ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕР МЕН КОММУНИКАТИВТІК ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

MINISTRY OF EDUCATION AND SCIENCE OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

TARAZ INTERNATIONAL INNOVATIVE INSTITUTE

DIPLOMA WORK

Specialty 5B011900 - "Foreign Language: two foreign languages"

Taraz-2022

MINISTRY OF EDUCATION AND SCIENCE OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

TARAZ INTERNATIONAL INNOVATIVE INSTITUTE

DIPLOMA WORK

Theme : «Ағылшын тіліндегі коммуникативтік фразеологиялық тіркестердегі артикльдердің рөлі»

Specialty 5B011900 - "Foreign Language: two foreign languages"

Performed By: Zhumadaulet Aiman

Scientific supervisor: Далиева Ф. п. ғ. к., аға оқытушы

Taraz-2022

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

І. ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕР МЕН

КОММУНИКАТИВТІК ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕРДІҢ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . .

1. 1 Фразеологиялық тіркестер ұғымы және зерттелу тарихы . . . 6

1. 2 Фразеологиялық тіркестер түрлері: коммуникативтік фразеологиялық тіркестер анықтамасы мен ерекшеліктері . . . 20

2. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕРДЕГІ АРТИКЛЬДЕРДІҢ РӨЛІ . . . 31

2. 1 Ағылшын тіліндегі артикльдің түрлері мен оның қызметі . . . 31

2. 2 Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр» романында мағынасы, қолданылуы және аудармасы . . . 48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 72

ҚОСЫМШАЛАР . . . 74

КІРІСПЕ

Тіл мен халық - біртұтас. Тіліне қарай ұлтын тану - ежелгі дағды. Ұлттық ерекшеліктің бастысы да тіл. Халқымыздың ұлттық санасын, сапалық белгілерін айқындай түсетін неше алуан әдет - ғұрып, салт - сана, мінез - құлық, қасиет қалыбы тілдік танымында тікелей көрініс тапқан. Әр тілдің сөздік құрамынан сол халықтың бүкіл өмірі, тұрмыс - тіршілігі, кәсібі, саяси - мәдени дережесі толық аңғарылады. Халық жасаған рухани мәдениетті ұрпақтан - ұрпаққа жеткізген құралдардың бірі - тіл. Тіл оның ішінде сөздің, қызметі ерекше, себебі сөз - халықтың басынан өткізген тарихының куәсі, ол тілді жасаушы, тілді қолданушы халықпен бірге жасайды.

Ағылшын тілі - халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Канада, Үндістан, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.

Ағылшын тілі (English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норвег, швед, нидерланд тағы басқа тілдері жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған Кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Ағылшын тілі БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі - дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үндіеуропа тілдерінің батыс - герман тілдеріне жатады. Ағылшын тілі құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның , Үндістанның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 миллионнан астам адам сөйлейді.

Тілдің сөйлеу құралы ретінде қолданудың ең басты мақсаты неде? Сөйлеуші өзінің не айтқысы келегенін біледі. Ал осы ақпаратты тыңдаушыға дұрыс жеткізу ана тіл мен кез келген шет тілінің мақсаты болып табылады. Шет тілдерінде, әсіресе ағылшын тілінде тілдің ақпараттық мәніне қатал талап қойылады, ал артикльдер бұған көп көмегін тигізеді. Ағылшын тілінің әдемілігі мен басты ерекшелігі артикль болып табылады. Артикль (лат. Articulus - мүше) - белгілі және белгісіздік мағынасында жұмсалатын көмекші грамматикалық элемент.

Ағылшын тілінде артикльдің үш түрі бар:

1. Indefinite article (белгісіз артикль) - a, an

2. Definite article (белгілі артикль) - the

3. Zero article (артикльдің қолданылмауы) .

Ағылшын тіліне ерекше көрнекілік беретін фразеологиялық тіркестердегі артикльдер.

Фразеология (грек тілінің phrasis - «сөйлемше», logos - «ұғым» деген сөздері) термині біріншіден, тіл - тілдегі тұрақты тіркестердің жиынтығы деген мағынада, екіншіден, тұрақты тіркестер туралы ілім деген мағынада қолданылады. Тұрақты сөз тіркестері - деп әбден қалыптасып, нық орныққан, өзгертуге келмейтін сөз тіркестерін айтамыз. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден, тілдегі тиянақты тұрақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімнің бір саласы дегенді, екіншіден, белгілі бір тілдегі фразеологиялық тіркестердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Сондықтан болар фразеологиялық тіркестер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұмытымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: соңғы уақытта сөйлемдердің ішінде жазбаша және сөйлеу кезінде ағылшын тілінде артикльдердің қолданбауы немесе алынып тасталуы көп кездеседі. Грамматика және грамматикалық әдебиеттерде көрініс таппаған артикльдердің түсіп қалу жағдайларын талдау, ағылшын тілін үйренушілерге артикльдердің түсіп қалуынан туындайтын грамматикалық заңдылықтарды көріп, сөйлем құрылысын барлық ережелерге сай құруына септігін тигізеді.

Аталмыш зерттеудің басты мәселесі мен қайшылығы болып, қазіргі кезеңде лингвистер мен грамматистар ағылшын тілінде нақты қанша артикльдер бар екендігі туралы біртұтас пікірге келмегендігі. Зерттеудің мақсаты болып осы қиын грамматикалық мәселені талдау мен шешу болып табылады.

Зерттеу пәні: Ағылшын тіліндегі коммуникативтік фразеологиялық тіркестердегі артикльдердің рөлі.

Зерттеудің мақсаты: Ағылшын тіліндегі грамматикада көрініс таппаған артикльдердің түсіп қалу заңдылықтарын талдау және ережеге сәйкес белгілі және белгісіздік артикльдерді қолданылуы тиіс жолдарын көрсету.

Бұл үшін мынадай міндеттер қойылды:

- нөлдік артикльдің функциональдық қасиеттері мен қызмет етуіне жалпы мінездеме беру;

- артикльдердің эволюциялық жолына талдау жасау;

- фразеологиялық тіркестердегі артикльдердің түсіп қалу жағдайларын талдау (грамматикалық түсіндірме берілетін жағдайлар) ;

- фразеологиялық тіркестердегі артикльдердің түсіп қалу жағдайларын талдау (грамматикалық түсіндірме берілмейтін жағдайлар) ;

- Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр» романында қолданылған фразеологиялық тіркестердегі артикльдерді талдау және оның аудармасын беру.

Теориялық мәні: Коммуникативтік фразеологиялық тіркестердегі артикльдердің шығу тарихын зерттеу, даму және қалыптасу жолын саралау, артикльдердің сөйлемде орналасу ерекшеліктерін айқындау.

Жиналған мәліметтердің қайнар көзі зерттеу жұмысында ұсынылған шетел тілін оқытудағы фразеологизмдердің қарым - қатынастағы маңыздылығын, жалпы теориясын тиянақтауда зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қолдануға болады.

Практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелері мен пайымдауларын шетел тілін үйретудің тиімділігін арттыруда, сабақты нәтижелі және қызықты ұйымдастыруда пән мұғалімдерінің пайдалануына болады. Зерттеуге өзек болып отырған тақырыптың әдістемелік тұрғысындағы дәстүрлі тұжырымдар мен жаңаша танымдар негізінде туындаған қорытындыларын әдіскер - ғалымдар, ізденушілер мен магистранттар қолдана алады. Еңбекте ұсынылған мысалдар, шағын сөздік шетел тілі сабақтарының сапасын арттыруға көмегін тигізеді.

Зерттеу объектісі: Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр» романы.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

І. ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕР МЕН КОММУНИКАТИВТІК ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Фразеологиялық тіркестер ұғымы және зерттелу тарихы

Тіл ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс екені баршаға белгілі. Бір тіл бір ұлтты танытады. Яғни, кез келген халықтық ойлау ерекшелігі оның ұлттық тілінде көрініс табады, халық даналығы, дүниетаным көзқарасы тілінде түйінделеді. Тіл қазынасына жататын көкейге қонымды, бейнелі, алуан түрлі тұрақты тіркестер, олардың тілдік табиғаты, заңдылықтары, құрылымдық ерекшеліктері әлемдік тілдердің көпшілігінде зерттеліп келе жатқаны белгілі. Себебі, олардың шығу төркіні, көнеленуі, мағыналық құрылымы, тұлғасы жағынан және стильдік тұрғыдан өзіндік ерекшеліктері бар. Осы көркем, мазмұны терең, көлемі шағын тіркес, тізбектердің танымдық мәні ерекше. Уақыт өте келе ықшамдалып, өңделіп, халықтық ортақ мұраға айналған сан - саналы тізбектерді жинақтап, бір ретке келтіру, олардың мазмұнын айқындау тіл мамандарын ерекше қызықтырып отыр. Ағылшын тіліндегі фразеологиялық тіркестердің мағына - мәні осы тілдерде сөйлейтін ұлттың ертеден бергі өмірін жан - жақты айқындайды. Халықтың күнделікті өмір тіршілігі негізінде пайда болып қалыптасқан тұрақты тіркестерді қос тілден жиналған деректерімізден кездестіруге болады. Бұл фразеологиялық тіркестер тілдік қолданыста әр уақыттың салт - дәстүріне, әдет - ғұрыптарына, мәдениетіне, психологиясына, тарихына байланысты қалыптасып, тілдік қолданыста дамып өрбіген. Сондықтан да олар әр халықтың ерекшелігіне байланысты өсіп - өрбіп, сол халықтың ғасырлар бойы жинаған құндылығының бірі болып табылады. Ағылшын тіліндегі фразеологиялық тіркестердің беретін ұғымы әр ұлттың өзіне ғана тән рухани өмірін суреттейді. Яғни, қос тілдегі фразеологизмдер ұлттық сезім, ұлттық мінез, ұлттық салт - дәстүр негізін айқындайды. Осыған орай ағылшын тіліндегі фразеологиялық тіркестердің қалыптасуын айқындауда әр ұлттың дүниетанымын, ой - парасатын және рухани парасатымен байланысты пайда болып қалыптасқан фразеологиялық тіркестерді саралап, олардың тілдік қатынаста қалыптасуын негіз етіп алдық.

Әлемдегі тіршіліктің бар саласын қамтитын әр ұлттың өзіне ғана тән көркем сөз орамдары - фразеологизмдерді молынан табуға болады. Фразеологизм тілдің айшықты да, мәнерлі, бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелік, әсерлік, экспрессивті - эмоциялық, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді бояуы қанық алуан түрлі фразеологиялық тіркестерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп келеді. Халықтың талай ғасыр сомдап шығарған - фразеологизмдер тіл қазынасының бір бөлігі екені даусыз.

Фразеологизм - тілдің сөздік қорының айшықты да, мәнерлі де, бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелілік, әсерлілік, экспрессивті - эмоциялық, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді, бояуы қанық алуан түрлі тұрақты тіркестерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп келеді. [2, 8б]

Фразеологизмдер - жазу, сөйлеу тілінің ажарын кіргізіп, құдіретін артгыра түсетін, көңілдегі көрікті ойды бейнелеп, астарлап, өзіндік бояу - нақышымен жеткізетін, көркем сөз қазынасында қорланып, қолдануға дайын тұратын, қалыптасқан сөз тіркестері.

Фразеология - «phrasis» - орам, сөйлемше «logia» - ұғым, ілім деген грек сөздерінен жасалған термин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден, тілдегі тиянақты тұрақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімінің бір саласы дегенді, екіншіден - белгілі бір тілдегі фразеологимдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Сондықтан болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұтымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады. Айшықты сөз өнерінің басым көпшілігі халықтың тұрмыс тіршілігінде, салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына, діни, наным - сеніміне байланысты туындаған. Олардың құрылымын, тілде қалыптасу кезеңдерін тұрақталу негіздерін зерттеу, сайып келгенде, оқырман қауымды оның тілдік табиғатынан хабардар етіп қоймай, сонымен қатар этнос өмірімен тұтастығымен ерекшеленеді.

Соңғы жылдары халықаралық, тіларалық қатынастың дамуына байланысты құрылымы жағынан да мүлдем алшақ тілдерді салыстыра зерттеу тіл ғылымында дәстүрге айналып келе жатыр. Салыстыра зерттеу барысында екі тілдің өзіндік құрылымдық және жүйелік ерекшеліктері мен ұқсастықтары айқындалады. Сондай - ақ, тіл табиғатында осы уақытқа дейін зерттеушілер назарынан шет қалған кейбір құбылыстардың сыры ашылып, осы кезеңге дейін қалыптасқан тұжырымдар басқа қырынан зерттелуі, тілдің өзіндік сипаты айқындатуда. Әр типтес тілдердегі фразеологизмдерді салыстыра зерттеу де өзіндік тұңғиық сыры бар қиындығы да мол күрделі жұмыс. [3, 138]

Фразеология тану ғылымында фразеологизмдердің басты белгілері, релеванттық қасиеттері ретінде үш ерекшелігі аталады:

  • даяр қалпында жұмсалу белгісі;
  • мағына тұтастығы;
  • тіркес тиянақтылығы.

Фразеологизмдердің дайын қалпында жұмсалу белгісі - тұрақты тіркестер қарым - қатынас процесінде, сөйлеу кезінде жасалынбайды, даяр қалпында біртұтас (бүтін) бірлік ретінде жұмсалады. Фразеологиялық тіркестердің бұл қасиеті оны еркін сөз тіркесімен салыстырғанда анық көрінеді. Мысалы: « тамақ ішу, қолды жуу, үй тазалау және to love music, clever man, to build houses» - деген еркін сөз тіркестері қарым - қатынас процессінде, сөйлесу кезінде бір - бірімен емін - еркін тіркесіп айтылуынан жасалса, « ас адамның арқауы, түймедейді түйедей ету, қой аузынан шөп алмас және mare’s nest, small hours, husband’s tea» тәріздес сөз тіркестер тіркескен күйінде, бүтін күйінде жадымызда айна қатесіз сақталады да, сөйлеу кезінде олардың сыңарлары (сөздер) сөйлеушінің қалауы бойынша тіркеспейді, бүтіннің бөлшектері тәрізді бұрыннан тіркесіп қойған қалпында, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай бір тұтас күйінде қолданылады. Мұндай қасиет фразеологиялық тіркестерге ғана емес, сонымен қатар лексикалық бірлік (единица) сөзге де тән. Мысалы: «әдемі, жылдам, үндемеу, talk, laugh, smile» деген сөзде және бұларға белгілі дәрежеде синонимдес болып келетін «үріп ауызға салғандай», «көзді ашып жұмғанша», «жұмған аузын ашпау», get a talk with, give a laugh, give a look, force a smile тәрізді фразеологизмдер дайын қалпында жұмсалу қасиетімен сипатталады. Мысалы: қазақ - ағылшын тілдеріндегі тұрақты тіркестерді салыстырсақ:

Кесте 1

Қазақ - ағылшын тілдеріндегі тұрақты тіркестердің ұқсастығы

Ағылшын тілі
Қазақ тілі
Ағылшын тілі: kill two birds with one stone
Қазақ тілі: екі қоянды бір оқпен өлтіру
Ағылшын тілі: cat and dog life
Қазақ тілі: ит пен мысықтай өмір
Ағылшын тілі: to pick up one’s ear
Қазақ тілі: құлақ түру
Ағылшын тілі: to abound іn courage
Қазақ тілі: жүрек жұтқан болу
Ағылшын тілі: to meet adversіtіes wіth
Қазақ тілі: бәлеге шалдығу, қырсыққа іліну
Ағылшын тілі: to take advantage of somethіng
Қазақ тілі: бірдеңенің пайдасын көру
Ағылшын тілі: justіfy somebody’s confіdence
Қазақ тілі: біреудің сенімін ақтау
Ағылшын тілі: talk nonsense, talk rubbіsh, talk rot
Қазақ тілі: аузына түскенін оқтай;
Ағылшын тілі: take revenge, to cook one’s goose
Қазақ тілі: алдына келтіру
Ағылшын тілі: to judge by appearances
Қазақ тілі: сыртына қарап тон пішу
Ағылшын тілі: aggress agaіnst a country
Қазақ тілі: баса көктеп кіру
Ағылшын тілі: to go ape (over, for)
Қазақ тілі: торығу (күйзелу)

Деректер негізі: Ларин Б. А. Очерки по фразеологии//Очерки по лексикологии, фразеологии и стилистике: Уч. зап. /ЛГУ. -Ленинград. 2001. -№198-негізінде автормен құрастырылған.

Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі бір жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажырамай тұрады. Олар бір - бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мәселен, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек, мән - мағынасын мүлде өзгертіп жібереді, тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді. Ал көк сөзін оның синонимі аспан деген сөзбен алмастырсақ (мұрнын аспанға көтерді), мағына тұтастағы онша бұзылмағанмен стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды тимейді. Көтерген деген етістікті көтермеді, көтеріп тұр, көтермекші деп өзгерте беруге көнбейді. Тек өзінің сіресіп қалыптасқан қалпында қодануды талап етеді. Сондай - ақ, « red tape , kick the bucket» деген тұрақты тіркес құрамындағы red, kick деген сөздердің орнына blue, give немесе tape, the buckеt дегеннің орнына « radio, the ball» деген сөздер қолданылмайды: егер бұлай етіп өзгертсек, олар тұрақты тіркес болудан қалады немесе тіптен мағынасыз, түсініксіз, кей жағдайда сөз тіркесі болып мағына тұтастығынан айырылып қалады. Н. М. Шанский сөздің морфемалық құрамының тұрақтылық сипаты қалай болса, фразеологизмнің құрамынан және сыңарынан орын тәртібінің тұрақтылық сипаты да сондай деп есептейді. Кейде тұрақты тіркес құрамындағы бір сөздің әр түрлі тұлғасынан нешет түрлі фразеологизмдер жасала берілуі де мүмкін. Мысалы: « жамбасы жерге тигенше (өле - өлгенше), жамбасы жерге тиді (өлді, жер тастады), жамбасы жерге тимеген (ешкімнен жығылып көрмеген күшті) ». Кей ретте жалғыз дыбыстың бір өзі - ақ тұрақты тіркестің мән - мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Бұл жағынан қарағанда фразеологизмдердің орын тәртібінің тұрақтылығы сөздің морфемалық құрамының тұрақтылық сипатымен бірдей деп есептеуге болады. Жоғарыда аталған үш түрлі белгі (тұрақтылық, тұтастық, тиянақтылық) арқылы фразеологизмдер тілдің өзге категориясынан оқшауланып, өзіндік бітім бейнесімен өмір сүреді. [4, 94]

Фразеологизімдердің түрлері - фразеологизмге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір - бірімен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы, біреуінен ап - айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншісінен өте солғындау болып кездеседі. Сондықтан фразеологизмдерді түр - түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірі болып саналады. Зерттеушілердің бір тобы тұрақты тіркестердің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың ара қатынасына қарай жіктеп бөлсе, екіншілері құрылым - құрылысы жағынан, үшіншілері атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады.

Фразеология - «phrasіs» - орам, сөйлемше; «logіa» - ұғым, ілім - деген грек сөздерінен жасалған термин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады, яғни біріншіден, тілдегі тиянақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімінің бір саласы дегенді, екіншіден, белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Сондықтан да болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұғымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады. Айшықты сөз өрнектерінің басым көпшілігі халықтың тұрмыс - тіршілігіне, салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына, діни наным - сеніміне байланысты туындаған. Олардың құрылымын, тілде қалыптасу кезеңдерін, тұрақталу негіздерін зерттеу, сайып келгенде, оқырман қауымды оның тілдік табиғатынан хабардар етіп қоймай, этнос өмірімен астасып жатқан мызғымас тұтастығымен, этнолингвистикалық, экстралингвистикалық факторларымен қызықтырады.

Фразеологиялық тіркестердің түрлері бір - бірінен әрқашан айқын ажыратыла бермейді, осыған орай, оларды классификациялау тіл білімінде өте күрделі мәселе болып саналады. Тіл білімінде фразеологиялық тіркестер әр түрлі жағынан қарастырылып, осыған сәйкес, олар түрліше топтастырылған. Фразеологиялық тіркестер лингвистикалық әдебиеттерде бүтіндей тұрақты тіркестің тұтас мағынасы мен оның сыңарлары мағыналарының арақатысы жағынан топтастырылса, екіншілерінде - құрылымы жағынан, үшіншілерінде қызметі немесе эмоционалды - экспрессивті жағынан топтастырылады.

Академик В. В. Виноградов фразеологиялық единицаларды бүтіндей фразеологизмнің біртұтас мағынасы мен оны құрастырушы сыңарлары мағыналарының арақатысы тұрғысынан топтастырған. Қазақ тіл білімінде де осы классификацияны бірден - бір арқау етеді. [5]

Өздеріңізге белгілі, фразеология саласын тіл білімінің жеке пәні ретінде қалыптастыруда, оның тілдегі орны мен табиғатын, мәнін, аумағы мен міндеттерін түсінуде әр түрлі көзқарастар пайда болды. Фразеология саласының өзекті проблемалары саналатын аталмыш мәселелер түбегейлі шешімін тапты деп әлі де болса айту қиын. Оған мысал ретінде тіл біліміндегі “фразеологизм, ” “фразеологиялық единица”, “фразеологиялық тіркес”, “фразеологиялық оралым”, “тұрақты тіркес”, “тұрақты сөз тіркесі” деген терминдердің нақты сараланбай, синоним ретінде қатар қолданылып отыруын айтуға болады. Осы терминдерді синонимдік мәнде қолдану - зерттеу жұмыстарына қиындық келтіруі мүмкін. Сондықтан да тұрақты сөз тіркестер атауда еркін тіркестерге қарама - қарсы қойылатын “фразеологизм” терминін қолдануды жөн көрдік.

Мағына тұтастығы дегеніміз - фразеологизм компоненттерінің бастапқы мағынасынан түгел не жартылай айырылып, тіркестің біртұтас мағына беруін айтамыз. Тіркес тұрақтылығы фразеологизм компоненттерінің өзара орын тәртібін сақтауынан, ал қолдану тиянақтылығы олардың қолдануға даяр тұруынан көрінеді. Осы аталып отырған релеванттық қасиеттер қазақ және ағылшын тілі фразеологизмдеріне де ортақ заңдылықтар. Мысалы, қазақ - ағылшын тіліндегі тұрақты тіркестер:

  • The apple of one’s eye- көзінің ағы мен қарасы
  • Kіll two bіrds wіth one stone- екі қоянды бір оқпен ату;
  • Cat and dog lіfe- ит пен мысықтай өмірсүру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі
Тұрақты тіркестерді аударудағы лингвомәдени аспект
Фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы
Қазіргі қазақ тіліндегі окказионал фразеологизмдер
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің аударма тіліндегі көріністері
Сөйлем мен сөз тіркесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін олардың семантикалық құрылымы арқылы зерттеу, мәнмәтіндік өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін сипаттау
Фразеологиялық бірліктердің жүйелік ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру, бейнелеу
Ауызекі сөйлеу стилі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz