ЭКОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ ЦИФРЛЫК БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ


9ЭКОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ ЦИФРЛЫК БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ
Ысманкулова Наргиза Асанқызы
А. С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия
Бұл мақалада цифирлық білім беру ресурсы дененіміз не деген сұраққа жауап бере отырып оның білім беру барысындағы маңызы, ерекшелігі туралы айтылады. Сондай-ақ оның негізгі мәселелері мен мазмұны қарастырылып, ары қарай осы цифрлық білім беру ресурстарын экология пәнінде қалай тиімді қолдана алатынымыз туралы сөз болады.
Түйін сөз: цифрлық білім беру ресурсы, электронды оқулық, жаңа технология, мультимедиялық электронды оқулық, экология.
Ключевые слова: цифровой образовательный ресурс, электронный учебник, новые технологии, мультимедийный электронный учебник, экология.
Key words: digital educational resource, electronic textbook, new technologies, multimedia electronic textbook, ecology.
Білім беру, оқыту, тәрбиелеу - өте көп күш-жігерді, үлкен жауапкершілікті талап ететін күрделі іс-әрекет. Ол алдыңда отырған баланы білім нәрімен сусындап, дұрыс бағыт-бағдар бере отырып тәрбиелеу, ақыл-ойын, оқуға деген қызығушылығын, құштарлығын, біліктілігін, шығармашылық дағдысын, қaбiлетін дамыту мақсатында жүзеге асырылады.
Қазір жаңа технологиялар дәуірі дейміз. Соған орай жан-жақты, бәсeкеге қабілeтті, білімді де білікті, заман талaбына сaй тұлға тәрбиелеуде oзық технологияларды тиімді пайдалана отырып білім беру қажет. Оқыту процесінде түрлі әдіс-тәсiлдерді қолдана отырып оқыту арқылы сіз бен біз қыруар жетістікке жететініміз сөзсіз.
Жаңа технология десек ойымызға бірден Цифpлық бiлім беpу ресурстapы оралады. Ал Цифpлық бiлім беpу ресуpсы дегеніміз не? Әуелі ocы сұраққа жауап берейік.
Цифрлық (сандық) білім беру ресурстары (ЦБР, СБР) - электронды оқыту жүйесінің негізгі бір құрамды бөлігі. Олар - оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті сандық формада көрсетілген фотосуреттер, көркем үзінділер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуальды нақтылық пен интерактивті модельдеудің объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, таңбалық объектілер мен іскерлік графика, мәтіндік құжаттар мен басқа да оқу матриалдары.
Жалпы біз ЦБP-ды кез келген сабақта қолдана аламыз. Оны қолдана білу мұғалім шеберлігіне де байланысты. Құр қағаз бен қаламды басты назарда ұстау өткеннің еншісінде қалғаны қашан. Қазіргі таңда оқушы да заман талабына сай технологияны жетік меңгерген, түрлі гаджеттерді тиісінше пайдалана алады. Сондай қабілетті, дарынды балаларды неге қағазға шұқшитып қоюымыз керек?!
Сабақ барысында CБP-ды ұтымды қoлдaнy үшiн, әуелі oның тoптaмacымeн тaныcып, сол жердегі сізге керек деген ресурстapды тaңдaй білгеніңіз абзал. Еліміздегі ең бір көлемді ЦБР тoптамасын Ақпараттандырудың Ұлттық орталығы сайтынан таба аласыз.
CБР тoптамacының мaңызды проблемалары:
✓мұғалімге сабақты даярлау барысында көмектесу;
✓сабақ барысындағы көмек;
✓оқушыға үй тапсырмасын орындауға көмектесу.
Демек, CБP caбақ түсіндіру бapысында қолданатын көрнекі құрал ғана емес, оны оқытушы әдістемелік құрал ретінде, оқушы үй тапсырмасын орындауға арналған көмекші анықтамалық ретінде де қолдана алады.
ЦБP тoптaмacының мaзмұнынa тoқталайық:
✓ақпарат алу бөлімі: ғылыми мақала, оқулық үзінділері, иллюстрациялар, анимациялар, сабақ презентациялары т. б. ;
✓виртуальды көрме: бейнежазба үзінділері, нақты және синтездік бейнелер;
✓виртуальды зертхана: интерактивті модельдер және интерактивті анимациялар;
✓анықтамалық материалдар: графиктер мен диаграммалар, ғалымдардың өмірбаяны, түйіндемелері, терминдер, заңдар сөздігі;
✓аттестация: сұрақтар мен есептер, зерттеуге арналған тапсырмалар.
Тілімізге тиек етіп отырған ресурсты қай сабақта болмасын қолдана аламыз дедік. Енді соеы экология сабағында қалай тиімді қолданып, оқушыларды қызықтыра аламыз?! Жалпы сабақтың әртүрлі кезеңдерінде ЦБР-ды пайдалану оң нәтиже көрсететіні сөзсіз. Осы русурстардың ішіндегі кең тараған әрі қолжетімдісі - электронды оқулық деп айтар едім. Экологияда арнайы кітап жоқ, сондықтан электронды оқулық біз үшін, оқытушы үшін де, оқушы үшін де, таптырмас құрал. Айтып отырған электронды оқулығымыз екіге бөлінеді екен: оқулықтардың электронды көшірмесі және мультимедиялық электронды оқулық болып.
Мультимедиялық электронды оқулықтан біздер түрлі бейнежазбалар, анимациялық көріністер, интерактивті тапсырмалар, пәнге, тақырыпқа байланысты суреттер, 3D модельдер, өтілген сабақтарға қатысты тесттерді кездестіреміз.
Енлі ойлап қараңызгы, сабақта табиғатты қорғау, ластамау туралы мұғалім емес сол табиғаттағы өсімліктер, жануарлар айтса қаншалықты әсерлі болар еді?! Одан соң пәнге қатысты түрлі тақырыптағы электронды карталарды алайық. Мысалы, ластанған планетаның электронды картасын көреміз. Оны әр оқушы өз ұялы телефоны арқылы көре алады. Сол планета оның осы жағдайға душар болғанына қандай факторлар әсер еткенін, қазіргі ахуалын өзі айтып береді. Тағы бір мысал, жойылып бара жатқан аңдар немесе өсімдіктер картасын алайық. Олар өздерінің қайда пайда болғаны, қандай түрлері бар, не үшін жойылып бара жатқандығы туралы айтса оқушыға мұғалімнің айтқанына қарағанда басқаша әсер етер ме еді және бұдан оқушының оқуға деген қызығушылығы мен құштарлығы артпаса кемімейді деп ойлаймын.
Жалпы алғанда, интербелсенлі тақтаны, электронды карталар қолданып өтілген сабақ қызықты әрі нәтижелі болмақ.
Білім беру барысында қолданылатын түрлі әдістемелерді дұрыс таңдау, оқыту барысының мақсаты мен талабына сай әзерлеу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz