі армия болып саналады. Бір тараптан қылыштасу өнерінің шеберлері болып табылатын жүйелі янычар жасақтары османдықтардың еуропалық қарсыластары алдында соғыста үстемдік етуіне үлкен үлес қосты
Дегенмен, XV ғасырдың соңында Еуропада жылдам ататын винтовкалардың шығуымен османдықтар соғыстағы бұл үстемдіктерінен айырылды. Ең алғаш Осман армиясының қарсыластарынан қару-жарақ алаңында артта қалғаны 1565 жылы Малта соғысындағы жеңілісінде білінді.
Бірақ, осы тұста Өздерінің жаңа технологияда артта қалып бара жатқандарын біле тұра неге османдық билеушілер армияны, қару-жарақты батыстықтардан қалыспай жаңартпады? деген сұрақ туындауы мүмкін. Жауап: османдық сұлтандар жаңашылдықтарға әрдайым ашық еді және әскерлерін заманауиландыруға тырысты да. Алайда, бірде сарай ішіндегі келіспеушіліктерден, бірде билікке әсері болған ескі әскер янычарлардың бас көтеріп, қарсылық білдіруінен бұл реформа жүзеге аса қоймады немесе процесс баяу жүрді.
Дегенмен, XIX ғасырдың екінші жартысында Осман патшасы II Абдулхамид кезеңінде әскерді жаңарту мәселесінде біраз қадамдар жасалды. Ол неміс офицерлерін елге әкеліп, жаңа батыс үлгісіндегі әскер дайындатқызды. Заманға сай қару-жарақ шығаратын неміс фабрикалары салынды. Алайда, бұның бәрі империяны қайта жандандыруға қатты әсері бола қоймады.
Османдықтарды алып империяның иесі қылған бірінші сауытты атты әскері болса, екінші Қытайдан Еуропаға дейін созылған Ұлы Жібек жолы өтетін елдердің басым көпшілігіне билік жүргізуі еді. Жалпы, Ұлы Жібек жолы тек қана османдықтардың емес, сондай-ақ, одан алдыңғы өткен Көктүрік, Селжұқ мемлекеттерінің пайда табатын көзі еді.
Б.з.д. II ғасырда алғашқыда Шығыстан Батысқа жібек таситын жол ретінде негізі қаланған Жібек жолы уақыт өте келе жібектен басқа өнімдерді де тасымалдайтын маңызды керуен жолына айналды. Саудагерлер Қытайдан шығып, Орта Азиямен жүріп отырып, Қара теңіз, Жерорта теңіздері жағалауларына жеткен кезде кемелер арқылы тауарларын Еуропа елдеріне жіберетін. Бұл керуен жолы өзі өткен елдердің экономикасын көтеріп, халықтың әлеуетін жақсартатын.
Сондай-ақ, Жібек жолы тек сауда жолы ғана болып қоймай, әртүрлі ұлттар мен халықтар мәдениеттерінің тасымалдаушысы рөлін де атқарды. Жалпы, Осман империясындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz