НАУҚАСТЫҢ ҚҰЛАҚ КҮТІМІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

НАУҚАСТЫҢ ҚҰЛАҚ КҮТІМІ

1. Науқастардың тез жазылып кетуі тек қана ем ретінде қолданған дәрі-дәрмектерге ғана емес оның күтіміне байланысты. Медицинада емдеу үтім деген түсініктер бір-бірінен ажыратуға болмайды. Себебі, науқастың қабылдап жатқан емі дұрыс болғанымен, күтімі нашар болса, мұндай науқастың хал-жағдайы жақсармақ түгіл нашарлап кетуі мүмкін. Сондықтан да аяжаннан ауру күтім кезеңдерін, әдістерін білуі және оларды дұрыс қолдануы өте маңызды деп есептеледі. Науқастың жағдайы неғұрлым ауыр болса, онда оның күтіміде соғұрлым қиын болады. Ауыр халде жатқан науқасқа көрсетілетін күтімінің бір бастылары мыналар: ауыз, құлақ, мұрын, көз, шаш, тері күтімі, ойықтың алдын алу және оны емдеу. Аталған күту шараларын күн сайын, өз уақытында жүзеге асырып отыруы әрбір аяжаннан өз мінжеті деп білуі керек.

2. Шаш күтімі науқастың басы 7-10 күнде бір рет сабынмен немесе су сабынмен жуылып тұру керек, қабылдаубөлімшеде түскен науқастардың бәрінің шашын тексеріп бит табылса оны тазалап, 10 күннен кейін қайта тексеру керек. Шашын «Антибит» шампунімен немесе «К» - сабынымен жуу керек. «К» - сабынымен жуғаннан кейін 40 минутқа басын клеенкамен орап, кейін шампуньмен, сосын 5 проценттік сірке қықылымен шайу керек. Егер шашта қайызғақ қана болса оны сірке қышқылының ерітіндісіне тарақты батырып алып шаштан қысқасын түбінен ұшына қарай, ал ұзын шашты - паралельді бумаларға бөліп-бөліп, оларды ұшынан түбіне қарай, жұлмаламай, тарау керек. Бұл әдіс шаштың кірінде жақсы тазартады. Науқастың режимі жалпы режим болса, онда оның шашын гигиеналық ванна алғанда жуады. Егер науқас төсек тартып жатса, онда оның шашын төсек орнында жуады. Легенді керуеттің бас жағына қойып, науқастың басын желкесіне дейін шалқайтып, астын көтеріп қояды. Шашты сабындағанда бастың терісін жақсылап жуып алу керек. Содан соң шашты құрғатып сүртіп, мұқият тарайды. Шашын жуған басына аяжан құрғақ сүлгі немесе үшкіл байлайды. Әр науқастың өз тарағы болу керек.

3. Көз күтімі. Сырқаттан көзін күту аяжаннан ерекше назар талап етеді. Көзден ірің ақса, онда 0, 02 проценттік фурацилинге мақта томпонын батырып отырып көздің сыртқы шетінен бастап ішкі шетіне қарай сүрту керек. Көздің ішкі қабаты қабынғанда, ірің пайда болғанда немесе химиялық заттармен күйгенде 1:5000 риванол, 1: 5000 перманганат калий ерітінділерімен жуу керек. Көзге тамызатын дәрі залалыздалған болуы қажет, себебі залалсыздалмаған ерітіндіден көзге инфекция түседі. Дәріні пипеткамен тамызады. Медбике көзге дәрі тамызудың немесе май жағардың алдында қолын щеткамен сабындап жуып, спиртпен сүрту керек.

4. Мұрынның ішін күту және оған дәрі тамызу әдісі. Жалпы режимдегі науқастар өз мұрындарын өздері тазалауға тиісті. Ал ауыр халдегі әлсіз науқастарға мейірбикенің көмегі қажет. Мұрынды тазарту үшін мейірбике науқастыңі мұрынына вазелинге немесе глицеринге малынған дәкені жайлап тығып қояды да арада 2-3 минут өткеннен кейін оны қайтадан алып тастайды. Сөйтіп әлгі дәкеге сіңген вазелин немесе глицерин мұрынның ішкі шырышты қабығына қатқан қабыршақтарды жібітеді де олардың оңай алынуына көмектеседі. Науқас адамның мұрнына дәрі тамызар алдында жоғарыда айтылғандай әдіспен мұрынды тазалап болғаннан кейін, аурудың басын шалқайтып, екі танауына пипеткамен 6-7 тамшы, ал майлы дәрі болса 15-20 тамшы тамызады.

5. Құлақ күтімі. Жалпы режимдегі науқастар таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін құлақтарын жуу керек. Ажан ұзақ уақыт төсек тартып жатқан сырқат құлағын оқтын-оқтын тазалап тұруы тиіс, себебі адамның құлағына құлық қатса, ол нашар еститін болады. Құлақты 3 проценттік сутегі тотығыың ерітіндісін тамызып тазартады. Егер құлық көп болса, оның үстіне қатып қалған болса, онда шашамен 150 мл - дей сутегінің тотығын резеңке баллонымен немесе жаңа щприцімен жіберіп, жуып-тазалайды.

6. Ауыз күтімі. Науқастың ауыз қуысында микроорганизмдер жиналады, олар ауыз қуысының шырынын қабығын іріңдетуі және қолайлы иіс шығаруы мүмкін. Сондықтан, ауыз қуысының күтімі - ең бір маңызды жұмыс, мұны аяжан әрдайым есінде сақтауы тиіс. Жалпы режимдегі тамақ ішкен сайын туады сумен шаю керек (1 стакан суға шай қасықтың төрттің бірін тұз салу керек) . Ауыр науқастың ауыз қуысын күтімін аяжан жүргізеді. Әрбір тамақтанғаннан кейін мақтаны қысқышпен ұстап 5 проценттік бура ерітіндісін немесе 2% сода ерітіндісімен, перманганат калий ерітіндісімен сулап аурудан ауызын тазалайды. Ауыр науқастың жиі пайда болуы мүмкін, олар тамақ ішкенде аурады, еріксіз сілекей ағады, тіпті де дене қызығуы көтеледі. Ауыз қуысын шырынды қабатын дәрімен емдеу - аппликация немесе дәрімен жуу деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халі ауыр науқастар күтімі принциптері
Күтім
Науқастың көзіне, мұрнына, құлағына күтім жасау, басын жуу, шашын тарау
Біліктілікті медициналық көмек
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ
Науқастың жеке басының тазалығы
АҒЗАНЫҢ ӘРТҮРЛІ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ БҰЗЫЛҒАН КЕЗДЕГІ МЕЙІРБИКЕЛІК ҮРДІС
Пластикалық операциялар
Эпилепсия ауруына жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz