Грамматикалық нөлдік форма және оның тілдік жүйедегі түрі
Жоспар
Кіріспе
1
Грамматикалық ұғымдар
1.1
Грамматикалық мағына және оның түрлері, берілу тәсілдері
1.2
Грамматикалық категория
1.3
2
2.1
2.2
2.3
2.4
2.5
3
3.1
3.2
3.3
3.4
3.5
Грамматикалық форма
Нөлдік форма мен нөлдік морфеманың теориялық негізі
Нөлдік форма мен нөлдік морфема мәселесінің зерттелуі
Тілдік таңба теориясының дамуы
Морфема терминінің өріс алуы
Нөлдік форманың белгілері
Нөлдік форманың түрлері
Грамматикалық нөлдік форма және оның тілдік жүйедегі түрі
Грамматикалық нөлдік форманың сипаттамасы
Тілдік жүйедегі тұрақты нөлдік формалар
Грамматикалық нөлдік формалардың қолданыстағы түрі
Қолданыстағы грамматикалық нөлдік формалардың категорияларға қатысы
Нөлдік форманы мектепте оқыту мәселесі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Тілдің грамматикалық құрылысын тануда оның негізгі мәселелерін анықтауда да, әрі таяныш, әрі нысана болатын негізгі грамматикалық ұғымдар бар. Бұл ұғымдарды ажыратпау тілдің грамматикалық құрылысының сыр- сипатын түсінуде анықтау да қиынға соғады. Грамматикалық құрылысқа қатысы бар негізгі ұғымдар мыналар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория тілдегі әр сөздің өзіне тән нақтылы лексикалық мағынасы мен жалпы грамматикалық мағынасы, оның тұлға- тұрпатына байланысты. Мысалы, сушы, сусын, су, суат, суғар т.б. Бірақ ол мағыналар сөзбен сөздің, сөздер мен сөздердің арақатынасы жақсы аңғарылады. Лексикалық мағына дегеніміз- сөздердің ешқандай байланысқа түспей тұрғандағы негізгі мағынасы. Мысалы: Той болса, тон киелік жүр баралық,
бірімізді біріміз аударалық,-
деген сөздерде киелік, баралық деген сөздердің әрқайсысының өздеріне тән нақтылы лексикалық мағынасы бар. Олар киіну, бару аудару әрекеттерін білдіреді. Сонымен қатар олардың лексикалық мағынасы мен қатар жүретін жалпы мағыналары бар. Ол мағыналар мыналар:
1. Бұл етістіктердің үшеуі де алдағы уақытта істелінбекші әрекетті білдіреді.
2. Үшеуінде де тыңдаушылар іске шақырылып тұр.
3. Сөйлеуші өзінде өзгелерді де бірінші жаққа топтап бәріміз киелік баралық аударалық деп тұтас қамтып отыр.
4. Ол әрекетті істеу көп адамға арналып айтылып тұр.
5. Осы шақырым есім сөздер арқылы емес, етістіктер арқылы айтылып тұр.
6. Ол етістіктер сабақтылық, салттылық ұғымдармен байланысты грамматикалық мағына бар.
7. Бұл сөздер баяндауыш қызметін атқарып тұр.
Мысалы: қалтаң бүтін болса, ақшаң түгіл шақшаң да түсіп қалмайды деген сөйлемдердегі қалтаң, шақшаң, ақшаң деген үш сөздің нақтылы лексикалық мағыналары мен қатар грамматикалық мағыналары да бар. Бұл үш сөздің үшеуі де заттың атын білдіреді бұлар зат есімдер болады. Онымен қатар осы есімдер арқылы аталатын заттар екінші жақтағы адамға меншікті екені аңғарылады. Үшеуі де сөйлемде бастауыш болып тұр. Осы аталған мағыналар грамматикалық мағына деп аталынады. Сонымен сөздің нақты лексикалық мағынасы мен жарыса отырып сол лексикалық мағынаны айқындап саралай түсетін, я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым- қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынаны грамматикалық мағына дейміз.
Қонақ бір күн қонса құт
Екі күн қонсажұт.
Ауылдың салтында ауылға жақындаған жолаушының әдеті өкпелерің орынды жігіттер ескі көшке ермей қалып, жаңа көшті бастай алмай әрі-сәріге салған рас деген сөйлемдерді қонақ және қонысы ауылдың және ауылға көшті және көшке сөздердің өзара негіздері бір болғанымен қосымшалары да, грамматикалық мағыналары да бір-біріне өзгешерек бұл мысалдардың барлығында грамматикалық мағыналары бір сөздің әр түрлі грамматикалық формалары арқылы айтылып тұр.
Қазақ тілінде грамматикалық мағына тудыратын сөздердің бір тобы өте тың, аса нағыз нақ, дәл т.б. күшейткіш сөздер мысалы, өте жақсы, тың жұпыны грамматикалық мағынаның негізгі сөздерге шылау сөздердіңселбесуі арқылы туады. Мұнда ол сөздер бір-біріне жалғасып дәнекер болады. Мысалы: Құрымбайдың ол не үшін келгенін сезді.
Грамматикалық құбылыстың екі жағы болады:
1. Сол құбылыстың белгілі ұғымды я түсінікті білдіретін ішкі жағы грамматикалық мағына.
2. Сол мазмұнды яғни грамматикалық мағынаны қалай не арқылы білдіретін сыртқы жағы грамматикалық тәсілі (формасы).
Грамматикалық категория-тікелей сөздерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамматикалық мағынамен байланысты болады.
Сөз тілде сөйлеу процесі арқылы өмір сүреді. Сөздің сөйлеу процесінде басқа сөздермен әр түрлі қатынастарының негізінде пайда болатын ішкі мәндері, оның көрінісі болатын сыртқы түр-тұлғасы, солардың барлығы негізінде сөйлемдегі қызметі, т.б. тілдің грамматикалық құрылысымен байланысты болса, оның өзіндік ерекшеліктері тағы сол сөздің грамматикалық сипатымен анықталады.
Ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына, грамматикалық форма және грамматикалық категория жатады. Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалық бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған жекелеген грамматикалық единицалар мен құбылыстар, жүйелер сол ұғымнан туындайды.
Грамматикалық мағына - сөздің жалпы мағынасы. Лексикалық мағынаға қарағанда грамматикалық мағына арқылы олардың әрі жалпылық, әрі ортақтақ қасиеті негізінде сөздер грамамтикалық топтарға топтасады. Осыдан грамматикалық мағынаның мынадай ерекшеліктері байқалады. Біріншіден, лексикалық мағынаға қарағанда, грамматикалық мағына одан кейін пайда болады, атап айтқанда, грамматикалық мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылану арқылы, содан кейін сөйлеу процесінде сөздердің бір-бірімен әр түрлі қарым-қатынасқа түсуі арқылы және сөздің сөйлемде жұмсалу мақсатына қарай оған әр түрлі тұлғалардың қосылуы арқылы үстеледі. Екіншіден, лексикалық мағынаның мәні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір-бірінен саралап, бөлуге негіз болса, грамматикалық мағына жалпы болады, жеке сөзге (формаға) ғана емес, солардың белгілі топтарына тән болғандықтан, сөздерді грамматикалық сипаты жағынан топтауға негіз болады. Мысалы, үй, кітап сөздері лексикалық мағыналары жағынан ешбір жақындығы жоқ сөздер болса, грамматикалық мағыналары жағынан бір топтағы сөздер, екеуі де заттық мағынаны (зат есім) білдіреді. Үшіншіден, сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе, грамматикалық мағына сөзде біреу де, бірнешеу де болуы мүмкін. Кел, балалар, оқылық! деген сөйлемнің бір өзінде мынадай грамматикалық мағыналар бар. Кел - лексикалық мағынасы - ауыс мәндегі келу қимылы, грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіру, 2) салттық мән, 3) бұйрық мағына және 2-жақ арнайы. Балалар: лексикалық мағынасы - белгілі жасқа (оқу жасына) байланысты адам, грамматикалық мағыналары: 1) жалпы заттық мағына, 2) адамға байланысты және бір адамға ғана емес, белгілі жастағы адамдарға түгел қатысты. 3) бір емес, көп екендігі. 4) соларға қаратылу. Оқылық : лексикалық мағынасы - оқу іс-әрекеті, грамматикалық мағыналары : 1) жалпы қимыл, іс-әрекет, 2) сабақтылық мән, 3) ниеттік мән және І жақ көптік ұғыммен байланысты, т.б.
Осыдан көрінетіндей, грамматикалық мағына белгілі жолдар арқылы беріледі. Соның бірі - грамматикалық форма. Грамматикалық форма, бір жағынан сөздің сөйлеу процесінде түрлену жүйесінің тұлғалық көрінісі болып есептелсе, екінші жағынан, белгілі мәндегі грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі болып табылады. Яғни белгілі бір грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формалар жүйесі, оның бір түрі арқылы беріліп отырады. Мысалы, тәуелдік мағына (оңаша түрі) 1-жақта - ым,-ім,-м, 2-жақта -ың,-ің,-ң, сыпайы -- ыңыз,-іңіз, -ныз,-ңіз, 3-жақта - сы,-сы,-ы,-ы, тұлғалары арқылы беріледі. Міне, осындай мәндегі тұлға грамматикалық форма деп аталады. Әрине, грамматикалық мағынаны білдірудің басқа да грамматикалық формасыз тәсілдері, мысалы, лексикалық мағынаның жалпылануы, сөздердің сөйлеу процесінде бір-бірімен таза аналитикалық қарым-қатынасқа түсуі, т.б. тәсілдер де бар.
Грамматикалық мағына әр түрлі тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағынаны білдіретін синтетикалық тәсілдің бір типі - грамматикалық формалар. Яғни грамматикалық мағынаның белгілі бір түрі, атап айтқанда, категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөйтіп, грамматикалық форма белгілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар (жалғау, жүрнақ) арқылы белгілі жүйелі парадигма бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы әр тұлғаға сай категориялық грамматикалық мағына беріледі.
Осы уақытқа дейін жарық көрген еңбектерде, зерттеулерде грамматикалық форманы анықтағанда грамматикалық мағынаны білдірудің сыртқы жағы, грамматикалық тәсілі деп, грамматикалық мағынаны түр-түрге бөлмей қарастырып келді.
Рас, осыған дейін грамматикалық мағына мен грамматикалық форма деген ұғымдарды әрдайым бір нәрсенің ішкі жағы, мазмұны мен сыртқы жағы, тұлғасы немесе сол мазмұнның іске асу, көріну тәсілі деп анықтап келдік. Қандай грамматикалық мағына болса да, оның өзіне тән грамматикалық формасы болады, керісінше қандай бір грамматикалық форма болса да, оның өзіне тән грамматикалық мағынасы болады. Грамматикалық мағынасы жоқ грамматикалық форма болмайды, грамматикалық формасы жоқ грамматикалық мағына болмайдың (Ы.А. -- ҚҚТ, 18), Тілдегі мағына мен форма, соның ішінде грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-бірімен тығыз байланыста болады. Белгілі бір грамматикалық формасы болған жағдайда ғана грамматикалық мағына жайында сөз ете аламыз. Керісінше белгілі бір форманың грамматикалық форма ретінде танылуы үшін, оның міндетті түрде грамматикалық мағынаны білдіруі қажетң- (А -- ГТН, 16)деген пікірлер осыған дәлел. Бұл екі ұғымды осындай балама мәнде, бір нәрсенің екі жағы ғана (біреуі ішкі мазмұны, екіншісі сыртқы түрі) деп түсіну тіпті де дұрыс емес, өйткені олар (грамматикалық мағына мен грамматикалық форма) әр уақытта бір-бірімен балама, сай бола бермейді. Лексикалық мағынаның абстракцияланып жалпылануы арқылы пайда болатын жалпы грамматикалық мағына, сондай-ақ аналитикалық тәсіл арқылы берілетін қатыстық грамматикалық мағына ешбір грамматикалық формасыз-ақ берілетінін жоғарыдан байқадық. Мысалы, тау, тас, үй, көл және бала, қыз, әке, сияқты сөздердегі жалпы заттық мағына, алғашқы топтағы сөздерде жансыз (нелік) заттар, соңғы топтағы сөздерде адамға байланысты (кімдік) заттар мағынасы грамматикалық мағыналар екендігінде ешбір күмән жоқ. Бірақ бұлардың ешқайсысы да ешбір грамматикалық форма арқылы берілмеген. Сондай-ақ аналитикалық тәсілдің түрлері болып табылатын негізгі сөздердің бір-бірімен тіркесуі, негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі арқылы, сөздердің қосарлануы, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен дауыс ырғағы (интонация) т.б. арқылы грамматикалық (дұрысында қатыстық грамматикалық) мағынаны білдіруде ешбір форма жоқ. Сондықтан да грамматикалық форма арқылы грамматикалық мағынаның берілуі дегенде әңгіме жалпы грамматикалық мағына атаулы емес, грамматикалық мағынаның бір түрі болып табылатын категориялық грамматикалық мағына жайында ғана болу керек.
Қазақ тілінде грамматикалық форма дегенге белгілі бір грамматикалық топтағы сөздердің (сөз табының) түрлену, өзгеру жүйесі болып табылатын, парадигмалық сипаттағы тұлғалары, форма тудырушы қосымшалары (форма тудыратын журнақтар мен жалғаулар) жатады. Өйткені олар сөз табының парадигмалық сипаттағы тұлғалары, ең алдымен, белгілі бір грамматикалық категориялық грамматикалық мағына білдірумен байланысты, екіншіден, грамматикалық мағына біреу ғана емес, түрлену жүйесіне байланысты әрі тектес, ыңғайлас, әрі өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы мәндегі грамматикалық мағыналардың бірлігінен тұрады.
Мысалы, Тыңда, дала, Жамбылды дегенде, тыңда етістігі бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы (сен тыңда) тұлғасында тұрғанын, ол бір жағынан, белгілі форма, (нөлдік) форма - сен тыңда -- өзіне қатысты сөзбен байланысынан көрініп тұр; түбір тұлға емес, түбірде бұйрықтық, 2-жақтық, жекешелік, анайылық мағына жоқ) арқылы көрініп тұр, екінші жағынан, осы тұлғаның өзі белгілі түрлену жүйесінің, парадигмалық бірліктің (бұйрық райдың жекеше анайы 2-жағы жалпы бұйрық райдың, ал бұйрық райдың өзі жалпы рай жүйесінің) бір көрінісі болып табылады да, сол жүйенің әрі тектес, бірыңғай, әрі одан ерекшелігі бар қарсы мәнді көрсетеді. Сондықтан да бұйрық райдың жекеше, анайы 2-жағы мағынасы мен формасы (нөлдік) сол жүйенің біріншіден 2-жақ жекеше, сыпайы және анайы, көпше тыңда-ңыз, тыңда-ңдар, тыңда-ңыздар, екінші жағынан 1,3 - жақтағы мағыналары мен тұлғалары арқылы парадигмалық жүйе құрайды. Ал бұның өзі жалпы рай категориясының парадигмалық жүйесін құрайды. Сондай-ақ Жамбылды зат атауы тұлғасы жағынан табыс септік болса, мағынасы жағынан тыңдау қимылының тура объектісі мәнін білдіріп, септік жалғау жүйесінің, бір жағынан, атау, ілік, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктік мағыналарының бір тектес түрі, екінші жағынан оларға қайшы мәнді білдіріп, өзгеше форма арқылы берілуі бір түрі болып тұр. Ал бұндай ерекшелік тыңда деген түбірде жоқ. Сөздің негізгі түбірі -тың да -дажаңа сөз тудырушы қосымша. Бұл жерде жүйе, парадигмалық тек грамматикалық мағына ғана үстеп тұрған жоқ, ол жаңа сөз жасап тұр, сондықтан тыңда деген етістіктегі жалпы грамматикалық мағына лексикалық мағынаның абстракциялануы, жалпылануы арқылы пайда болған.
Сөйтіп, қазақ тілінде грамматикалық формаларға жалғаулар (көптік, тәуелдік, септік, жіктік) және форма тудыратын жұрнақтар (сын есімнің шырай тұлғалары, етіс, күшейтпелі етістік, тұйық етістік, рай, шақ, есімше, көсемше, тұлғалары) жатады.
Грамматикалық форма, бір жағынан, сөздің сөйлеу процесінде түрлену жүйесінің тұлғалық көрінісі болып есептелсе, екінші жағынан, белгілі мәндегі грамматикалық мағынаны білдірудің жолы болып табылады. Яғни белгілі бір грамматикалық категориялық грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формалар жүйесі я оның бір түрі арқылы беріліп отырады. Мысалы, тәуелдік мағына (оңаша түрі) 1-жақта -ым, -ім, -м, 2-жақта анайы -ың, -ің, -ң,сыпайы -ыңыз, -іңіз, -ңіз, -ңыз,3-жақта -сы, -сі, -ы, -і тұлғалары арқылы беріледі. Міне осындай мәндегі тұлға грамматикалық форма деп аталады.
Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма байланыста, бірлікте болады. Бұл екеуі әр кез тепе-тең бола бермесе де, олардың сәйкестіктері, яғни тілдік құбылыстың бірі ішкі мазмұн жағы болып, екіншісі оның сыртқы көрінісі -- түр жағы болып келуі тілдің грамматикалық құрылысының басты бір сипаты болып табылады. Міне, грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың жүйелері және парадигмалық (түрлену) сипатынан және солардың жиынтығы ретінде грамматикалық категория туып қалыптасады. Демек, ең алдымен, грамматикалық категория грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың бірлігінен тұруы керек. Бірақ бір я бірнеше грамматикалық мағына бір я бірнеше грамматикалық форма арқылы берілсе, сол екеуінің бірлігі әр кез грамматикалық категория болып таныла бермейді. Айталық, меншіктілік мағына - ның,-нің, дың,-дің, -тың,-тің қосымшасы арқылы беріледі. Бірақ бұл екеуінің бірлігі (ілік септік) жеке грамматикалық категория бола алмайды. Белгілі бір грамматикалық категория болудың келесі шарты - грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың бірлік қасиеті жүйелі және парадигмалық сипатта болуы керек. Яғни грамматикалық категория әрі тектес, ыңғайлас грамматикалық мағыналардан тұрып, әрі өз ішінде бір-бірімен қарама-қайшылықта, өзгешелікте болып, ерекшеліктердің әрқайсысы жүйелі түрдегі түрлену (парадигмалық) тұлғалары, формалар арқылы көрініп, бірлікте болуы керек. Мысалы, ілік септік қана емес, түгел септік жалғаудың түрлену жүйесі немесе тәуелдік жалғау жүйесі осындай. Айталық, тәуелділік мағына жалпы ортақ бір грамматикалық мағына. Ол өз ішінде жақтық мағынаға байланысты бір-біріне қарама-қайшы үш түрлі қайшылықтан тұрады. Солардың әрқайсысы бөлек-бөлек грамматикалық формалар арқылы беріледі. Міне, осы қайшылықтардың бірлігі, грамматикалық мағына мен формалар жүйесінің тұтастығы грамматикалық категория болып танылады да, белгілі топтағы сөздердің (сөз табының) грамматикалық, лексика-грамматикалық ерекшелігі болып табылады.
Мысалы: Қалқаманның мақсұтын Мамыр білді (Шәкәрім).
Қалқаманның. Мағыналары: 1) зат атауы, адам, кісінің аты (жалқы есім), оны білдіріп тұрған - Қалқаман бөлігі;
2) меншіктілік мағына (мақсұтын меншіктеп тұр) оны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz