Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан жиналған балдың тозаңдық құрамын зерттеу әдістері Тозаң микроскопиясы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан жиналған балдың тозаңдық құрамын зерттеу әдістері; Тозаң микроскопиясы.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
05B070100 - Биология және Биотехнология білім беру бағдарламасы бойынша
Алматы. 2022 жыл.

Қорғауға жіберілді
Биология және биотехнология кафедрасы
ББ көшбасшысы, п.ғ.к., профессор м.а.
___________
____ _____________ 2022 ж.
Тақырыбы: Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан жиналған балдың тозаңдық құрамын зерттеу әдістері; Тозаң микроскопиясы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
05B070100-Биология және Биотехнология білім беру бағдарламасы бойынша
Орындаған:
05B070100 - Биотехнология мамандығы
4 курс студенті:
Отан Зульфия Берікқызы
Ғылыми жетекші:
п.ғ.д. доцент
Мазмұны
Қысқартулар ме нормативтік құжаттар
Глосарий
КІРІСПЕ
ТАРАУ. Қазақстандағы ара шаруашылығының дамуы.
Бал ара шаруашылығының сала ретіндегі ерекшелігі
Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан жиналған балдың тозаңдық түрлері зерттеу әдістері.
2.ТАРАУ. Микроскопия ілімі. Тарихы дамуы.
Микроскопиялық әдіс - тәсілдер
2.2Микроскопиялық зерттеу әдістері.
Тозаң микроскопиясы.
Кіріспе.
Ара шаруашылығының өнімдері, бал, балауыз, прополис, тозаңдар, бал ұялары араларды өсіру жолдарының мүмкіндіктерін іздестіру, және қандай өсімдіктерден алынады деген сұрақтарға жауап іздеу, олардың түрлерімен танысу үшін ғылыми жұмысымды бастадым.
Зеттеу жұмысымды жегілікті жер әуесқой омарташылармен сұхбаттасуды ұйғардым.
Балды өсімдіктердің кейбір экологиялық ерекшеліктерінен бастағанды жөн көрдім. Сондай- ақ жергілікті жердегі балды өсімдіктерді:
. Мәдени балдық өсімдіктер. Сәндік бал түзуші өсімдіктер. Жабайы балдық өсімдіктер - деп бөліп, олардың әрқайсысына жекпе- жеке тоқталдым.
Шиелі ауданында бал омартасынан өндірілетін балға зерттеу жұмысын жүргіздім.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Белгілі болып отырғандай, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанда тауарлық балдың 70% дан астамын өндіретін аса дамыған ара шаруашылығының аймағы болып табылады. Қазіргі уақытта ара шаруашылығының саласы күрделі кезеңді бастан кешуде. Негізгі себеп кадрларды дайындаудың тоқтатылуы, ара шаруашылығының Қазақ тәжірибелік стансасы таратылуы, ғылыми әзірлемелерді қаржыландырулардың елеулі қысқартылуы, Қазақстанның басқа аймақтарынан әкелуді бақылаудың мүлдем жоқтығы, бұның бәрі нәтижесінде ара ауруларына және тұқымның әрі қарайғы азғындауына әкелді.Ара шаруашылығының өнімділігін жоғарылату және энтомофильді дақылдардың тозаңдануына араларды пайдалануды қарқындату оларды бағып қағу жағдайына, экологиялық жағдайға және әсіресе, омарталар мен балды өсі күтіп бағу жағдайына, экологиялық жағдайға және әсіресе, омарталар мен балды өсімдіктер оқшауланған жерлерге жақын топырақ, ауаның антропогенді ластануына байланысты. Ортаның антропогенді ластану деңгейіне аралардың физиологиялық күйі, олардың тіршілік қабілеттілгі, жазғы белседілігі мен өнімділігі тәуелді. Сондықтан қоршаған ортаның антропогенді ластануына аралардың тұрақтылығын, бал өнімдерінің сапасына әсерін зерттеу де өзекті мәнге ие.Азық түлік өнімдерін және өнеркәсіп үшін ауыл шаруашылық шикізаттарын өндіру туралы осы заманғы көзқарас өнімнің нақты бір түрін беретін ауыл шаруашылығының жеке салаларын дамыту қажеттіліктеріне ғана емес, сондай ақ, олардың байланысы мен өзара әрекеттестіктеріне негізделуі керек. Бір сала жұмысының бұзылуы басқалардың өндіріс тиімділігінің және оның салдарынан бүкіл ауыл шаруашылық құрылымының төмендеуіне әкеледі.
Зерттеу мақсаты: Бал ара шаруашылығының жағдайын талдау, тұрғындарды сауықтырудағы рөлін анықтау және бал арасынан алынатын өнімдердің экологиялық сапасын жақсарту шараларын қарастыру.Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды::: Бал арасынан алынатын өнім түрлеріне және олардың химиялық құрамына сипаттама беру;:: Бал арасы өнімдерін өндіретін мекемелерде қолданылатын технологиялармен танысу;:: Бал арасы өнімдерінен жасалынатын дәрілермен танысу және емдік қасиеттеріне талдау жасау;:: Қоршаған орта ластануының ара шаруашылығына әсерін талдау;:: Бал арасынан алынатын өнімдердің экологиялық сапасын жақсарту шараларын ұсыну.Зерттеу объектісі: Шығыс Қазақстан облысының бал ара шаруашылығы.
Зерттеу әдістері: сипаттама беру, салыстыру, статистикалық, мәліметтерді талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы : ара шаруашылығына түсетін антропогендік әсерге баға беріліп, бал арасынан алынатын өнімдердің сапасын жақсартудың экологиялық аспектілері анықталды.
Зерттеудің тәжірибиелік маңыздылығы осы берілген зерттеу жұмыстарының мәліметтерін ара шаруашылығы шаруа қожалықтарында, әуесқой арашылардың омартасында жұмысты тиімді ұйымдастыруға, табиғатты қорғау мекемелерінде, агрономдарға, зоотехниктерге, студенттерге және оқытушыларға пайдалануға болады.Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшаны қамтиды.
1.Тарау Қазақстандағы ара шаруашылығының дамуы.
Ара шаруашылығы немесе Омарта шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ара өсіріп, бал жинаумен айналысатын бір саласы. Ара шаруашылығы. ерте заманнан бері бал ғана емес, басқа да құнды өнімдердің (ара уы, прополис, балауыз, ара желімі, т.б.) көзі болды. Қазақстанда Ара шаруашылығы кәсіпшілік ретінде алғаш Шығыс Қазақстан өңірінде дамыған. 1777 ж. Ресей ғалымы П.С. Паллас Үлбі өз-нің бойы бал арасын өсіруге қолайлы екендігін жазған. 1812 ж. Үлбінің ара өсірушілері бірнеше рет Ірбіт жәрмеңкесіне қатынасып, балдарының дәмі мен тамақтық сапасы жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғ-дың ортасынан бастап омарталар Жетісу мен Іле Алатауларының көптеген жерлерінде, Ыстықкөл маңайына, Орта Азия елдеріне тарады. Тянь-Шань тау жүйесінің табиғаты бал арасы үшін ең қолайлы жер болды. Қазақстанда Ара шаруашылығының дамуы алмалы-салмалы омартаны кең қолданудан басталады, оған дейін бал аралары ағаш ұяларда өсіріліп келген болатын. Ара шаруашылығын дамытуға ғалымдар - Б.Герасимов, П.А. Ермаков, Е.П. Михаэлис, А.Н. Федоров, т.б. зор үлес қосты. Федоров ара өсіру мектебін ашып, өзі онда ақысыз дәріс берді. Ол Шығыс Қазақстанға бал беретін өсімдіктердің тұқымын алдырып, оны жергілікті ара өсірушілерге таратты және омартаға қажетті жаңа құрал-жабдықтар әкелдірді. 1915 - 16 ж. оның басшылығымен Оңт.-батыс Алтай ара өсірушілерінің 2-съезі өткізілді. Бал араларын өсірумен атағы шыққан алғашқы қазақ Алматы облысы Қабанбай ауылының тұрғыны Ә.Құрманбаев болды. 1934 жылға дейін Ара шаруашылығы республиканың тау және тау етектеріндегі аудандарда ғана дамыды. Кейін омарталар Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында және Солтүстік Қазақстан облысының орманды, егінді алқаптарында қанат жайды. Араның балы тағам ретінде, ал балауызы өнеркәсіптің металлургия, радиотехника, автомобиль, химия, т.б. салаларында шикізат ретінде пайдаланылады. Ал прополис, ара уы, т.б. осы сияқты ара өнімдері медицинада, ветеринарияда және косметикада кеңінен қолданылады.
Ара шаруашылығы ауылшаруашылығының дамыған бір саласы болып табылады. Арадан алынатын өнімдер халық шаруашылығында кеңінен қолданылып келеді. Балды тағам ретінде, ара балауызын кәсіпорын салаларында шикізат ретінде қолданылуда. Кейінгі жылдары медицина мен ветеринария тәжірибесінде, сонымен қоса косметика саласында ара шаруашылығы өнімдерін пайдалануда. Олар: аналық ара сүті, прополис, бал ара уы; Бал бүгінгі таңда жоғарғы тағамдық өнім ғана емес, сонымен қатар көптеген ауруларда емдік зат болып табылады. Қазіргі кезде ғылыми зерттеулер ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген. *Лабораториялық зерттеулермен клиникалық бақылаулардың нәтижесінде балдың құрамы өте күрделі екендігі анықталған. Бүгінгі таңда бал тек қана жоғарғы тағамдық өнім ғана емес сонымен қатар көптеген ауруларда емдік зат болып табылады. Ара балы табиғаттың керемет сыйы. Қазіргі кезде ғылыми зерттеулер ежелгі дәрігерлер мен философтар ұзақ жасау диетасы ретінде жоғарғы баға берген.Лабораториялық зерттеулер мен клиникалық бақылаулардың нәтижесінде балдың құрамы өте күрделі екендігін анықтаған. Оның құрамында организмге бағалы жүздеген компоненттер бар: глюкоза, лебулеза, витаминдер, ферменттер, органикалық қышқылдар, микроэлементтер, минералдар, горманалды, антибактериалды тағы басқа заттар. Осы бір пайдалы да дәмді өнімді белгілі жәндіктер бал аралары өндіреді.
Балауыз- аралардың арнайы сөлінен түзілетін қатты, ұсақ түйіршікті, түссіз, қошқыл-қоңыр түсті зат. Өндірістің 40-тан астам салаларда, соның ішінде авиациялық, текстильді, фармацевтикалық, сонымен қатар медицинада, парфюмерияда және косметикада кең қолдану тапқан.
Гүл тозаңы- аралар гүлден жинайды, моносахаридтерге, минералды және белоктық заттарға, ферменттерге, витаминдерге, өсу гормондарына өте бай. Ол ара тұқымын азықтандыру үшін, аналық сүтін ферментті және балауызды өндіретің бездерді қамту үшін қызмет етеді. Тозаң концентрленген өнім болып саналады және медицинада, косметикада қолданылады.
Перга- аралармен жинап алынған және өңделеген әр түрлі өсімдіктердің тозаңдары. Ол маңызды белокты азық, оның жеткіліксіздігі ар жанұясының өмір сүруінің нашарлауына әкеледі. Ферменттердің әсерінен тозаңда сүт қышқылды ашу жүреді, осыдан түзілген сүт қышқылы тозаң мен бал қосылысын консервілеп оны пергаға айналдырады. Құамында белок, қант, май, минералды заттар, сүт қышқылы, витаминдер, гормондар бар.
Прополис- араның желімі, бал алып жүруші аралар дайындайтын шайырлы зат. Аралар прополиспен ұяның қабырғаларына жағып, тесіктерін бітеп, кәрезі ұяшықтарын сылайды. Олар стерильді және берік болу үшін. Прополистің негізгі бөлігі ретінде өсімдік шайыры, балауыз, эфирлі майлар, гүл тозаңы саналады. Құрамында әртүрлі элементтер, витаминдер, бактероицидтік, антитоксидтік, қабынуға қарсы анестезирлеуші және стимульдеу қасиеттеріне ие.
Ара уы- аралардың секторлы сөлінің өнімі, түссіз өткір иісті, күйдіргіш дәмі бар өте қою сұйықтық. Медицинада кеңінен қолданылады
1.1 Бал ара шаруашылығының сала ретіндегі ерекшелігі.
Ара балы, бал -- жоғары калориялы дәмді , диеталық тағам.
Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығарған өнімі, қоймалжың, тәтті сұйық. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді. Бір шырынды бал - тек өсімдіктің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жөке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. Көпшырынды бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай балды табиғи бал беретін өңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) әртүрлі атайды. Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты болып келеді. Ара балының сапасын негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақтық қасиеттері арқылы ажыратылады. Бал - қуаты жоғары тамақтық азық. Оның 1 кг-ы 3250 кал. қуат береді. Бал адам организмін витаминдермен, ақуызбен, ферменттермен, т.б. тіршілікке қажетті заттармен байытады. Сондай-ақ балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге және суық тигенде қолданады. Ара балын косметикада, дәрі жасау өндірісінде пайдаланады. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5оС-тан 10оС-қа дейінгі температурада сақтайды.
Сонымен қатар бал ара шаруашылығының тағы бір ерекшелігі:
Емдік қасиеті ерте кезден белгілі болып, түрлі ауруларға қарсы әркім өзінше пайдаланып келген суық тигенде, жүрек, бауыр, өкпе, бүйрек, асқазан, ішек, жүйке ауруы, сондай-ақ қан қысымынң көтерілуі сияқты дерттерге шипа. Оны көпке созылып, асқынып кеткен жарақатқа да жағуға болады. Соған орай балды кейбір ауруларға қалай пайдалануға болатыны туралы қысқаша мәлімет ұсынамыз. Бұл тәсілдерді ата-бабаларымыз байырғы заманнан пайдаланған. Балдың пайдасын адамзат өте ерте заманнан білген. Мұнан 3000 мың жыл бұрын еврейлердің адам мен мал жарақатын балмен емдегені жөнінде деректер ұшырасады.
1.Суық тигенде. Суық тигенде, тұмауратқан кезде юалды ыстық сүтке немесе лимонның шырынына қосып, науқастан әбден айыққанша ішкен дұрыс. Ол үшін бір стақан ыстық сүтке бір шай қасық бал және сары май қосып ішеді. Ал сүт жақпайтын адамдар үшін бүтін бір лимонның шырынына 100 грамм бал қосып, әбден езілгенше араластырып, сұйықталған соң пайдалануына болады. Оны ішкенде екі-үш күндей жылы жатқан жөн. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Сонымен қатар бір литр суға ұнтақталған 500 гр пиязды, 400 гр қантты және 50 гр балды қосып, отқа үш сағаттай қайнатып, суыған соң шыны шөлмекке құйып ауызын мықтап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам күніне 4-5 рет ас қасықпен ішуі керек, сонымен қатар қызарып ауырып тұрған тамақты шаю да пайдалы. Сондай-ақ шәйнекте қайнап тұрған суға бір асқасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қызарғанын басады.
Асқазан, ішек ауырғанда. Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп немесе керісінше азайып кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанда жарасы бар науқас тамақтың алдында бір жарым, екі сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал қанның құрамындағы гемоглабинді көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал қышқылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын азайтады.
Бал жараға да ем. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыруы керек. Жараға жағатын дәріні 60 гр балға бір шай қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды.
Жүрек ауырғанда. Бал жүрек ауруы бар адамдарға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі рет үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептеуір жақсарады. Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі.
Бауыр ауырғанда. Балды бауыр және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады, оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке, сәбізге, лимон шырынына қосып, жеген дұрыс. Кейде тұрыптың ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, 3-4 сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шай қасықпен, күніне 2-3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйрекке құм, тас жиналудан сақтайды. Емдік қасиеті мол тағам түрлерінің ішінде табиғи балдың алар орны ерекше. Халық медицинасы бал арқылы ем қабылдауды осыдан 4000 жыл бұрын білген-ді. Грек елінің ұлы ғалымы Пифагор Ұзақ өмір сүрудің себебі - балды жиі қабылдағаннан десе, әлемге әйгілі медицина ғалымы, жазушы Абу `Али Ибн Сина (Авиценна, 980-1037 ж.ж): Егер жастық шағыңды сақтап қалғың келсе, балды жиі же! - деген екен.

Республиканың шаруашылығында бал арасының 192 мыңнан астам ұясы бар.Бал арасы ұясының санына шаққанда облыстардың арасалмағы төмендегідей:Шығыс Қазақстан-54,7%,Алматы-25,9,солтүст іктегі 5 облыста (Қостанай,Павлодар ,Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары) -9,1,оңтүстігіндегі 3облыста (Жамбыл,Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан облыстары)- 88,Қарағанды-1 және батыстағы 3 облыста (Ақтөбе,Атырау және Батыс Қазақстан облыстары )-0,5%Ең ірі омарта мен бал арасын өсіретін шаруашылықтар Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында болып отыр.Шығыс Қазақстан облысында бал арасын өсіретін ірі шаруашылықтар-Черемшанский, Путинцевский, Коробихинский және Осиновский шаруашылықтары,олар республика бойынша арзан бал өндіреді.Тұрақты ара шаруашылығы республиканың көптеген облыстарында жойылды.Қазіргі кезде шырынды өсімдіктерге байлығы біршама келетін таулы жерлердің өзінде омарталар байлығы біршама келетін таулы жерлердің өзінде омарталар жылына 1-2 рет ауыстырылды.Өсімдіктердің бал беру мүмкіндігін және олардың егіс көлемін,сондай-ақ бұл өсімдіктердің гүл шашатын уақытын білу арқылы ара өсіруші омартаны көшіру мерзімін анықтай алады.Шырынды өсімдіктер базасын жақсартып,аралардың жем жинайтын кезеңін ұзарту үшін омарта маңында шырынды өсімдіктерді егу қажет.Омарта жасау.Омартаны тауарлы балдың мол алынуын қамтамасыз еткендей,шырынды өсімдіктерді көп жерлерде орналастыру керек.Жұмысшы араның өсімдіктер шырынын жинап қайтуға ұшып баратын қашықтығының радиусы таулы жерлерде -2км,жазықтықта 3 км-ге дейін.Бір орында сол жердегі шырынды өсімдіктер базасы қамтамасыз ете алатындай ғана бал арасының жүзге тарта ұясын,жақсы базада жүзден астам ұясын ұстауға болады.Омарталарды орналастыру үшін құрғақ ,суық жел соғып тұрмайтын ,ықтасын қатынасқа жолы жақсы жер таңдап алынады.Омартаны шырынды өсімдіктері шамалы жерлерде,терең сайларда,солтүстік ылғалды беткейлерде,жел соғып тұратын орындарды және үлкен жол бойында,мал қораларының маңында орналастыруға болмайды.Шырынды өсімдіктер базасын ұйымдастыру.Түрлі өсімдіктерге мейлінше бай келетін таулы алқаптарда омарта негізінен тұрақты болады.Бірақ таулы жерлерде де көптеген жағдайларда жаздың алғашқы жартысында омартаны тау етегіне көшіруге тура келеді.Омарта үшін негізінен шырынды екпе шөптер пайдаланылытын қырлы жерлерде шырынды өсімдіктер базасын ұйымдастырудың жоспар-есеьін жасау керек.Бұл жағдайда бал алуға әсер ететін жайт,егіс,көшет отырғызу және табиғи шөп өсетін алқаптар есепке алынады.Егер олардың бал алуға жеткіліксіз екені анықталса,қосымша егіс салу қажет.Төменде қырлы жердегі 100 балл арасы ұясынан құрылған шырынды өсімдіктер базасындағы омарта үшін шығарылған жоспар-есептің үлгісін келтіріп отырмыз.Майда 50 га жеміс ағаштары немесе осыншама көлемде қырлық жердің бұта өсімдіктері болмаса 10 га сары қараған алқабы,маусымда-50 га тұқымдық эспарцет немесе осыншама көлемдегі қыша егісі болмаса 10 га күзде егілген фацелин,шілдеде- 50 га тұқымдық түйежоңышқа немесе 65га қарақұмық болмаса 35га фацелин егісі,шілденің соңы және тамызда-200 га дәнге арналған күнбағыс егісі немесе 60 га шөбі шауып алынған 2 жылдық түйежоңышқа алқабы болмаса 20 га кеш егілген фацелин алқабы.Көлемі осындай алқапта шырынды өсімдіктер өсіргенде және омартада ауа райы қолайлы болған жағдайда 100 ара ұясы өсімдіктерді тозаңдата алады және балдың көп алынуын қамтамасыз етеді
2. Тарау. Микроскопия ілімі. Тарихы дамуы.
Микроскоп (грек. мікрос - ұсақ және грек. скопео - көремін) - жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор.
Микроскоп бактериялар, органикалық жасушалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гук және Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673 - 77) голланд ғалымы А.Левенгук есімдерімен байланысты. 1872 - 73 жылы неміс ғалымы Э.Аббе жасаған Микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті.
Микроскопия саласы (оптикалық микроскопия) кем дегенде 17 ғасырдан бастау алады. Ертерек микроскоптар линза ұлғайтқыш көзілдіріктер шектеулі үлкейту кезінде, ең болмағанда, линзаларды кеңінен қолданғанға дейін көзілдірік 13 ғасырда бірақ анағұрлым жетілдірілген құрама микроскоптар алғаш рет Еуропада 1620 жылы пайда болды. Микроскопияның алғашқы практиктері жатады Галилео Галилей, 1610 жылы өзінің телескопын кішігірім нысандарды көру үшін фокусты жабуға болатындығын анықтады және Корнелис Дреббел, кім 1620 жылы құрама микроскоп ойлап тапқан болуы мүмкін. Антони ван Левенхук 1670 жылдары өте жоғары ұлғайтқыш қарапайым микроскоп жасап шығарды және көбінесе бірінші болып саналады микроскопист және микробиолог.
Қолдану облыстарына не болмаса бақылау әдістеріне байланысты анықталады. Биологиялық Микроскоп микробиологияда, гистологияда, цитологияда, ботаникада, медицинада зерттеулер жүргізуге, ал физикада, химияда, т.б. мөлдір денелерге бақылау жүргізуге арналған. Биологиялық зерттеулерде осымен қатар люминесценттік және инвертирленген Микроскоптар қолданылады. Металлографикалық Микроскоп - металдар мен қорытпалардың микроқұрылымын зерттеуге; поляризациялық Микроскоп - қосымша поляризациялық қондырғылармен жабдықталған және негізінен минералдар мен кендердің шлифтерін зерттеуге; стереомикроскоптар - бақыланатын заттардың көлемді кескіндерін алу үшін; өлшеуіш Микроскоптар - машина жасау саласында дәл өлшеулер жүргізуге арналған. Аталғандардан басқа арнайы Микроскоп да бар: фотоэмульсиядағы ядролық бөлшектердің іздерін анықтайтын Микроскоп; 20000С-қа дейінгі қыздырылған нысандарды зерттейтін Микроскоп; операцияларда қолданылатын хирург. Микроскоп, интерференциялық Микроскоп.
Оптикалық немесе жарық микроскопия өтуді қамтиды көрінетін жарық бір линза немесе еселік арқылы үлгі арқылы беріледі немесе шағылысады линзалар үлгіні үлкейтуге мүмкіндік беру үшін.[11] Алынған кескінді а-да бейнеленген тікелей көз арқылы анықтауға болады фотопластинка, немесе сандық түрде түсірілген. Жалғыз линза тіркемелерімен немесе линзалар мен бейнелеу жабдықтары жүйесімен сәйкес жарықтандыру жабдықтарымен, үлгі сатысымен және тірекпен бірге негізгі жарық микроскопын құрайды. Соңғы даму болып табылады сандық микроскоп, ол а CCD камерасы қызығушылық көрмесіне назар аудару. Сурет компьютер экранында көрсетілген, сондықтан көзге арналған бөлшектер қажет емес.
2.1 Микроскопиялық әдіс- тәсілдер
Көптеген микроскопиялық әдістердің ішінде электронды микроскопия және сканерлеу зондты микроскопия әдістері негізінен ақуыз динамикасында қолданылады.
Әртүрлі микроскопиялық процедуралар үшін қолдану аймақтарын салыстыру
Әртүрлі микроскопиялық процедуралар үшін қолдану аймақтарын салыстыру. Оптикалық микроскоптар: LM: жарық микроскоптары; LSM: лазерлік сканерлеу конфокальды микроскоп; Сканерлеуші зонд микроскопиясы: SNOM: жақын өрістік оптикалық микроскопты сканерлеу; STM: сканерлеуші туннельдік микроскопия; AFM: атомдық форсмикроскопия. Электрондық микроскопия: ТЭМ: трансмиссиялық электронды микроскопия; SEM сканерлеуші электронды микроскоп
Микроскопиялық әдістер көптеген өнеркәсіп салаларында сапаны бақылауда белгілі және жиі қолданылатын әдіс болып табылады. Микроскопиялық жүйелер бұрын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық бөлімдерде қолданылса, енді біраз уақыттан бері олар өндіріс кезінде сынау үшін көбірек қолданыла бастады.
Мысалы, автомобиль өнеркәсібіндегі кішірек құрамдас бөліктер көліктің сұйықтық тасымалдайтын аумақтарындағы бөлшектердің тазалығы микроскопиялық диапазонға дейін функция үшін маңызды айнымалы болып табылатындығына әкелді. Тиісті түрде тазаланбаған құрамдас бөліктер орнатылса, бұл өте тез көлік құралының істен шығуына әкеледі.
Басқа салаларда, мысалы, фармацевтика өнеркәсібі немесе медициналық технология, жеткіліксіз қамтамасыз етілген өнім сапасы тез арада денсаулықтың нашарлауына және ең нашар жағдайда өлімге әкеледі.
Жарық микроскопиялық жүйелер бүгінгі күні өнеркәсіптік сапаны қамтамасыз етудің барлық саласында қолданылады. Сандық микроскоптар, мысалы, оптикалық тексеру немесе цифрлық құжаттама тапсырмалары сияқты қарапайым қолданбалар үшін пайдаланылады. Мысалы, бөлшектердің ластануы күрделірек өлшеу жүйелерімен тексеріледі.
Бейнелеу метрологиясы бұрын басқа әдістермен қамтылған салаларда да танымал бола бастады: Мысалы, автомобиль өнеркәсібіндегі оптикалық сынау және өлшеу әдістері тактильді өлшеу құрылғыларын ауыстырады немесе толықтырады.
Дәрістерде сапаны бақылауда микроскопиялық әдістерді қолданудың процедуралары мен бағыттары көрсетілген.
Микроскопиялық үрдістер форумы 2001 жылдан бері мазмұнның жоғары сапасы танылған неміс микроскопия сахнасы үшін бекітілген байланыс және пікірталас алаңы болды. Оны 2014 жылы Carl Zeiss Microscopy GmbH компаниясымен бірлесіп, Төменгі Саксониядағы оптикалық технологиялардың құзыретті желісі PhotonicNet ұйымдастырады.
Микроскопилық талдау әдісі - кесілген ұнтақталған дәрілік өсімдік шикізаттың негізділігін анықтау үшін, басқаларынан ерекше белгілерін табу үшін қолданылады. Бірақ бұл әдіс өсімдіктердің анатомиялық құрылысының ерекшеліктеріне, олардың анатомиялық, диагностикалық белгілерін білуге негізделген әдіс. Сыртқы белгілері мен сапалық реакциялары бойынша шикізатты анықтау қиын болғанда, микроскопиялық талдау жүргізіледі.
Микроскопиялық талдау әдісі кесілген, ұнтақталған, пресстелген, гранула, брикет- дәрілік өсімдік шикізатының негізділігін дәлелдеу үшін қолданылады.
Люминесцентік микроскопия әдісі мақсатына қарай дәрілік өсемдік шикізатының шынайлығын тексеруде пайдаланылады. Бұл әдістің артықшылығы қалың кесінділер мен ұнтақталған препараттардан жасайтын өсімдік матералын тексеру үшін қолданылады. Дәрілік өсімдік шикізатынан микроскопиялық препараттарды дайындау технологиясы алуан түрлі және зерттеліп отырған обьектінің морфологиялық тобына; түріне, түсіне, күйіне , бөлшектелген, кесілген немесе ұнтақталған болуына байланысты болады.
2.2 Микроскопиялық зерттеу әдістері.
Микроскопиялық зерттеулер үшін микроскопиялық бірнеше типі (биологиялық, люминесцентті, электронды) және арнайы түрлері қолданылады (фазалы-контрасты, күңгірт жазықтықты). МБР-1, МБИ-2, биолам Р-1 және басқа биологиялық микроскоптар микроорганизмдердің құрылысын, формасын, өлшемін зерттеуге арналған. Микроскоп 2 бөлімнен тұрады: оптикалық және механикалық. Оптикалық бөліміне объектив жатады. Олар фронтальды және коррекциялы линзадан тұрады. Олардың көмегімен объекті үлкейтіп коррекциялайды. Объективтер құрғақ және иммерсионды болып бөлінеді. Иммерсиялық микроскоптың үлкейту күші, 0,2 мкм. Микроскоптың жалпы үлкейту объектив пен окулярдың көбейітіндісінен шығады. Препаратты иммерсиялық объективін микроскопиялаудағы тәртібі:
Боялған дайын жұғындыға, иммерсиялық май тамызып, дайын препаратты бұйым үстелшесіне қою керек.
Иммерсиялы объективті 90-ға (100) қою.
Микроскоп тубысын жайлап тамшыға тигенше төмендету керек.
Макрометриялық винттің көмегімен фокусты жобалап қояды.
Макрометриялық винттің көмегімен фокусты дәлдеп қояды.
Күңгірт жазықтықты микроскопия. Күңгірт жазықтықты микроскопия Тиндаль эффектісіне негізделген (өте ұсақ бөлшектерін сұйықтықта жанынан қарау арқылы сәуленің дифракциясына негізделген. Оған кәдімгі конденсор емес, параболоид немесе кардиоид-конденсор қолданылады. Жанынан келген сәулелер объективке түспейді, сол себептен көру алаңы күңгірт болып тұрады. Объективке объектті түсу арқылы көрінеді).
Фазалы-контрасты микроскопия. Фазалардың өзгеруіне байланысты негізделген, күн сәулесі мөлдір фазалы объектілерден өтіп барып, ол объектілер микроскопта көрінеді. Бұл кезде көрінетін жоғарғы контрасты позитивті объекттің күңгірт көрінісі жарық көру алаңында немесе негативті жарық көрініс күңгірт алаңында көрінеді.
Люминесцентті немесе флюоресцентті микроскопия. Фотолюминесценцияға негізделген объектінің сәуле әсерінен жарқырату, люминесценциялы объектіге алдын ала бояу екіншілік объектіні люминесценция шақыратын-флюрохром арқылы бояйтын түрлері бар. Бұл микроскопияның артықшылығы зерттейтін материалда тірі және аз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz