Көптік мәнді есімдер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық Тараз Инновациялық институты

СӨЖ

Тақырыбы: Зат есім: сипаты, лексикалық-грамматикалық топтары. Зат есім түрлері, құрылымы түрлену жүйесі мен синтаксистік қызметі
Орындаған: Нурадинов Еркеғали
Тексерген: Кужаева Майра

Тараз-2022
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Адамзат және ғаламзат есімдері
2. Жалпы және жалқы есімдер
3. Көптік мәнді есімдер
4. Көмекші есімдер
5. Зат есімнің морфологиялық сипаттары
5.1. Зат есімнің құрылымы
5.2. Зат есімдердің жасалу тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.

Негізгі бөлім
Адамзат және ғаламзат есімдері
Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.
Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.

Жалпы және жалқы есімдер
Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.
Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.
Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз. Мысалы: кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.) үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.) өндіріс, мекеме, ұйым аттары ("Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб" т. б.) газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары ("Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", "Қан мен тер" т. б.) географиялық атаулар (Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс т. б.) қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы т. б.) тағы басқа жалқы атаулар жатады. Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады.
Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика).

Көптік мәнді есімдер
Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды. Мысалы: сүт, ұн, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық, алтын, жел, құйын деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жекедара затты ғана атамайды, оны тобымен атайды. Көптік мәнді есімдердің ерекшеліктері тек семантикаларында ғана, демек, затты жекелеп атамай, топтап атауларында ғана емес, грамматикалық сипаттарында да бар. Мысалы, сол аталған ұн, алтын, жел, ақыл тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ, осылардың бәрі де практикалық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалады. Ескерту: Көптік мәнді есімдер кейде көптік жалғаулы формаларда да қолданылады. Бірақ бұл сөздер көптік формада көбінесе я басқа мағынада жұмсалады, я өздеріне қосымша мағыналық реңдер жамап алады.
Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады: Сұйық заттардың атаулары: айран, арақ, боза, шай, тұздық т. б. Газ тектес заттардың аттары: азон, бу, түтін, тұман т. б. Уақ, ұнтақ заттардың, ұйысқан майда заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетеге, жусан, жүн, түбіт, шаш, кірпік, жиде, алша т. б. Дерексіз ұғымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, ақыл, дау, қайғы, қасірет, сүйеніш, шындық т. б. Өздігінен табиғи бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қола, құрыш, шойын т. б. Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зат есімнің мағыналық топтары
Зат есім
Зат есімнің мағыналық топтары жайлы
Зат есімнің көптік тұлғада қолданылуы
Зат есім (Қазақ грамматикасы бойынша)
Бастауыш сыныпта зат есімді оқыту
Зат есімнің көптік категориясы
Зат есімдерді жекеше түрде жазу
Бастауыш мектепте зат есімді оқыту тәжірибесімен танысу
Бастауыш сыныптарда зат есімді оқытудың тиімді жолдары
Пәндер