Ғылым – таным процесінің ерекше формасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І Кіріспе
Ғылым - таным процесінің ерекше формасы
ІІ Негізгі бөлім
Ғылыми шығармашылық
Ғылыми іс - әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері
ІІІ Қорытынды
Ғылым - таным процесінің ерекше формасы
Ғылым - адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі. Осы үш саланың әрқайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және олардың даму заңдылықтары бар.
Ғылыми жұмыс, зерттеу дегеніміз -адамның еңбектену іс-әрекетінің ерекше түрі. Бұл іс-әрекеттің адамның еңбекқорлық, мақсаттану, уақытша туындаған сәтсіздікті жеңе білу қабілетін, оның интеллектуальды мүмкіндіктерін барынша пайдалануды қажет етеді. Ғылыми еңбектің мақсаты адамзатқа осы уақытқа дейін беймәлім ақиқатты ашу, табиғат жұмбақтарына тереңірек үңілу, адамзат игілігіне пайдаланатын табиғи күштерді қолданудың жаңа жолдарын адамды, оның ішкі, яғни дене күштерін және рухани қайратын зерттеу. Ғылым аясында еңбек ету әрқашанда құрметті және мәртебелі болып саналған. Өздерін ғылымға арнаған адамзат баласының ең жақсы өкілдерінің есімдері халық жүрегінде мәңгі сақталуда.
Терең білімсіз педагогикалық теория және іс-тәжірибені, өзгерту мүмкін емес, оны зерттеп дамыту білім саясат және ғылыми адам тәрбиесінде К.Д. Ушинский былай деді:
"Егер де педагогика адамды жан-жақты тәрбиелегісі келсе онда адам алдымен педагогиканы білу қажет".
Қазіргі заманғы ғылым - жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны беріп отыру жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер жүйесі, аса маңызды әлеуметтік қару. Қоғамдық сананың түрлерінің бірі әрі ерекше қызмет бола отырып, ғылым, К.Маркс айтқандай, қоғамның идеалдық және практикалық байлығын білдіреді.
Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінің рөлі артып отыр. Социологиялық зерттеулер ғылыми - зерттеу жұмыстардың төмен нәтижелілігі ғылыми кадрларды орналастыру мен пайдаланудың дұрыс еместігінен, жеке салалар мен қызметкерлердің, ең алдымен жастардың жұмысына ғылыми жетекшіліктің нашарлығынан екендігін дәлелдейді. Маманданған ғылыми жетекшіліктің маңызы әсіресе қысқа мерзімді зерттеулер бағдарламаларында арта түседі.
Ғылыми еңбектің тиімділігін арттырудың және ғылыми қызметті интенсивтендірудің басты жағдайларының бірі зерттеулерді ақпараттық қамтуды жақсарту, ғылыми коммуникация жүйелерін, ғылыми ұжымдар арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту болып табылады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты - іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу.
Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғылыми мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрпылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану мәселері қойылмайды.
Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану негізгі міндет болып табылады, сондықтан бұл салаға жататын зерттеулерді бастар алдында "бұл кімге қажет?" деген сұрақтар қойылады.
Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне ұарай қолданбалы ғылым теориялық немесе эмпирикалық (тәжірибелік) сипат алады.
Теория сипатына ие ғылыми жұмысты жүргізу барысында соңғы нәтижеге жету үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып, қорытылады, өңделеді, есептеледі, жаңа ой - пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми жұмыстың мұндай әдісі дедуктивті әдіс деп аталады.
Ғылыми іс-әрекеттің бұл түрінде зерттеушінің шығармашылық қабілеті, оның ақпараттық толықтығы, ақпараттың зор ағымынан тиісті қажет бөлігін дер кезінде табу қабілті аса маңызды.
Теория ғылыми жүзеге асуда арнайы жабдық пен бөлмелерді қажетсінбейді, зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі ақ қамти алады.
Теория ғылымы өз кезегінде аналитика және өнертапқыш түріне бөлінеді,
Аналитикалық ғылым белгілі бір түсініктер мен заңдарды математикалық өңдеудің есептеу әрекетінен құралады, мұның мақсаты - аталған заңдар мен құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты - зерттеу объектісін жүзеге асырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап математикалық байланыстылығын табу.
Өнертапқыштық іс-әрекет бұған дейін беймәлім, белгі мен қасиеттер ашу арқылызерттеу объектісіне қажетті сапалы дәреже (индикатор) мен санды деңгейін (параметр) аса зор өлшемге көтеру мүмкіндігін туғызатын жаңашылдық сипатындағы ерекше шешімдер іздеп табудан құралады.
Ғылыми іс-әрекеттің бұл түрінде шығармашылық, қиялдану элементттері теориялық іс-әркетіне қарағанда әлдеқайда қарапайым. Жеке зерттеушінің үлесі мұндай жұмыста аздау болып келеді.
Теория мен эмпирика ғылымдары бір-бірін толықтырады және байытады.
Қаржыландыру көздеріне байланысты ғылыми зерттеулер:
- мемлекеттік бюджетті(мемлекет қаржыландырады)
- өндірісті- келісімдік (тапсырыс беуші мекеме)
- қаржыландырылмайтын.
Мақсатына байланысты:
- бастамалы
- қолданбалы
- өндірулер
Қолданбалы зерттеулер өз кезегінде үш түрге жіктеледі:
- іздеу (объектіге әсер ететін факторларды қалыптастыруға, жаңа техника мен технологияның пайда болуына бағытталған)
- ғылыми зерттеу (жаңа технология, зерттеу құрал-жабдықтарын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі)
жобалық - құрастырушылық жұмыстар (логикалық жобаны сипаттайтын құрастырулардың пайда болуын қадағалайды).
Өндірулер - қолданбалы және бастамалы зерттеулер нәтижесінде қалыптасқан жаңа ғылыми ақпаратты өндірісте пайдалануға бағытталған үрдіс.
Ғылыми зерттеудің мақсаты - объектіні не құбылысты жан-жақты нақты зерттеу; олардың құрылысын және байланысы мен қатынасын, ғылымдағы принциптері және таным тәсілдері негізінде зерттеу, сонымен қатар өндіріске адамға пайдалы нәтижелерді алу және енгізу болып табылады.
Кез-келген ғылыми зерттеудің өзінің объектісі мен заты болады. Ғылыми зерттеуддің объектісі материалдық немесе идеалдық жүйе болып табылады.
Ғылымтану мәселесі төңірегінде қазіргі заманғы ғылымның логикалық - гносеологиялық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және басқа көптеген зерттеулер топтасуда. Ғылыми білім мен ғылыми қызмет дамуының нақтылы процестері мен бағыттары туралы маңызды эмперикалық (тәжірибелік) мәліметтер қорланды және қорлануда. Қазіргі ғылымтануда социологиялық проблематика неғұрлым үлкен орын алып келеді.
Ғылымтану алдымен ғылымды зерттеудің алуан түрлі бағыттарының, типтерінің жалпы атауы, олардың ішінен негізгі алтауын бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, ғылымды логикалық - гносеологиялық зерттеу, оның пәні ғылыми білімнің өзі, оның құрылымы, оның дамуының логикасы мен диалектикасы болып алады. Екіншіден, тұтасынан алғанда ғылым дамуының нақтылы тарихи процесіне және оның жеке көріністеріне көңіл бөлетін тарихи - ғылыми зерттеулер. Төртіншіден, ғылым дамуының экономикалық проблемаларын зерттеулер. Бесіншіден, ғылым творчествосының психологиясын зерттеулер. Алтыншыдан, ғылымды сан тұрғысынан түсіндіру методы ретінде ғылым өлшеу зерттеулері.
Сонымен, ғылым - күрделі көп өлшемді әлеуметтік құбылыс әрі білімнің түрлі салалары, алуан түрлі нақтылы тарихи жағдайларда оны алуан түрлі жақтарынан зерттейді.

Ғылыми шығармашылық
Шығармашылық сөзі жалпыға мәлім іздеу, табу, бұрынғы жеке және қоғамдық тәжірибеде болмағанды жасау деген ұғымды білдіреді. Осыған сәйкес оқушылардың танымдық шығармашылық іс - әрекеті де дербес ізденіс және жаңаны жасау немесе құрастыру (оқушының жеке тәжірибесі негізінде оған жаңа белгісіз білім немесе әдіс, бірақ қоғамдық тәжірибеде ол бұрыннан белгілі). Яғни оқушының танымдық іс - әрекетіндегі шығармашылықтың негізгі критерийлері: дербестік, ізденіс және мақсатқа жетуде мүмкін варианттарды таңдау, мақсатқа жету үрдісінде жаңа өнімді жасау.
Ғылым дамуының басты шарты - жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным
Таным – шындықтың бейнеленуі
Диалектика-таным теориясы
Танымның объектісі - қоршаған орта
Танымның философиялық тұғырнамалары
Оқыту - таным процесі
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Таным мен сананың өзара байланысы
Тарау Қазіргі дидактикадағы оқыту процесінің мәні және оқытудың жалпы теориялық мәселелері
Ғылымтану деңгейлері мен әдістері
Пәндер