Жаһандық дағдарыстан шығу және қалыптасқан мемлекет (2000-2021) жж



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жаһандық дағдарыстан шығу және қалыптасқан мемлекет (2000-2021) жж
Міне,көзді ашып жұмғанша,осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 31 жылдығын тойлады.Тәуелсіздікке жету үшін қазақ халқы көптеген жоспарларды орындап,бүгінгі күнге қол жеткізді.
Қазақстан жылдан-жылға көз алдымызда өзгеріп,құлпырды.Күн сайын жаңа жоспарлар жүзеге асып отыр.Соңғы 2000-2022 жылдар аралығындағы жетістіктеріміздің маңыздылығын бағалай отырып,сол жетістіктермен таныстыра кетсек;
2000 жылдың 10 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында алықаралық экономикалық ұйым ретінде, Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды.Бұл қауымдастықты құру туралы келісімге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан қол қойды. Уақыт өте келе қауымдастық Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты алынып тасталды.
2001 жылы Еліміз Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті.Осы жылы Рим папасы Иоанн Павел II Астанаға келді.
2002 жылы айналымға еуро енгізілді. Осы жылдың қаңтар айында Қазкоммерцбанк, БанкТұранАлем және Халық банк 30 млн еуроны алып келді. Осы уақытта еуро құны Ұлттық банк есебіне сәйкес 150,97 теңге болса, ал доллар 154,10 теңгеге тең болды.
2003 жылы 10 000 теңгелік номиналды банкнот айналымға енгізіліп, Қазақстандағы ірі купюраға айналды.
2004 жылы 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысында,Перизат Ускембаева есімді Қазақстанның 15 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Ал оның егізі қазақ санының 16 миллион есебін ашты.
2005 жылы 4 желтоқсан күні кезекті Президент сайлауы өтті. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 91,15% дауыспен жеңіске жетті. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үшінші мәрте Мелмекет басшысы болды.
2006 жылы теңгенің жаңа үлгілерін айналымға шығарды.Осы жылы Самұрық мемлекттік қоры құрылды. Уақыт өте келе Қазына қорымен бірігіп, Самұрық-Қазына ҰӘҚ болды.
2007 жылы еліміз үшінде,бүкіл әлем үшінде тарихтағы ең ірі қаржылық дағдарыспен есте қалды. Экономикалық дағдарыс Қазақстан халқында өтті.
2008 жылы 13 қазанда Самұрық-Қазына ҰӘҚ қоры акционерлік қоғамға айналды.
2009 жылы қаңтар айында Ұлттық банк басшысы болып Григорий Марченко қайта келді. Осы жылы доллар бағасы 150 теңге болды.
2010 жылы Қазақстан Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп,сол уақыттан кейін желтоқсан айында елімізде саммит өткізілді.
2011 жылы Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары өті. Қазақстандық спортшылар 70 медаль ұтып алды. Оның ішінде 32 алтын, 21 күміс,18 қола медаль алды.
2012 жылдың 22 қарашасында 2017 жылғы Әлемдік көрмеге елімізде өткізу құқығына ие болғаны жайында жарияланды. Халықаралық көрме бюросының мүшелерінің қатысуымен Нур-Султан қаласы 103 дауыс жинады. 2013 жылы 24 тамыз күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан-2050 Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр тақырыбында,Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы болып өтті.
2014 жылы тамызда Үкіметте қайта құрылымдар болды. 17 министр,9 агенттіктің орнына елде 12 министрлік және 30 комитет құрылды. Қаржы полициясы жабылып, оның қызметін мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес істері жөніндегі агенттік қолға алды. ТЖМ қызметі Ішкі істер министрлігіне берілді және Энергетика, Мәдениет және спорт, Инвестициялар даму,Ұлттық экономика министрліктері құрылды.
2005 жылы 27 шілдеде Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.
2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп: Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді - деп алдағы кезеңде кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырды. Еліміз 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті.
2016 жылы желтоқсан айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған, Елбасының қатысуымен Нұр-Сұлтанда жастардың кезекті форумы өтті.Бұл форумда Н.Ә. Назарбаев: Жас ұрпаққа қамқорлық,жастардың қазіргі өмірі мен болашағы үшін қам жеу қай кезде болсын менің саясатымның басты мағынасы болған. Әрбір жас қазақстандықтың жақсы білім алатын, отбасын құратын, жеке тұрғын пәтерге ие болатын мүмкіндігі бар, - деді.
Қазақстанның алдағы болашағы қандай болатыны көп жағдайда білім алып жатқан студенттерге, жастарға тікелей байланысты екені бәріне белгілі. Мемлекет басшысы жастарға ерекше басым көңіл бөлген, себебі жастарға қазіргі заманға сай Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істеу бұйырған.
Н.Ә. Назарбаев: Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек, - деп жиі ескертетін.Осы кезден бастап бүгінгі таңға дейін жаңашыл ойлайтын, жігерлі, жалынды жастар қатары көбейді. Бұл жастар мемлекеттің болашағына үмітпен қарап, еліміздің дамуына, 30 елдің қатарына қосылуға білім мен іскерлігін көрсетуге аянбайды. Әр өңірде жастар маслихатына қабылданып, тіпті облыстың басқармаларын тізгіндеп жатқан жастар қатары да көбейе түсті. Оған басты себепкер болған Елбасымыздың жастар саясаты бағытындағы бағдарламалары. Екінші бір мүмкіндік жастар ұйымдарының жұмыстары. Алдымен бұл қатарға Елбасымыз төрағасы болып табылатын Нұр Отан партиясы жанындағы Жас Отан жастар қанатын айтуға болады. 2013 жылы құрылған Жастар ғылыми-зерттеу орталығы, Қазақстан жастары қоғамдық ұйымы, ел бойынша мыңдаған студенттің басын біріктіретін Қазақстан студенттері альянсы РСҚ, Жасыл ел еңбек жасақ ұйымы, Жастар маслихаты қоғамдық қорлары тағы басқа.
2017 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып кірді.Осы жылы Нур-Султан қаласында 2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек айында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтті. ЭКСПО-2017 көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді. Көрмеден кейін 2 жыл өткен соң ЭКСПО-2017 аумағында жаңа IT университеті ашылды.Университет Астана IT университеті деп аталды. Жоғары оқу орны ЭКСПО павильондарының бірін иемденді, қазіргі уақытта олар IT технологиялар саласында білікті кадрлар даярлайды.
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды.Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығару арқылы, зор жетістіктерге қол жеткізді.Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы жағынан бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.Табысты өткен екі жаңғырудың арқасында баға жетпес тәжірибе жиналды.Әлем елдерінің арасында сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстан болды.
2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болды. Қазақстан табысты жұмыс істеп, нарықтық экономика моделі қалыптастырды.Жыл қорытындысы сүйене отсақ таңдап алған ТМД,Шығыс Еуропа елдері арасында бірінші мемлекет болдық.
Қазақстанда ішкі жалпы өнімнің өсуі 4% болса, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7%-дан асып түсті.Кедейшілік 13 есеге қысқарды.Жұмыссыздық деңгейі 4,9%- ке төмендеді.
2019 жылы маусым айында Қазақстан Республика Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен басталған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды.Бұл құрылған кеңестің негізгі мақсаты - жұртшылық, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өтетін талқылаудың негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері арқылы ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
2019 жылдың шілдесінде Қазақстан Президенті азаматтардың сындарлы сұрауларына жедел жауап беретін Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын жайында жария етті.
Сонымен қатар, Қазақстанда балама көзқарастар мен пікірлерді көтермелеу мақсатында басқа партиялардың өкілдеріне кейбір парламенттік комитеттерде төрағалық етуге мүмкіндік беретін заң қабылданатын болатынын жариялайды. Саяси партияларды құру үшін тіркеу жасаған кезде кедергісі 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендетіледі. Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң қабылданды. Заңның ішінде пикет, демонстрация, шеру, митинг сияқты бейбіт жиналыстың негізгі тұжырымдамалары мен нысандарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін концептуалды аппарат енгізуі арқылы қарастырылған. Яғни,заң ұйымдастырушылардың, бейбіт жиналыстарға қатысушылардың, журналистердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін реттеді.
Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатына орай Президент Қ.К.Тоқаев тұлғаға қарсы жасалатын қылмыс үшін қолданылатын жазаларды да күшейте түсті.
Қазақстанда сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы 2020 ж. 6 наурызда жарияланды. Құжатта: үдемелі сипатқа ие және ел дамуының жаңа кезеңінде Тұңғыш Президент - Елбасының сыртқы саяси бағытын жалғастыруға өзінің сабақтастығын сақтайтын елдің ашық, болжамды және дәйекті сыртқы саясаты;
- адам құқықтарын қорғау, гуманитарлық дипломатияны дамыту және қоршаған ортаны қорғау;
- халықаралық аренада экономикалық мүдделерді ілгерілету, соның ішінде инвестициялар тарту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
- халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
- ең алдымен, негізгі әріптестер
- Ресей, Қытай, АҚШ, Орталық Азия мемлекеттері және Еуропалық Одақ елдері, ал көпжақты құрылымдар бойынша
- Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және басқа да ұйымдармен өзара тиімді байланыстарды нығайтуды білдіретін өңірлік және көпжақты дипломатияны дамыту.
2019 ж. 29 сәуірде елорда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXVII сессиясы өтті.
Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен сессияға 500-ден астам адам жиналды. Олардың ішінде әр-түрлі өңірлерден келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдар, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларды сессия жұмысының басталуымен құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөлін атап өтіп бастады.Экономика, қоғам өмірі мен технология түбегейлі өзгерді. Бұл жаңалықтарды қабылдап, көп нәрсені үйрендік.Қазахстан экономикасы қарқынды дамыған мықты мемлекет болды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекеттік органдар жанындағы медиация институты және қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.
Бүкіл Қазақстан халқына, сондай-ақ соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бүкіл мүшелеріне бізге қолдау көрсеткені және барлық мәселеде түсіністік танытқаны үшін зор ризашылығымды білдіре кеткім келеді. Алдағы 9 маусым күні елімізде Президент сайлауы болады. Жақында ғана өткен партиямыздың кезектен тыс ХІХ съезінде Nur Otan партиясының төрағасы ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасы президенттікке ұсындым. Тоқаев ысылған, өте тәжірибелі мемлекет қайраткері. Менің ойымша бүгінде Қазақстанға басшылық етуге әбден лайық бірден бір тұлға. Ол - еліміздің нағыз патриоты. Мен бүкіл қазақстандықтарды, Ассамблеяның мүшелерін алдағы 9 маусымда өтетін сайлауға белсенді қатысып, ауызбіршілгімізді көрсетуге шақырғым келеді. Барша қазақстандық азаматтардың аспандары ашық болсын!.
Сессия жұмысын жан-жақты қорытындылаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын үздік деп бағалады. Сонымен қатар 1995 жылы құрылған ҚХА қазақ елінің ынтымағын арттыру бағытында талмай еңбек етіп келе жатқандығын тілге тиек етті.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті қос палатасының бірлескен отырысында, халыққа арналған дәстүрлі Жолдауын жасады.Бұл Жолдауда қоғам алдында індет және экономикалық дағдарыс жағдайында алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндап берді. Президент Жолдауын 2 қыркүйекте ұсынған еді. Жолдауда мемлекеттік органдар алдына саяси жаңғыру үдерісін жүзеге асыру, азаматтық қоғамды дамыту, ел экономикасын ілгерлету, халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту, тұрмысын көтеру сияқты мәселелер қойылып оны жүзеге асырудың жолдарын айқындалған болатын",-деді тарихшы.
Президент Жолдауда қойған бір міндеті шағын,сонымен қатар орта бизнесті ілгерлету болса, Қазақстан әлемнің 190 елінің қатарында бизнес ахуалына келетін болсақ,ТОП-25 елдің қатарына қосылды. Корановируске қатысты карантин кезінде үкімет кәсіпкерлікті барыншақолдау шараларын жасады.
Халықты қолдау мен бизнес,кәсіптерді қорғауға бағытталған шаралар үшін үкімет 6 трлн теңге бөлді.Соның ішінде 4,5 млн адамға екі ай көлемінде әлеуметтік төлемақы берілді, үкімет бұған 450 млрд теңге жұмсады. 1 млн-нан астам адамға азық-түлік пен тұрмыстық заттар қоржынын таратты. 1,6 млн адамның коомуналдық шығындары өтеді. 2020 жылғы қаңтар-шілде аралығында көпбалалы аналарға 133,5 млрд теңге жәрдемақы берді.
Жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан ел экономикасы біршама дами түсті. 2019 жылға қарағанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3 пайызға өсті. Жаңа халықаралық маршруттар ашылып, авиабилеттер құны төмендеп, әуе көлігінің халыққа қолжетімділігіне мүмкіндік жасала бастады. Агроөнеркәсіп саласында даму байқалды. 8 құс фабрикасы, сүт өндіретін 25 өнеркәсіптік,сонымен қатар 30 отбасылық тауарлық сүт фермасы салынды.Осы жылы күзде 18 млн тонна астық жиналып, еліміз өзін астықпен толық қамтамасыз етті. Бүкіл әлем соңғы 100 жылда болмаған күрделі дағдарысқа ұшырағанын, жаһандық экономиканы қалпына келтіру үшін 5 жыл уақыт керек болды. Қазақ республикасы да әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі. Сондықтан ел үкіметі сыртқы ахуал мен ішкі жағдайларды ескере отырып еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының бесжылдық (2021-2025 жж.) үш ықтимал сценариін әзірлеп қойды.
Президент Ұлт жоспары мен бес институционалдық реформаны негізге ала отырып еліміздің саяси сонымен қатар,әлеуметтік-экономикалық дамуы жалғасатынына,ел азаматтарының бұл істерді қолдайтынына сенім білдірді.
"Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы көшіліктің көптен күткен ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандық дағдарыстан шығу және қалыптасқан мемлекет (2000-2022) жж
Қазақстан Республикасында Президенттік билік институты
Қытайдың сыртқы саясатының бағыттары
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ РӨЛІН ТАЛДАУ
Бағалы қағаздар нарығындағы дағдарыстар
Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық маңызы
Ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстандағы лизингтік қызмет жағдайын талдау және бағалау
Пәндер