ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ТАҒДЫРЫНЫҢ БЕЙНЕСІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАДЫРОВА. Ж «МУЗЫКАТАНУ» БӨЛІМІНІҢ 3-ШІ КУРС СТУДЕНТІ,

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ,

ҚАЗАҚСТАН, АЛМАТЫ.

ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ТАҒДЫРЫНЫҢ БЕЙНЕСІ.

АННОТАЦИЯ

Данная статья посвящена раскрытию образа женщины в творчестве казахстанских композиторов. Тема представлена в разных контекстах: в преемственной связи с замыслами в жанре казахской эпической оперы - в обращении к незавершенной «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» М. Толебаева, прославленной «Қамар сұлу» Е. Рахмадиева и с литературными произведениями времени создания первоисточника - романа С. Торайгырова и других сочинений, где особенно ярко показана тема судьбы казахской женщины. Именно этот сюжет в начале ХХ века оказался стержневым в указанных

произведениях и на протяжении долгого времени в дальнейшем сохранял свою актуальность. Эти музыкальные и литературные тексты отличаются разной интерпретацией, новыми акцентами, обусловленными жанром, индивидуальностью автора, временем создания и т. д. ) . Одним из важных событий в истории современной национальной музыки и театра стала постановка мюзикла «Қозы Корпеш - Баян сұлу» композитора Б. Дальденбай, состоявшаяся в 2003 году во Дворце Республики города Алматы.

Все упомянутые произведения являются действительно разными. Они требуют изучения с точки зрения интерпретации избранной нами темы. В мюзикле «Қозы Корпеш - Баян сұлу» Б. Дальденбай приходит к жанровому обновлению, расширению художественных возможностей: прошлое и современное соединяются в эпосе, воплощаясь через переосмысление традиционных форм.

ТҮЙІНДЕМЕ

Біздің тақырып қазақстандық композиторлар шығармашылығындағы әйел бейнесін ашуға арналған. Мақала әр түрлі контексте ұсынылған: М. Төлебаевтың "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" операсы, Е. Рахмадиевтің "Қамар сұлу" операсы және бастапқы дереккөзі С. Торайғыровтың романының ондағы XX ғасырдың басындағы қазақ әйелінің тағдыры. Дәл осы сюжет осы шығармаларда өзекті және ұзақ уақыт бойы ол маңыздылығын сақтап келді. Бұл шығармалар әртүрлі интерпретациямен, акцентпен (жанр, композитордың тұлғасы, уақыты) ерекшеленеді. 2003 жылы Алматы қаласында Республика сарайында композитор Б. Далденбайдың "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" мюзиклінің қойылымы қазіргі ұлттық музыка мен театр тарихындағы жарқын оқиғалардың бірі болды.

Біз атап өткен барлық осы шығармалар әр қилы. Олар әртүлі түсіндірмелермен ерекшеленеді. Бірақ Б. Дальденбайдың "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" мюзиклі жанрлық жаңаруға, көркемдік мүмкіндіктердің кеңеюіне келеді: өткен мен қазіргі заман дәстүрлі нысандарды қайта ойластыру арқылы эпоста бірігеді, екі дәуірдегі ұрпақтың диалогы сияқты қабылданады.

ANNOTATION

This topic is devoted to the disclosure of the image of a woman in the works of Kazakh composers. The article is presented in different contexts: in the successive connection with the composers' ideas realized in other genres on the same theme in the epic genre - opera "Kozy Korpesh - Bayan sulu" by M. Tolebayev, opera "Qamar sulu" by E. Rakhmadiev and its primary source novel by S. The opera "Kamar uulu" by E. Rakhmadiev and its original novel by S. Toraigyrov, which tells about the fate of a Kazakh woman at the beginning of the 20th century. This very plot turned out to be the core of the mentioned works, and for a long time it kept its urgency. These works differ in their interpretation, accents (on genre, individuality of the composer and time) . One of the brightest events in the history of modern national music and theater was the staging of the musical "Kozy Korpesh-Bayan sulu" by composer B. Daldenbay in 2003 at the Palace of the Republic in Almaty.

All these works that we mentioned are different. They differ in interesting interpretations. In the musical "Kozy Korpesh Bayan sulu" B. Daldenbay comes to genre renewal and expansion of artistic opportunities: the past and the modern are combined in an epic, embodied through rethinking of traditional forms.

ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ТАҒДЫРЫНЫҢ БЕЙНЕСІ.

Әйел тағдыры - қай заманда да өзекті мәселелердің бірі. Әдебиет және музыка адамзат қоғамы бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, ақын-жазушылар, композиторлар адами құндылықтарды жазудан бас тарта алмайды. Онсыз шығармашылық тұлғаның дамуы да болмайды.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті әйел образын жаңа көзқараспен суреттеген шығармаларға өте бай. Мәселен, Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», басты кейіпкері Жамал - өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты, саналы қыз. Кеңестік заманның алғашқы жиырма жыл ішіндегі қоғамдық құбылыстардың еңбекші адамға тигізген әсерін, қазақ халқының ғасырлар бойында қалыптасқан тұрмыстық, салттық болмысының, шаруашылық, кәсіптік негізінің жойылып, оның орнына жаңа қүрылымдардың табиғи орын теуіп болмаған кезеңінің сыры мен мұңын шебер суреттеді. Бейімбет Майлинның «Шұғаның белгісі» шығармадағы ең өткір мәселе - әйел теңсіздігі сөз болған. Бұл түындыда бірін бірі сүйген екі жастың - Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық халі айтылады.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» - өзінің тақырыбы мен мазмұны жағынан әлеуметтік роман. Жазушы қазақ әйелінің теңсіздіктегі жай-күйін роман оқиғасының негізіне алып, сол арқылы өз дәуірінің қоғамдық шындығын әлеуметтік тұрғыда талдайды. [2, 264]

Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», т. б. көптеген туындыларда әйел психологиясы мен оның нәзік болмысы суреттелген.

ХХ ғасырдағы музыка әлемінде де әйел образын жаңа қырынан, өзгеше бейнелеген.

Мәселен, Мұқан Төлебаевтің “Қозы-Көрпеш - Баян сұлу” операсы - түркі халықтарына ортақ классиқалық ғашықтың көркем үлгісі. Негізгі тақырыбы белішінде болу ғұрпы. Қозы мен Баян оқиғасы руаралық қатынастары өрістеп, бір-бірімен қосылуға ұмтылған екі жастың маххабат жолындағы күресі.

Опера желісі Ғ. Мүсірепов трагедиясындағы сахналар ретін ұстанбаған. Шығарма Қозының тау арасындағы ауылынан емес, сұлу табиғат аясында сылдыраған бұлақ, күміс көлдің жағасындағы гүлге толы алаңқайда сайран салған Баян сұлудың құрбы қыздарымен бірге бақытты сәтінен хабардар қылар әнімен басталады. Бұл көріністе композитор күнәсіз пәк жанның қоршаған табиғат-анаға, өмірге ынтыға тоймай құштар көзбен қараған жас арудың бозбалалық бақытты жайынан сыр шертеді.

Бірінші көрініс соңы Баянның ақылы мен көркінен мысы басылған, иықтарына жабылған сый-сияпатқа түсіне алмай аң-таң болған топты, әдемі де сыпайы жасалған салт жоралғыға аңыраған топты селт еткізетін тосын драматургиялық бұрылыспен аяқтайды. Сөзге тоқтай білген бір топ атының басын кері тартса, Баяннан тілері мұндай сый емес, жас сұлудың өзі екенін шегелеп айтып, ізетпен берген сыйын кері лақтырып тастап, ортадан тасырлықпен кететін Қодардың едіреңдеген әрекетімен аяқталады.

Композитор опера кейіпкерлері: Баянның құрбыларын - халық бейнесін қыздар хоры арқылы көрсетсе, ария, ариозалар арқылы жеке кейіпкерлер: Баян, Қодар, Жантық, Айдарлар секілді бір-біріне ұқсамайтын алшақ кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін дөп басып ашады. Хор-би нөмірлері бар сахналар арқылы композитор халық өмірі мен салт-дәстүрін көрсетер әр алуан ортаға жатар қыздар мен жігіттер топтарының мінездерін айқын, дөп басып бере білген.

Мұқан Төлебаевтың айтқан пайымдауын еске алсақ былай деген: «Консерваторияны бітірген соң тағы бір операға кірісудің арманы тұр алдымда. Қазақ ауыз әдебиеті таусылмайтын алтын қор емес пе. «Ақан сері - Ақтоты», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қобыланды», «Еңлік - Кебек» сияқты дастандар опера жазуға дайын тұрған дүниелер, тек либретто болсын. Бірақ ол жоқ. Оны жазатын адамдар бар, жазғылары келмейді. Менің көп ойлайтыным «Қозы - Көрпеш», түбінде соған бір кірісемін», - деп студент күнінен армандаған болатын [] . Бұл аталған шығармалардың түгелге жуығы кейінірек, М. Төлебаевтың ізін басып келе жатқан екінші буын қазақтың профессионалды композиторлар шоғыры: Ғазиза Жұбанова, Сыдық Мұхамеджанов, Еркеғали Рахмадиевтердің жазуымен опера партитурасына айналды.

Композитордың қайтыс болуына байланысты шығарма аяқталмаған, бірақ сақталған үзінділері бойынша қазақ музыкалық-сахналық өнерінің тарихындағы жаңашыл құбылысқа айналуы мүмкін лайықты шығарма болушы еді.

Қазақтың ұлттық операсының асыл марданы Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» шығармасы әйел образын жаңа қырынан суреттеген. «Қамар сұлу» операсының басты тақырыптарының бірі - қазақ қоғамындағы XX ғасырдың басына дейін кең алған әйел теңсіздігі. Қоғамда жеке адамның тағдыры оған деген басқа адамдардың қатынасы, етек алып отырған зорлықтар, әйел теңсіздігі, қазақ операсында осы жағдайлар үлкен эмоционалды екпінділікпен баяндалып, көркем образ ретінде сомдалады. Композитор Қамар тағдыры туралы әр түрлі түсінігін, қалың малға сатып шалдардың жас қыз алуын, әлділердің әлсіздерге зорлық, халықтың қараңдылығы қапас тіршілігін өткір сынайды. Сол негізде феодалдық - патриархалдық салт-сананың күйреуін, елдің надан мінез құлқын әшкерелейді.

Осы сюжетке М. Төлебаев опера жазуды қолға алған, бірақ кейін ол «Бiржан Сара» операсына көңілі ауып кетті.

«Қамар сұлудың» музыкасында автордың бұл жанрда ілгері буын қазақ композиторларының әсіресе Мұқан Төлебаевтың дәстүріне, стиліне азды-көпті еліктеуі байқалатын.

Операның екінші бөлімінде Камар ариясында - қыздың бейнесі суреттеледі. Ақылды, ұстамды, сөзге шешен, ақын қыз. Қамар өзіне тең жар боларлық адамды: бай, сымбатты жандардан іздемейді, ақылды, сырлас, мұңдас адамдардан іздейді.

Қамар сұлу операсының идеясы - махаббат тарихы трагедиясыннан ғана туындамайды. Композитор айелдер тағдырын, олардың адамдық құқығын ескермеген қоғамдағы түрлі әлеуметтік күштердің, осы мәселеге қарым қатынасын бейнелеп көрсетеді. [3, 34]

XX ғасырдың 70-80 жылдардың музыкасына келген композиторлар заманауи ұлттық қазақ мектебінің негізін құрайды. Олар: Тілес Қажығалиев, Алмас Серкебаев, Қуат Шілдебаев, Серік Еркінбаев, Кеңес Дүйсекеев, Владимир Стригоцкий-Пак, Төлеген Мұхамеджанов, Бейбит Дальденбай, Балнұр Қыдырбек, Еділ Хұсайнов, Әділ Бестібаев, Серікжан Абдинуров және басқалар.

2003 жылы Алматы қаласының республика сарайында Бейбіт Далденбайдың "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" мюзиклінің қойылымы қазіргі ұлттық музыка мен театр тарихындағы жарқын оқиға болып саналады.

Көркемдік жаңалығы - ұлттық драматургия мен сахна өнеріміздің дамуына ерекше роль атқарды. Басты режиссер әуезді мюзикл жанрмен шағарманың трагедиялық бояуын сәттігін ұштастыра білген. Спектакльдің сахналық мазмұндылығы режжисер мен композитордың қиялы мен ой тұжырымына ғана емес актерлердің шеберліктенімен де көркемделді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ балет музыкасындағы Қалқаман - Мамыр эпосы
Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылар
Құрманғазы Сағырбайұлы
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
Мұхтар Әуезов және Абай жолы
Михаил Иванович Глинка творчествосы
Мұқтар Әуезов
Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ
Атақты Абай жолы эпопеясы қазақ өмірінің энциклопедиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz