Жұмбақтың пайда болуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Жұмбақтардың тақырыбы,ондағы қазақ тұрмысының көрінісі
Жоспары:
1.Жұмбақтың пайда болуы
2.Жұмбақтардың мазмұны
3.Қорытынды
Жұмбақтың тілдік өрнектерінде халықтың тарихи-қоғамдық өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі өзгешеліктерді танытатын, солардан туындаған нақыш-өрнектер, ауыстырулар өте мол. Көбінесе көзбен көріп, қолмен ұсталған, тұтылған заттар тұспалдауға, жасыруға желі болады. Метафораларға ұйытқы, тірек сөздер алуан түрлі, олар сан-саналы табиғат құбылыстарына, тұрмыс пен шаруашылық, әдет-ғұрып, қоғамдық қатынастарға байланысты лексиканы қамтиды. Жұмбақ нысанасына айналған байламдар өмірдің барша құбылыстарын тақырып ете алады. Мысалы, аспан әлемі, табиғат құбылыстары, жер, хайуанаттар, құстар, жәндіктер, адам, үй жабдықтары, киім-кешек, тамақ-сусын, ыдыс-аяқ, өнер, шаруашылық, іс-құралдары, жол, қатынас, техника, оқу-білім, ойын-сауық, ән-күй, уақыт, дін, т.б. Сонымен қатар кейінгі кезде Жұмбақтардағы дәстүрлі тақырыптардың арнасы оқу-білім, ғылым мен техника дамуына байланысты толыға түсті.
Қазақ жұмбақтарын жинау ісі 19 ғасырдың 2-жартысында басталып, 20 ғасырда одан ары жалғасты. Қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетін жинақтап, алғаш рет жіктеп көрсеткен Ш.Уәлиханов, сондай-ақ, ағартушы Ы.Алтынсарин өз шығармашылығында Жұмбақтарға арнайы тоқталған. Ауыз әдебиетін зерттеуші орыс ғалымы А.В. Васильев, сондай-ақ қазақ ғалымдары С.Аманжолов, Т.Жанұзақов, Қ.Саттаровтардың құрастыруымен қазақ Жұмбақтары жинағы бірнеше мәрте кітап болып шықты. Өзінің бастау көзін, өсіп-өркендеу жолын фольклор қойнауынан алатын Жұмбақ қазақ жазба әдебиетінде жалғасын тапты. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілдері Абай, Шәкерім, С.Торайғыров, т.б. Жұмбақ жанрында қалам тартты. Қазақ әдеби жұмбағының өсіп қалыптасуына М.Жаманбалинов, Ж.Смақов, М.Әлімбаев, Қ.Ыдырысов, Қ.Мырзалиев, К.Баянбаев, Қ.Шұғаев, Ә.Ысқабаев, т.б. ақындар қомақты үлес қосты. Қазіргі уақытта Жұмбақ қазақ әдебиеттану ғылымының арнаулы нысаны ретінде зерттеліп келеді.[1]
Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішінде ұсақ жанрлар қатарына жатады. Жаңылтпаштар, мақал - мәтелдер, т. б. Сияқты ұсақ жанрлар деп атлғанымен, жұмбақтар - халық ауыз әдебиетінің күрделі бір саласы.Жұмбақтар балалардың байқағыштық, зеректік қасиетін дамытып, ақыл - ойын арттырады, көрген - білген нәрселердің бәріне ой жүгіртіп, өзгешелігін, ұқсастығын танып ізденушілікке үйретеді және ойды жинақы, ықшам йту шеберлігін жетілдіреді.Жұмбақтар - қазақ халық ауыз әдебиетi iшiнде атадан балаға мұра ретiнде берiлiп, ерте заманнан бастап бүгiнгi күнге дейiн даму, өсу, толығу үстiнде келе жатқан асыл мұра.Қазақ тілі сабақтарында жұмбақтарды қолдану оқушылардың сабаққа белсенділіктерін арттырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады.Халық жұмбақтарын фонетиканы, лексиканы, сөз таптарын оқытуда, жалпы қазақ тілі сабақтарында пайдалану өте тиімді. Біріншіден, балалар жұмбақты шеше отырып фонетикалық, морфологиялық талдау жасайды, сөз таптарына ажыратады. Екіншіден, жұмбақ баланың ой - өрісін, қиялын дамытуға, талғамы мен танымын өсіруге, поэзияны сүюге тәрбиелейді. Үшіншіден, балаларды халқымыздың асыл мұраларымен сусындатып, ұлттық тәрбие береді. Мазмұны жағынан ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, баланың бойына озық әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерді, біртіндеп сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке, тәрбиелейтіндей материалдар әрбір сабақта көрініс тауып отыруы туралы Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысына арналған оқу бағдарламаларында көрсетілген. Жұмбақ адамды ойлануға мәжбүр ететін ой жаттығуы ғана емес, ол баланы байқағыштыққа, көңіл зеректігіне, көп қасиеттердің ішінен ең мәндісін ажырата білетін талғампаздыққа, айналадағы өмірді тани білуге де үйретеді. Сондай - ақ жұмбақ баланы өз ойын жинақтап, аз сөзбен жеткізе білуге тәрбиелейді. Жұмбақ тапқырлықты, білімділікті керек етеді. Ол айналадағы өмірді тани білуге үйретедіҚазақ тілі сабақтарында жұмбақтарды пайдаланудың маңызы.Біріншіден практикалық дағдыны қалыптастыру үшін жүргізілетін дыбыстық талдауға материал ретінде пайдалануға болады.Екіншіден, жұмбақтардың шешімін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмбақ жанры
Қазақ жұмбағының зерттелу тарихнамасы және жанрлық сипаты
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмбақтардың ролі
Қазақ жұмбақтарының көркемдік ерекшеліктері
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫН ЗЕРТТЕУ
Қазақ жұмбақтарының жанрлық және тақырыптық топтары
Қазақ тіліндегі жұмбақтардың этнолингвистикалық сипаты
Жұмбақтардың тақырыбы
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалану
Халық педагогикасының өте маңызды құралы
Пәндер