Әскери саптық дайындық



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КЕ АҚ

Тәжірибелік жұмыс №1

Тақырып : Әскери саптық дайындық.Атыс дайындығы

Орындаған: Жолдасбек Алишер
Тобы: НВП-191
Қабылдаған: Джиембетова Индира

Тараз 2022

Мазмұны:

Кіріспе

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің саптық дайындығы__4 бет
2.Қазақстан Республикасының атыс дайындығы.
3.Әскери жарғы.Әскери тәртіп.
Қорытынды___ 6-7 бет
Қолданылған әдебиеттер тізімі_8 бет

Глоссарий:
Саптық дайындық -- әскери қызметшілерді тәртіпке үйрететін, оларда жоғары саптық бойы түзету, үлгілі әскери түр, саптык тәсілдерді жылдам және дәл орындай алуды қалыптастыратын, ширақтыққа, ептілікке және шыдамдылыққа дағдыландыратын басты әскери пәндердің бірі.

Сонымен қатар Саптық дайындық бөлімшенің саптық үйлесімділігін қалыптастырады, оларды оңай басқарылатындай етеді және әскерлердің ұрыстық әзірлігін жоғарылатуға ықпал етеді. Ол сарбаздың және бөлімшенің табысты тактикалық дайындыгының негізі болып табылады.

Саптық дайындық -- әскери қызметшілерді тәртіпке үйрететін, оларда жоғары саптық бойы түзету, үлгілі әскери түр, саптык тәсілдерді жылдам және дәл орындай алуды қалыптастыратын, ширақтыққа, ептілікке және шыдамдылыққа дағдыландыратын басты әскери пәндердің бірі.
Патриот - өз Отанын адал сүйетін, қызмет ететін, өз мүддесін ел мүддесі жолында құрбан қылатын, басқа ұлттар мен ұлыстарға кеңпейілділікпен қарайтын адам, өзінің Отанына берілген, оның мүдделеріне қызмет ететін адам.
Конституция, Ата Заң -- Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.
Әскери ант -- әскери қызметке алынған азаматтың салтанатты түрде қабылдайтын анты.
Әскери жарғы -- әскери қызметті өтеу тәртібін белгілейтін және соғыс жағдайында әскери құрамалар мен әскери бөлімдердің бір-бірімен өзара іс-қимылдарын үйлестіру ретін анықтайтын ережелердің жиынтығы

Кіріспе
Атыс дайындығы (Подготовка стрельбы) -- атыс міндеттерін нәтижелі орындауға атыс құралдарының дайындығын қамтамасыз ету мақсатында құрамаларда, болімдерде, бөлімшелерде жүргізілетін шаралар. Атыс дайындығының көлемі мен мазмұны әрбір қару түрінің ату ерекшелігіне, сонымен қатар берілген уақыт мөлшеріне байланысты болады. Атыс дайындығының жалпы шаралары: нысана координаталарың барлау және жасау операциясы; атыс құралдарының (атыс позициясының) орнының координаталарын анықтау; атыс дәлдігіне әсер ететін метеорологиялық жағдайларды есепке алу мақсатындағы метеорологиялық дайындық; баллистикалық дайындық; қару-жарақ пен оқ-дәрінің әрекет сенімділігін қамтамасыз ететін техникалық дайындық, сонымен қатар нақты нысана бойынша ату үшін негізгі құрылғылардың қондырғыларын анықтау болып келеді.[
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету - оның әр азаматының міндеті. Бұл - бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде әскери қызметшілерге білдірген халықтың сенімі.Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір егемен елдің, оның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты.Алғашқы Әскери Дайындық(АӘД)- сабағын дұрыс өткізген мұғалім жеке оқушыларды таңдап алған спорт түрлерінен жоғары жетістікке жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыратын, оларды үлкен өмірге дайындайтын дене тәрбиесі сабағының негізгі бағыттарын құрайды. Қазіргі мектептерде оқушылардың құзырлықтарын, қызығушылықтары мен қабілеттерін шешуге мүмкіндік бермеген, білім беру процесінде мазмұны, құрылымы және ұйымдастырылуы өзгермеген, осыларды шешетін бейімдік оқыту мектептер құрылмаған.
Мақсаты:
Алғашқы әскери дайындық сабағының негізгі бағыттарына сүйене отырып, түпкі нәтижеге жету.
- денсаулықты нығайту, анатомиялық, физиологиялық, психологиялық, ағза мүшелерінің саулығы, жақсы қызмет істеуге жету;
- алғашқы әскери дайындық сабағының адам өмірінде маңызы, жаттығулардың адам ағзасына әсері, дене мүшелерінің функциялары және функциялық деңгейлерін жоғарылату әдістерін меңгеру;
- оқушылардың денсаулығын нығайтатын, денесін үйлесімді дамытатын, дене қуатын, қимыл шеберлігін жетілдіретін міндеттер.
- жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзін таныта алатын, өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын білімді, шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Жастардың алғашқы әскери дайындығы мынандай мақсатта өткiзiледі:
Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiн, мемлекет қорғанысының негiзiн жастардың оқып үйренуi;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тағайындалуын, оның сипаты мен ерекшелiктерiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиеттi борышы ретiндегi әскери қызмет мәнiн, әскери анттың негiзгi талаптарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жарғыларын жете түсiнуi;
Әскери бөлiмдердегi ұрыстық техника және қару- жарақпен, жеке құрамның тұрмыс-тiршiлiгi және олардың орналастырылуымен танысуы;
Қажеттi әскери бiлiм мен практикалық дағдыларға ие болуы;
Төтенше жағдайларда адамның тiршiлiк 7 әрекетiнiң қауiпсiздiк негiздерiн менгеруi оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар қысқа уақыт ішінде мерзімді әскери қызмет өтеу шарттарына бейімделіп, сеніп тапсырылған әскери техника мен қару-жарақты меңгере алатындай жағдайда даярлау;
Оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру;
Оқушыларды қарулы қорғаныс ролі нақты түрде өсіп отырған Қазақстан Республикасындағы өмірге даярлау.

Пәннің міндеті
Келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл, қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Патриоттар даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау үшін АӘД пәні мұғалім-ұйымдастырушыларына үлкен талап қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу жеткіліксіз, сонымен қатар жан-жақты білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт. Осы жағдайды ескере отырып, қала мектептеріндегі әрбір әскери дайындық сабағының 3-5 минуты саяси хабарлама берумен басталуы тәжірибеге негізілуде. [1] ҚК қатарына даярлау үшін мектептегі барлық оқу-материалдық элементтері түгел болуын да қадағалаған абзал. Осылайша, әскери пәндерді оқыту арқылы Қазақстан Республикасы азаматын тәрбиелей отырып, оқыту арқылы адамгершілік-рухани тұрғыда егемен еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, бойында білімге негізделген ізгілікті қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеуге болатынына біздің көзіміз жетіп отыр. Бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндері бірін- бірі толықтырып тұрады. Дене шынықтыру сабақтарын саптық дайындықсыз өткізу мүмкін емес, себебі ол гимнастиканың негізі болып табылады. Ол өз негізінде өмірдің қауіпсіздік негіздері пәнімен қосыла, болашақ бастауыш әскери дайындық пәнінің негізін қалайды. Ал, БӘД пәні жастарды болашақ Отан қорғауға дайын болуға, патриотизмге тәрбиелейді десек, ол мақсатқа дене тәрбиесіз жету мүмкін емес. Өскелең ұрпақты осындай биік мақсаттарға жетелеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атыс дайындығы
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқу-материалдық базасы және материалдық қамтамсыз етілуі»
Саптан шығу
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
Мотоатқыштар ротасында жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру және жоспарлау
Драгунов мергендік винтовкасының (дмв) материалдық бөлімі мергендік винтовканың ұрыстық қасиеті мен қолданылуы
Мектептегі 9-11 сыныптар оқушылар арасында әскери - спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының қарулы күштері
Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы бөлімшелерінің құқықтық жағдайы
Пәндер