Әлеуметтану теорияларына кіріспе


2 тақырып . Әлеуметтану теорияларына кіріспе.
Дәріс мақсаты: 2 сағат дәріс сабағы арқылы студенттер әлеуметтанудың даму тарихының кезеңдерін және негізін қалаған ғалымдар жөнінде біледі.
Жоспар:
1. Әлеуметтанудың дамуының бастапқы кезеңі.
2. О. Конттың позитивизмі.
3. Қазақстандағы әлеуметтанулық ой-пікірлер.
4. Қазіргі заманғы Батыс әлеуметтануы.
Кілт сөздер: позитивизм, теология, метафизика прагматизм, символикалық интеракционизм, этнометодология, теңсіздік.
1. Әлеуметтанудың дамуының бастапқы кезеңі. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасқан біршама жас ғалым. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуына қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде ғана қажеттілік туды. Алайда, әлеуметтанудың кеш пайда болуына қарап, оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мысалы, философиялық, экономикалық, саяси, тарихи шығармаларда жалпы қоғам, оның элементтері және даму заңдылықтары туралы пікірлер пайда бола бастады. Осы оарйда Ертедегі (Ежелгі) Шығыс өркениетіндегі - Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытайдағы қоғам туралы көзқарастарды айтуға болады. Мысалы, конфуцийшылар - қоғамтанушылар болып есептеледі.
2. О. Конттың позитивизмі.
Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы Батыста француз ғалымы Огюст Конттың (1798-1857) есімімен тығыз байланысты. Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. 1830 жылы оның «Позитивті философияның курсы» деп аталатын алты томдық еңбегі жарық көрді. Міне, осы еңбегінде оның әлеуметтік ойлары баяндалады. Осы еңбегінің 3-томында алғаш рет Конт «әлеуметтану» («социология») деген терминді енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеуді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Огюст Конт әлеуметтанудың қажеттілігін қалай негіздеді? Бұл мәселені Конт философия саласындағы өзінің адам ақылының дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метафизикалық, позитивтік. Бұларды адамның ой-өрісінің (интеллект) дамуының үш тарихи қалпы деп те атауға болады.
Демек, адам ойлаудың алғашқы теологиялық сатысында өзін қоршаған ортаны діни нанымдарға сүйене отырып түсіндірген. Ал, екінші метафизикалық сатысында діни негіздерден бас тартады да айналадағы құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға көшеді. Конттың пікірінше, алдыңғы сатылар соңғысына негіз болып отырады. Сөйтіп позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылды деп көрсетті. Содан кейін ойлаудың ондай қорытындысы ретінде биология пайда болды деп көрсетті.
3. Қазақстандағы әлеуметтанулық ой-пікірлер.
Батыс Еуропа мен Ресейдегі әлеуметтанушылардың идеялары, көзқарастары қазақтың көзі ашық азаматтарына ықпалын тигізбей қоймады. Солардың қатарында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев және т. б. болды. Ш. Уәлиханов қазақ қоғамындағы жағымсыз құбылыстардың тоқырауға себеп болғанын, қоғам дамуындағы жаңа бетбұрысқа бағыт алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай келе, ендігі қазақ елінің өркендеу болашағын реформалармен тығыз байланыстырды. Шоқанның көзқарасы бойынша экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы қоғамдық прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал, қоғамдық прогресс, өз кезегінде халықтың материалдық жағдайын жақсартуға қызмететуі тиіс. Халықтың пайдасы үшін іске асырылатын қоғамдағы өзгерістер «материалдық қажеттілікке» және «ұлттық мазмұнына» орайластырылған бірнеше талаптарды қанағаттандыруы керек.
4. Қазіргі заманғы Батыс әлеуметтануы.
Символдық интеракционизм. Осы теорияның негізін салағн әлеуметтік философ Дж. Мидтің пікірі бойынша, саналы түрдегі «мен» әлеуметтік процестен шығады. Адамның әлеуметтендірілуі мен есеюі оның ролге ие болуы ретінде түсініледі.
Феноменологиялық әлеуметтану. Оның негізін салушы А. Щюц адамдар қоршаған ортамен байланыста болады, оны сезімнің көмегімен таниды деп пайымдайды.
Драматургиялық әлеуметтану. Бұл теорияны жасаушы Э. Гоффман адамдардың өзара әрекет ету ортасы - бұл ойын алаңы деп есептеді.
Этнометодология. Г. Гарфинкель өзара әрекетке түсе отырып, әрбір индивидтің осы нақты өзара әрекет қандай болатындығы және қалай жүретіндігі жөнінде түсініктері болады деп топшылады
Қорыта келе әлеуметтануды позитивтік білімнің шыңы деп есептейді. Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша, әлеуметтану биологиядан кейін пайда болған. Егер, биология қозғала алатын барлық тірі жануарлар дүниесін зерттейтін болса, әлеуметтанудың одан айырмашылығы - ол әлеуметтік құбылыс ретіндегі адамның әрекеттерін қарастырады деп көрсетті. Яғни, әлеуметтану адамды өзі сияқты адамадардың ортасындағы қарым-қатынасы тұрғысынан түсіндіреді. Екіншіден, әлеуметтану өзінің зерттеулерінде позитивтік (ғылыми) тәсілдерге негізделеді. «Позитивюс» - латын сөзі, дұрыс, жағымды дегенді білдіреді.
Көрнекті материал:
1. enu. kz/repository/history/sosialogia. pdf
2. bilimbar. kz › Әлеуметтану, саясаттану
3. kursik. kz/ . . . /resej-men-qazaqstannyn-aleumettik-teoriyalary
4. bes-asyl. kz/ . . . /о-конттың-әлеуметтану-ғылымының-мәні
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. ХІХғ. әлеуметтанудың пайда болуының қандай объективті себептері бар?
2. Неліктен ХІХ ғ. Екінші жартысындағы әлеуметтану дәстүрлі деп аталады?
3. Неліктен ХІХ ғ. Екінші жартысында әлуметтану ғылым статусына ие болады?
4. О. Конт неліктен социологияны «әлеуметтік физика» деп атайды?
5. М. Вебердің социологиясының «түсіндірмелі» деп аталу себебі неде?
6. К. Маркс қандай экономикалық формацияларды атап көрсетеді?
7. М. Вебер қандай «әлеуметтік әрекеттердің» түрлерін атайды?
8. Э. Дюркгейм «аномия» және «әлеуметтік деректі» қалай ұғады?
9. Парсонс бойынша әлеуметтік әрекеттің құрамы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz