Материалдық емес активтердің қозғалысын құжаттық ресімдеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

2. 2 Материалдық емес активтердің қозғалысын құжаттық ресімдеу

Материалдық емес активтер нысанын қабылдау-тапсыруды ресімдеу үшін Нысандар альбомының МЕА-1 нысанды материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісі қолданылады.

Актіде материалдық емес активтер түрінің нақты атауы және оны Кәсіпорынға беру күні, объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа да қажетті деректер көрсетілуге тиіс.

Материалдық емес нысандардың қабылдануын ресімдеу кезінде акт материалдық емес əрбір нысандарға бір данада жасалады. Бірнеше бір үлгідегі материалдық емес нысандардың қабылдануын ресімдейтін жалпы акт жасауға рұқсат беріледі. Акт материалдық емес активтердің обьектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бугалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді. Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға бергенде акт екі дана етіп жасалынады: беруші және алушы кәсіпорын үшін.

Кәсіпорын пайдалануына түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерінің есебі үшін қолданылады. Материалдық емес актив обьектілеріне жатқызу тәртібі мен олардың құралы заңдармен және нормативті актілермен реттеледі.

Материалдық емес активтерді бір кәсіпорынан екіншісіне беру кезінде акт беруші жəне қабылдаушы тараптар үшін екі данада жасалады.

Бухгалтерияда әр обьектіге карточка жүргізіледі. Форма кіріске алынуға арналған құжат, материалдық емес активтерді қабылдау тапсыру және басқа құжаттама негізінде бір дана болып толтырылады. Материалдық емес актив обьектілерінің қысқаша сипаттамасы бөлігінде тек қана актив обьектінің негізгі көрсеткіштері жазылады, кәсіпорында бар осы обьектіге арналған техникалық құжаттама мәліметтерін көшіруге болмайды.

«Материалдық емес активтер» бөлімшесінің мүліктік есеп карточкасында жүргізіледі. Материалдық емес активтердің әрбір жеке обьектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады. Материалдық емес активтерді есепке алудың мүліктік карточкалары «Материалдық емес активтерді есепке алу тізімдемелерінде» топтастырылады. Тізімдемелерде материалдық емес активтердің айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, бір айдағы қозғалысын көрсетеді.

Материалдық емес активтердің нақты балығы мен қозғалысын есепке алу 10 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Осы шоттардың дебеті бойынша материалдық емес активтерді келіп түскен айдың басы мен аяғындағы қалдықтары көрсетіледі де, ал кредит бойынша материалдық емес активтердің есептен шығарылғандары көрсетіледі.

Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың құрамында болады, атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін-дискетте, заңды кұжаттау (лицеизия, патент) - қағазда болады, бірақ дискет топта да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және оларға актиптік мәпін анықтау үшін негіз бола алмайды.

Бұған қарамастан, материалдықта, материалдық емес активтердің де есебінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының есебінде теңестіру немесе ұқсастыру, өлшеу, пайдалы қызмет ету мерзімін бағалау сияқты аспектілері өте күрделі болып саналады.

Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке теңестірілуі мүмкін.

Материалдық емес активтер қозғалысының талдама есебі кәсіпорынға түскен барлық материалдық емес активтерді есепке алу үшін қолданылатын Нысандар альбомының МЕА-6 нысанды материалдық емес активтерді есепке алу түгендеу карточкасында жүргізіледі. Түгендеу карточкасын бухгалтерлік қызмет материалдық емес активтердің əр объектісіне ашады. Түгендеу карточкасында материалдық емес активтің толық атауы, қабылдау күні, тіркеу нөмірі, бастапқы құны, амортизация нормасы, құнсыздану сомасы жəне есептен шығу себебі көрсетіледі.

Нысан кәсіпорынның материалдық емес активтер нысандарын алу фактісін растайтын құжат «Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісі», техникалық жəне басқа құжаттама негізінде бір данада толтырылады.

Нысандар альбомының МЕА-6 нысанды түгендеу карточкалары Нысандар альбомының НҚ-10 нысанды кәсіпорында ұзақ мерзімді активтерді есепке алу жөніндегі түгендеу карточкаларының тізімдемесінде тіркеледі. Тізімдеме бір данада жүргізіледі. Ондағы жазбалар карточкаларды ашу жылын көрсете отырып ұзақ мерзімді активтердің топтары бөлінісінде жүргізіледі.

Əрбір топ үшін тиісті беттер саны беріледі. Нөмірлеу 1-нөмірден бастап əрбір топ бойынша жүргізіледі. Орталықтандырылған бухгалтерияларда əрбір қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеме бойынша осы тəртіппен жүргізіледі. Ұзақ мерзімді активтер шығып қалған жəне ауыстырған кезде тізімдеменің «Ескерту» бағанында мемориалды ордердің күні (күні, айы, жылы) жəне нөмірі көрсетіледі.

Түгендеу карточкалары бухгалтерлік қызмет картотекаларында сақталады, онда олар өз ішінде материалдық жауапты тұлғалар бойынша бөле отырып тиісті қосалқы шоттар мен топтар бойынша, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда - қосымша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер бойынша да орналастырылады.

«Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісі» материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға тапсыру кезінде есептен шығуы туралы белгі жасауға негіз болып табылады.

Материалдық емес активтер қозғалысын тексерген кезде қарастырылатын:

- материалдық емес активтердің кірісі мен шығысы, яғни материалдық емес активтерді іске қосуға берілген уақыты, объектіге сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизациялық аударымдар және т. б.

- объектілерді беру кезінде кірісжәне шығыс туралы актінің жазылуы.

- объектілердің кірісі және шығысы кезіндегі актілік құжаттардың бухгалтерияға уақытында есеп беруі. Объектілерге берілген сипаттамасы мен олардың қызметке қосу жолдары, кәсіпорынның активке деген құқығы мен жауапкершілігі.

- бухгалтерияда әр материалдық емес активтерге .

- инвентарлық есептің ашылуының жүргізілуі, ивентарлық есептің дұрыс топтастырылуы, оларда материалдық емес активтердің аты, ай соңындағы және басындағы қалдық сомасы және ағымдағы айдағы қозғалысы көрсетіледі. .

- материалдық емес активтердің пайда болу көздері (сатып алу, кәсіпорындардың бірлестігі, айырбастау және т. б) .

- материалды емес активтердің жойылуы, материалдық емес активтердің қызмет етіп, тозуына байланысты жұмыстан шығарылуы.

- баланстағы және Басты кітаптағы есептерінің сәйкестігі.

2. 3 Материалдық емес активтердің синтетикалық есебі

Материалдық емес активтер есебі 28 «Материалдық емес активтер есебі» бухгалтерлік есеп стандарттары сәйкес жүргізіледі.
Материалдық емес активтердің синтетикалық есебі 2700 «Материалдық емес активтер» бөліміндегі шоттар бойынша жүргізіледі.

Материалдық емес активтердің болуы мен қозғалысының синтетикалық есебі 2700 «материалдық емес активтер» кіші бөлімінің шоттарында жүргізіледі. Осы шоттардың дебеті бойынша айдың басындағы және аяғындағы материалдық емес активтердің қалдықтары, олардың түсуі бойынша операциялар көрсетіледі; кредит бойынша - материалдық емес активтердің шығуы.

Материалдық емес активтер олардың түрлері және жеке объектілері бойынша негізгі құралдарға ұқсас құжаттар (материалдық емес активтерді қабылдау актісі, тапсыру актісі және т. б. ) негізінде есепке алынады, қабылдау актісін жасау үшін патент сияқты құжаттар негіз болып табылады, сату келісім-шарттары, сертификаттар және т. б.

Материалдық емес активтердің синтетикалық есебі активті шотта жүргізіледі бастапқы құны бойынша. Материалдық емес активтердің бастапқы құны - бұл ұйымның объектіні пайдалануға бергенге дейінгі барлық шығындарын қоса алғанда, сатып алу және құру құны.

Барлық материалдық емес активтер бухгалтерлік есепке қабылданған күні анықталған нақты (алғашқы) құны бойынша есепке алынады. Дегенмен, бұл құнды анықтау тәртібі ұйымның материалдық емес активті алу тәсіліне байланысты.

Ақылы сатып алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны барлық нақты сатып алу шығындарының сомасы ретінде анықталады. Ұйымның өзі жасаған материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды жасауға немесе өндіруге жұмсалған барлық нақты шығындардың сомасы ретінде анықталады.

Материалдық емес активтерді келесі түрде алуға болады:

- құрылтайшылардың келісілген бағасы бойынша жарғылық капиталға салым.

- салық салу мақсатында салық салынатын пайдаға қосылатын, нарықтық құн бойынша қабылданады, бірақ беруші тараптан төмен болмайтын тегін түбіртек.

Материалдық емес активтердің бастапқы құны субъектінің өз күшімен де жасалуы мүмкін, ол кезде оның құны нақты тікелей шығынымен де және үстеме шығысымен де танылады. Осы шығындарды есепке алу үшін, 2700 "Материалдық емес активтер" шоттарының бөлімшесіне, жеке "Материалдық емес активтерді жасау шығындары" деп аталатын ішкі (субшоты) ашылуы мүмкін. Осы аталған субшотқа мынадай шығындар енеді:

-материалдық емес активтерді жасауға катысқан еңбеккерлердің еңбек ақысы.

- заң бойынша белгіленген еңбек ақыдан жасалатын аударымдар;

- материалдық емес активтерді жасау кезінде тұтынатын материалдар мен атқарылатын қызметтер.

- несие үшін төленетін пайыздар (марапаттаулар) .

- басқа да шығындар.

- үстеме шығындар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
Дайын өнімді есептеу және оның қозғалысын ұйымдастыру
Дайын өнімнің аудиті
Ақша - қаражаттарын есепке алу
Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі
Негізгі құралдардың амортизация есебі
Инвестициялар есебі туралы
Кредиторлық берешек сомасының шынайлығын тексеру
Түскен материалдарды алуды тексеру
Кәсіпорында тауарлық - материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz