Жайылым геоботаникасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы «Жарасбек Ата»шаруа қожалығы . . . 5
1. 1 Сарысу ауданындағы жайылымдардың геоботаникалық жағдайы туралы мәлімет . . . 12
1. 2. Жер бедері (рельеф) . . . 13
1. 3. Топырақ . . . 14
1. 4 Өсімдіктер . . . 14
1. 5Гидрография және суландыру . . . 16
1. 6. Жайылым геоботаникасы . . . 16
1. 7. Жайылым сыйымдылығы . . . 16
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ . . . 18
КІРІСПЕ
Өндірістік практика оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Тәжірибенің мақсаты - кәсіпорындардың қызметіне практикалық қатысу және кәсіби дағдылар мен өздік жұмыс тәжірибесін меңгеру негізінде алған теориялық білімдерін бекіту; қорытынды біліктілік жұмысын жазу үшін материалдарды жинау, талдау және синтездеу.
Мақсатқа сәйкес келесі міндеттер шешілді:
-практика жетекшісімен танысу өткізіп, ұйымнан тәжірибе жетекшісінің байланыстарын, сондай-ақ бағыныстылығына, сыртқы түріне, жұмыс тәртібіне, қауіпсіздік техникасына қатысты ережелерін түсіндіру;
-Кәсіпорынмен танысу: оның түрі, мамандануы, профилі, орналасқан жері, жұмыс режимі, әр құжаттарға ұқыптылықпен қарау керектігін;
- қызметкерлердің клиентпен қалай жұмыс жасайтындығын көру;
-Кадастрлық істің құжаттарын дайындауды ұйымдастыру мен тәртібін зерделеу;
-жерге орналастыру жобасының ішкі тәртібімне танысу және қалай дайындалатынын көру;
- Жер кадастрлық құнын анықтау барысын үйрену;
- Жер учаскелерінің шекараларын белгілейтін актты жасау;
- GPS құралы арқылы берілген координаттарымен жер учаскесінің орналасқан жерін табу;
- Алынған ақпаратты өңдеу және талдау.
Тәжірибе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ың Жамбыл облысы бойынша филиалы -Тараз қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімі кәсіпорнында өтті.
1. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы «Жарасбек Ата»шаруа қожалығы
Жалпы жағдайы
Сарысу ауданы - Жамбыл облысының батысындағы әкімшілік бөлініс. Ауданның жалпы жер көлемі 3 136 094 гектар. Тұрғын саны 44 419 адам. Аудан аумағындағы 27 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген және Жаңатас қаласы. Аудан орталығы - Жаңатас қаласы, облыс орталығынан ара қашықтығы 180 шақырым.
«Жарасбек Ата»шаруа қожалығы-Жаңатас қаласында орналасқан. Сарысу ауданыдағы ауыл шаруашылығы бағытында негізделген, соңғы уақытта мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Еліміздің азық-түлікпен толық қамтамасыз ету міндетін орындауда мал шаруашылығын дамыту айрықша орын алатын болса, оның негізі-табиғи жайылымдарды тиімді және ұтымды пайдалану болып табылады.
Жер пайдаланушылар мен меншік иелері үшін табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану, жайылымның тозуын болдырмау, жақсарту шараларын жүзеге асыру кезек күттірмейтін міндет. Осыған орай ауылдық округтер, шаруа қожалықтары жалпы аудан аумағындағы төрт түлік мал басының жайылымдық жерлерімен қамтылу жағдайын талдау жүргізіледі.
Аудан аймағының климаты тым континентік, ауа құрғақ, ауа ылғалдығы аз мөлшерде болады, қысы бір шама суық, жазы ыстық әрі қуаң, аңызақты келеді.
Аудан аумағындағы жер қойнауынан қиыршық тас және тұз өндіріледі.
Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі 675 495 гектар, оның ішінде 19 606 гектар егістік, 123 гектар көп жылдық екпелер, 11 546 гектар шабындық, 593 847 гектар жайылымдық, 72 470 гектар елді мекендер жерлері, 11 115 гектар өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер, 1000 гектар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, 532 092 гектар орман қоры жерлері, 1788 гектар су қорының жерлері, 883 781 гектар босалқы жерлер бар. Басқа мемлекеттің (Ресей Федерациясы) пайдаланып жатқан жерлері 1 035 000 гектар.
Сарысу ауданы Мойынқұм жәнеТалас аудандарымен, Қарағанды және Түркістан облыстарымен шектеседі. Жоспардың мақсаты: жайылымдарды басқару және оларды пайдалану. Жоспарды іске асыру мерзімі: 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 2021 жылдың аяғына дейін.
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Сурет-1
Жайылым айналымдарының қолайлы схемасы
Сурет-2
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдадың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген карта
Сурет-3
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қолжеткізу схемасы
Сурет-4
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауылшаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Сурет-5
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауылшаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Сурет-6
1. 1 Сарысу ауданындағы жайылымдардың геоботаникалық жағдайы туралы мәлімет
Сарысу ауданының аумағы Жамбыл облысының батыс бөлігінде орналасқан. Аудан жерінің басым көпшілігі жазық, солтүстігінде Қарағанды облысымен, оңтүстігінде Талас ауданымен, шығысында Мойынқұм ауданымен, батысында Түркістан облысымен шектесіп жатыр.
Аудандағы ауыл шаруашылығының негізгі саласы егіншілік және мал шаруашылығы. Ауданның негізгі бағыты ет-сүт мал шаруашылығымен қоса астық игеру.
Аудан негізінен облыс орталығына жақын орналасқан, темір және автомобиль жолдары еліміздің басқа өңірлерімен жалғастырады.
1. 2. Жербедері (рельеф)
Аудан территориясының беті-оңтүстік жағы таулы аймақ, біржағы таулы етегі, солтүстікке қарай Мойынқұм массиві орналасқан.
Қаратау тауы бірнеше жоталардан тұрады, солтүстік-батысқа қарай, таудың абсолюттік нүктелері біркелкі емес, оңтүстік жағы 420 метрге дейін жетсе, солтүстікке қарай 330 метрге дейін төмендейді.
Сарысу ауданының табиғи шарты, соның ішінде климат, топырақ және жер бедері дәнді және жемшөп дақылдармен айналасуға өте қолайлы. Табиғи құнарлы жертелімдерді, жайылым азықтар мен пішендерді алу үшін қолдануға болады.
Микрорельеф, яғни микро жер бедері топырақ қабатының кешенділігіне сәйкес келеді.
Ауданның жербедері, ауылшаруашылық дақылдарды егу және жинау, топырақты өңдеу жұмыстарына заманауи техникаларды қолдануға ыңғайлы және мал бағуға өте қолайлы, яғни жер бедері, топырақты механикалық өңдеуге және ауылшаруашылық дақылдарды өсіруге кедергі жасамайды.
1. 3. Топырақ
Топырақтың жоғарғы қабатының қалыптасуына әртүрлі климаттық тереңдегі ыза сулардың жатуы, рельеф топырақтың түрлері себеп болады. Бұл топырақтың сапасы жақсы, құрамында гумус 4, 2 %. Топырақты егіншілікте пайдалану үшін агротехниканы ғана қажет етеді.
Аудан аумағындағы қара-қоңыр топырағының құрамында гумус төмен. Топырақтың механикалық құрамықара-қоңыр саздақты әрі түрлі құрамдағыдай тастақтау.
1. 4. Өсімдіктер
Ауданның жерді қолдану массиві құрғақ жерлер аймақшасында орналасқан. Негізінде, жусан, жантақ, қамыс, құрақ, бұталыөсімдіктер, яғниәр-түрлі шөптер көп тараған. Пішен жайылымдарда орташа жағдайда болып табылады.
Мал жаюға қаралған табиғи өсімдіктер аумағы ауданның барлық шекарасында таралған.
Жайылым жерлер көбінесе, бетегелі-жусанды, дәнді жусанды бозды бетегелі, бидайықты-айрауықты дәнді, қияқ-дәнді және қияқ-дәнді құрақты күрделі байланыстырылған қоғамдастық тары мен ұсынылған.
Жайылым толықтай ауылшаруашылығы малдарының жайылуына негізделген, жайылымдарды бірқалыпты қолданбаудың салдарынан, нәтижесінде өсімдік қабатында әртүрлі желінбейтін шөптер кездеседі. Бұл табиғи шөптердің азаюына, жайылым құнарлығының төмендеуіне әкеліп соғады. Олардың қолдану мерзімі азаяды. Осыған орай, мерзімдік жайылым тәртібін дұрыстау, малдың жайылым алаңын бір бірлікке азайтукерек, ал кей жерлерде көпжылдық шөптер егу қажет.
Көріп отырғандай, жайылым айналымы сызбасында, 6 жылда бір реет шөп жайылымдарына "демалыс" беріледі, яғни жайылым деградациясының алдын алады.
1. 5. Гидрография және суландыру
Аудан гидрографиясы Талас және Аса өзендері мен және де ағыссыз жатқан таяз ойыстардағы топталған көлдерімен негізделеді. Бұл ойыстарда ірі көлдер орналасқан. Олар:Талас, Бүркітті, Комитерн, Өтес және басқа да көлдер.
Көлдердің көбінің айна ауданышағын, сондықтан тереңдігі де аз. Су көлемі, айна ауданы және көл тереңдігі түскен жауын-шашынның санына байланысты өзгеріп отырады.
Қорытындылай келе, суландыру көздері ауданда ауылшаруашылық малдарының қажеттілігін толығымен қанағаттандырып отыр.
1. 6. Жайылым геоботаникасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz