Ауруларды емдеу алгоритмдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖЕДЕЛ МЕДЕЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІ
Жедел жәрдем деп тәулік бойы адам өміріне қауіп төндіретін аурулар мен ауыр жағдайлар туындаған сәттен немесе оқиға болған жерден бастап, емдік-профилактикалық мекемеге жеткізгенге дейінгі уақыт аралығында, науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетеуге ұйымдастырылған жүйені атайды. Жедел медициналық жәрдем бекеттері міндетіне мыналар кіреді: . Ауруханаға дейінгі кезеңде науқастың немесе оны қоршаған адамдардың денсаулығына және өміріне қауіп төнген жағдайда, кенеттен болған аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы, бақытсыз жағдайлар, жарақаттар, уланулар, жүктіліктің және босанудан кейін асқынулар болған жағдайда ЖМЖ көрсету; . Науқастарды емдеу-профилактикалық мекемелерге тасымалдау; . Төтенше жағдайларда, табиғат, жол апаттарында жою жұмыстарына белсенді араласу;
ЖМЖБ жұмысын ұйымдастырудың негізгі талаптары:
тәуліктің барлық уақытында ЖМЖ тұрғындардың толық қолы жетуі; ауруханаға дейінгі әр-түрлі медициналық көмектің түрлерін жылдам және дер кезінде көрсетуі;
барлық категориядағы жарақаттанғандар мен науқастарға қажетті ЖМЖ көлемін көрсету үшін жоғары білікті медициналық мамандармен қамтамасыз етілуі; нақтылы медициналық мекемелерге кідірусіз жатқызудың қамтамасыз етілуі.
Бригадалардың шақыруға шығу уақытының мерзімдері:
. Жедел медициналық жәрдем - 4 минутқа дейін . Жедел тасымалдау - 30 минутқа дейін . Жоспарлы тасымалдау - 90 минут аралығында
Жедел жәрдем (жедел медициналық көмек) міндеттері
Санитарлық транспортпен тасымалдауды қажет ететін науқастар немесе жараланғандар тасымалы Қоғамдық немесе өндіріс орындарында, көшеде, мекемелерде жарақат алғандарды тасымалдау Жедел хирургиялық және созылмалы, инфекциялық аурулары бар науқастарды тасымалдау Шұғыл науқастарға арнап ауруханаларда орын бөлу, жедел қан құюлар кезінде қан жеткізу немесе шұғыл консультациялар кезінде мамандарды жеткізу. Ғылыми-практикалық, әдістемелік және санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу. Жарақаттар мен оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында жасалатын шараларға қатынасу. Криминалды жарақаттарды (пышақтау, ату) жергілікті құқық қорғау органдарына, ал шұғыл жағдайларды (су тасқыны, өрт, жолкөлік оқиғалары) жергілікті билік органдарына хабардар ету.

ЖЕДЕЛ КАРОНАРЛЫ СИНДРОМ, ЖЕДЕЛ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ КЕЗІНДЕГІ ФЕЛЬДШЕРДІҢ ТАКТИКАСЫ
ЖКС - миокардтың жіті инфаркты немесе тұрақсыз стенокардияға күдік тудыратын клиникалық симптомдардың кез-келген қосарлануларын айтады. Бұл синдромға миокардтың жіті инфаркты, ST сегментінің көтерілуімен болатын миокард инфаркты, ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфаркты, тек ферменттердің деңгейлері бойынша анықталған миокард инфаркты, биомаркерлер деңгейлері бойынша анықталған миокард инфаркты, ЭКГ-ның кеш байқалатын өзгерістері бойынша анықталған миокард инфаркты, тұрақсыз стенокардия (ТзС) жатады.
ЖКС болуының клиникалық және ЭКГ-лық критерийлері Жоғарғы (ең болмаса осылардың бір белгісі болса)
Анамнез: Кеудесінде, сол қолында ауырсынулар(дискомфорт) - (анамнезінде стенокардия не инфаркты бар адамдарда негізгі симптом орнында) Тексеру нәтижесі: Митралды регургитация шуы, гипотензия, өкпе шемені, өкпесінде сырылдардың болуы ЭКГ: ST сегментінің жаңадан ығысулары (³0,05 mV), немесе Т тісшесінің инверсиясы (³0,2 mV)
Аралық (жоғарғы критерийлерсіз ең болмаса осылардың бір белгісі болса)
Анамнез: Кеудесінде, сол қолында ауырсынулар (дискомфорт) - (негізгі симптом орнында) - жасы 70; ер адам; қант диабеті бар адам. Тексеру нәтижесі: Тамырлардың атеросклероздық ауруларының болуы ЭКГ: Даму мерзімдері белгісіз дерттік Q тісшесі, ST сегменті мен Т тісшесі өзгерістерінің анықталуы
Төменгі (жоғарғы не аралық критерийлерсіз ең болмаса осылардың бір белгісі болса)
Анамнез: Аралық критерий болмағанда ауырсыну ишемиялық сипатқа ұқсаса; кокаин қолданса. Тексеру нәтижесі: Кеудесін басқандағы ауырсынулар ЭКГ: Қалыпты ЭКГ немесе R тісшесі басым тіркемелерде Т тісшесінің инверсиясы немесе оның жайдақталуы.

ЭКГ НЕГІЗДЕРІ
Электрокардиограмма (ЭКГ) ол - жүректің интегралды электрлік белсенділігінің уақытындағы өзгерістерінің графикалық сипаттамасы. Жалпы жүректің қалыпты экг жайлы алдыңғы материалда айтып кетен болатынбыз. Мына материалда біз ЭКГ-нің физиологиялық жақтарын қарастырмақпыз.
ЭКГ - нің құрылымын келесі шарттар негіздейді:
. Жүректің өзімділік қозу құрылымының (жасушаның потенциалы) электрлік белсенділік сипаттамасы. . Жүрек электрлік белсенділігінің реттілігі. . Электрокардиографиялық шықпалар.
Жүректің потенциалдары:
Жүрек бұлшықеті 2 түрлі жасушадан тұрады - арнайы жүйеден және жиырылатын миокардтан. Жасуша мембранасы жасуша құрамын және жасушадан тыс ортаны бөледі, осы сұйықтықта иондардың әр түрлі концентрациясы болады: натрий - жасуша сыртында 10 есе, ал калий жасуша ішінде 30 есе көп болады. Тыныштық жағдайында жасуша мембранасы натрий иондарын өткізбейді, жартылай тандамалы түрде калий иондарын өткізеді. Бұл ішкі және сыртқы жасушалық мембрана потенциалының әр түрлілігін 60 - 90 (мв) (тыныштық тоғы) көрсетеді, жасушаның сыртқы мембранасы оң зарядты, ал ішкі беті теріс зарядталған.
Жасушалық қозу кезінде әр түрлі иондарға мембрананың өткізгіштігі жоғарылайды. Бәрінен бұрын натрий иондарына мембрананың өткізгіштігі жоғарылап, оң зарядталған натрий иондарының градиент концентрациясы күшіне байланысты каналдар арқылы жасуша ішіне тез енеді де, зарядтардың полярлы өзгерістерін ішкі және сыртқы бетінде де (деполяризация) тудырады. Бұл кезде сызбаның тез жоғарыға ығысуы тіркеледі, ол нөлдік сызықтан асады (әсер ету потенциалының нөлдік фазасы). Осы деполяризацияның қысқа фазасынан кейін, ұзақ реполяризация фазасы басталады - жасуша мембранасы бетінде теріс зарядтың біртіндеп азаюы, содан кейін онда оң тыныштық потенциалының қалпына келуі болады. Реполяризация процессі әр түрлі жылдамдықпен өтіп, бірнеше фазаға бөлінеді: Әрекет потенциалының 1 - фазасы - тез болатын бастапқы реполяризация, ол жасуша ішіне теріс зарядты хлор ионының енуімен сипатталады; Әрекет потенциалының 2 - фазасы - ол - ұзағыраққа созылады, келген мембранада зарядтың аздаған өзгерістерімен көрінеді (баяу түтіктер арқылы жасушаға натрий, кальцийдің оң иондарының түсуі, жасушадан оң ионды калийдің шығуымен теңеледі).

ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ КРИЗ
Гипертониялық криз деп нерв жүйесінің,қан айналымының бұзылыстарға ұшырап,әртүрлі гуморалдық әсерлердің нәтижесінде қан қысымының кенеттен көтеріліп кетуін айтады. Бұндай бұзылысқа жетелейтін жәйсіз жағдайлар мыналар: 1)науқастың нерв және психикалық жүйесінің зорығуы 2)көп мөлшерде арақ ішу 3)егер қан қысымын түсіретні дәрілерді рұқсатсыз тоқтатып тастатса 4)ауа райының кенеттен өзгеруі 5)клиникада гипертониялық криздің 5 түрі болады.Оның ішінде жиі кездесетіндері:гипертониялық криз,кардиалды криз,мидың ангиогипертониялық және ми қантамырларының қыспасынан т.б. зиянды әсер пайда болатын криздар.
Жаңа басталып келе жатқан кезде науқас мазасызданады.Жүрек соғуы жиілейді,науқас түрегеліп отыруға мәжбүр бола бастайды.Ауа жетпей жүрегі қысылады.Басы қатты ауырады.Кейін жүрегі айнып құсқысы келеді,тіпті құсуы да мүмкін.Науқастың тілі күрметіліп,сөздері түсініксіздеу бола бастайды.Науқастың қан қысымы қатты көтерілгені байқалады.ЭКГ тексергенде QRS тісшесінің кеңейгенін,ST сегментінің төмен түскеніп,оның терістігін байқауға болады.
Біріншіден науқасқа дұрыс күтім керек.Дереу тез арада седуксен немесе дроперидол дәрілері құйылуы тиіс.Лазекс -40-80мг,коргликон-0,06%-1 мл бәрін бірдне қанға салу керек.Бұлшық етке клофелин 0,01%-0.5мл,25% магний сульфат-10мл,50%,аналгин-2мл жіберіледі.Егер қан қысымы түспесе 20 минуттан кейін пенталгинді қанға тамызады.Кейін ганглиоблокаторлар қосылады. Осындай жедел жәрдем көрсетілгеннен кейін науқас ауруханаға жеткізілуі тиіс.
ипертониялық криз - вегетативті бұзылыстардың барысында ми және жүрек қан айналымдарының бұзылуы асқынып, артериялық қан қысымының кенеттен көтерілуін айтады.
Гипертониялық криз кез-келген гипертониялық ауруы бар немесе симптоматикалық артериялық гипертония кезінде дами алады. Кейде сау адам да гипертониялық кризге ұшырауы мүмкін.

ЖЕДЕЛ ҚАН ТАМЫРЛЫҚ ЖЕТКЛІКСІЗДІК КОЛЛАПС, СИНКОПАЛДІ ЖАҒДАЙ
Жедел тамыр жеткіліксіздігі - естен тану, коллапс, шок.
Естен тану (синкопе) - жедел тамыр жетіспеушілік, бас миының өтпелі ишемиясынан туындатқан кенеттен қысқа мерзімге есін жоғалтумен сипатталады.
Себептері:
· Қарыншалық тахикардия
· Аорталды стеноз
· Вазовагальды (артериалды гипотензия, ыстық бөлмеде болу, қорқу, психоэмоционалдық жағдайлар, ауырсыну синдромы
· Ортостатикалық гипотензия - горизонталды жағдайдан тез тік жағдайға ауысқанда кездеседі.Себептері: ұзақ төсек режимі, дене температурасының жоғарылауы, қоршаған ортаның температурасының жоғарылауы, жүктілік, ағзаның тез дегидратациясы, ОЖЖ ісіктері)
· Жағдайлық естен тану (зәр бөлуде, дефекация актінде, ж.өтелу ұстамасында ж.т.б.)

Себепші факторлар: қорқу, үрей, қаннан қорқу, интенсивті ауырсыну синдромы, алкоголь қолдану, ұйқы қанбау, ыстық бөлмеде болу.
Клиникалық белгілері:Естен тану бірнеше секундтан 3 - 5 минутқа созылады.
Әлсіздік, көз алдында қарауыту, құлағында шу, жүрек айну, ауа жетпеу сезімі.
Қарағанда: терісі боз, салқын тер, әлсіз тамыр соққысы, гипотония, беткей сирек тыныс.
Жедел жәрдем:
- Науқасты көлденен ,жастықсыз жатқызып, керуеттың аяқ бөлігін көтеру
- Қысып тұрған киімдерін босату
- Таза ауамен қамтамасыз ету
- Науқастың бетіне және кеудесіне су бүркіп, суық суға батырылған алақандармен (сүлгімен) бетінен шапалақтау.
- науқастың мұрнына мүсәтір спирті сіңген мақтаны иіскету.
АҚ төмендеген жағдайда:
Мезатона 1% раствор 0,5 - 1 мл вм немесе та
Брадикардияда: атропин 0,1% - 0,5 - 1мл та
Коллапс-Коллапс жедел тамырлық жеткіліксіздігі, тамыр тонусының төмендеуімен, бас ми гипоксия белгілерімен және организмнің өмірге маңызды қызметтерінің төмендеуімен сипатталатын ауру.

АНАФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОК ЖАҒДАЙЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ
Анафилактикалық шок (АШ) - ағзаға аллергендер енгенде жедел түрдегі аллергиялық реакцияны тудыратын, қанайналым, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылысытарымен сипатталатын, жедел дамитын, өмірге қауіпті патологиялық үрдіс.
Анафилактикалық шоктың клиникалық ағымы бойынша жіктелуі:
1. Қасқағымды ағымы - жіті басталатын, тез үдейтін АҚ төмендеуі, есінен тану, тыныс жетіспеушілігінің үдеуімен жүреді. Қасқағымды шок ағымының ерекшелігі-шокқа қарсы қарқынды терапияға тұрақты болуы жəне терең коматозды жағдайға дейін тез өршуі. Өмірге маңызды мүшелердің зақымдалуына байланысты алғашқы минутта немесе сағатта өлімге əкеледі.
АШ қасқағымды тəрізді ағымының варианттары басты клиникалық синдромдарға байланысты:
- жіті тыныс жетіспеушілігі (ЖТЖ);
- жіті қан тамыр жетіспеушілігі (ЖҚЖ).
АШ басты синдромы ЖТЖ əлсіздік кенеттен пайда болады жəне үдейді, кеудеде қысқан тəрізді ауа жетіспеу сезімі, мазалайтын жөтел, экспираторлы ентігу, бастың ауыруы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, қорқыныш сезімі. Теріде кенеттен бозаруы мен цианозы, аузында көпіршіктер, тыныс шығару кезінде құрғақ сырылдар жəне қиындаған ысқырықты тыныспен байқалады. Бетте жəне дененің басқа бөліктерінде ангионевротикалық ісінулер дамуы мүмкін. ЖТЖ үдеуі анықталады жəне жіті бүйрек үсті безі жетіспеушілігінде өлімге əкелуі мүмкін.
ЖҚЖ мен дамитын АШ кенеттен басталған əлсіздік, құлақта шу, ақпа термен сипатталады. Тері түсінің бозғылдығы акрацианоздың айқындылығымен, АҚ төмендеуінің, жіп тəрізді пульс, жүрек тондары кенеттен əлсіреген. Бірнеше минуттан кейін есінен тану, тырысулар болады. Жүрек - қан тамыр жетіспеушілігінен өлімге ұшырауы мүмкін.
2. Рецидивті ағымы - клиникалық жағдайы жақсарған соң бірнеше сағат немесе тəуліктен кейін қайта шоктың пайда болуымен сипатталады. Кейде қайта дамыған шок алдыңғысына қарағанда ауыр өтеді жəне емге тұрақты болады.
3. Абортивті ағымы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эпидемиологиялық зерттеу әдісі
Паразиттік жұқпалар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
Стационардан шығуларды есептейтін автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Халықтың денсаулығы үшін Пандемия сабақтары
Медико-профилактикалық ісі
Пәннің саясаты
Пенициллинді антибиотиктердің сипаттамалары
Тұмау және құс тұмауы, шошқа тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
№1 Поликлиника негізінде медициналық құжат ауысуының ақпараттық жүйесін құру
Пәндер