КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Қамбарқызы Айжан
Четтыкпаева Лаззат Байтановна
Кебисбаева Гульзира Альжанқызы
Кисадилова Шолпан Майдановна
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
(Мектепке дейінгі мекемеге, бастауыш сыныптарға арналған оқу-әдістемелік бағдарлама)
Алматы 2022
Қамбарқызы Айжан
Четтыкпаева Лаззат Байтановна
Кебисбаева Гульзира Альжанқызы
Кисадилова Шолпан Майдановна
Мұқаба бетіндегі бүлдіршіндер - Әсем бөбекжай бақшасының бүлдіршіндері.
Солдан оңға қарай: Халел Сұлтан, Бақытбай Інжу, Әлдибай Нұрдаулет, Үсенхан Диана, Сәулебек Діннұр, Серікбай Кәусар, Бибосын Биболат - балабақшамыздың түлектері, қазіргі уақытта, орта мектептптің үлгілі оқушылары. Оқу үздігі болып, ата-аналарының қуаныштарына бөлесін.

ӘОЖ 373
ҚБЖ 74. 100
Қ 70
Пікір жазғандар:
Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясының өнер-ғылым магистрі- Турдиев С. А
Алматы қаласы мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 128 бөбекжай балабақша меңгеруші - Усманова П. Д
Автор-құрастырушылар: Қамбарқызы А., Ч. Четтыкпаева Л. Б., Кебисбаева Г. А., Кисадилова Ш. М
Көңілді мерекелер мен қызықты ертеңгіліктер Қамбарқызы А., Четтыкпаева Л. Б., Кебисбаева Г. А., Кисадилова Ш. М.-Алматы- 2022 ж
ISBN-978-601-09-1444-5
Бұл әдістемелік құралда мектепке дейінгі мекемеде ұйымдастырылатын маусымдық мерекелер туралы жөн сілтейді. Ол үш бөлімнен тұрады. Атап айтсақ: Қоғамдық - саяси мерекелер, тұрмыстық мерекелер, маусымдық мерекелер. Аталмыш мерекелерге байланысты жұмыс жоспары көрсетілген. Жұмыс жоспарына бүлдіршіндермен өткізілетін тақырыптық іс-шаралар, олардың үлгі жоспарлары топтастырылған.
Бұл әдістемелік құрал мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешілеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне, балалар арасында мәдени-көпшілік шараларын ұйымдастырушыларға арналған.
ISBN- 978-601-09-1444-5 ӘОЖ 373
ҚБЖ 74. 100
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Игі істің басы - тіл, тәрбие басы - тіл.
Махмұд Қашқари
Адам өмірі - қамшының сабындай ғана қысқа екен, досы көп, ұрпақ тәрбиелеген ұтады екен.
Қорқыт ата
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде.
Жүсіп Баласағұни
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.
Абай Құнанбайұлы
Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.
Мұхтар Әуезов
Тәрбиелі -- тәртіптің құлы.
Бауыржан Момышұлы
Тәрбие басы - тіл.
Жүсіпбек Аймауытов
Бала тәрбиесінің ең үлкені - оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады.
Әзілхан Нұршайықов
Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық - бұл
біздің жалпыұлттық міндетіміз.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды
Ба - лалар жылы деп жариялаған болатын. Осы әдістемелік құралымызды еліміздің болашағы- балаларымызға арнаймыз!
КІРІСПЕ
Балабақша-баланың жүйелі түрде білім-тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы.
Балабақша -білім мен ортаға бейімделудің тірегі, бастамасы десек, ал тәрбиеші-сол балабақшаның жүрегі. Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Басқан алғашқы қадамынан баланың болашағы қаланады. Әрбір кішкентай ғана бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын алтын ұя. Ал балабақшадағы тәрбиеші білім беру үшін, баланың іс-әрекеті ойын арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, көздеген мақсатқа жеткізуші. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымы-үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды Ба - лалар жылы деп жариялады. Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек.-деді Президент. Осы ретте Мемлекет басшысы балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді. Балалар - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы - біздің жалпыұлттық міндетіміз,-деді Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Балабақшада баланың өнерлі болуына ертеңгіліктер мен мерекелер ықпал етеді. Балалар бақшасында балалармен мерекелік ертеңгілік өткізу ұйымдастырудың маңызды формасы болуымен қатар, көңілді атмосфера құруға көмектеседі, балалардың жағымды эмоциясын қалыптастыруға, олардың сезімін кеңейтуге әсерін тигізеді, ұжымдық көңіл күйде сезінуге баулиды, шығармашылық ойлауды дамытады. Балалар бақшасында мерекені ұйымдастыру маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады.
Балалар бүкіл халықтық мерекелер негізінде жатқан үлкен идеяларды
барынша түсінікті түрде, көркем образдар арқылы, онан әрі қабылдауға
дайындалады; салтанатты жағдай,көркем безендіру, музыка патриоттық сезімдердің дамуына белсенді ықпал етеді.
Осыған орай, мектепке дейінге мекемеде, орта мектепте көптеген іс-шаралар өткізілуде. Мерекелік іс-шаралардың барлық түрлері (ән салу, музыка ырғағымен қимылдар жасау, би билеу, музыка аспаптарында ойнау) балаларды музыканы сүйе білуге баулудың ерекше бір түрі болып саналады.
Әрбір мерекеге арналған ертеңгілік, сол мерекенің қоғамдық зор мәнін, идеялық мақсаттарын жас жеткіншектердің өз сезіміне лайықтап жеткізіп, сол арқылы бүкіл халықты салтанатқа үлес қосуына мүмкіндік береді.
Балалар ертеңгілігін дайындап, өткізуде ересек кісілердің де алатын орны ерекше. Мерекелерге балаларымен қатар отырып қуану үшін, ата - аналар да қатысуға тырысады.
Мерекелерді салтанатты түрде мектепке дейінгі ұйымда атап өтудің маңызы зор. Мерекелер өзінің ойластырылған бағыты мен құрылымына қарай үш түрге бөлінеді:
:: Қоғамдық - саяси мерекелер
:: Тұрмыстық мерекелер
:: Маусымдық мерекелер
Қоғамдық саяси мерекелер салтанатты түрде өтеді. Бұл мерекелер музыка залына балалардың көгілдір жалаушалар, шарлар, гүлдер ұстап, салтанатты шеру жасап кіруінен басталады. Оған қоса ұрандар айтылып, Отанымыздың ұлылығына арналған құттықтаулары шатты түрде естіліп жатса, мереке салтанатының әсері арта түспек. Салтанатта көңілді сауықтар, ойындар, билер, топпен айтылатын әндер мерекені жандандырып отырады. Балалар ептілік, тапқырлық жөнінде сайысқа түседі.
Қоғамдық саяси мерекелер:
- 30 тамыз - Конституция күні;
- 16 - 17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні;
- 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні;
- 1 мамыр - Халықаралық ынтымақтастық күні;
- 7 мамыр - Қарулы күштер күні;
- 9 мамыр - Жеңіс күні.
Тұрмыстық мереке-балалардың тұрмысы мен өмірі, көркемдік безендірілуі мен құрылымы жағынан өзгеше. Балалар үшін асыға күтетін сүйікті мереке - Жаңа жыл. Жаңа жыл мерекесі ертегідегі сияқты сиқырлы ғажайыптарға толы. Ол балаларға толып жатқан қызықтар әкеледі. Оттарымен, ойыншықтарымен жарқыраған шырша - жаңа жыл мерекесінің орталығы. Шырша өзінің әдемілігімен балаларды тартады. Әрбір мерекелерде бала өзі ұнатқан кейіпкерді алып, ойын ойнауы керек. Мектепке шығарып салуға арналған ертеңгілік даярлық топтары үшін ұйымдастырады. Қонаққа келген сәбилер тобы өз өнерлерін көрсетіп аяқтағаннан кейін, ересек жолдастарын құттықтайды, бір - біріне естелік сыйлықтар береді.
Тұрмыстық мерекелер:
- Жаңа жыл мерекесі;
- 22 наурыз - ұлыстың ұлы күні;
- Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі және т.с.с
Маусыдық мерекелер-жыл мезгілдеріне байланысты өткізіледі. Олардың тақырыбы балаларға күнделікті өмір мен іс - әрекеттен алынатынын, мысалы, жазғы мереке кезінде балабақша ауласында концерт түрінде өткізіп, жаңа әндер айтып, би билеуі қаншалықты әсер ететінін байқауға болады. Күз мерекесінде өсімдіктердің көк сабағынан, гүлдерден өрілген әшекейлі тізбектер, жемістер макеті балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін одан әрі кеңейте түседі. Қыс мезгілінде боранның уілдеген даусын салып, қар лақтыру ойынын ойнаса, көктем мезгілінде гүлдермен билеу, жапырақтардың бүршік жаруы туралы түсінік алуы, балаларға маусым құбылыстары туралы мағлұмат береді.
Маусымдық мерекелер:
- Көктем келді шуақты;
- Жаз келді жасыл;
- Сары алтындай сары күз!
- Қыс мезгілі тамаша!
Ана тілінің қадір-қасиетін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, таза, пәк, инабатты, биязы болып өсетініне өмір тәжірибесі куә.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әрбір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп ұлтжандылыққа тәрбиелейік.
Жалпы, осы жинақ мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешілеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне, ізденушілерге арналған. Осындай мақсатпен көздеп шығарылып отырған бұл жинақ сан-салалы тәрбие шаралары үшін құралған.
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІКТІҢ ЖОСПАРЫ
№
Өткізілетін
іс-шаралардың тақырыбы
Мерекелік
іс-шаралардың мақсаты
Орындау
мерзімі
Жауаптылар
ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ МЕРЕКЕЛЕР
1
МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН!
атты мерекелік іс-шара
(Балалармен өткізілетін мерекелік іс-шара)
АНА ТІЛІМ-ДАНА
ТІЛІМ
атты мерекелік іс-шара
(Әріптестермен өткізілетін мерекелік іс-шара)
ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ

ЕРТӨСТІК ПЕН ОНЫҢ ДОСТАРЫ
атты мерекелік іс-шара
(Балалармен өткізілетін шырша мерекесі)
ТЫНЫШТЫҚ БОЛСЫН ӘЛЕМДЕ

ДОС БОЛАЙЫҚ БӘРІМІЗ

АНАМ -КҮН ШУАҒЫМ МЕНІҢ!
AЯУЛЫ АНАШЫМ!

Балалардың қазақ тілі туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.
Өз ана тілін құрметтеуге, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жерін, Отанын сүюге, патриоттыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру; балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ, мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу;ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
Балалардың қазақ ертегілері арқылы Жаңа жыл мерекелік көңіл-күйін тудыру; шыршаның әдемілеп безендірілгеніне, олардың мерекелік киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым -қатынасын ояту.
Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Балаларға Қазақстан Республикасындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқандығын түсіндіру. Оларды бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Балаларға көктем туралы, 8- наурыз мерекесі туралы түсінік беру; отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Қыркүйек
Желтоқсан
Желтоқсан
Мамыр
Мамыр
Наурыз
Тәрбиешілер,
Қазақ тілі маманы.
Барлық ұжым
Тәрбиешілер,
Қазақ тілі маманы.
Тәрбиешілер,
Қазақ тілі маманы.
Тәрбиешілер,
Қазақ тілі маманы.
Тәрбиешілер,
Қазақ тілі маманы.
Тәрбиешілер,
Қазақ тілі маманы.
ТҰРМЫСТЫҚ МЕРЕКЕЛЕР
2
ОТБАСЫМ - КИЕЛІ ШАҢЫРАҒЫМ
атты мерекелік іс-шара
(Балалармен, ата-аналармен өткізілетін мерекелік іс-шара)
ЕРТЕГІ ӘЛЕМІНДЕГІ СИҚЫРЛЫ САНДЫҚ
(Ашық оқу қызметі)
НАУРЫЗ - ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ
ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!
атты мерекелік іс-шара.
(Барлық әріптестермен, бүлдіршіндермен өткізілетін
мерекелік іс-шара)
ЕҢ ҮЗДІК ӘЖЕ САЙЫСЫ
(Балалардың аналарымен, әжелерімен өткізілетін интеллектуалдық-танымдық сайыс)
ЖІГІТ СҰЛТАНЫ БАЙҚАУЫ
(Балалармен, ата-аналармен өткізілетін мерекелік іс-шара- байқау)
ҚОШ САУ БОЛ БАЛАБАҚША!
атты мерекелік іс-шара
(мектепалды даярлық тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі )
Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы түсініктерін кеңейту. Тәрбиенің үздік түрлерін насихаттау.
Ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, қызығушылығын арттыру; сөздік қорын молайту; үш тілде сөйлеу шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту; саусақ моторикасын жетілдіру; достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Балаларға жыл басы-Наурыз ұлт мейрамы екендігін, оның тарихи маңызын түсіндіру. Ата - бабамыздан, ұрпақтан- ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру; өлеңдер мен би, ойын арқылы балалардың сана-сезімін дамыту, ой - өрісін кеңейту, ақыл-ойын жетілдіру; қазақ халқының салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Балабақша мен ата-аналар арасында тығыз қарым-қатынас орнату, бүлдіршіндерді әжесін сыйлауға, аналарын құрметтеуге тәрбиелеу; ұлағатты дәстүрді құрметтеуге, аналар еңбегін бағалауға дағдыландыру; қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.
Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету; тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу. Әдептілік пен сұлулыққа үйрету.
Балалардың мерекелік көңіл - күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Көріністер арқылы мектепке дайындығын тексеру. Балалардың бір жылда алған білімдерін тиянақтау. Оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Қыркүйек
Жыл бойы
Наурыз
Наурыз
Наурыз
Мамыр
Тәрбиешілер, дене шынықтыру
нұсқаушысы
Қазақ тілі маманы, психолог
Тәрбиешілер,
Қазақ тілі маманы, психолог
Логопед
Тәрбиешілер,
Қазақ тілі маманы.
Тәрбиешілер,
Қазақ тілі маманы.
Тәрбиешілер,
Қазақ тілі маманы.
Тәрбиешілер,
Қазақ тілі маманы.
МАУСЫМДЫҚ МЕРЕКЕЛЕР
3
КӨРІКТІ КӨКТЕМ
(Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің аралас ашық сабақ технологиялық картасы)
ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАЗ!
(Балалармен, ата-аналармен өткізілетін мерекелік іс-шара байқау)
АРАЙЛЫ АЛТЫН КҮЗ!

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ
(Балалармен өткізілетін эстафеталық жарыс)
Балаларға көктемгі табиғат құбылыстары мен ерекшеліктері туралы түсінік беру; жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейту. Тәрбиешінің сұрақтарына байланысты жауаптар қайтаруға (қар ериді, күн жылытады, құстар ұшып келеді) үйрету.
Балалардың жаз мезгілі туралы ұғымын кеңейту; жаз айларының ерекшелігін ұғындыру; жазғы табиғат өзгерістерін бақылап, әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету; жаздай жайдары көңіл-күй орнату, татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күз сыйы туралы ұғымдарын бекіту; табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы білімдерін кеңейту. Тіл ұстарту жаттығуларын орындай білуге дағдыландыру; адамдардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру.
Көктем
Маусым
Қазан
Қаңтар-Ақпан
Тәрбиешілер
Педагогтар
Тәрбиешілер
Педагогтар
Тәрбиешілер
Педагогтар
Тәрбиешілер
Дене шынықтыру нұсқаушысы
ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ МЕРЕКЕЛЕР
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Мақсаты: Балалардың қазақ тілі туралы білімдерін жетілдіру; өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.
Көрнекіліктер: Қазақ тілі - болашағым, ертеңім... атты кітап көрмесі, гүл шоқтары, нақыл сөздер, шарлар, әр балаға жеке тақтай, түрлі түсті жарма ұнтағы, қазақ тілін зерттеуші ғалымдардың суреттері.
МузАРТ тобының Рақмет, саған туған ел! атты әні орындалады.
(дайындық үстінде)
Фанфара
Балалар Көк тудың желбірегені әсем әні арқылы залға кіріп келеді.
(қыздар гүлдермен, ұлдар көк жалаушамен)
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балалар! Баршаңызды бүгінгі Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Фанфара
Жүргізуші: 4 -қыркүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев pеспублика халықтарының ұлттық байлығы - Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті Қазақстан халықтарының Тілдері күні деп, жариялаған еді. Олай болса, балалар:
Құтты болсын, тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - дей келіп, бүгінгі Гүлдей бер, қазақ елім! атты мерекелік іс-шараны бастауға рұқсат етіңіздер!
Фанфара
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән - шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн Сіздерге арналады.
ӘН: Отан.
Әсем әуен арқылы бірнеше бала тіл туралы, бір-біріне сұрақтар қою арқылы пікір алысады.
1-бала: - Мен саған Осы тіл не үшін керек? деген сұрақты қойғым келіп отыр.
2-бала: - Досым - ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой?! Апай Тіл - қарым-қатынас құралы деп түсіндірді емес пе?
1-бала: - Жарайды, тіл - қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бере ме? Ана тілі деп бөлгені несі?
3-бала: - Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты, дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?
4-бала: -Балалар, ана тілі дегеніміз - ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал, ана деген - бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.
5-бала: -Мен сендерге Әли Әпекұлы деген ақынның ана тілі туралы мына өлеңін оқып берейін:
Ана тілім - бала шағым, өркенім,
Ана тілім - болашағым, ертеңім.
Ана тілім - сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім - арман, ойым, өрнегім.
Ана тілді білмесем,
Шат-шадымнан күлмес ем.
Жер бетінде сайрандап,
Қазақ болып жүрмес ем.
6-бала: - Керемет екен. Ал, Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңде ме?
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім - мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім - мен де бірге өшемін.
7-бала: Өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер?
8-бала: - Бәрі бірдей емес, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сансызбай Сарноғаев былай деген:
Ана тілін білмеген -
Ақылы жоқ желік бас.
Ана тілін сүймеген -
Халқын сүйіп жарытпас.
1-бала: - Халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз:
Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді деген. Сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!
2-бала: - Біздің ана тіліміз - қазақ тілі.
3-бала: - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
4-бала: - Қазақстан - көп ұлтты мемлекет.
Бәрі: Ана тілін қастерлеп, құрметтейік!
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Біз көпұлтты мемлекетпіз! Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Әр халықтың өзінің ана тілі, дәстүрі бар. Бәріміз бір мемлекетте тұрғандықтан, татумыз, жақсы қарым-қатынастамыз.
Әсем ән әрбір елдің рәсімі екен,
Өнерпаз ортамызда басым екен.
Өнерін қуаныштан кім аяған,
Жаңа биді Сіздерге шашу еткен, - деп, ортада ару қыздарымыздың орындауында Ұйғыр биі. Қабыл алыңыздар!
БИ: Ұйғыр
Жүргізуші:
Ақыл - ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның,-деп кезекті әнге берейік.
ӘН: Ананың тілі, аяулы үні.
Жүргізуші:
Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Батырлар биін көріңіз,
Өнерге баға беріңіз!
БИ: Батыр.
Жүргізуші:
Балалар, қараңдаршы, бізге кім келе жатыр?
Балалар: Бәйтерек.
(Ән шырқалады. Бәйтерек келеді).
Бәйтерек:
Сәлем, сәлем, балақайлар,
Сағынып келдім өздеріңді.
Жылы қабақ жүздеріңді,
Балдай тәтті сөздеріңді.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе! Келгеніңіз қандай жақсы! Бүгін бізде үлкен мейрам, тілдер мерекесі. Сондықтан біз де бүгін тілдер мерекесіне арнап Тіл-ел болашағы атты мерекелік іс-шарамызды өткізгелі жатырмыз. Мерекемізге қош келдіңіз!
Бәйтерек: Ана тіліне арнап мерекелік ертеңгілікті өткізгендерің дұрыс екен. Әр халықтың өз ана тілі болады. Қазақ халқының ана тілі-қазақ тілі. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, кітаптан, газет пен журналдан үйренеді. Қазақ тілі-бай тіл. Тілімізді сақтап, дамыту-бәріміздің міндетіміз. Ана тіліне, Отанға байланысты тақпақтарды кім біледі?
9-бала:
Ана тілі Ә. Табылдиев
Ақыл-ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Өсірген ой-білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуге.
10-бала: Жұбан Молдағалиев
Бүтіндік, бірлік
Ерсі боп,
Жатқанда мал-жан енші боп.
Тіліміз ғана тұрыпты,
Елші боп, әрі емші боп,
Сол ғана қалған бөлінбей,
Бөліске түсер кезде ондай,
Сол ғана қалған бөлінбей -
Жүректей,
Күндей,
Ождандай.
11-бала: Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жүргенде-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
12-бала: О.Асқар
Үйрен ана тіліңді,
Өз тіліңсіз көрсең де, өз күніңді.
Өз тіліңсіз болсаң да, асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.
13-бала: Ә. Ысқақ
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
14-бала:
Мұқағали Мақатаев
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын-
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
15-бала:
Туған елім Бәкір Тәжібаев
Менде сөйлер сөз болса -
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса -
Өзің берген көзің ғой!
Шаттық құшқан шеруде,
Күйді өткерген өзің ғой!
Қиындықты жеңуге,
Үйреткен де өзің ғой!
16-бала:
Толқығанда сезім - ой,
Аппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой -
Арқа сүйер тірегім!
Туған елім, өзіңнің,
Жазираңды кездірдің.
Жайма -
шуақ кезімнің,
Рахатын сездірдің!
17-бала:
Туған елім - гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін -
Лүпілдеген жүрегім!
18-бала:
Отан туралы Қадір Мырза әли
Отан,
Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
19-бала:
О, туған жер! Мұқағали Мақатаев
О, туған жер,
Кең пейіл, құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай,
Балапандай талпынып ұшамын мен.
Алақаны анамның - топырағың,
Сендік махаббатымның оты жалын.
Сені қалай сүюдің керектігін,
Менің мынау өмірге құштарлығым.
Бәйтерек: Жарайсыңдар, балалар! Бәрін біледі екенсіңдер! Ал, сендердің тағы қандай өнерлерің бар?
Жүргізуші:
Біздің өнеріміз өте көп. Дәл қазір ару қыздарымыздың орындауында Қазақ биін қабыл алыңыздар!
БИ: Қазақ биі.
Бәйтерек:
-Ал, балалар! Біз қай мемлекетте тұрамыз? (балалардың жауабы)
-Астанасы қай қала? (балалардың жауабы)
-Елбасымыз кім? (балалардың жауабы)
-Жеріміз, еліміз қандай? (балалардың жауабы)
-Жарайсыңдар, балалар! Сендер Нұр-Сұлтан қаламызға, басқа қалалардың көркеюіне үлес қоссаңдар, нұр үстіне нұр жауар еді. Еліміздің гүлденуіне үлес қосамыз ба?(Ия!)
-Олай болса, бәріміз бірге ортаға тұрып, қалаларымызды гүлдендірейік!
(Әр балаға жеке тақтай , түрлі түсті жарма ұнтағы беріледі).
Әнші Алтынай Жорабаеваның Астана әні орындалады.
Бәйтерек:
Жарайсыңдар, балалар! Мен бір-екі жасаған жұмыстарыңды келген қонақтарға тарту етейін.
Сендердің арқаларында осындай гүлдер Қазақстанның әр қалаларында енді гүлденіп, көркейіп тұрады.
Әрдайым өнерлеріңді көрсетіп, өз тілдеріңді құрметтеңдер! Осындай өнерлеріңе тамсанып, қуанып барамын. Келесі кездескенше, сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші:
Қазақ халқында ұлттық ойын түрлері көп. Ендеше, қазақтың ұлттық ойын түрлерін кім біледі?
Балалар:
-Қыз қуу;
-Алтыбақан;
-Асық;
-Ақ серек пен Көк серек;
-Тақия тастамақ т. с.с.
Жүргізуші:
Ал, балалар! Ойын ойнаймыз ба? Қазақ халқының өте көне ойындарының бірі-теңге алу.
Теңге алу ойынның шарты- жігіттер ат үстінде тұрып, жерден теңгені іліп алуы тиіс. Ойынның шартын түсіндік қой.
ОЙЫН: Теңге алу.
(Күй орындалады).
Жүргізуші:
Жарайсың ... ...! Бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы сен болдың! Саған үлкен рақмет!
Тіл - ұлттың жаны, халықтың асыл белгісі, намысы, тыныс- тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау- келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары, бізге, ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат.
Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,
Тілектермен нығайсын мерекеңіз.
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,
Осымен аяқталды мерекеміз!
Жүргізуші: Мерекеміздің соңында Сіздерге арнайы Туған жер атты әнімізді арнаймыз. Қабыл алыңыздар!
ӘН: Туған жер.
Жүргізуші: Осымен Гүлдей бер, қазақ елім! атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!
АНА ТІЛІМ - ДАНА ТІЛІМ

Мақсаты: Әріптестерге мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру; өз ана тілін, мемлекеттік тілді қастерлеуге, басқа ұлттардың тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру; өз Отанының болашақ патриоты, жанашыры болуды насихаттау; тіл тазалығын сақтау, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Гүлдер, сиқырлы шарлар.
Елім менің әні орындалады.
(дайындық үстінде)
Фанфара
Жүргізуші: Қайырлы күн, Ана тілін ардақ тұтар, тіл жанашырлары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын!
Фанфара
Әнұраным көкейде жатталады,
Сонымен бейбіт күнім басталады.
Шәмші атамның шығарған асқақ әні,
Әркімнің жүрегінде сақталады.
Әнұран.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Сіздерді Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
4 - қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл -барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілетін құрмет. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы-туған тілі болып саналады.
Ендеше, құрметті ұстаздар! Тіл мерекесіне арналған Ана тілім -дана тілім атты мерекелік іс-шарамызды бастаймыз!
(Әсем әуен орындалады).
1-тәрбиеші:
ҚАЗАҚ ЕЛІ
Шаймерген Әлдибекұлы
Біз қазақ еліміз, бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс - тұстан анталап, көз сүзген жаулардан,
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп - тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.
Қазақтың тілері ата жол салтымен,
Достасу, туысу әр елдің халқымен.
Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын.
2- тәрбиеші:
ТУҒАН ЕЛІМЕ
Фариза Оңғарсынова
Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.
Қайтейін, елім, қимаймын?!
Қия алмай жанды қинаймын.
Қимай қалсам ішіңде,
Тағы тыншып сыймаймын.
Алты қырдан ассам да,
Сөздеріңді сыйлаймын.
Тек қалауым сіздерден,
Серіктікті милаймын,
Сіздерге әкеп шашуға,
Ілім-білім жинаймын.
Жүргізуші:
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
ӘН: Ананың тілі, аяулы үні.
Жүргізуші:
Біздің бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Қазақ биін көріңіздер,
Өнерге баға беріңіздер!
БИ: Қазақ биі.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, -деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезекті әсем әнге берейік. Аллабергенова Бағиланың орындауында халық әні Гүлдерайым.
ӘН: Гүлдерайым.
Жүргізуші: Ана тілім-қазақ тілі атты монологы.
Монолог: Ана тілім-қазақ тілі.
Жүргізуші:
Балабақшамыздың қызметкері-Солтанаев Қайсар Бибосынұлының орындауында Шу қаласының тұрғыны, атақты композиторы - Әбдімомын Желдібаевтың күйі Ерке сылқым.
КҮЙ: Ерке сылқым.
Жүргізуші:
Қара жорға биі. Қабыл алыңыздар!
БИ: Қара жорға.
Жүргізуші:
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Сүйемін туған тілді - анам тілін атты лирикалық өлеңі. Қарсы алыңыздар!
ЛИРИКАЛЫҚ ӨЛЕҢ: Сүйемін туған тілді - анам тілін.
С. Торайғыров
Сүйемін туған тілді - анам тілін
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жүргенде-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен құлыным, жаным деген.
Сол тілменен бірінші білгізілген,
Апа деген сүйгендік сөз әм менен.
Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тілменен дінді әдетті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
Тілімде әдебиет, жаныма азық,
Әм болардай көңілге намыс - қазық.
Терең ойлар, дүниеге қарастар бар,
Қанекей сынап байқап, тапшы жазық.
Жүргізуші:
Ұжымның орындауында Отанымызға арналған Егемен елім әні. Қабыл алыңыздар!
ӘН: Егемен елім.
Жүргізуші:
Осымен, құрметті әріптестер, Қазақстан Республикамыздың тілдер мерекесіне арналған Ана тілім - дана тілім! атты мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Зейін қойып, тыңдағандарыңызға көп рақмет!
ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ
(16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара)
Мақсаты:
Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру; балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ, мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу; балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту; елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.
Балалар Қазақстан-елім менің әнімен балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Тәуелсіздік-тұғырым атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
- Әнұранды орындау.
Тәрбиеші: -Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар:- Қазақстан республикасы.
Жүргізуші:- Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: -Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Жүргізуші:- Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің Тұңғыш Президенті кім?
Балалар: -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Жүргізуші: -Еліміздің елордасы қай қала?
Балалар: - Нұр-Сұлтан қаласы
Жүргізуші: - Жақсы балалар, ал еліміздің қазіргі Президенті кім? Балалар: - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн - Қазақстан тарихында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.
Тәрбиеші:
Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып,
Сойыл таяқ ойнаса да жолында.
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке.
Егемендік тиді міне еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Біздің Отанымыз Қазақстан - тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап, Тәуелсіздік жолында құрбан болған -Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың рухына бас иіп, орнымыздан тұрып, 1 минут еске алайық!
1 минуттық еске алу
Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері, бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.
Тәрбиеші:
Бақытым Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Соған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.
1-бала:
Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы. Оны халық қашанда, Биікке іліп қояды.
2-бала:
Нұр-Сұлтан-арман қала, Бағы бір жанған қала. Тұрады ол жан-жағынан, Мен үшін әсем қала.
3-бала:
Төкті оған нұрын дала, Нұр -Сұлтан сұлу қала. Біз оны анамыздай, Сүйеміз шынында да.
4-бала:
Тәуелсіздік жолында, Талай-талай тер тамған. Билігім өз қолымда, Еркіндігім елтаңбам.
4-бала:
Менің елім алып ел, Бар ғой онда бәрі де Өзен де бар, көлде бар,
Теңізде бар, шөлде бар,
Дөңесте бар, тауда бар,
Бақшада бар, бауда бар,
Орманда бар, қырат бар,
Шалғын да бар, бұлақ бар,
Алуан құс пен аңы бар,
Алып елді танып ал.
6-оқушы
Жыр арнадым еліме тебірене, Үміт елімнің ертеңіне. Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын, Отаным жылдан жылға көркеюде, Тілеймін мен әр адамға бақыт қонсын, Елімізде бейбіт тыныш заман болсын. Тойланып мың мереке, ұлыс күні, Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па,
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.
9-бала:
Ылғи өрге өрлеген,
Бақыты бұл халықтың.
Мейірімімен тербеген,
Тәуелсіздік жарық күн.
Тәрбиеші: Отан оттан да ыстық дегендей, Отанымызға арнап, Қазақстан әнін қабыл алыңыздар!
Жас ұландар биі.
Тәрбиеші:
Рәміздерім елдігімнің белгісі,
Білу керек баладағы ең кіші.
Әнұран, Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
- Балалар рәміздерімізді кім атап береді?
Дұрыс айтасыңдар балалар. Ересектер тобының балалары тәуелсіздікке арнап тақпақтарын айтады.
Тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтады.
3-бала:
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан,
Атамменен барғанмын.
9-бала:
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой,
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік-ұлық той.
10-бала:
Аралаймын алаңды,
Тәуелсіздік күнімен.
Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне үңілемін.
11-бала:
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан-
Шырқатып ән салған күн.
12-бала:
Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
Ата-бабам қалдырған,
Қазақтың із батырымыз сенсеңіз.
14-бала:
Тәуелсіздік еліміз,
Мәңгі жасар жеріміз.
Тәуелсіздік жасаған,
Аға, әкпелеріміз.
Тәрбиеші:
Қазақстан - атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем-
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Қазақстан- Отаным әні.
Алға Қазақстан әніне флэшмоб биі.
Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар! Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Еліміз - аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар! Тәуелсіздік тұғырым атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рақмет!
ЕРТӨСТІК ПЕН ОНЫҢ ДОСТАРЫ
(Жаңа жылдық ертегі)
Мақсаты: Балалардың қазақ ертегілері арқылы Жаңа жыл мерекелік көңіл күйін тудыру; шыршаның әдемілеп безендірілгеніне, олардың мерекелік киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым -қатынасын ояту.
Көрнекіліктер: Әсем безендірілген шырша, шарлар.
Әсем безендірілген залда музыка ойналып, балалар кіреді.
Жүргізуші:
Жаңа жыл-жаңа қадам, жаңа бағыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Жаңа жыл құтты болсын, барша қауым- Тілеймін жаңа жылда ғажап уақыт. 1. Ән орындалады. Ормандағы шырша (хор) Жүргізуші: - Бүгін біздің балабақшада керемет жаңа жыл ертеңгілігі болайын де тұр. Осы кезде 3 бала Ақшақармен асыға жүгіріп кіреді.
Үшеуі бірдей: - тәтей, тәтей, тәтей - деп айғайлап келеді. Ақшақар:- ( жылап тұр)- Енді не істейміз, балалар не істейміз, балаларға, қонақтарға не айтамыз?
Жүргізуші:- Балалар, Ақшақар, сендерге не болған? Неге мұңайып тұрсыңдар? Көңіл-күйлерің жоқ қой?! Қыз бала -Тәтей бізде жаңа жыл болмайтын болды... (мұңаяды) Жүргізуші:-Неге?
Альфира:- Аяз атаны Қар патшайымының жендеттері ұстап әкетті! Жақсылық:- Бізде енді сыйлықта жоқ, мерекеде жоқ. Ақшақар:- Осы балабақшаға Аяз ата екеуміз бір қоржын сыйлықпен келе жатыр едік. Бізді Қар патшайымы мен оның жендеттері ұстап алды, ал мен әрең қашып құтылып, сыйлықты жасырып үлгердім. Олар Аяз атаны алып кетті. Енді не істейміз? Аяз атасыз жаңа жыл болмайды гой?!
Жүргізуші: Ия қиын жағдай, әр істің бір бір шешімі болады балалар, онда біз Аяз атаны құтқару үшін, қазақ батыры Ертөстік пен оның достарынан көмек сұрайық. Балалар: - ия дұрыс, дұрыс солай істейік. Альфира: Ертөстік Аяз атаны құтқарсын. Жүргізуші: Онда мен Ертөстікке хабарласайын (телефон шалады) - Алло, Амансың ба Ертөстік! Сен достарыңмен бірге Әсем балабақ-шасына келе аласың ба? (Ертөстік жауап береді) - Ал балалар, Ақшақар мұңаймаңдар! Қазір бізге батырларымыз келеді. (Әсем әуен ойналып, батырлар кіреді) Батырлар биі (4 батыр иіліп, сәлем береді) Ертөстік:- Ассалаумағалейкум қонақтар! Бізден сіздерге қандай көмек керек?
Жүргізуші: Ертөстік амансың ба, сенің көмегің бізге өте қажет боп тұр, Аяз атаны Қар патшайымы мен оның жендеттері ұстап алып кетіпті, соны құтқаруың керек. Ертөстік: - Оoo, Аяз атаны ма? Әрине құтқарымыз. Мен онда алтын семсерімді алып жолға шығайын. Батырлар Төрегелді, Нұрым, Әділжан: Ертөстік бізде сенімен бірге Аяз атаны құтқаруға барамыз. Жүргізуші: Еее, жоқ батырлар сендер осында қалыңдар. Жаңа жылға келген қонақтарды кім қорғайды? Егер де мыстан кемпір келіп қалса, Ертөстік Ақшақар саған жол көрсетсін, ал сенің достарың осы жерде қалсын, сен ештеңеден тайсалмайтын батырсың ғой?! Батырлар: Жарайды. Ертөстік: Жарайды, онда Ақшақар сен ештеңеден қорықпайтын болсаң, менімен жүр. Кешікпей, жолға шығайық.
Ақшақар: Мен ештеңеден қорықпаймын, жанымда сен барсың ғой?! Аяз атамды құтқару үшін, Қар патшайымының сарайына да барамын.
Жүргізуші: Ертөстік, Ақшақар! Мен сендерге тағы бір кісіні жандарыңа қосайын, сендерге өте қажет. (таяқшаны жағады) Мейірімді пері: Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар! Мені жаңа жылдық ертеңгілікке шақырдыңдар ма?
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Мейірімді пері! Келгеніңіз дұрыс болды, жаңа жылды тойламастан бұрын, Аяз атаны құтқару керек. Ал оны Қар патшайымы ұрлап кетіп отыр. Мейірімді пері: Оған менің жалғыз өзімнің сиқырым жетпейді ғой?!
Жүргізуші: Абыржымаңыз мейірімді пері! Сіз Ертөстік пен Ақшақарға көмектесесіз, солармен бірге барасыз. Мейірімді пері: Қазақ батыры Ертөстік! Мен сіз туралы көп естігенмін. Қандай көрікті күшті бала. Ақшақар қызым менің, әрине мен сендерге қуана- қуана көмектесімін. Ертөстік: Онда жолға шығайық. Жүргізуші: Тезірек аман-есен оралыңдар! Біз сендерді күтеміз. (Батырлар тақпақтарын айтады)
Төрегелді:
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл -
Бізге құтты жыл болсын.
Новый год мы ждали с лета,
И дождались наконец.
Дед Мороз принес подарки,
Ну какой же молодец!
Әділжан:
Қыс келді, қыс келді.
Ақтарып ақ қарды.
Жон аппақ түске енді,
Аралап қайтайық,
Ақ күміс бақтарды.
Ермахан:
Жаңа жылда бақыт қандай, нұр қандай.
Бар әлемге салтанатын құрғандай.
Әрбір халық сөйлегенмен әр тілде,
Жаңа жылда бір тілекте туғандай.
Автор: Ертөстік Ақшақармен бірге жолға шығады, осы кезде Қар патшайымының сарайында мына оқиға орын алып жатты. Қар патшайымы:(айнаға қарап, айғайлап күледі) - Айнамшы айнам жер бетінде кім сұлу, шындықты айт мен сұлу, тек қана мен сұлу.
Айна: Ия сен сұлу, тек қана сен сұлу, бірақ сенен өткен бір сұлу бар. Қар патшайымы: (түрі бұзылып ашуланып) - Кім ол айт, сындырмай тұрғанда, жаныңның барында. Айна: Аяз атаның немересі Ақшақар сұлу, ренжіме, ол сенен өткен сұлу.
Қар патшайымы: (түрі бұзылып ашуланып, айнаны сындырайын деп жатқанда) Айна: Сындырма, сындырмашы мені, айтпақшы осында Ақшақар осында атасын іздеп, келе жатыр. Қар патшайымы:(таңданып) - Ақшақар осында келе жатыр ма? Айна: Ол жалғыз емес, оның жанында қазақтың хас батыры Ертөстік пен мейірімді пері бар. Қар патшайымы: -Ертөстік, келсін көрейік. Ертөстіктің ерлігін, осы бір сиқыршы перінің кіріспейтін жері болады ма екен, маған аяқ шалмаса, жүре алмайды екен, келіңдер, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz