Математика мамандығы бойынша педагогикалық тәжірибе ЕСЕБІ


Ш. Есенов атындағы КТИУ
« Ғылым және Технологиялар факультеті»
«Іргелі ғылымдар» кафедрасы
Мат-19-1 тобының студенті
Сақыпжанова Арай Асхатқызына
Мінездеме
Сақыпжанова Арай Асхатқызы 31. 01. 2022-05. 03. 2022 уақыты аралығында Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылындағы «№12 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәжірибеден өтті. Осы уақыт аралығында іс-тәжірибені жинақтау мен тәжірибе алмасу мақсатында математика сабақтарына қатысты. Арай алғашқы күннен бастап жауапкершілікті сезініп, әрбір сабақтарын көрнекіліктер, кестелер, қима қағаздармен және АКТ мен интерактивті тақтаны пайдаланып сабақтар өткізді. Оқушылардың білімін тексеру мақсатында тақырыптар мен тараулардан кейін өзі дайындалып, үнемі тест, бақылау жұмыстарын алды. Сабақтарға шығармашылық ізденіс танытты, әр жаңа сабақ алдыңғы сабақтан өзгешеленді. Тәжірибе кезінде студент пән бойынша жақсы білім деңгейін және әдістемелік дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Сабақ барысында материалдың мазмұнын білді, оқу процесіне сыныптағы барлық оқушыларды тартуға тырысты. Сабақтарға толық қатысып, тәжірибе алмасу арқылы әдіс-тәсілдерді қалай ықпалдастыра алатыны жайлы ақпараттар алды. Пәндік, теориялық және техникалық білімдерін кеңейтті, дамытты және мақсатқа сай қолдана алатын болды. Сабақтарға қатысу арқылы сабақты бақылау дағдысы дамыды. Арай 7«Ә» сыныбына «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу» тақырыбына интерактивті тақтамен, слайдтармен ашық сабақ өткізді. Оқушылар осы сабақта екі айнымалысы бар сызықтық функциялармен және оның графигін салуды үйренді. Ашық сабақта оқушылар «жақсы», «өте жақсы» бағалармен бағаланды. Ашық сабаққа қатысқан мұғалімдер мен практиканттар сабақты жоғары деңгейде өтілді деп бағалады.
Өз жұмысына ынталы, ашық мінезінің арқасында оқушылармен тіл табыса білді. Жетекшінің берген ұсыныстарын дұрыс қабылдап, дамыту керек тұстарын жақсарту мақсатында болашаққа жоспар құрды.
Сақыпжанова Арай Асхатқызы болашақта білікті, білімді өз ісінің шебері болатын мұғалім болып қалыптаса алады деген сенімдеміз.
Сақыпжанова Арай Асхатқызына тәжірибелік жұмысын « 85 балл» бағалаймын.
Мектеп директоры: Титанов Қ. У.
Тәжірибе жетекшісі: Сулейменов И. Қ.
Ш. ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Ғылым және технологиялар» факультеті
«Іргелі ғылымдар» кафедрасы
601501 - «Математика»
3 курс күндізгі (сырттай) оқу академиялық Мат-19-1 тобында (бакалавриат, магистратура, докторантура) білім алушы
Сақыпжанова Арай
Педагогикалық тәжірибесі бойынша
ЕСЕБІ
Университтен тәжірибе жетекшісі:
Урбисинова. Б. Т
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23. 08. 2012ж. №1080 жарлығымен бекітілген Жоғарғы білім берудің мемлекеттік Жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес педагогикалық тәжірибе өткізілді.
Тәжірибе мақсаты:
Студенттердің оқу үрдісінде алған білімдерін нығайта, кеңейте отырып, мектептің жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық негіздерімен таныстыру.
Тәжірибе міндеттері:
- студенттердің кәсіби жұмысқа қойылатын міндеттерді жүйелі тұрғыдан меңгеруі;
-жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің кәсіби ұстанымын қалыптастыру;
-кәсіби этиканы меңгеру;
-жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы мұғалім қызметінің практикалық тәжірибесімен танысу;
мұғалімнің әр түрлі типтегі (диагностикалық, аналитикалық-бағалық және т. б. ) кәсіби міндеттерді өз бетінше шешуі мен өздігінен ұйымдастыру мәдениетін қалыптастыру;
-мұғалімдермен, әр түрлі жастағы оқушылармен және мектеп әкімшілігімен кәсіби байланыс орнатудың амал-тәсілдерін меңгеру.
Педагогикалық тәжірибе мазмұны
2020-21 оқу жылының 6 семестрінде 31. 01. 2022-05. 03. 2022 аралығында педагогикалық тәжірибе ұзақтығы 5 апта.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мен, Сақыпжанова Арай 31. 01. 2022-05. 03. 2022 аралығында Мұнайлы ауданы №12 жалпы білім беретін мекемесінен педагогикалық тәжірибеден өттім.
18. 10. 2021 ж. Университеттегі тәжірибе жетекшім студенттерді бұйрық бойынша мектепке бөліп, тәжірибе бағдарламасымен таныстырды. Мен Мұнайлы ауданы «№12 жалпы білім беретін» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне педагогикалық тәжірибе жинау үшін баратын болдым. Алғашқы күн болғандықтан жалпы педагогикалық тәжірибе туралы мағлұмат алып, оның жоспарымен, мазмұнымен таныстым.
Педагогикалық тәжірибенің алғашқы күні мектеп әкімшілігімен, тәжірибе жетекшіммен таныстым. Мектептегі тәжірибе жетекшім- Сүлейменов Исан болып бекітілді. Мектептің тарихимен және ерекшеліктерімен таныстырды. Жетекшіміз бізге сабақ жоспарымен, оқу-әдістемелік құжаттарымен таныстырып. Мен бүгін алғашқы сабаққа кірдім.
Маған 7«ә»сыныбын берді. Ол сыныпта 23 оқушы бар. Сынып старстті Рахманова Элиза деген қыз екен.
19. 10. 2021ж. Мен екінші күні өзіме берілген 7 «ә» сыныбымен бардым. Сыныпта 23 оқушы, оның 11 -ұл, 12-қыз. Сыныптың балалары өте керемет, ұйымшыл, ауызбіршілігі мықты.
20. 10. 2021ж. Группаласым Мешітбаева Мадинаның 7 «а»сыныбына сабағына қатыстым. Сыныпта 25оқушы бар. Мадина оқушыларды топтастыру арқылы, оқушыларды бір-бірімен сайыстыру арқылы сабағын өткізді Сабаққа балалар зейін қойып тыңдады. Сабаққа барлығы бірдей ауызбіршілікпен қатысты. Мадина сабақты жоғары деңгейде өткізді.
21. 10. 2021ж. Бұл күні өзімнің группаласым Мұхаммед Айгерімге бекітілген 6«е» сыныбына сабаққа кірдім. Айгерім сабақтың басынан балаларды тыныштыққа шақырып сабағын керемет бастады. Сабақ үстінде балалар өзінің білімділігін, тапқырлығын көрсетті. Айгерім оқушылардың алдында өзін салмақты, сабырлы қылып ұстады.
.
22. 10. 2021ж. Мен өзіме бекітілген 7«Ә» сыныбына «Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу» тақырыбына сабақ өткіздім. Сабақ барысында оқушылар топ-топқа бөлініп, өз-өздерімен сайысып. Өздерінің білімдерін тексерді. Сабаққа балалар белсене қатысты, сабаққа педогогикалық тәжірибедегі маған бекітілген Сүлейменов Исан ағай қатысты.
25. 10. 2021ж
. . Мен ол күні үй жұмысы бойынша, есептер алып. «Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу» тақырыбына ашық сабақ өткізген болатынмын. Сол сабақ бойынша сыныппен ашық сабақты талдадық, балалардан сол тақырып бойынша тест, жұптық сабақтар өткіздім. Жұптық сабақта оқушылар бір-бірімен пікір алмасып, білімдерін одан әрі арттырды.
26. 10. 2021ж. Мен группаласым Эндирова Жадыраның сабағына қатыстым. Жадыра сабақты «миға шабуыл» әдісі ретінде өткізілді. Жадыра оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылып, есептер шығарылды. Сабақты жақсы өткізді. Балалармен жұмысты жақсы атқарды . Сыныбы да жақсы ауызбіршілік танытты.
27. 10. 2021ж. Мен группаласам Тәңірбергенов Нүрғалидің сабағына қатыстым. Группаласыма берілг е н 6 «ә» - сыныбына ол «жиын» Тақырыбына сабағын өтті. Нүрғали сабағын «кері байланыс» әдісі арқылы өткізген болатын. Сабағын «жиын дегеніміз не?, жиынның қандай түрлері» болатыны туралы ашық айтылды. Нұрғали сабағын өте жақсы өткізді. Оқушыларда Нұрғалиға кері байланыс жасап, сабақты түсінгендерін дәлелдеді.
28. 10. 2021ж. Мен 7 «ә»сыныбынан маған бекітілген жетекші Исан ағаймен бірігіп. Бөлім бойынша жиынтық бағалау алдық. Жиынтық бақылауға сыныптың барлығы қатысты. Барлығы тоқсан бойынша қандай тақырып өтті сол бойынша, білімдерін жетілдіре түсті.
29. 10. 2021ж . Біз 7«ә» - сыныбынан тоқсан бойынша жиынтық бағалау алдық. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау алған кезде, балалар белсенділік көрсетіп барлығы бірдей тоқсан бойынша жиынтық бағалаудан барлығы «жақсы» деген алды.
08. 11. 2021ж- педогогикалық тәжірибенің он алтыншы күні. 2тоқсан басталып, балалармен «Функция» деген тауарды бастадық. Функция тақырыбы балаларға оңай бола қойған жоқ, бірақ балалар тақырыпты меңгеріп кетуге талпынды. Балалар екінші тоқсанға жақсы дайындалып келген.
09. 11. 2021ж.
Оқушылармен функция тақырыбын түсініп, талдады. Оқушылар сабақ есептер шығарып білімдерін одан әрі арттырды»ө
10. 11. 2021ж. Мен группаласым Садихин Мадинаға бекітілген 8 «а» сынбына ашық сабағын өткізді . Ашық сабағының тақырыбы-Виет теоремасы. Мадина сабақты жоғары деңгейде өткізді. Сабақта «Plicker» әдісімен өтті. Сабағы өте керемет өтті. Ашық сабаққа қатысқан мұғалімдер өте жақсы деп бағалады.
11. 11. 2021ж . Мен группаласым Қомшабаев Оразға бекітілген 6«з» сыныбына ашық сабақ өтті. Ашық сабақ тақырыбы-«Шектеусіз периодты ондық бөлшекке айналдыру». Берілген тақырыпты ашып, балаларға түсіндірді. Оқушылар ағайларына кері байланыс жасап отырды
.
12. 11. 2021ж- педогогикалық тәжірибенің жиырмасыншы күні. Мен 7 «ә»сыныбына «Функция графигі»тақырыбына сабақ өткіздім. Сабаққа барлық оқушы қатысты. Сабаққа оқушылардың қатысы жақсы болды, «түсінген, түсінбегендерін» айтып барлығын ашылып айтып, түсіндік. Оқушылар топтық жұмыс жасады, топтық жұмыста оқушылар бір-бірімен білім алмасты.
15. 11. 2021ж.
Мен группаласым Тәңірбергенов Нұрғалиға бекітілген 6«а»-сыныбына «рационал сандардағы период сандарды, жай бөлшекке ауыстыру» деген тақырыпқа ашық сабақ өтті. Ашық сабақта оқушылар кезекпен тақтаға шығып тақырып бойынша сұрақтарын қойып, есептерін шығарды. Ашық сабаққа оқушылар белсене қатысты. Нұрғали сабақта, тақырыпты ашып айтып түсіндірді.
16. 11. 2021ж . Мен бұл күні группаласым Мұхаммет Айгерім өзіне бекітілген 6«е» сыныбына ашық сабақ өткізді. Президент күніне ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ жақсы болды. Ашық сабақ кезінде балалар президент күніне байланысты шумақ-шумақ өлеңдер айтылды.
17. 11. 2021ж. 7 «Г» сыныбына «Президент күніне» арналған сабақ өттік, президент күніне арнайы видеороликтер дайындап, оқушыларға президент туралы ақпаратпен бөлістім. Оқушылармен «кім тапқыр» атты ойын ойнадық, ойында оқушыларға тәуелсіздік, президент туралы көптеген сұрақтар қойылды.
.
18. 11. 2021ж . Группаласым Эндирова Жадыраның «Рационал сандарды бөлу» атты ашық сабағына қатыстым . Сабаққа балалар белсене қатысты, тақырып бойынша балалар сұрақтар қойып сабақ тақырыбын ашды. Оқушылар бір бірлерімен білгендерін бөлісіп, білмеген жерлерін апайларынан сұрап жан жақты болды оқушылар.
19. 11. 2021ж. Бұл күні біз Исан ағай мен бірігіп 7«г»-сыныбына. Қайталау сабағын өткіздік. «Көпмүшелерге амалдар қолдану» және «Функция» тақырыбына қайталау сабағын өткіздік.
.
22. 11. 2021ж . Мен бұл күні группаласым Ашырова Дүрлінің өзіне бекітілген 8«б» сыныбына ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ тақырыбы-«толымсыз емес квадрат теңдеу» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушыларға толымсыз емес квадрат теңдеуді қалай шешу керек екенін, айтып түсіндірді. Оқушылар түсінген есептерін апайларына кері байланыс жасап, тақтаға есеп шығарды
23. 11. 2021ж. Мен бұл күні группаласым Мешітбаева Мадинаның «сызықтық функция графиктерін өзара орналасуы»деген сабаққа ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқушыларға «кім тапқыр» деп қатар-қатарды сайыстырды. Оқушылар белсенділік көрсетіп, жарыса тақтаға шығып есептер шығарды.
24. 11. 2021ж . Мен бұл күні группаласым Өтемұратов Мұхиддиннің ашық сабағына қатыстым. Ашық сабағының тақырыбы- «Ұшбұрыштар теңдігінің белгілері» Сабақ кезінде Мұхиддин геометриялық фигуралармен топтарға бөліп, жарыстырды. Мұхиддин берілген тақырыпты ашып оқушыларға жақсы түсіндірді.
25. 11. 2021ж . Мен өзіме бекітілген 7 «ә» сыныбына «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу» тақырыбына ашық сабақ өткіздім. Ашық сабақ барысында сызықтық теңдеулер, графиктік тәсілмен қалай шешу керек екенін толық айтылды. Ашық сабаққа мектеп математика бірлестігі және тәжірибе жетекшім Исан ағай қатысқан болатын. Сабаққа оқушылар жақсы қатысты, белсенді болып отырды.
26. 11. 2021ж -педогогикалық тәжірибенің отызыншы күні. Біз бұл күні Исан ағайымызбен алдыңғы сабақ өткенде ашық сабағымызды талдадық. Ағай қай жер қате, қай жері дұрыс соларды айтып ашық сабақты талқыладық.
ҚОРЫТЫНДЫ
18. 10. 2021-27. 11. 2021 аралығында өткен практика барысында «Мұнайлы ауданы №12 жалпы білім беретін»мектептен практикадан өттім . Бұл аралықта мен тәжірибе жетекшім Сүлейменов Исан ағай мен бірге мектеп өміріндегі жағдайлармен, мектептің ішкі қағидаларымен танысып. Көптеген өзіме әдіс тәсілдер алдым. Сабақ барасында тәлімгерімнің сабағына қатысып, сабақ жоспарының үлгісін алып өзім жоспар құруға талпындым. Жан жақты материалдар іздеп, көрген білген тәжірибемді тәлімгеріммен ақылдасып мектеп ұжымымен танысып, жан-жақты түсіндім. Өзім алған білген тәжірибемнің арқасында, оқушылармен жақсы нәтижелерге жеттім. Оқушыларға білім беріп тәлімгерім сабаққа қатысып кейбір қате деген тұстарымды ескертіп отырды. Оқушылармен сабақ өткізу барысында өзіме деген жауапкершілікті сезіндім. Оқушылар алдында өзімді мұғалім ретінде, жақсы деңгейде ұстап. Бар білген жоспарларыммен таныстырып сабағымды жақсы өткіздім. Әр мұғалімнің сабақтарына қатысып өзімнің білімімді әрі қарай жетілдірдім. Мен өз мамандығымды таңдағаныма қателеспегенімді түсіндім. Білім ордасындағы және практика кезіндегі алған білімдерімді әрі қарай жетілдіріп алдағы ұрпаққа жақсы білім беретініме сенімдімін.
Тәжірибеден өтуші: Сақыпжанова Арай Асхатқызы
Сыныпқа мінездеме
Маңғыстау облысы, Мұнайла ауданы №12 жалпы білім беретін мектептің 6 «з»сыныбын алдым. Сыныпта «12-қыз», «12-ұл» бар. Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепшілік, сынып аралық іс - шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан. Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған.
Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік ертенгілік түрінде өткізеді. Мерекелік жалпы қалалық дәстүрлі жиындарға, айлық, жарыстық конкурстарға қатысып отырады.
Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып, танымдық қабілеттерін ұштап отырады.
Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарад
Мінездеме беруші: Сақыпжанова Арай
Мінездеме
Оқушы туралы мәлімет: Рахманова Элиза 2008 жылы қазан айының 03 жұлдызында дүниеге келген. Элиза 2015 жылы 1 қыркүйектен бастап мектепке қабылданған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады.
Әлеуметтік жағдайы жақсы. Үйден барып - келіп оқиды. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы.
Оқу материалын қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Негізгі қолы оңқай. Пәндер ішінде математика, бейнелеу, еңбек пәндеріне қызығушылығы мол. Математикалық түсініктері қалыптасуда, 1 - ден 100 - ге дейінгі сандарды санайды, жазады. Тек сандарды қосу және азайтудан кейде қиналады. Сабақты себепсіз босатпайды.
Мінезі тұйық, көңіл - күйі тұрақты. Өзіне - өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді.
Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы.
Мінездеме беруші: Сақыпжанова Арай
Мінездеме
Хожақмет Дана 2008жылдың 15ші ақпан айында дүниеге келді. Дана осы мектепте 5 сыныптан бастап оқиды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Дана толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата - анасына үй шаруасымен көмектеседі. Жалпы, Дана сырлы мінез, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Дана өз білімін жан - жақты жетілдіреді.
Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Дана мектептегі шараларда өз өнерімен жоғары нәтижелерге жетіп жүр. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі. Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай Өте белсенді. Дана . болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі. Осы сыныпты алғаннан бері, барлығында да өте жақсы дайындықпен келеді. Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз ой - пікірін ашық айтады.
Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Мінездеме беруші: Сақыпжанова Арай
2021-2022 оқу жылдары
7«ә»-сыныбы
Қоңырау кестесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz