Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері

XX ғасырдың бас кезінде: Ресейдегі саяси билік нығая түскенімен ол өзіне қоғамдағы демократиялық және радикалдық күштер тарапынан, әсіресе ұйымдаскан оппозиция тарапынан ашық сынға түсе бастады.
Европадағы саяси ахуал Ресей империясында либералдық және революциялық қозғалыстардың пайда болуына ықпал eттi. Патша өкіметіне қарсы оппозициялық негіздегі саяси күштер бipiгiп, ел билігіне идеялық балама топтар құрылабастады. Олар негізінен саяси партиялар турінде пайда болды.

Осы кезеңде құрылған оппозициялық партиялардың бағдарламаларынан абсолютті монархияның саяси жүйесіне демократиялық институттарды енгізу, самодержавиелік билікті конститутциялық тәсілдермен тежеу, саяси билікті төңкеріс жасау арқылы құлату сияқты көзқарастар көpiнic тапты. XX ғасырдың басында либерализм мен консерватизм идеяларын ұштастырған Бейбіт жолмен жаңару партиясы, мемлекеттік мәселесінде парламенттік басқару жүйесін енгізуді ұсынды. Оларды қолдаған либералдық негіздегі "Конститутциялық демократиялық (кадеттер) партиясы" саяси билікке тіпті төңкеріс жасау арқылы қол жеткізіп, демократиялық жолмен социалистік жүйені орнатуды енгізуді ұсынады бағдарламалық мағынада насихаттады. Большевиктер партиясы, социалистік талаптармен қатар демократиялық институтардың Ресей мемлекетілік ерекшеліктеріне сай болуын жақтаған социалист-революционерлер партиясы (эсерлер) құрылды.

Қазақстанның Ресей бодандығына етуіне байланысты хандық билік жойылып, қазақ қоғамының өмipi әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге ұшырап, аймақ капитаистік қатынастар ауқымына тартылды. Алайда империя отарындағы Қазақстанның орталықтан шалғай орналасуы, көшпелі өмip салты қазақ халқын Ресейдегі саяси өмірден алыс етіп, саяси белсенділік танытуға кедергі келтірді. Әйтседе Ресей қалаларында білім алып, орыстың алдыңғы қатарлы мәдениеті мен саяси ықпалын сезінген қазақ зиялылары кейбір оппозициялық партиялардың ықпалымен Қазақстанда саяси ой-пікірді дамытып, демократиялық идеяларды насихаттай бастады. Қазақ зиялыларының саяси көзқарастарының қалыптасуына әcipece кадеттер партиясының әcepi болды.

Кадеттер партиясының өзі қазақ зиялылары тарапынан қолдау тапты. Қазақ зиялылары кадет партиясының құрамына еніп мүшелікке eніп, бағдарламасын мойындады. Қазақ зиялыларының рухани жетекшісі Әлихан Бөкейханов 1906 жылы кадеттер партиясының Орталық комитетіне мүше болып сайланды. Осыған қатысты С.Асфендияров былай деп жазды: "Қазақтың буржуазиялық интелигенттері орыстың буржуазиялық интеллигенттерімен (кадеттермен) одақ болды. Ә.Бөкейханов кадет партиясының кіндік (орталық) комитеттің мүшeci болды. I, II Мемлекет Думаларына қазақ атынан депутат болып сайланған Ә.Бөкейханұлы, М.Тынышбайұлы, А.Бірімжанұлы, Б.Қаратайұлы, А.Қалменұлы т.б кадеттер басқарған прогрессивтік блокқа кірді. Партиясыз "мұсылман фракциясы" деген де болды.

Кадет партиясының бағдарламасында парламенттік басқару жүйесінің негізгі идея ретінде көpiнic табуы қазақ зиялыларын өзіне тартты. Қазақ оқығандары парламенттік басқаруға үміт артып, оның болашағын қазақ мемлекеттігі идеясымен байланыстырды. Осы мақсатта 1905 жылы желтоқсанда Ә.Бөкейханов басшылығымен Орал қаласында кадет партиясының казак қоғамындағы филиалы құрылды.

Осы тарихи оқиға жайында зерттеуші В.Григорьев мынандай пiкip айтады: "Баяғы бipiншi орыс революциясының қызған шағында-ақ Оралда бас қосқан Ә.Бөкейханов, Б.Сыртанов, Ж.Сейдалин және басқа да интеллигенция өкілдері өздерінің ресейлік пікірлестерінің көмегімен ұлттық буржуазияны, ауыл-аймақтың игі жақсылары мен зиялы қауымын жедел түрде елдің саяси өміріне араластыруды, қазақ қоғамының капитализмге қарай шапшаң дамуына бағытталған шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін партия құрып алуды көздеді. Кадеттер партиясының орталық комитеті бірқатар себептерге байланысты Ә. Бөкейханов пен оның төңірегіндегілердің ынтасын қолдай қойған жоқ. Алайда Ә.Бөкейхановтың белсендігіе тәнтіболғандар оны кадеттер партиясының 1906 жылғы екінші съезіне шақырды.

Кадеттер партиясының идеясын ұстанған қазақ зиялылары Ресейде парламенттік, конститутциялық жолмен мемлекет арқылы болашақта республикалық мәртебесі бар ұлттық автономияға қол жеткізуді көздеді. Алайда бұл мәселе тек идея түрінде қалып қойды. Ceбeбi 1917 жылдан бастап кадет партиясының басшылары Ресейдің мемлекеттік тұтастығын сақтау мақсатында біртұтас теңдік және мәдени автономия ғана беруді ұсынды. Мұндай ұсыныс кадет партиясының шет аймақтардағы қолдаушыларына ұнамады. Партияньщ Қазақстандағы филиалының мүелері мәдени автономияға үзілді-кесілді қарсы шықты. Ә.Бөкейханов кадет партиясының автономия, жер мәселелеріне байланысты бағдарлмалары мен піклеріне наразылық білдіріп, оның құрамынан шығып кетті. Өз ойын Ә.Бөкейханов осыған орай "Мен кадет партиясынан неге шықтым?" деген мақаласында мұны былай түсіндірді: "Кадет партиясы жер адамға мeншiктi болып берілсе жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұрдша көршi мұжыққа сатып, бipaз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді. Кадет партиясы Yenлт автономиясына карсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып Yenлт автономиясын тікпек болдық".
Ресей университеттерінде білім алған қазақ зиялылары қоғамды өркениетті эволюциялық, демократиялық жолмен дамытуды жақтады. Төңкеріс арқылы саяси билікке жету, социализм орнату идеясын ұстанған большевиктер партиясының саясатын қазақ зиялылары қолдамады. Сондықтан да олар өздерінің ұлттық демократиялық мемлекет құру идеясын іс-жүзіне асыру мақсатында 1917 жылы "Алаш" партиясын құруға белсене кipicтi.

Сонымен дербес қазақ автономиясы туралы идея қай кезде пайда болды деген сұрақтың жауабын қарастырсақ Автономия құру идеясы қазақ зиялыларының ұзақ жылғы саяси күрестерінің үздіксіз идеялық ізденістерінің нәтижесінде болды деп айтуға болады. Қазақ зиялыларының ұлт азаттығы жолындағы күpeci барысында жаңа құқықтық мағынаға ие болып отырды. Бұл жағдайды Ресейдің отарлау аппаратының шенеуніктері де түсіне білді. Көп жағдайларда қазақ зиялылары өз пікірлерін ашық түрде білдіріп отырды. Мысалы мына құжаттағы дерек осының дәлелі бола алады. Ж.Ақбаев граф Паленге жазған хатында "Сіздің, Қарқаралы республикасының Президенті болғаныңыз рас па?- деген сұрақтың өзi Ж.Ақбаевтың демократиялық республика құру идеясын насихаттағандығы туралы айтуға болады. Дербес автономия мен демократиялық республика идеясын қалыптастыруда Б.Сыртановтың да қатысы болғандығын оның өміріне қатысты деректерден көруге болады.

1905 жылы Орал қаласында Қазақстанның облысының өкілдері қатынасқан съезд болып өтті. Оның делегаттары қатарына Ә.Бөкейханов, Ж.Сейдалин, М.Дулатов. Б.Қаратаев, Б.Сыртановтар болды. Бұл съезде "қазақтыың конституциялық демократиялық" партиясын құру мәселесі қаралған.

Б.Сыртановтың 1911 жылы "Қазақ елінің уставы" атты еңбегі қазақ елінің болашақ мемлекеттік құрылысы туралы идеясының сол уақыттағы алдыңғы қатарлы идея болғандығын дәлелдейді. Мысал ретінде мына құжатты келтіреуге болады: "Қоғамдық жарғылардың одан әpi күйреуін - халықтың мәдениет пен өркениет игіліктеріне тарту, 17 қазандағы Манифесті жүзеге асыру... заңдылық пен құқылық құрылыс орнату керек".

"Алаш" партиясының 1917 жылы 21 карашада "Қазақ" газетінің беттерінде жарияланған бағдарламасының жобасында мемлекеттілікке байланысты, басты мәселе ретінде айтарлықтай орын берді. Бағдарламаның бipiншi тарауы "Мемлекет қалпы" деген атаумен көрсетілді. Тарауда Қазақстандағы мемлекет түpi мына төмендегідей нақты айқын етіп жазылды: "Россия демократическая федеративная республика болады. Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеуі; федерация мағынасы - құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративная республикада әр мемлекеттің ipгeci бөлек, ынтымағы бip болады, әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді".

Мұның өзi болашақта қазақ мемлекетінің Ресей құрамында қалып, федеративтік құрылыс санатында тең құқықықтық дәрежедегі қатынастарға ие болуы мүддесі көрсетілді .

Шын мәнінде айтатын болсақ, мұның өзі бүгінгі таңдағы белгілі тарихшы-ғалым М.Қойгелдиев атап көрсеткендей "алаштық интеллигенция ұсынған балама жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірбиесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмip тәжірбиесін ескере отырып, одан әpi жетілдіре түсуді көздеді. Ең нeгiзгici, бұл жол қазақ еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп өзінің iшкi қоғамдық мәселелерін өзi шешуге, өз атамекеніне өзi ие болуға мүмкіндік беретін жол еді".

Жоғарыда көрсетілгендей патша өкіметіне оппозицияда тұрған саяси партиялардың бipi большевиктер партиясы болды. 1903 жылы Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының II съезінде ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты тартыста көпшілік дауыс алған, марксизм идеяларымен қаруланған большевиктер партиясы В. И. Лениннің басшылығымен самодержавиенің XX ғасырдың басындағы саяси өмipінe белсене араласып, тарихта айтарлықтай ізқалдырды.

Саяси, мемлекеттік басқару жүйесіндегі билікке қарулы төңкеріс арқылы жетіп, пролетариат диктатурасын орнатуды көздеген большевиктер партиясының идеяларының қазақ зиялы қауымына әсерінің де болғандығын жасыру тарихқа жасалған қиянат болар еді.

Өйткені қазактың кейбір білімді азаматтары марксистік идеологияны мойындап, большевиктер партиясына мүше болды. Алайда олардың нақты санын дәлелдейтін деректер әзірше кездеспей отыр. Дегенмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасу кезеңі
Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру мәселесінің көтерілуі
Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)
Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы қызметтері
Ә. Бөкейхан - ұлы мұрат жолындағы көшбасшы
Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы қызметі
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
Пәндер