Қазақстандағы туризмнің басты бағыттарын айқындап, пандемия кезіндегі орын алған өзгерістерге баға беріп, талдау жасау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ

БАҒЫТЫ:

Қоғамдық зерттеу және Қазақстанның туризмі

Пандемия кезіндегі Қазақстанның туризм саласындағы орын алған өзгерістер қандай?

БАҒЫТЫ:: ТАҚЫРЫБЫ:
Қоғамдық зерттеу және Қазақстанның туризміПандемия кезіндегі Қазақстанның туризм саласындағы орын алған өзгерістер қандай?:
ПӘНІ:
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
ПӘНІ:: ОРЫНДАҒАН:
Қазіргі әлемдегі Қазақстан: Қайырлина Айгерім
ПӘНІ:: СЫНЫБЫ:
Қазіргі әлемдегі Қазақстан: 12 «А»
ПӘНІ::

ПӘН

МҰҒАЛІМІ:

Қазіргі әлемдегі Қазақстан: Т. С. Абилькасенов
ПӘНІ:: СӨЗ КӨЛЕМІ:
Қазіргі әлемдегі Қазақстан: 3122

Өскемен, 2022

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 2

Зерттеу мақсаты 2

Зерттеу болжамы 2

Зерттеу міндеттері 2

Зерттеу сұрақтары 2

Теориялық контекст. 3

Зерттеу әдістері 5

Сауалнама нәтижелері 5

Сұхбат нәтижелері 8

Қорытынды 9

Зерттеуді өзіндік бағалау 10

Зерттеуді жалғастыру жоспары 11

Дереккөздер тізімі 12

Аппендикс 13

Кіріспе

Туризм (туристік сапарлар) (француз тілінен tour; ағылшынша кезек) - келушілердің басқа елге немесе тұрақты тұрғылықты жерінен басқа аймаққа жұмысқа орналасудан өзге кез келген мақсатпен кетуі (саяхаты) [9] . Мұндай саяхат жасайтын адамды «турист», «саяхатшы», «қонақ» деп те атайды. [10]

Әлемдік деңгейде, туризм ел экономикасының дамуына әсер ететін маңызды салаға айналды. Туризмнің негізгі пайдасы - табыс пен жұмыс орындарын құру. Көптеген аймақтар мен елдер үшін бұл әл-ауқаттың ең маңызды көзі болып табылады. Ұлттық экономиканың туризмнен пайда алу мүмкіндігі қажетті инфрақұрылымды дамыту үшін инвестицияның болуына және оның туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету қабілетіне байланысты. Қазақстанның эко және этнотуризм және туризмнің басқа балама түрлерін дамыту үшін туристік әлеуеті бар. Жұмыстың көлемі туризмнің экономикаға және әсіресе табысқа әсерін көрсету болып табылады.

“Туризм алдымен қызмет түрі ретінде сұранысты тудырады, содан кейін бұл сұранысты салалар тобы ретінде қанағаттандырады. ” [11]

Туризм Қазақстанда жаңа сала болғандықтан, қазіргі таңда қарқынды дамып жатыр.

Бұл тақырып ең бастысы маған өзінің өзектілігімен қызықты болып табылады. Пандемия уақытында Қазақстанның туризм саласында және туризмға іргелес жатқан салаларда көптеген өзгерістер орын алды. Бұны сол уақыттағы күнделікті өмірден жіті бақылауға болатын. Екіншіден, менің туыстарым Шығыс Қазақстандағы Алакөл көлінің жағасында туристтік базаны иеленеді және басқарады. Мәселенің өзіме жақындығына байланысты осы пандемия кезіндегі туризм саласы өткерген өзгерістер тақырыбын зерттеуді шештім.

Туризм саласы пандемия кезінде алпауыт өзгерістерге ұшырауын зерттеу арқылы болашақ коронавирустың өршуіне төтеп беруге тиімді қадамдар ойластырып, не кез келген басқа төтенше жағдайлардағы жоспарларға дайындалуға іргетас ретінде қолдануға мүмкіндік беремін. Бұл жұмыстың келесі артықшылығы Қазақстандағы толық дамымаған, осының нәтижесінде жіті зерттелмеген саланың бөлігін зерттеу арқылы Қазақстанның туризм саласына түсініктер мен өзімнің перспективаларымды енгіземін. Жобаның Қазақстандағы өзектілігінің арқасында заманымыздағы туындап жатқан өткелдерден сүрінбей өткенге септігін тигізеді деген үміттемін.

Зерттеу мақсаты: Қазақстандағы туризмнің басты бағыттарын айқындап, пандемия кезіндегі орын алған өзгерістерге баға беріп, талдау жасау.

Зерттеу болжамы: Қазақстандағы коронавирус пандемиясы уақытында туристтердің өзін өзі оқшаулау шараларынан, туристтер ағыны азайып, әртүрлі туристтік нысандар қарызға белшеден батты. Табыстары төмендеді және уақытша жабылуға тура келді. Бұл ретте тек туристтік нысандардың иелері\ бастықтары ғана емес, турист қабылдау орнындағы қызметкерлердің саны төмендеп жоспарын күл-пәрше қылды.

Зерттеу міндеттері:

  1. Туризм саласындағы табыстың тербелістік ауытқуларына әсер ететін басты факторларды анықтау және кризистік уақыттағы өзгерістер мен қайта ұйымдастыруларға мән бере отырып, тақырыпты егжей-тегжейлі зерттеу.
  2. Демалыс базасының иесі, туристік фирманың директоры сынды пандемия кезінде іс атқарған туристтік ұйымдардың ықпалды тұлғаларынан сұхбат алу арқылы өзекті мағлұмат жинап және шындыққа жанасатын дәлелдер растау.
  3. Қазақстанның әртүрлі жастағы, әртүрлі кәсіптегі және әртүрлі аймақтағы тұрғындарынан туризмнің танымал бағыттары, туристтік дестинациялардың баға жағынан және жету жағынан қолжетімділігін зерттеу.
  4. Ғаламторлық зерттеу жасау арқылы Қазақстандағы туризмнің өзіндік ерекшеліктерін байқау және әлемдегі басқа елдермен салыстыру.
  5. Жиналған зерттеу материалдары мен адамдардың берген ақпараттарын талдау арқылы зерттеу мақсатын қанағаттандыру.

Зерттеу сұрақтары:

  1. Қазақстандық туризм бағыттарының аса дамымауының себе неде? Және ол локдаун уақытында қалай әсер етті?
  2. Қазақстандағы пандемия кезіндегі туризм саласындағы өзгерістер салаға ұзақ мерзімде қандай салдар алып келуі мүмкін?
  3. Қазақстандағы туризм мәселесін қала шешуге болады? Және өткерген тәжірибеден нені сабақ ретінде ала аламыз?

Теориялық Контекст

Орта ғасырларда Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан оң түстігіндегі шаһарлары мен барлық территориясындағы табиғаты әсем қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған [12]

Қазақстандағы туризм бағыттары мен сандық мәліметтер

Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, экология, этника, денсаулық сауықтыру, спорттық, балық аулау, аң аулау), т. б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 800-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген. Оларға баратын туристтердің жайлылығы үшін Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Қазақстандағы туризмнің салыстырмалы жоғары дәрежеде дамуы Орталық Азия және шекаралас мемлекеттерден туристтердің көптеп келуіне септігін тигізеді. [12]

Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді

  • табиғи-рекреациялық
  • тарихи-археологиялық
  • тәуеп ету[13]

Туристтік нысандар және дестинациялар

Қазақстандағы туристік ресурстарға - туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын Алакөл, Бурабай, Рахман Шоқылары, Шарын Шатқалы сынды табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін, мысалға Айша бибі кесенесі, Түркістан мәдени қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және тағы да басқа нысандар жатады. Оларды әлеуметтік, мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, діни, т. б. туризм түрлеріне бөлуге болады. [12]

Изображение выглядит как текст Автоматически созданное описание Жоғарғы он орынға енген ең перспективалы бағыттар ретінде Қазақстанның мына 10 басым туристік аумақтары қарастырылады [13] :

Кесте 1. Қазақстанның аймақ бойынша сандық мағлұматы және болашаққа әлеуеті.

Туризмнің елге түсіретін пайдасы орасан зор

Әлемдік жалпы ішкі өнімнің шамамен 10 %-ы, әлемдік қызметтер экспортының 30 %-ы, жаһандық инвестициялардың 7 %-ы, қызмет орындарының 10 %-ы және барлық салық түсімдерінің 5 %-ы туризм саласына жатады және орасан зор қаражат түсіреді.

Бір шетел туристінен түсетін табысқа баламалы кіріс үшін әлемдік нарыққа шамамен 15 тонна мұнай немесе, 9 тонна тас көмір, немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидай шығару керек. Бұл ретте шикізат сату елдің энергия жеткізгіштерін сарқиды, ал туризм ресурстарды жаңғыртады. Елге келетін әрбір турист әрбір сағат сайын шамамен 20 доллар жұмсайды, 30 турист 1 жұмыс орнын береді. [13]

Отандық тасымалдаушылардың дабыл қағуы.

Chocofamily Holding бас атқарушы директоры Рамиль Мухоряпов айтуы бойынша, карантин кезінде барлық әуе компаниялары тек коронавирусқа қарсы шаралардың жеңілдетілуі мен әуе және теміржол желілерінің қайта жандануын күткен, және міндеметтемелерді орындауға барлық күштерін салды. Қазақстандағы қатаң локдаун шараларының салдарынан әуе рейстерінің 95%-ға жуығы уақытша тоқтатылды. Әдетте Қазақстандық жолаушылардың әуе билеттерін 7%-ы қайтаратын болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 80%-ға дейін көтерілген.

Әлемдік әуе компаниялардың деректеріне сүйенсек, 2020 жылы Италия елінде өткен жылмен салыстырғанда сапарға шығу мақсатымен әуе билеттерін алдын ала брондау 94%-ға, Испанияда 84%-ға, Ұлыбританияда 63%-ға, Германияда 65%-ға азайған. Он. Бұл дегеніміз, ұшақ кризисі тек Қазақстанда ғана орын алып қоймай, әлемдік ұшақ компаниялары да дағдарысқа түскен. [14]

Қонақ үй индустриясы ең көп зардап шеккендерді бірі

Қонақ үй индустриясы бірқатар себептерге байланысты, коронавирустық пандемиядан зардап шеккендердің бірі болды. Олардың ішінде-халықаралық әуе қатынасын толық тоқтата тұру, ел ішіндегі ұшулар санын қысқарту, туристік сапарларды тоқтата тұру, іскерлік кездесулер мен іс-шаралар санын барынша азайту себептері. [15]

Үкіметпен бірлескен көмек

Карантиннің басындағы туризмдегі күрт дағдарыс мәселесіне Президент пен Атамекен ҰКП бірден көңіл бөлді. Мемлекет басшысы жарлығымен туристік компаниялар 1 сәуір және 1 қазан аралығында табыс салығынан босатылды. Жалпы салық бойынша төлем мерзімі үш айға шегертілді.

«Kazakh Tourism» ҰК және «Атамекен» ҰКП бірлескен жол картасын талқылау арқылы 5 бөлімге бөлінген 27 іс-шара құру жайлы 2020-2021 жылдарға жоспарлады. «Kazakh Tourism» ҰК басқарма төрағасы Ержан Еркінбаевтың мәлімдеуі бойынша бұл құжатта ішкі туризмді дамытуға, атап айтқанда балалар және сауықтыру туризмі, қолөнерді ілгері жылжытуға басымдық берілген. [14]

Негізгі Бөлім

Зерттеу әдістері

Зерттеу барысында үш зерттеу әдісі жоғарыда жазылған сұрақтарды негізге ала отырып құрастырылды.

  1. Сауалнама: Сауалнамалық зерттеу «жеке тұлғалардың сұрақтарға жауап беруі арқылы алынған ақпаратты жинау және синтездеу» ретінде анықталады. [16] Сауалнама зерттеу міндеттерін ескере отырып және қойылған зерттеу сұрақтарының үшеуін де негізге ала отырып құралды. Сауалнамаға барлығы 76 респондент жауап берді. Сауланамаға жауап беруші респонденттер демографиясы қалың ауқымды аудиторияны қамтиды. Яғни жалақысы төмен, жалақысы жоғары қызметкерлер, банк саласынан, білім беру саласынан қызметкерлер, мектеп оқушылары, жоғарғы оқу орындарының студенттері сынды әртүрлі әлеуметтік таптардан, әртүрлі жастағы респонденттер болу арқасында, бүкіл халықтың ахуалын көрсететін нәтижелер жиналды. Зерттеу жұмысындағы сандық мәліметтерді жинау құралы болып табылатын сауалнама әдісі респонденттердің назар уақытын арттыру үшін бірнеше нұсқасы бар таңдама сұрақтарын қоюды және сұрақтар санының көп болмауын көздейді. Құралған сауалнамада 8 жабық сұрақ және 2 ашық сұрақ қою арқылы тиімді жүйе жасалды.
  2. Құрылымданған сұхбат: Сұхбат Zoom желісі арқылы өткізілді. Сұхбат берушінің уақытын тиімді қолданып, зерттеу ауқымынан шығып кетпей жұмыс атқару мақсатында сұхбат құрылымданған түрде дайындалды. Сапалық мәлімет жинауға арналған сарапшылық сұхбат түрі жауап беруші жақ - сұхбат берушілердің жан-жақты көзқарастар мен ойларын жинау арқылы зерттелетін тақырыпты тереңірек түсініп, жиналған нәтижелерді талдауға мүмкіндік береді. Құрылымданған сұхбатта 4-5 ашық жауапты сұрақ түрлері зерттеудің басты міндеттеріне сүйене отырып жазылған. Осыған қоса, сұхбат берушінің күтпеген жауаптар қатуына байланысты сұхбат алушының соңына дейін пікірін есту үшін зерттеуге немесе 1-2 шамасында нақтылайтын сұрақтар қоюға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, келесі талқылау кейбір қателіктерге қарамастан, сұхбат әдісі жасырын сараптамалық білімдерді ашу және пандемия кезіндегі Қазақстан туризм саласында орын алған өзгерістердің ішкі логикасын түсіну үшін жемісті болып келетінін көрсетеді.
  3. Ғаламторлық зерттеу: Ғаламторлық зерттеу жүргізу арқылы жұмыстың теориялық контекст бөлімін жазуға дереккөздерден мәлімет жиналып, басты ақпарат іріктеліп алынып, қорытынды ретінде ұсынылды. Ғаламтордық зерттеу ретінде, Қазақстандық басылған кітаптар, Қазақстандық туризм мен министрлігінің ресми парақшасындағы статистикалық мәлімет, Қазақстандық жаңалық платформаларынан мақалалар, сенімді шетелдік ресурстар негізгі мағлұмат көзі ретінде қолданылды. Зерттеу жұмысына кіріспе ретінде және оқырманға контекст беру қызметін атқаратын ғаламторлық зерттеу әдісінде Қазақстан туризмінің тарихы, туризм түрлері, сұранысқа ие бағыттары, жалпы статистика және қонақ үй индустриясы жайлы сөз қозғалды. Қосымша туризмнің даму деңгейі жергілік, мемлекет, халықаралық деңгейлерде талданып, коронавирус пандемияға қарсы шаралар орын алған уақыттағы өнімділігін салыстырады, және жіті талдайды.

Нәтижесі

Сауалнама нәтижелері

Сауалнама бірнеше бөлімдерге бөлу арқылы респонденттерды алдыңғы сұрақтағы таңдауы бойынша қосымша сұрақтар сұрауға мүмкіншілік туды. Ең бірінші бөлімде респонденттердің жасы менен кәсібі жайлы ақпарат сұралды. Олардың үлестері біркелкі бөлінген болды. Зерттелуші халық Қазақстан мемлекетінің тұрғындары болғандықтан, сауалнамаға ықтималдық (кездейсоқ) үлгі әдістері қолданылды, және санаулы болса да зерттеу тақырыбы алаңдататын жандарға сұрақтар қойылды. [17] Нәтижесінде, респонденттердің үлгілік нәтижелерін халықтың санағына жалпыланды. Демек, респонденттердің зерттеуші халықтың үлгісі екендігіне көз жеткізуге болады.

Диаграмма 1. Коронавирус пандемиясы кезіндегі 2020 жылдың жаз мезгілінде саяхаттағандар және саяхаттамағандар саны.

Коронавирус пандемиясы өршіген сәтте мемлекет локдаун режимін жариялап, қатаң карантиндік шараларды орнатты. Үкімет тұрғандарға адамдар көп шоғырланған аймақтарға бармауға кеңес берді. Сауалнаманың бірінші сұрағының нәтижелеріне сәйкес, 2020 жылдың жаз мезгілінде Қазақстан төңірегінде саяхаттаған отандастарымыздың саны одан алдыңғы жылдың статистикасымен салыстырғанда саяхаттаушы туристтердің саны күрт азайды. Негізгі трендке сай басым көпшілік Қазақстандықтар(69, 7%) саяхаттаған жоқ, ал қалғаны(30, 3%) төніп тұрған қатерге қарамастан саяхаттады. Нақтырақ санды мәліметке сүйенсек, респонденттердің 50%-ы саяхаттамауды шешіпті, ал қалған 19, 7%-ы саяхаттауларын егжей тегжейлі жоспарлауына қарамастан ойларынан бас тартыпты. Келесі ретте, 9, 2% респондент саяхаттауға жоспарлар құрып, шын мәнінде ұстанғанын және 21, 1% адам саяхаттағаны жайлы хабарайды. Бұдан шығатыны, расында да Қазақстан аумағындағы саяхаттаушылар саны азаюы, туризм саласындағы дағдарысқа әкеліп соғуы мүмкін.

Диаграмма 2. Коронавирус пандемиясы кезіндегі 2021 жылдың жаз мезгілінде саяхаттағандар және саяхаттамағандар саны.

Келесі 2021 жылға қатысты диаграммадан көретініміз, 2020 жылдың статистикасына қарағанда респонденттердің 52, 6 %-ы, яғни жартысынан сәл көбі саяхаттады. Дегенмен, 47, 4 % респондент жаз айларында демалу не басқа да мақсаттарда саяхаттамағынын мәлімдейді. Осыдан, Қазақстандықтардың шамалай алғанда жартысы 2021 жылдың жаз мезгілінде демалыс мақсатында саяхаттады деген тұжырымға келуге болады.

Диаграмма 3. Қазақстанның туризм саласын көрсеткіштері арқылы бағалау

Келесі диаграммада респонденттер «Сіздің ойыңызша Қазақстандағы туризмге баға беріңіз» деген сұрақтың әр көрсеткішіне жауап берді. Барлығы алты көрсеткіш, олар туристтік нысандардың инфрақұрылымы, қызмет көрсету деңгейі, бағалардың қолжетімділігі, дестинацияның экологиялық тазалығы, туристтің нысандарды жарнамалау деңгейі, туристтердің саны, бес деңгейге бөлінді, олар өте төмен. төмен, орташа, жоғары және өте жоғары. Қырық респонтдентке жетер жетпестейі туристтік нысандардың инфрақұрылымы Қазақстанда орташа деңгейде деп санайды. Қалған 30-ға жуық респонденттің ойынша бұл көрсеткіші өте төмен не төмен дамыған. Келесі ретте, қызмет көрсету деңгейінің графигі туристтің нысандар инфрақұрылымы графигіне ұқсас. Бағалардың қожетімділігіне тоқталатын болсақ, респонденттердің 40%-ы орташа нұсқасын таңдаған, қалғанынан, 14 адам төмен және 11 адам өте төмен нұсқаларын, ал 13 адам жоғары және 6 адам өте жоғары нұсқаларын таңдаған. Нақты қырық адам дестинациялардың экологиялық тазалығы орташа деңгейде, ал 21 шамасында респондент төмен деңгейде деп санайды. Туристтік нысандардың жарнамалау деңгейі көрсеткіші бойынша респонденттердің 40%-ына жуығы орташа, 26%-ы жуығы төмен нұсқаларын белгідеген. Ал 55, 3 пайыз респондент туристтердің саны орташа деңгейде дамыған деген пікірді ұстанады. Бұл нәтижелерден, басым көпшілік Қазақстандықтар туризмді орташа деңгейде дамыған санайды деген ой түюге болады. Тек бағалардың қолжетімділігі жағынан ойлар төмен жоғары деп алшақтай түседі. Сонымен қатар, туристтердің нысандарды жарнамалау деңгейі де төмен мен орташа аралығанда жатыр.

Диаграмма 4. Пандемия кезіндегі Қазақстан туризмі саласындағы көрсеткіштердің өзгеруі

Бұл сұрақтың көрсеткіштері алдыңғы сұрақтікімен бірдей болып келеді, дегенмен, нұсқалар төмендеді, өз деңгейінде қалды, жоғарылады деп үшке бөлінді. Респонденттердің 60, 5%-ы туристтік нысандардың инфрақұрылымы өз деңгейінде қалса, 31, 6%-ы төмендеді деп санайды, ал жоғарылады дегендердің саны өте аз. Қызмет көрсету деңгейінеде келтірілген статистика алдыңғы көрсеткіштікіне ұқсас. Осыған қарама қарсы, дестинацияның экологиялық тазалығы пунктінің төмендеуі басқа көрсеткіштердің төмендеу үлесімен пара пар келіп тұр, дегенмен, респонденттердің 42, 1%-ы өз деңгейінде қалды деп санаса, 32, 8%-ы керісінше жоғарылады деген ойда. Бағалардың қолжетімділігі мен туристтік нысандарды жарнамалау деңгейі сынды көрсеткіштерінің нәтиежері алғашы екі көрсеткіштің нәтижелерімен сәйкес. Туристтердің санына оралатын болсақ, респонденттердің басым көпшілігі төмендеді деген пікірге келіседі. Нәтижесінде, ең кардинальды өзгерістерге дестинацияның экологоияның жақсаруын және туристтер санының азаюын жатқызуға болады.

Сұхбат беруші жөнінде

Сұхбатқа Алакөлдің ШҚО өңіріне қарайтын жағалауындағы «Ханшайым» демалу базасының иесі мен басқарушысы Каирова Оралкан есімді Қазақстан азаматшасы таңдап алынды. Қазақстан бойынша ең жоғары туристтік ағымға ие жаздық дем алу дестинацияларының бірі Алакөл көлінде жүздеген демалу базалары, ойын сауық мекемелері, мейрамханалар орналасқан. Өзінің емдік қасиеттерімен танылған демалу орны, қазірде бүкіл Қазақстаннан келетін туристтердің жаз мезгілін таңдаулы өткізуге арналған жеріне айналды.

Бұл демалу базасы өз жұмысын 2016 жылдың жаз мезгілінен бастап іске қосты. Барлығы 17 бөлме 8000-12000 теңге шамасы арасында жалға беріледі, ішіне үш рет тамақтану кестесі кіреді.

Сурет 1. Демалыс базасының фотосы

Сұхбат нәтижелері

Сұхбатта ауқымды тақырыптар қарастырылғандықтан, келесідей нәтижелер қорытындыланды:

  • Пандемия уақытындағы локдаун шараларының әсерінен Алакөлге демалуға келушілер саны дереу төмендеді. Оралкан Ханымның демалу базасына 2019 жылдың жазына қарағанда 2020 жылдың дәл сол уақыт аралығында 2 есе туристтер саны азайған.
  • Қазақстандағы баламалы яки енді жарыққа шығып келе жатқан туризм бағыттарының дамымауы расында да көпшілік қауым арасында танымалдыққа ие емес екендігінен туындайтынын жоққа шығаруға болмайды. Біріншіден, Қазақстан тұрғындарының менталитеті туризм деген сөзді естігенде дәстүрлі жаз кезіндегі суға шомылып жағалауда дем алу мен қыс мезгілінідегі таудағы шаңғы тебуді елестетуімен шектеледі. Еліміз әлі де көлік туризмі, сауықтыру туризмі, спорттық туризм, экотуризм, этнотуризм сынды ерекше бағыттарына деген сұраныс аз. Екіншіден, үкімет тарапынан жаңа бағыттарды дамыту және жарнамалау арқылы шетелдік туристтерді Қазақстанға шақыру тарапынан жұмыстар сирек жүргізіледі және кең ауқымдыбағдарламалар қарастырылымаған.
  • Алдыңғы жылмен салыстырғанда, демалу базасына келушілердің санын күрт төмендеуі себебінен демалу базасының шығысы артты. Ұзақ мерзімде бұл демалу базаларының иелерін қайтадан аяқтарына тұруы үшін микроқаржыландыру ұйымдарына жүгіне мәжбүрлейді. Бұл жайлы сұхбат беруші: «Мен білетін ұсақ және орта мекемелердің иелері бизнестерін алып қалу үшін осындай шараларға баруға тура келді», деп тіл қатты.

Қорытынды

Зерттеу нәтижелерін қарастыра отырып, төмендегідей қорытындылар жасалды

  • Қазақстандық туризм бағыттарының аса дамымауының себе неде? Және ол локдаун уақытында қалай өзшерді?
  • Ең алдымен, Қазақстандағы туризм саласы енді дамып келе жатқан сала болып табылады. Сауалнама нәтижесінен қорытқандай, Қазақстандықтардың пікірі бойынша жаңа пайда болып жатқан экотуризм, көлік туризмі сынды туризм бағыттарының дамымауын негізінде мемлекет тарапынан аса назар аударылмағандығына байланыстырады. Екінші жағынан қарайтын болсақ, дамуға мүмкіндіктер жасалмағандықтан шағын бизнес ашу қиыншылықтар туғызады. Демек, туризм саласының жоғары дәрежеде дамымағандығы жаңа туризм бағыттарының гүлденуінеде нұқсан келтіреді.
  • Коронавирус пандемиясы уақытында туристтардың төмендеген ағынынан, көптеген туристтік агенттіктер, Қазақстан бойына туристтік нысандардың иелері, және дестинациялардағы шағын және орта бизнес басқарушылары зардап шекті. Сондықтан туризм бағыттарының біртіндеп аяққа тұруы тежелді.
  • Қазақстандағы пандемия кезіндегі туризм саласындағы өзгерістер салаға ұзақ мерзімде қандай салдар алып келуі мүмкін?Бұл сұраққа PEST талдау арқылы жауап беруге болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік индустрияның құрамдас бөліктері
Қазақстанның ішкі туризмі
Туризмді дамыту саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм саласы даму үстінде
Пандемияның Қазақстан экономикасына әсері
Туристік индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастыру саясаты
География курсын оқыту барысында оқушылардың iзденiс iс-әрекетiн ұйымдастыру
Қазақстанның туристік қызметіне инвестиция тарту және нарықты дамыту перспективалары бойынша ұсыныстар
Жаһандық дағдарыстан шығу және қалыптасқан мемлекет (2000-2022) жж
Рекреациялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz