Төртінші топ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық Тараз Инновациялық институты

СӨЖ

Тақырыбы: Тәуелдеу және жіктеу категориялары. Сөз таптары
Орындаған: Нурадинов Еркеғали
Тексерген: Кужаева Майра

Тараз-2022

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Жалғану жүйесі мен формалары
1.1 Бірінші топ
1.2 Екінші топ
1.3 Үшінші топ
1.4 Төртінші топ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.
Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.

Негізгі бөлім
Жалғану жүйесі мен формалары
Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт үлгі бойынша жіктеледі:
Бірінші топ
Бірінші топқа отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері, есімшелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады;
Үлгілер:
а) тұр, жүр.
Жекеше Көпше
1-жақ тұр-мын, жүр-мін тұр-мыз, жүр-міз
2-жақ тұр-сың, жүр-сің тұр-сыңдар, жүр-сіңдер
тұр-сыз, жүр-сіз тұр-сыздар, жүр-сіздер
3-жақ тұр, жүр тұр, жүр
ә) Есімшелер: барған, келген; баратын, келетін; барар, келер;
бармақ(шы), келмек(ші).
Жекеше Көпше
1-жақ барған-мын, келген-мін барған-мыз, келген-біз
2-жақ барған-сың, келген-сің барған-сыңдар, келген-сіңдер
барған-сыз, келген-сіз барған-сыздар, келген-сіздер
3-жақ барған, келген барған, келген
б) Зат есімдер:оқушы, мұғалім т. б.
Жекеше Көпше
1-жақ оқушы-мын, мұғалім-мін оқушы(лар)-мыз, мұғалім(дер)-біз
2-жақ оқушы-сың, мұғалім-сің оқушы(лар)-сыңдар, мұғалім(дер)-сіңдер
оқушы-сыз, мұғалім-сіз оқушы(лар)-сыздар, мұғалім(дер)-сіздер
3-жақ оқушы, мұғалім оқушы(лар), мұғалім(дер)
в) Сын есімдер: аласа, үлкен т. б.
Жекеше Көпше
1-жақ аласа-мын, үлкен-мін аласа-мыз, үлкен-біз
2-жақ аласа-сың, үлкен-сің аласа-сыңдар, үлкен-сіңдер
аласа-сыз, үлкен-сіз аласа-сыздар, үлкен-сіздер
3-жақ аласа, үлкен аласа, үлкен
г) Сан есімдер: оныншы, үшінші т. б.
Жекеше Көпше
1-жақ оныншы-мын, үшінші-мін оныншы-мыз, үшінші-міз
2-жақ оныншы-сың, үшінші-сің оныншы-сыңдар, үшінші-сіңдер
оныншы-сыз, үшінші-сіз оныншы-сыздар, үшінші-сіздер
3-жақ оныншы, үшінші оныншы, үшінші
ғ) Есімдіктер: қалай, кім т. б.
Жекеше Көпше
1-жақ қалай-мын, кім-мін қалай-мыз, кім-біз
2-жақ қалай-сың, кім-сің қалай-сыңдар, кім(дер)-сіңдер
қалай-сыз, кім-сіз қалай-сыздар, кім(дер)-сіздер
3-жақ қалай, кім қалай, кім(дер)
д) Үстеу: бірге
Жекеше Көпше
1-жақ бірге-мін бірге-міз
2-жақ бірге-сің бірге-сіңдер
бірге-сіз бірге-сіздер
3-жақ бірге бірге

Екінші топ
Екінші топқа -а, -е, -й (бара, келе, сөйлей) формалы және -п, -ып, -іп (қарап, айтып, келіп) формалары көсемшелер жатады; олар екінші үлгі бойынша жіктеледі.

Үшінші топ
Үшінші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы (бар-ды, кел-ді), мен шартты рай формасы (барса, келсе) жатады; бұлар үшінші үлгі бойынша жіктеледі.

Төртінші топ
Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы (бар, кел) жатады да, төртінші үлгі бойынша жіктеледі.
Ал тәуелдік категориясы - иеленуші үш жақтың біріне бір заттың меншікті екенін білдіретін тілдік құбылыс. Қазіргі тілімізде меншікті білдіретін категория мына секілді тәсілдер арқылы іске асады (тәуелдеу категориясы): морфологиялық, синтаксистік және морфосинтаксистік. Синтаксистік, яғни аналитикалық тәсіл сөздердің тіркесінен біз, сіз ілік септігіндегі есімдіктер мен түбір күйінде тіркескен, яғни анықтауыш пен анықталушы мүшелер тізбегі арқылы жүзеге асқан амалдың түрі. Мысалы, біздің көше, сіздің аудан (сіздің аудан биыл өзгеріпті).
Ал тек есімдік қана емес, басқа да сөз таптарының ілік септігінде келіп (анықтауыштың), анықталушы сөз тәуелдік жалғауда келсе, яғни әрі морфологиялық, әрі синтаксистік тісілдердің қабаттаса келуі аралас (морфосинтаксистік) тәсілге жатады: ауылдың малы, көлдің балығы т.б.
Морфологиялық тәсіл нәтижесінде жасалынатын тәуелдеу категориясы екі түрлі қосымша арқылы: -нікі, -дікі, -тікі жұрнағы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазық эллипстік сандар алгебрасының құрылымы
Қан топтарын мінезімен байланыстыру
Үшінші топтың катиондарын тұнбаға түсіру
IUPAC ұсынған 18 торлық периодтық кестенің құрылымы және негізгі блоктары
Трансфузия
Абай Құнанбаев. Қаза сөздері
Периодтық жүйесінің ашылу тарихы
Периодтық жүйенің құрылымы
Үшінші және төртінші дәрежелі теңдеулерді шешу әдістері
Жалғау түрлері
Пәндер