Каспийдің құқықтық статусын айқындау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінде Каспий қайраңы - әлемдік геосаяси кеңестікте түрлі мемлекеттердің мүддесі көрініс тауып отырған алып нысан, яғни Каспий аймағына қазіргі таңда бүкіл әлем көз тігіп отыр десек, артық айтқандық емес. Бәрі де мұнайдың арқасы. Аймақтағы геосаяси жағдайдың өзгеруі Каспий маңындағы елдердің бәріне мың сан проблеманың өзегін ашып берді. Соның ең бастысы Каспий теңізінің құқықтық мәртөбесін айқындауға келіп тіреле берді. Теңіз - біреу. Айнала қоршап отырған мемлекет - бесеу. Бәрі де теңіз байлығын тең бөліскісі келеді. Егер Каспийде мұнай болмаса, мұның бәрі де болмас еді.

Хронологиялық шеңбері.

Каспийдің құқықтық мәртөбесін анықтауды кезеңдермен бөліп қарастыруға болады. Жалпы кезеңдермен бөліп қарастыру бұл шындыққа жақындауға және объективті қарауға мүмкіндік береді. Сондықтан Каспий мәселесін қарастыруды жалпы 2 кезеңмен бөліп қарастыпсақ. Бірінші кезеңі 1921-40 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңде Каспий тек КСРО мен Иранға тиесілі болады. Жалпы бұл кезеңде Каспийге байланысты келісімшарттар жасалғанымен, онда Каспийде шекара сызығын орнату туралы ешқандай сөз қозғалмайды. Ал екінші кезеңі 1991 жылдан бастау алды. Бұл кезеңде Каспий енді екі елге емес, тұтастай бес елге тиесілі болды, яғни Каспий теңізі Қазақстанның, ресейдің, Әзірбайжанның, Түрікменстанның және Иранның жағалауларын шайып жатыр. Олардың алдында енді Каспийді делимитациялау мәселесі тұр.
Географиялық шеңбері. Каспий теңізінің жалпы көлемі 400 мың шаршы километрге жуық. Айдыны өте үлкен болғандықтан теңіз деп аталады. Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі бөлігі терең емес (200-300 м. ), ең терең жері Оңтүстік бөлігінде (1025 м). Теңіз солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1200 км. созвлвп жатыр. Орташа ені 320 км. Қысы суық, жазы құрғақ континетті, сондықтан жауын-шашын аз. Теңіз айдынына 200 мм. Шамасында жауады. Өсімдіктердің 600 түрі өседі. Балық пен теңіз жануарларының 854 түрі кездеседі. Бұл жерде ауланатын бағалы бекіре тұқымдас балықтардың (бекіре, шоқыр, көксерке) 82% ауланады.
Каспий теңізінің оңтүстігінде - Иран, солтүстігінде - Қазақстан, солтүстік-батысында - Ресей, оңтүстік-батысында - Әзірбайжан, оңтүстік-шығысында - Түрікменстан орналасқан.

Жұмыстың құрылымы.

Әлемдік геосаясаттағы Каспий проблемасын жоспар бойынша үш бөлімге бөліп қарастырылады, яғни кіріспе, екі тарау, 5 тарауша және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде жұмыстың жазылу барысына тоқталған, мұнда: тақырыптың өзектілігі,

1
мақсаты мен міндеті, хронологиялық шеңбері, құрылымы қарастырылады.
Бірінші тарауда жалпы Каспийге байланысты 1921-40 жылдардағы келісімдер мен ҚР тәуелсіздік алғаннан кейінгі Каспий теңізін делимитациялау мен құқықтық мәртөбесін айқындау туралы айтылады.
Екінші тарауда әлемдік энергетика және мұнай проблемасындағы Каспийдің орны мен Каспий мұнайын тасымалдаудағы жобалар және қазіргі жағдайы туралы сөз қозғалады.
Қорытындада барлық деректерді салыстыра отырып, кіріспе, бірінші және екінші тарауларға жалпы қорытынды жасалады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті.

Бүгінде ең күрделі проблемалардың бірі - ауқымы 440 мың шаршы километрге жуық әлемдегі ең ірі құрлықішілік су айдыны, яңғи Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу болды. Бұл мәселе төңірегінде Қазақстан, Ресей, Иран, Азербайджан, Түрікменистанның ортақ мәмілеге келуі, әлі күнге дейін қиынға соғып тұр. Өйткені оның төңірегіндегі елдер шекара сызығын анықтауға келгенде әртүрлі позиция ұстанып отыр. Сондықтан, деректер және зерттеулермен салыстыра отырып, Каспий теңізінің құқықтық мәртөбесін айқандау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Аталған мақсатқа орай төмендегідей міндеттер алға қойылды:
-1920-1940 жылдардағы КСРО мен Иран арасындағы Каспийге байланысты жасалған келісімдерді айқындау;
- ҚР тәуелсіздік алғаннан кейінгі 5 ел арасындағы Каспий мәселесіне байланысты туындаған өзара позицияларына талдау жасау;
-Каспий теңізін делимитациялау және құқықтық мәртөбесін белгілеу;
-Әлемдік энергетика және мұнай проблемасындағы Каспийдің орнын айқындау;
-Каспий мұнайын тасымалдау: жобалар мен қазіргі жаідайын белгілеу.

Каспий теңізінің шығу тарихы.

Ең алдымен Каспий теңізінің шығу тарихына үңілкйік.
6 ғасырдың орта тұсында Каспий өңірі Батыс түрік қағанатының иелігінде болды. Орта ғасырларда Каспий өңірі халықаралық сауда-дипломатиялық қатынастар торабы болды.

2
Каспий өңірінің ортағасырлық тарихында хазарлар, қыпшақтар үлкен рөл атқарды.
Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2.
Каспий теңізі екі құрлықтың - Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Каспийді үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Пішіні бойынша Каспий латынның S әрпіне ұқсайды. Каспий теңізінің солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ара-қашықтығы шамамен 1200 шақырымды, ал батыстан шығысқа дейінгі қашықтығы 400 шақырымды құрайды. Каспий атауы XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан.
Тарих атасы атанған Геродот өз жобаларында Каспийді былай суреттеген: Ескекті кемемен оның ұзына бойын 15 күн, ал көлденеңін сегіз күн жүзу керек. Оның батыс жағалауы арқылы көлемі өте үлкен және биік Кавказ таулары созылып жатыр- деген.

Өз мақаламда Каспийдің құқықтық мəртебесін айқындау мəселесі жəне оның Қазақстан үшін маңыздылығын талқылайтын боламын.

ХХ ғасырдың соңында Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде танылып баска Егемен елдермен тығыз қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне ие болды..
Бұл бізді осы күнге дейін халықаралық құқық қағидаларын құрметтеуге міндеттейді.
Себебі, халықаралық құқық бізге басқа елдермен ортақ тіл табуға және мемлекеттер арасында қатынастар орнатуға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты бүгінгі таңда халықаралық қатынастар жүйесінде аса зор қызығушылық
туғызып отырған, маңызды мәселелердің бірі-Каспий мәселесінің құқықтық мәртебесін айқындауы болып отыр.
Каспий аймағына қазіргі таңда бүкіл әлем көз тігіп отыр десек, артық айтқандық емес. Бәрі де мұнайдың арқасы. Аймақтағы геосаяси жағдайдың өзгеруі Каспий маңындағы елдердің бәріне мың сан проблеманың өзегін ашып берді. Соның ең бастысы Каспий
3
теңізінің құқықтық мәртөбесін айқындауға келіп тіреле берді.
Каспий теңізі географиялық орналасуына қарай бірқатар мемлекеттің қарым-қатынасына тікелей әсер етуде. Бұрынғы КСРО Одағының жойылуының нәтижесінінде аймаққа геосаяси тепе-теңдік өзгеруіне әкеп соқты. Өйткені, ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін Каспий аймағын 2 мемлекет қана байланысымен (КСРО мен Иран) айқындалған еді. Кейн Кеңес Одағы ыдыраған соң тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына байланысты Каспий жағалауын бес мемлекеттің (Қазақстан, Ресей, Иран, Түрікменистан және Азербайджан) мүдделерінің тоғысуына əкелді.
Сонымен бірге Каспий бассейніндегі бай энер- гетикалық қор мен транзиттік мүмкіншілігі таяу жатқан елдермен қоса тыс әлемнің жетекші державаларының да аймаққа деген қызығушылығын ойатты.
Өйткені, мұнай энергия көзі ретінде қазіргі әлемдік экономика мен халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқарады. Каспий әлеуеті Еуропа мен оңтүстік-шығыс елдерінің нарықтарын Мұнай және газбен жабдықтауда маңызды стратегиялық рөл атқара алатындығын көрсетеді.

Алдымен су бассейнінің теңізге, әлде көлге жататынын анықтап алу қажет, яғни Каспийдің құқықтық мәртөбесін анықтаудан бұрын каспий су қорының көл ме әлде теңіз бе? деген мәселені анық шешіп алған жөн.
Халықаралық қатынастарда мұндай су қорларын анықтаудың екі тұжырымдамасы бар:
1. Тұйық теңіз теориясы. Бұл бойынша Каспий тұйық теңіз деп танылған жағдайда болған халықаралық теңіз құқығы нормалары қолданылады екен.
2. Шекаралық көл теориясы. Егер де шекаралық немесе халықаралық көл ретінде қарастырылатын болса, онда халықаралық су жолдарын кеме қатынасынсыз пайдалануға қатысты халықаралық құқық нормалары қолданылады.
Негізінен Ресей Каспий қайраңын көл деп таныса, ал Қазақстан бұл қайраңды теңіз деп есептейді. Осы орайда оның не көл, не теңіз екенін анықтап алып, аталған екі тұжырымның қайсысы сәйкес келетінің белгілеп алуымыз қажет.
1982 жылғы БҰҰ-ның теңіз жөніндегі конвенциясында: теңіз деп халықаралық мұхиттармен белгілі бір өткел арқылы байланысуы керек деп көрсеткен. Бірақ та, ол табиғи өткел ме, әлде қолдан жасалған өткел ме, ол жөнінде еш нәрсе нақты жазылмаған. Каспий теңізі бірнеше әлемдік мұхиттармен байланысып жатыр. Оның ҚР-ның теңіз деп таныған позициясы дұрыс.
1991 жылға дейін КСРО мен Иран қатынастары теңіз байлығын ортақ пайдалануды көздеген. Ол 1921-1940 жылдардағы келісім-шарттарға негізделген болатын. Бірақ ол жерде мұнай мен газды болу туралы ешқандай сөз болмаған.
Каспийдің құқықтық мәртөбесін айқындауда бес елдің позициясы әртүрлі. Мәселен, Қазақстан дербес позиция ұстанды. Каспийдің үстіңгі бетін бөле салуға бірден қарсы
4
болды. Теңіздің түбін нақты секторларға бөліп игеруді, ал үстінгі жағын аумақтық бөлікке бөліп, балық аулайтын аймақты жеке белгілеп, теңіздің қалған бөліктерін жалпы пайдалануға беруді ұсынды. Әзербайжан мемлекеті де орта сызық бойынша тенізді ұлттық секторларға толық бөлуді дәйекті түрде жақтайды.
Түрікменстан барлық теңіздің түбін , су қалындығын және су бетін бөлуді жақтайды.
Иран теңізді толық бөлуді, яғни түбі, қалындығы және су бетін бөлуді қолдауы мүмкін. Бұл орайда Каспийді 5 тең бөлікке, әрбір жағалау мемлекетіне 20% үлеспен бөлуді үсынады.
Ресей жетілдірілген орта сызық бойынша Каспий түбін ұлттық секторларға бөлуді үсынады. Осы секторлардың шеңберінде тараптар ресурстарды игеру құқығын алады, ал су беті мен оның қалындығы ортақ пайдалануда қала береді. Мәскеу тенізді қандай да бір мемлекеттік шекараңы орнатуға қарсы.
Жалпы Қазақстанның ұстанымына Әзербайжан да қосылып отыр. Тек Иран ғана бұған келіспей отыр. Өйткені Иран жақта мұнай болмай түр. Ал Иран мұнайға барынша мүдделі. Халықаралық көзқарасқа келсек, Қазақстанның ұстанымың АҚШ пен Түркия ерекше қолдап отыр.
Каспийге қатысты жыл сайынғы саммиттер Каспий бестігін ортақ мәмілеге шақыра алмай отырса да, қазір әр арасында өзара келіссөздер жүріп жатыр және қазіргі таңда Каспийдің құқықтық мәртөбесін көрсететін конвенцияны әзірлеумен арнайы жұмыс тобы айналысып жатыр. Бұл арнайы жұмыс тобында 5 мемлекеттің сарапшылары жұмыс істеуде. Олар жылына төрт мәрте кездесу жасайды. Бұл кездесулер алдың-ала белгіленген тәртіп бойынша 5 мемлекеттің әрқайсысында кезектесіп өтіп отырады.

Каспийдің құқықтық статусы.
1920-1940 жылдардағы Каспий туралы келісімдер.

Қазіргі уақытта Каспийдегі қандайда бір құқықтық режим туралы сөз қозғасақ, онда ол 1921 мен 1940 жылғы Кеңес-Ирандық келісімдермен анықталады. Олар бойынша, Каспийлік емес мемлекеттердің туын көтерген кемелерге балық аулаумен еркін жүзуге тыйым салынған. Ресми түрде бұл құжаттар Каспийді тараптар арасында бөліске салмау келісімі жасалған. Каспий жағалауындағы мемлекеттердің халықаралық құқықтық көзқарасы бойынша, теңізде жүзу мен балық аулау т.б. құқықтарын сақтаған.
1935 пен 1940 жылдары алмасқан хаттарда Каспий Кеңестік және Ирандық теңіз және ол Иран мен Кеңес одағына тиесілі деп саналған. Құқықтанушылар бұл сөздерді былай талқылаған: тараптардың пікірінше, екі мемлекеттен өзге ешбір мемлекеттердің бұл
5
теңізге шығуға және т.б. құқықтары жоқ. Дәл осындай Жабық теңіз саясатын кеңес үкіметі Қара теңізге де қолдануға тырысты.Жалпы, Кеңес-Ирандық құжаттар бойынша, Иран Каспий теңізінің жабық теңіз статусына қарсы шықпаған, яғни мұны таныған.
Кеңес-Ирандық келісімдерге сәйкес, Каспий теңізінің статусы кеңістіктегі шектеулілікті, оның минералды ресурстарына қол жеткізу ережелерін қарастырмаған. Дегенмен, кеңестік өмірде мемлекет шекараны қорғау мақсатында бейресми түрде шартты сызықты орнату амалдары жасалды. Бұл амалдар КСРО үкіметінің шешімімен де, Иранмен халықаралық келісімдермен де заңдастырылмаған. 1954 жылғы қаржылық және шекаралық мәселелерді реттеу туралы, 1955-1957 жылдары жасалған келісімге сәйкес жүргізілген Кеңестік - Ирандық шекараны жүргізу кезінде Каспий теңізінде территориялық шекара жүргізу мәселесі мүлдем қозғалмады.
Бір сөзбен айтқанда, Гүлістандық бейбіт келісімнен кейін, КСРО-ның ыдырағанына дейін барлығы оңай болды, себебі Каспий теңізі толығымен Ресей империясына, кейін КСРО-ға және тек оңтүстікте ғана Иранмен шектесіп, құрамына енді. Ал екі ел Каспийге байланысты барлық мәселелерде ортақ тіл табысқан.
Бірақ 1990 жылы Ресей мен Иранның арасында, 1970 жылғы Каспий теңізін бөлініске салу кеңестік республикалар арасында әкімшілік - территориялық шекара негізінде жүргізіліп, ол уақытта шекара халықаралық болмағандықтан дау туғызды. Дегенмен Қазақстанның пікірінше КСРО ыдыраған соң кеңестік республикалардың әкімшілік-территориялық шекаралары келісімді түрде халықаралық деп танылған соң, кеңестік дәуірде әкімшілік-территориялық сипат иеленген ұлттық секторларға бөлінген Каспийді ерекшелеудің қажеті жоқ. Жалпы Қазақстан КСРО конституциясына сүйенеді, себебі ол бойынша, Кеңестік Одақтық республикалар өз территория иелігінде өз ресурстарын қалауынша пайдалану құқығын иеленген тәуелсіз мемлекеттер болып табылады.
КСРО ыдырап, бұл аймаққа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуының нәтижесінде Иран мен Ресей және т.б. бұрынғы КСРО-ның тәуелсіз мемлекеттері 1921 мен 1940 жылдары Каспийдің құқықтық статусына байланысты жасалған келісімдердің күшін жойғандығын мәлімдеді. Себебі, ол құжаттар 5 мемлекет арасында Каспийдің құқықтық статусын реттей алмайды. Осының негізінде қазіргі келіссөздер процестерінің тараптары Каспийлік мемлекеттердің арасындағы Каспийдің құқықтық жағдайын реттейтін жаңа келісім шарт жасау қажеттігін білдірді. Себебі, жоғарыда аталған келісімдер каспий теңізіндегі одақтас республикалар федеративті сипаттама өмір сүргендіктен, олардың шекаралары көрсетілмеген еді. Аталған келісімдер тек теңізде жүзу мен балық аулауды ғана қарастырып, Каспийдің құқықтық статусы, оның түбін игеру мен пайдалану шаралары назардан тыс қалды. Каспийдің минералды ресурстары аса құнды болғандықтан, оған қол жеткізуге ұмтылыс Каспийдің құқықтық статусы мәселесін жедел шешуге септігін тигізді.
Тиімді режимді орнату қажеттілігін түсіну 1992 жылы Каспий теңізінің құқықтық
6
статусын жасау мақсатымен бес шақты келіссөз процесінің бастамасын анықтады.
1921 және 1940 жылдары Каспийдің халықаралық құқықтық статусын белгілеген, бірақ секторлық немесе кеңістіктегі шекараны анықтамаған Кеңес-Ирандық келісімдер КСРО ыдырағаннан соң қалыптасқан жағдайға жауап бере алмады. Каспийде көміртегі ресурстарының үлкен қоры болмағанда Каспий теңізін бөлу мен оның құқықтық статусын белгілеу мәселесі мүлдем қозғалмас еді. Каспий деңізінің байлығының аймақ елдері үшін экономикалық және саяси даму жағынан стратегиялық маңызы бар.
Барлық Каспиймаңылық мемлекеттер кеңсе дәуірінде Каспийдің халықаралық - құқықтық статусы қалыптаспаған, қалыптасса да қате күйінде екендігі туралы мәселеде пікірлері бірдей. Каспийдің жаңа статусын жасауға Каспиймаңылық мемлекеттердің барлығы бірігіп, 1992 жылдан бастап, олар көпжақты қарым-қатынастармен келіссөздердің негізін салды.

КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымы Каспийге БҰҰ-ның Теңіз құқығы жөніндегі 1982 жылғы конвенциясының теңіздің әртүрлі бөліктерінің режимдері мен еніне қатысты жеке ережелерін қолдану болып табылады.

Жағалаудағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін тиімді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан БҰҰ-ның көрсетілген Конвенциясының ережелеріне сәйкес Каспийде аумақтық теңіз, балық аулау аймағын және ортақ су кеңістігін орнатуды ұсынады.

Сонымен қатар осы аймақтарда тиісті режимдерді анықтау қажет. Аумақтық теңіздің сыртқы шекарасы оның шегінде жағалаудағы мемлекет барлық егеменді құқықтарды толығымен пайдаланатын мемлекеттік шекара болып табылуы қажет. Бұл аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымастығы аясында қауіпсіздіктің қосымша кепілдеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Балық аулау мен биоресурстарды пайдалануды тиісті аймақтарда және ашық теңізде кәсіпті лицензиялау мен аулаудың келісілген квоталары негізінде жүзеге асыру қажет.
Балық аулау аймағын, оның ені мен режимін Каспий маңы мемлекеттерімен келісе отырып жеке санатқа бөліп шығаруды ұсынады.

7

Осы мәселелер бойынша келіссөздер Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Арнайы жұмыс тобының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі Каспий мәселесі
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері
Теңіз аумағын халықаралық – құқықтық қорғау
XX Ғ. 90-ЖЫЛДАРЫ МЕН XXI Ғ. БАСЫНДАҒЫ КАСПИЙ АЙМАҒЫ ЕЛДЕРІНІҢ САЯСИ АХУАЛЫ
Каспий теңізі, құқықтық мәртебесі бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі
Саясат саласындағы ынтымақтастық
Қазақ мұнайы
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудағы халықаралық келісімдер
Каспий мұнайын тұтынушы елдер
Пәндер