Әскери- техникалық модельдеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Әскери- техникалық модельдеу
Жас жеткіншектің әскери - техникалардың тарихын білудің мақсаты -
- жастардың бойында отансүйгіштік сезімін оятып, одан әрі жетілдіру. Олардың қоғамдық белсенділіктерін арттырып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға үйрету.

Әскери-техникалардың тарихын білу міндеттері жастардың көзқарасын қоғамдағы күнделікті өзгерістермен айқындалуы қажет соған бейімделуі керек.
әскери - техникалардың тарихын білу арқылы патриоттық сезімін оятып өзінің халқына деген сүйіспеншілік тәрбиелік мәні мен айқындалуы керек. Отан от басынан басталады.. Отбасылық тәрбие жастарға қоғамға тез араласуына икемдейді.
әскери - техникалардың тарихын білудің негізі жастарға отанынына адал болуына патриоттық сезімін тудыратын, өзінің қоғамға қажеттілігіне сенімділік тудыруы керек. Әлемдегі болып жатқан өзгерістер жастарғада ықпалын тигізеді себебі, жастар қазіргі уақытта қағамның белді бір мүшесі болып табылады. Жаһандық дамуға ілесе отырып өз ұлттық құндылығымызды сақтай білуіміз қажет.
Кіріспе
Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу- білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана- қабілетінде, түсінік- талғамында, мінез- құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген.
Отанға деген сүйінспеншіліктің жастардың бойына табылуы ол дегеніңіз ертеңгі күндегі бейбіт өміргедеген сенімділік. Бүгінгі күні жастардың әскери қызметтен себепті,себепсіз де жалтаруы ешкімнен жасырын емес, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында еліміздің мекткептерінде Жас Сарбаз сыныптары ашылды.
Аталған сыныптарда оқитын жас жеткіншектердің бойында патриоттық сезімнің, Отанға деген адалдықтың қалыптасуы қашанда жас жеткіншектерге өзінің халқына деген сүйінспеншілігін артуына ықпал етуі тиіс. Әскери-патриоттық тәрбиенің барлық түрлерін қолдана білгенде ғана тәрбиелік нәтиже беретіні ескерілуі қажет.
Әскери техникалар тарихын білу арқылы тәрбиеленушілер әскери техниканың даму тарихын зерделелеп, әскери және азаматтық техникаларды үлгілейді. Жаңа материалдар, олардың тың қасиеттері туралы жаңалықтарды ашады. Технологиялық карталар арқылы жасалатын алуан техникалар макеттері шығармашылыққа даңғыл жол ашады.
- Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Заңына сәйкес Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат шеңберінде уәкілетті орган болып табылады.
Кез-келген соғыс тек әскерлердің ғана емес, сонымен бірге соғысушы елдердің өндірістік-экономикалық жүйелерінің қақтығысы. Бұл сұрақ әскери техниканың жекелеген түрлерінің қадір-қасиетін, сондай-ақ әскерлердің осы техникамен қол жеткізген жетістіктерін бағалауға тырысқанда есте сақталуы керек. Жауынгерлік машинаның жетістігі мен сәтсіздігін бағалау кезінде оның техникалық сипаттамаларын ғана емес, сонымен қатар оны өндіруге жұмсалған шығындарды, өндірілген бірліктердің санын қарапайым тілмен айтқанда, кешенді тәсіл маңызды.
Біз бірінші дүниежүзілік және екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған әскери техникаларды зерттедік.
Бірінші дүниежүзілік соғыс (28 шілде, 1914 жыл - 11 қараша, 1918 жыл) -- адамзат тарихындағы алғашқы және кең ауқымды соғыстардың бірі. Бірінші дүниежүзілік соғысына Ресей, Франция, Британия, АҚШ сияқты державалар қатысқан. Ол ең жойқын салатын соғыстардың бірі, шамамен 9 миллион адам шайқас фронттарда қырылса, 5 миллион азаматтар оккупация, бомбалау, ашаршылық немесе ауру әсерлерінен өлген. Онымен бірге Осман империясы өткізген геноцидтер мен 1918 жылы басталған испан грипп пандемиясы одан да көп адамдардың өмірлерін алған.

1914 жылы державалар екі қарсы тұрған альянстарға бөлінген, Франция, Ресей және Британиядан тұратын Антанта және Германия, Аустрия-Мажарстан және Италиядан тұратын Үштік одақ.
Көктем мен жазда соғыстың батыс бөлігінде табанды шайқастар жүріп жатты. 22 сәуірде ИПР қаласында болған шайқаста герман әскерлері соғыста болған шайқаста герман әскерлері соғыс тарихында алғаш рет химиялық қаруды қолданды. (баллондардан хлор шығарылды) 15 мың адам газдан зардап шегіп, оның 5 мыңы қайтыс болды.
Химиялық қару -- уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған.

Неміс әскерлерінің Верденге жасаған шабулын әлсіретуге тырысқан ағылшын - француз басшылығы Сомма өзенінің бойында қарқынды шабул қимылдарын бастады. Бұл шайқаста алғаш рет танкілерді қолданды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс ХХ ғасырдың бірінші жартсындағы ғаламат оқиға болды.
Соғысушы елдер әскери техниканың жаңа түрлерін : танкілерді, ұшақтарды, радио байланысын, сүңгуір қайықтарын, химиялық қару,газ тұмылдырықтарды қолданды.

Браунинг - сумен салқындатылатын ауыр пулемет.
Джон Мозес Браунинг 1900 жылы, автоматты мылтыққа патент берді.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде адамзат тарихында тұңғыш рет әскери техниканың үлкен соқтығысуы орын алды, бұл әскери қарсыласудың нәтижесін едәуір анықтады.
Екінші дүниежүзілік соғыс барлық қатысушы елдерде, әсіресе КСРО-да, Германия мен Ұлыбританияда танк жасаудың дамуына серпін берді. Танк әскерлері құрлықтағы операцияларда негізгі соққы беретін күш болды және болып қала береді. Ұтқырлық, қорғаныс және атыс күштерінің ең жақсы үйлесімі оларға көптеген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі танк әскерлері жақын арада сөніп қана қоймай, белсенді дамитындығын білдіреді. Қазір ресейлік танктер әлемдегі ең жақсылардың қатарына кіреді және әлемнің әртүрлі елдеріне жеткізіледі.
Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылғы 1 қыркүйектен 1945 жылғы 2 қыркүйекке дейін созылған, әлем халқының 80 пайызға жуығы (шамамен 1 млрд. 700 млн. кісі) зардабын тартқан сұрапыл соғыс. Соғыс өрті сол кезде әлемдегі 73 мемлекеттің 62-сін (Еуразия және Африка құрлығы) шарпып өткен. Соғысқа қатысқан әскерилердің саны 110 миллионнан асса, сол соғыста 50 миллионнан аса адамның өмірі құрбан болған.

екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған америкалық жеңіл танк. Ол Стюарт деген атпен танымал. Бұл атауды танкіге Ұлыбритания жауынгерлері АҚШ - тағы азамат соғысының генералы Джеб Стюарттың құрметіне берілген болатын. М3 танкісінің радиялды авиатциялық қозғалтқышы жоғары сапалы оқтан жанармайын талап етеді. Ал Кеңес Одағының танкілері дизиль пайдаланғандықтан, кеңестік жанармаймен қамтамасыз етушілерге қиыншылықтар туғызды.

Балалар фотосы
Осы күні Неміс бас штабының басшысы Гальдер күнделігіне былай деп жазған: 14 шілде күні Орша түбінде орыстар осы уақытқа дейін белгісіз боп келген қарудан оқ атты. Орша станциясы, барлық эшелондар күлі көкке ұшты. Темір балқып, жер өртеніп жатты. Катюшаның алғаш рет соғыста қолданылған кезі осы болатын.Катюша полкінің дүркіні 5-10 секунд жалғасады. Кеңес елі бұған 1940 жылдары қол жеткізді. Жүк машинасының үстіне орналастырылған, сегізден екі қатар етіп қойылған он алты ұңғыдан атылған реактивті снарядтар түскен аумағы түгелімен өртеп, жойып жіберетін құдыретті күшке ие болды.
Олар бір түйдектете атқанда 12 га жерді өртеп жіберетін. Оған БМ- 13 (Катюша) деген ат берілген. Кейіннен "БМ-30", "М- 30"ар, "М- 31" деген жетілдірілген, ататын снарядтары да қуатты, түйдектете ататын қондырғылар пайда болды.
Ал бұл көліктердің лақап атының шығуы туралы алғашқы нұсқа - Катюша шынымен де әнмен байланысты. Батареялар сол кезде немістер тұрған Рудня алаңында оқ жаудырды, куәгерлердің бірі: Иә, бұл ән! - деді. - және тағы біреу растады: Иә, Катюша сияқты. Ал бұл лақап ат кейін бүкіл елге тарады.
Бруммбер
Қондырғы 1943 жылы Т-IV танкінің базасында жасалған. Ол жаяу әскер мен танктерге тікелей қолдау ретінде құрастылады. Бруммбер 150 мм-лік гаубицамен жабдықталған. Оқпанының ұзындығы 12 калибр
Өздігінен жүретін қондырғының брондалуы мықты болды: алдыңғы корпусы бронының жуандығы 80 мм, рубкасы -- 100 мм, корпус бортының жуандығы 300 мм. Және қосымша борндық экрандармен қоршалған.
Бұл қондырғының кемшілігі -- шассиге түсетін үлкен жүк. Бұл қозғалатын бөлігінің істен шығуына әкелетін. Өздігінен жүретін қондырғы 1943-1944 жылдары шығарылды.

Фаустпатрон
Фаустпатрон америкалық М1 базукасы үлгісінде жасалған. Бірақ,ол тасымалдаушы ракета қондырғысы болған жоқ. Фаустпатрон соғыста арнайы үйретілген топтың емес, әдеттегі жаяу әскерлердің қолдануы үшін шығарылған. Бұл қаруды қолданып үйренуге 5 минуттың түсіндірме жарайды. Фаустпатрон танкке қарсы қарулар жоқ кезде қолдануға ыңғайлы қарапайым қару.
Фаустпатронды 1942 жылы Лейпцигте HASAG (Hugo Schneider AG) атты герман фирмасы шығара бастайды. Жаяу әскерлерге арналған танктер қарсы қару жасап шығару басты мақсат етіп қойылды. Себебі, КСРО аумағынадғы неміс әскерлерінде Т-34 танкіне жақындап шайқасатын қару болмаған еді. 1943 жылдың қаңтар айында 500 гранатамет вермахтың әскерлеріне жіберілді.

Субмарина-әуе күштерін тасымалдаушы
1943 жылы Жапония I-400 субмаринасын жасауға кіріседі. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың ең ірі сүңгуір қайығына айналуы тиіс еді. Жоспарланған 18 қайықтың үшеуі жасалады. Біріншісі су астына 1944 жылдың 30 желтоқсанына, екіншісі содан аз уақыттан соң түсті. Ал үшіншісі ұзақ құрастырылғандықтан, суға түсіп үлгермеді.
Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғысқа Совет империясының құрамдас бөлігі, отаршыл патша өкіметінің құқықтық мұрагері ретінде қатысты. Сондықтан қазіргі тәуелсіз Қазақстан билігі бұл соғысты өз ұлттық тарихының бір бөлігі деп есептеп, зор мақтанышпен атап өтеді.
Рейхстагқа алғаш ту тіккендердің бірі - қазақ Рақымжан Қошқарбаев. Оқ тиіп, өртенген ұшағын жаудың әскери эшелондарының үстіне құлатқандардың ішінде Бақтыораз Бейсекбаев пен Нұркен Әбдіров те бар еді. Қазақтың қос қызы - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова батыр атағын алды. Осы соғыс кезінде батыр атағына ұсынылған Хиуаз Доспановағы тәуелсіз Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы берілді.

Қазақтың текті қыраны, жеті қат көкте жаумен қисапсыз жағаласқанда жүрегі әсте шайлығып көрмеген, ел бағына туған қаһарман ұланы Талғат Бигелдинов Кеңес одағы батыры атағын екі мәрте алған қазақ халқының мақтанышы

Талғат Жақыпбекұлы өзінің алғашқы Алтын жұлдыз медалі мен Кеңес Одағының Батыры атағын 1944 жылы алды. Оның басшылығындағы ұшақтар Кировоград пен Знаменка қалаларын батылдықпен қорғады. Бигелдиновтың өзі сол кезде жаудың төрт шабуылдаушысын атып түсірді. Бір жыл өткен соң Бигелдинов сол атаққа екінші рет ие болды. Шебер ойластырылған стратегиясының арқасында, оның эскадроны жау техникасы мен жаяу жүргіншілердің үлкен санын жоя алды.
Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан ИЛ-2 штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады.
Сол күннен бастап әскерилер арасында ұшқыш танк деп аталып кеткен Илюшаға басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы - Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты Қара ажал деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралады.
Бейбіт өмірге оралғаннан кейін ол азаматтық авиация және құрылыс салаларында жемісті еңбек етіп, жоғары ұйымдастырушылық және биік адамгершілік қасиеттерімен өзгелерге үлгі бола білді. Халқымыз Талғат Бигелдиновті ерекше мақтан тұтты, дүние есігін ашқан мыңдаған сәбилерге есімін берді. Олардың көбі батыр ағасына еліктеп, білікті маман, жақсы азамат болып өсті. Қаһарман отандасымыздың есімі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Модельдеудің негізгі түрлері
Модельдеу. Модельдеу түрлері
Әлеуметтік жоспарлау және жобалау негіздері
Азық- түлік өнімдерінде математикалық модельдеу әдісін қолдану
Модельдеу
Кәсіптік білім берудің моделі
Математикалық модельдер
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУ
Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері
Имитациондық модельдеудің заманауи технологиялары
Пәндер