Модаль сөздер


Халықаралық Тараз Инновациялық Институты
СӨЖ
Тақырыбы: Сөз таптарының қалыптасуымен дамуы
Қабылдаған: Сарсенбаева Майра
Орындаған: Данышпанова Қымбат
Тобы: ҚТ-20-1
Тараз 2022 ж.
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
1. Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі ұстанымдары туралы
2. Сөз таптарының шығуы мен дамуы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ тілінде сөздерді таптастырудың негізгі принциптері мен басты критерийлерін меңгере отырып, сөздерді сөз таптарына бөле білу және әрбір сөз табының өзіне тән белгілерін ажырата білу, сөз таптарының шығуы, қалыптасуы мен даму процесін игеру, практикалық жағынан сөйлемдегі әрбір сөздің қай сөз табына жататынын, қандай грамматикалық, лексика-грамматикалық белгілері бар екенін талдап ажырату.
Тілдің грамматикалық құрылысы, белгілі топтағы сөздердің түрлену жүйесі мен соған сәйкес туындайтын әр түрлі грамматикалық мағыналар, грамматикалық категориялардың өмір сүріп, жүйелі тілдік құбылыс болуы т. б. сипаттар тіліміздегі сөздердің белгілі-белгілі грамматикалық топтарға, сөз таптарына бөлінуіне байланысты. Өйткені сөздер семантикалық (лексикалық емес, грамматикалық) сипаттарының, түрлену жүйесінің, синтаксистік қызметтерінің ортақтығына қарай топталады. Әдетте қазақ тіліндегі сөз топтары атаушы немесе мағыналы сөздер, көмекші сөздер болып, кейде оған үшінші топ одағай сөздер қосылып бөлінеді. „Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай, ең алдымен, үш үлкен топқа бөлінеді. Олар - атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер. Бірден айта кету керек, бұндай түсініктің қателігі - тілдегі грамматикалық құбылыс пен лексикалық құбылыстың өзара айырмашылығын, олар тілдің бөлек-бөлек деңгейі екенін ажырата алмау болып табылады. Сөздерді атаушы, көмекші және одағай сөздер деп бөлуде морфологиялық белгілердің ешбір қатысы жоқ, өйткені атаушы сөздердің де түрленетіндері бар, бар, сол сияқты көмекші сөздердің де түрленетіндері бар, түрленбейтіндері бар. Сондықтан морфологиялық белгі я белгілер сөздерді атаушы, көмекші, одағай сөздер деп бөліп жіктеуге негіз, тірек бола алмайды. . Екіншіден, семантикалық белгі деген де нақты, дәл емес, өйткені лексикалық семантика бар да, олай болса ол лексикалық мағынаға негізделеді, онда лексикалық немесе лексика-семантикалық белгі деп нақтылаған жөн болар еді, сондай-ақ грамматикалық семантика бар, олай болса ол - грамматикалық мағынаға негізделеді.
Үшіншіден, сөз таптары сөздердің грамматикалық (лексикалық емес) сипаттарына негізделген ортақ белгілері арқылы біріктірілетін грамматикалық топтары, сондықтан лексикалық семантикасы негізінде немесе лексика-семантикалық сипаты, белгілері арқылы жіктелген сөздер тобы сөз табы бола алмайды.
1. Қазақ тілінде сөз таптастырудың негізгі ұстанымдары туралы
Тілдің байлығы - сөздер алуан түрлі, олар тек мағынасы жағынан ғана емес, грамматикалық құрамы, атқаратын қызметі жағынан да түрлі-түрлі. Тілдегі сөздердің бұл ерекшелігін ғалымдар ерте байқаған. Сонымен байланысты тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі туындаған.
Тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі тіл білімі ғылымында алғашқы грамматикалардан басталған. Аристотельдің сөздерді есім және етістік деп бөлгені белгілі. Содан бері ғылым дамып, эр тілдің грамматикаларында сөздердің топтары нақтыланып, барған сайын анықталып келеді. Бір тілдін өзінде сөздер әр заманда түрліше таптастырылып отырғаны белгілі. Мәселен, 1914 жылы баспадан шыққан А. Байтұрсыновтың «Тіл құрал» атты оқулығында сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер деп екі үлкен топқа бөлген. Атауыш сөздерге: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік деген бес сөз табын жатқызған. Ал, шылау сөздерге үстеу, демеу, жалғаулық, одағай сөздерді жатқызған. Бұл қазақ тілінде жазылған алғашқы оқулық екені белгілі. Ахмет Байтұрсынов «Тіл құралдың» 1915 жылғы басылымында сөз таптары туралы пікіріне біраз өзгерістер енгізген. Оқулықтың бұл басылымында ғалым сөздерді бұрынғы басылымдағыдай екі үлкен топқа бөлмеген. Сөздерді 9 топқа бөлген: зат 5есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулықтар, одағай.
Қазақ тілінде сөздер екі түрлі топтастырылады. : 1) сөздерді 3 топқа бөлу, 2) сөздерді әр түрлі жеке-жеке сөз таптарына бөлу. Олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқтау қажет.
Тілдегі сөз атаулыны үш топқа бөлу алғаш екі топ ретінде (атауыш сөздер, шылаулар) А. Байтұрсыновтан басталғаны жоғарыда айтылды. Сөздерді бұл тұрғыда топтастыру олардың мағыналық ерекшелігіне, атқаратын лексикалық, грамматикалық қызметіне негізделген. Сөздерді осы түрде таптастыру тек қазақ тіліне ғана қатысты құбылыс емес. Мысалы, 2004 жылғы Д. Э. Розенталь, И. Б. Голуб, М. А. Теленковалардың авторлығымен шыққан «Современный русский язык» атты оку кұралында «самостоятельные и служебные части речи» деп бөліп, одан басқа модаль сөздер, одағай жэне еліктеуіш сөздер топтары бар деп есептеп жэне олардың эрқайсысына қысқаша анықтама берген.
2. Сөз таптарының шығуы мен дамуы
Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әр түрлі көзқарастар мен пайымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары сөздердің лексика-грамматикалық категориялары болып саналса, екіншілері бойынша, сөз таптары сөздердің формальды-грамматикалық категориялары, үшіншілері бойынша, сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады. Сөйтіп, қазақ тілінде мынадай сөз таптарын көрсетуге болады.
1. Зат есім 2. Сын есім 3. Сан есім 4. Есімдік 5. Үстеу 6. Етістік 7. Еліктеу сөздер 8. Шылаулар 9. Одағай 10. Модаль сөздер
Әрине, көрсетілген 10 сөз табының тілімізде, сөйлеу процесінде алатын орны, атқаратын қызметі біркелкі емес. Олардың әрқайсысының ұқсас топтардан айқындылығы, ажыратылу шегі, түрлену жүйесі, жетілу дәрежесі де бірдей емес. Жалпы тілдің өзі тарихи құбылыс болғандықтан, оның грамматикалық топтарының бірі сөз таптары да тарихи құбылыс, олардың қалыптасып, дамып отыру жүйесі бар.
Сөз таптарының шығуын, қалыптасуын бірсыпыра ғалымдар сөйлем мүшелерімен байланыстырады. (М. ГП) Негізгі сөз таптары сөйлеу процесінде сөздердің белгілі сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасқанын көрсетеді. Әрине, бұл процесте сөйлем ішіндегі сөздердің орын тәртібі, орналасу тұрғысының да әсері бар. Өйткені сөздер, бір жағынан, сөйлемдегі орын тәртібі арқылы (бұл сөздердің белгілі тәртіппен орналасуының, қолданыла-қолданыла келіп тұрақталуы негізінде қалыптасады), екінші жағынан, белгілі сөздермен тұрақты синтаксистік қатынас жасап, грамматикалық сипаты айқындалу арқылы белгілі грамматикалық мағыналарға ие бола бастайды. Сол жалпы грамматикалық мағыналарының негізінде сөздер жеке-жеке грамматикалық топтарға яғни сөз таптарына жіктеле бастайды. Тілдің көне балаң шағында сөз таптары бүгінгідей бір-бірінен грамматикалық тұлғалары арқылы да, семантикалық сипаты арқылы да онша ажырап тұрмаған. Ол кезде грамматикалық тұлғалардың деривациялық қызметінің өзі дамымаған, тіпті грамматикалық тұлғалар қалыптаспай тұрғанда сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы таза аналитикалық жолмен ғана байланысқан. Жіктеу есімдіктерінің Орхон-Енисей жазбаларының тілінде баяндауыш қызметіндегі сөзбен қайталанып тіркесуі, бір жағынан, олардың әлі жіктік жалғауға толық айналып бітпегенін, екінші жағынан, белгі бір сөздің жалпы грамматикалық мағыналарын қалыптастыруда сөздердің қосымшасыз, орны арқылы белгілі қызметте қолданылғанын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz