АБАЙДЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

1. АБАЙДЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

  1. Абайдың діни білім алған жерлері

Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыс тауы баурайында дүниеге келген. Ұлы ақын - қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ғұлама ғалым, ұлы ойшыл, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абайдың азан шақырып қойған есімі - Ибраһим. Шыққан тегі өз заманының беделді, ауқатты адамдары болған. Абай қара сөзінде: Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі - ата-анадан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан. Солардың ішінде, бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады дейді. Әкесі - Құнанбай, атасы - Өскенбай да ру ішінде билік жүргізіп, ел алдында беделді кісілер болған. Анасы - Ұлжан, әжесі - Зере де, Абайдың руханиятына көп үлес қосқан. Абайдың өсіп - жетілуіне әсер еткен себептердің бірі - алған тәрбиесі, өскен ортасы. Абай әжесі Зере мен анасы Ұлжанның қолында өскен. Зере әжесінен ертегілерді, жыр - дастандарды көптеп тыңдаған. Одан бөлек ақынға әсер еткен игі - жақсылардың Құнанбай ауылына көптеп түсуі. Бала Абай шешендер мен ақын - жыршылардың айтқанын тыңдап, санасына тоқыған. Абайдың діни білім алуына әкесі Құнанбайдың ықпалы зор болған. Ел билеп тұрған шағында ауылдарға молда ұстатып, балалардың мұсылманша сауат ашуына ерекше көңіл бөлген.

Бұл туралы М. Әуезов өз еңбегінде былай деп жазады: Дін жолын бекем ұстауды үлгі етем деп, Құнанбай аға сұлтан болып тұрған күнінде Қарқаралы қаласына мешіт салдырған. Кейін, 70 жастар шамасында, әмір - биліктен тоқталып, Меккеге барады. Сонда Меккеге қазақ адамдары түсіп жүрсін деп, өсиет етіп, өз пұлына Тақия деген жатын үй салдырып кетеді. Бертін келе әр рудан Меккеге барушы қазақ көбейген уақытта көбі Құнанбайдың Тақиясына түсіп сол жақтан Құнанбай атына қанық боп қайтады [1, б. 30] .

Құнанбай қажыны Абай ақын Әбдірахман өлгенде өлеңінде былайша сипаттайды

Арғы атасы қажы еді,

Бейіштен татқан шәрбәтті.

Жарықтықтың өнері

Айтуға тілді тербетті.

Абай алғашында Ғабитхан молдадан сабақ алса, кейін келе Құнанбай Ахмет Риза молдаға берген. Мешіт жанындағы медреседе жатып оқыған. Абайдың негізгі діни білімі осы медреседе қалыптасқан. 3 жылға жуық уақытта Абай араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін меңгерген. Ақида, фиқһ, тәпсір, мантық сонымен қатар сопылық ілім өкілдерінің шығармалары және тарих, география сияқты пәндерді де оқыған. Медресе сабақтарынан бөлек араб, парсы тілдерінде Физули, Шәмси, Сәйхали, Науаи, Сағди секілді шығыс ақындарының шығармаларын, одан бөлек сол тілдерде жазылған ертегі, дастан, қиссаларды көптеп оқыған. Шығыс ақындарының шығармаларын оқығандығына дәлел ретінде ақынның мына бір өлең жолдарын келтірсек болады

Фзули, Шәмси, Сәйхали,

Науаи, Сағди, Фирдауси,

Хожа Хафиз - бу һәммәси

Мәдәт бер я шағири фәрияд [2, б. 4] .

Абай оқыған медреселік діни кітаптар мыналар Мұхтасар мәні, Тәржимен мактубат, Тафсир Кабир, Алты бармақ, Он сегізінші сүре сияқты құран сүрелерін жеке түсіндіретін кітаптар. Тарих оқулықтары: Тарихи Жаудат 1818 - 1815 аралығын қамтыған түрік тіліндегі оқулық. Мухадима ал - аламат авторы ибн Халдун, Аз тарихи Жаудат Түркияның және басқа елдердің тарихы қамтылған. География - астрономия оқулықтары: Ислам-тақауи Алғари Ахмед Мұхтар пашаның еңбегі. Китаб футтух-илбулдан. Елдерді ашу кітабы , Араб тіліндегі географиялық анықтама. Тіл - әдебиет оқулықтары: Араб Рисала риторикалық оқу құралы араб тілінде, Ал қауалу жунду - Жүрек қозғар жырлар атты араб жырларына жасалған талдау еңбек. Мақалай араб тіліндегі мақалалар жинағы. Усул араб араб тілін, әдебиетін үйрету жөніндегі оқу құралы. Жәләләу сан Мәснәу парсыша - түрікше аударма[3] . Абай медреседе сопылық ілімнің өкілдері Сүлеймен Бақырғани, Сопы Аллаяр, Ахмет Яссауидың ілімінен сусындайды[4, б. 26] .

Абай тек 3 жылдық медресе сабағымен шектелмей, ары қарай да діни білімін жетілдіріп отырған.

Сезімтал ақын, сергек ойшыл ғұлама дала тіршілігін өзге дүние тіршілігімен салыстыра зерттеп барып түсінгісі келді. Бала кезінен таныс араб, парсы тіліндегі кітаптарды қайта ақтарып, Шығыс поэзиясына, тарихына, философиясына соңғы көзқараспен қарап, жаңаша баға берді. Әсіресе Табари, Рабғузи, Рашид-әд-Дин, Бабыр, Әбілғазы еңбектеріне ерекше зейін қойды. Шығыстық логика мен мұсылман құқығын үңіле зерделеді. Өз тұсындағы Кіндік Азия мен Күнгей Азияның мәдени-рухани өмірінен мей-лінше хабардар отырды[ 5, б. 14] .

Абай - тек классиктерді ғана оқып қоймай, ақын арғы-бергі араб, грек тарихшыларының шығармаларымен таныс болған. Ибн әл-Асир, Жалаледин Дауани, Шамсаддин Сами және т. б. еңбектерді білген. Мысалы, Ибн әл-Асирдің 12 томдық - Альқамиль фит-тарихтың авторы. Белгілі шежіреші ат-Табаридың еңбегін жалғастырып, соны толықтырған кісі. Ал, Абайдың Шамсаддин Самидың 10 томдық Қамус аль-аглам атты араб, парсы, түрік тіліндегі сөздігінен оқып, қолына түсіруі - ұлы ақынның көп нәрсені ақтарға-нын көрсетеді[6 б. 129] .

Медреседен алған сабағы мен шығыс ақындарынан алған әсерден ақынның Иузи Раушан мен Әлифби өлеңдері жарық көрген. Абайдың ақындығы мен қатар хәкімдігіне де әсер еткен және мықты іргетас қалыптастыруына септігін тигізген діни білімі. Алғашқы ауыл молдасынан хат танығаны, ары қарай медреседе жүйелі білім алғаны ақыл - ойдың биік шыңына апарған алғашқы баспалдақ екені айқын.

1. 2 Абайдың ақындық болмысы

Абайдың жан дүниесі мен ақындық болмысы бір - бірімен үндесіп жатыр. Ақынның шығармаларына арқау болған, алған білімі мен өмірдегі көрген білгені. Абай өзі үлгі тұтып оқыған ақындар арқылы ақындық болмысы қалыптасты. Абайдың оқығаны батыс және шығыс ақындары. Алғашқы уақытта шығыс ақындарына көп ұқсаса кейін батыс ақындарының шығармаларымен танысты. Екі түрлі мәдениеттегі ақындардың шығармаларынан ой түйіп өзіндік бір ақындық болмысы қалыптасты. Содан кейін де Абайдың қазақтың бас ақыны атануы бекер емес. Ұнатқанына көз жұмып еліктеп кетпей, манайында болып жатқан жағдайларға назар салып, ақыл таразысынан өткізіп барып шығармаларын жаза бастаған. Абайдың осы бір ақындық болмысында шығыс пен батыс бірігетіні анық. Бірақ көп зерттеушілер Абайдың дінге және шығысқа қатысын елеусіз қалдырып, ақынның батыс мәдениетінен алған үлесін көп зерттеп еңбектер жаза бастады.

Бұған себеп ретінде сол уақыттағы қазақ халқын отарлау саясаты, кейін келе кеңестік жүйе орнап атеистік иделогия насихатталып жатқан уақытта саяси қудалануға ұшырамаудың қамын ойлап, шығыстық дүниетаным зерттелуі кешіктірілді. Абайдың шығыстық дүниетанымын зерттеген ғалым М. Мырзахметұлы бұл туралы былай баяндайды: Абай дүниетанымының қалыптасу жолындағы рухани қайнарлары жайында пікір айтқан тарихшы, философтар мен кейбір әдебиетшілер орыс, Европа мәдениетінің Абай мұрасына әсері мен шығармашылық қарым-қатынасын жөнсіз асыра көпіртіп көрсетіп, Абайдың шығыс мәдениетіне қатысы жөнінде мүлдем сөз қозғамау себебі де космополитизм туралы қаулының саяси ызғарынан сырт айналғандық болатын-ды[7, б. 7 ] . Осылайша Абайдың шығысы әсіресе дінге қатысы зерттеуді қажет етеді. М. Әуезов еңбегінде: Абайдан қалған мұраның ішінде көп оқушыға даусыз боп айқын сезілетін сыртқы әдебиеттер белгілері бар. Ол Шығыс әдебиеттері мен Батыс әдебиетінен қосылған белгілер[1, б. 239] . Әсіресе, жас күнінен оқып санасына тасқа қашалғандай үлкен орын алған, кейін өмірлік ұстанымы қылған шығыс ақындары. Бірақ та, ескеретін мәселенің бірі Хәкім Абайдың негізгі діни білімі ұстаздары арқылы кітаптардан оқып, білумен қалыптасты. Абай шығыс ақындары арқылы Исламды алғаш таныды деуіміз қате болмақ. Мұнымен айтпағымыз Абай шығыс ақындарының адамгершілік, махаббат, ар мен ұят секілді адамгершілік қасиеттерді суреттеуімен таныса алды.

Абайдың шығыс ақындарымен танысуы медреседен басталды дедік. Ақынның шығармаларын қарасақ, алғаш жазған өлеңдері Иузи Раушан, Физули, Шамси, Әлифби сол өзі үлгі тұтқан шығыс ақындарына еліктегенін байқаймыз. Ақын алғаш жазған Әлифби өлеңінің соңғы шумағын келтіріп кететін болсақ

Я, ярым, қалай болар жауап сөзің,

Мәт - қасың, тәштит - кірпік, сәкін - көзің.

Үтірмен асты-үстілі жазуда бар,

Болуға асты-үстілі көнсең өзің - дейді [2, б. 5] .

Хәкім Абай осы өлеңінде араб тіліндегі әріптердің әрқайсына түрлі мысалдар келтіре отыра соңғы шумағында араб тілінде әрбір әріп үстіне арнайы қойылатын белгілерді кірпік, қас және көзге ұқсатып суреттеп кетеді. Абайдың медреседен кейін бала қиялымен шығарған алғашқы туындыларының бірі. Шығыс ақындарынша көркем түрде суреттеуі кейбір сөздерді парсыша немесе арабша жазғанынан және өлең құрылымынан байқалады.

М. Әуезов ақынның шығыс ақындарына еліктеп жазған алғашқы өлеңдерінің бір қырын былай деп баяндайды Осы өлеңде және бұдан кейінгі екі өлеңде де, Абай өзінше түркі тіліндегі (сол кездегі әдебиет тілі деп саналған) үлгіде жазып отыр. Бірақ ақын сол түркі сөзі мен өлең қатарында келетін араб сөздері әлдеқайда көп. Өйткені алып отырған өлең ырғағы, ритмнің өзі арабтан иран, шағатайға жайылған ғаруз өлшеуінің үлгісі[1, б. 89] . Кейін де ақынның өлеңдерінде шығыстық белгілер болғанымен алғашқы уақыттағыдай емес өте аз. Өмірінің соңғы уақытына жақын ақын шығыс ақындарынша діни шығармаларын жазады. Ол кездегі Абай оқыған сопылық бағытын ұстанушы Сопы Аллаярдың Сәбәт-ул әжизин (Әлсіздердің тірегі) еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидың Диуани хикмет еңбегіде арабша бәйіт яғни өлең түрінде жазылған. Шығыс классиктерінің бәрі де қоғамдық санадан өріс алып үстемдік еткен сопылық, сопылық әдебиетімен әр түрлі дәрежеде тікелей, жанама түрде болса да байланысты болып келгені мәлім нәрсе. Бұл іспеттес рухани қарым-қатынас шығыстың әрі ойшыл ақындарына тән құбылыс болуы себепті профессор Е. Э. Бертельс Өте сирек жағдайда болмаса, мұсылмандық шығыстың ірі авторларының бәрі де дерліктей суфизммен қалайда байланысты болған. Осы әдебиеттермен таныспайынша, оларды түсінудің өзі қиын, - деп, көп жылғы бақылаулары мен зерттеулері арқылы осындай пікір білдіреді [8, б. 64] . Осы тұрғыдан қарағанда Абай оқып, жастай танысқан, бойына сіңірген сыншыл талғаммен меңгере бастаған шағатай әдебиеті мен шығыс классиктері түгелге жуық өз заманындағы суфизм ағымымен белгілі дәрежеде қарым-қатынаста, әдеби шығармашылық байланыста болмағаны некен саяқ. Мысал ретінде алар болсақ, Абай өзі көп оқыған, ұстаз тұтқан Әлішер Науаи шығармалары да ұлы классик пен суфизм әдебиеті арасында аса күрделі байланыстың болғанын академик В. Захидов өз еңбегінің Науаи және суфизм деген тарауында арнайы талдап өтеді. М. Әуезов Абай өлеңдеріндегі жаңа үлгі-өрнектер нақышына тоқтала отырып: Дұрысын айту керек, Абай терең сезім, идея, мазмұн жағынан түгелімен шығыс ақындарының ықпалына берілмесе де, өлең құру шеберлігі, пікір жаңалығы жөнінде бұл кезде де көп нәрсе табады. Сонда, әсіресе, өзіне ең жақын Науаи шығармаларынан үлгі іздейді, - деп арнайы көңіл бөліп өтетіні бар [ 9, б. 83] .

Науаи да, Абай да өз дәуіріндегі сорақылықтарды, талауды, көз жасын көріп өсті. Солай болғандықтан да, соқтықпалы, соқпасыз жерде өскен ақындар арасында жан, рухани ой туыстығы бар екендігі хақ. Ғылым, білімге, адамгершілікке, татулыққа шақырды.

Абай

Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,

Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.

Адамды сүй, алланың, хикіметін сез.

Не қызық бар өмірде онан басқа.

Науаи

Қожа, молда, болсаң егер ғылымыңа мақтанба,

Зекет, ұшыр аламын деп байға тартып жақтанба,

Кім келсе де мейман болса ұшып жүріп, қызмет қыл,

Денең жеңіл болсын хаққа ғибадаттан тоқталма,

Бай болсаң да артылмасын қанағатың пақырдан,

Көпшіліктен шықпа артылып білемін деп ақылдан.

Бек мүләйім сынық болып елге билет басыңды,

Қас табылар залым болсаң алыстан да, жақыннан [10, б. 136] .

Абайдың Науаидан бөлек өзіне үлгі тұтқан, өлеңіне қосқан ақын әрі ғалымдардың бірі Ғұламаһи Дауани. Ақын Ғылым таппай мақтанба атты өлеңінде ғалымның насихатын жаза кетеді. Өлеңнің соңғы жағында былай деп келтіреді

Cөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма.

Шын сөз қайсы біле алмай,

Әр нәрседен құр қалма.

Мұны жазған білген құл -

Ғұламаһи Дауани,

Солай депті ол шыншыл.

Сөзін оқы және ойла,

Тез үйреніп, тез жойма,

Жас уақытта көңіл - гүл - дейді [2, б. 9 ] .

Абай бұл өлеңде өзінің Дауанидың ойын мазмұндағанын айтады.

Осылайша ақынның шығыс ақындарына еліктеуін байқадық. Ендігі кезекте Абайдың сопылық бағытын ұстанушыларға қатысын байқайтын боламыз. Абай оқыған кейбір шығармаларының мазмұнында ұйқастық бар кейбірінде өзі атын атап кеткен ғалымдар көп. Олар Қожа Ахмет Яссауи, Сопы Аллаяр, Сүлеймен Бақырғани. Соның ішінде Абай өз қара сөзіне қосқан Сопы Аллаярдың Сәбәт-ул әжизин (Әлсіздердің тірегі) еңбегін айрықша айта кету қажет. Себебі Абай шығармаларында Сопы Аллаярдың аты аталып, сөзіне сілтеме беріледі. Соған қарағанда Абай уақытында медрселерде Софы Аллаярдың еңбектері оқытылған болуы мүмкін.

Софы Аллаярға Мурадул-арифин, Махзанул-Мутиғин, Мәсләкул-муттақин және Сабатул-ажизин атты төрт еңбек тиесілі. Бұлар негізінен араб, парсы тілдерінде жазылған. Бұлардың ішінде Сәбатул-ажизин еңбегі көпшілікке кеңінен танылып, көбірек оқылған. Тіпті оған татарша түсініктеме жазылып, ол үлкен сұранысқа ие болған. Мұндай түсініктемені Т. Ялсыгулов жасаған және өз еңбегін қызының атымен байланыстырып, Рисалатул-Ғазиза (Ғазизаға хат) деп атаған [11, б. 55] . Софы Аллаярдың «Сәбатул-ажизин» атты кітабына басқада түсініктеме жазылған. Түсініктемені ферғаналық Саиид Хабибулла ибн Саиид Яхйа жазып, кітабын «Һидаятут-талибин» деп атаған. Софы Аллаярдың кітабының мазмұнына үңілсек алғашқы бөлімінде ақида мәселелерін қозғап кетеді. Алдымен Алланы тануды қозғап, одан кейін адамның өмірі өткінші, Алланың мәңгілік екенін айтып кетеді. Жаратушы иесін қалай жақсы көру керек екендігін, сонымен қатар нәпсі дертімен қалай күресу керегін қозғайды. Абайда шығармаларында осыған ұқсас бір қатар мәселелерді айта кетеді. Асылында Абай жырларының шығыстық белгілері алғашқы үш өлеңінде емес, оның бүкіл дүниетанымында. Алланың өзі де рас, сөзі де рас дейтін ойларынан туындайтын жырларында. Қара сөздерінде. Хәкім Абай шығыс дүнетанымын саралап, сар даласында жатқан қазақтың қай дінді қай жолды ұстамағы абзал деп ой пішеді. Шығыс сарыны - Ескендірде, Масғұтта бар. Діл, дін, болмыс, жаратылысты тиек еткен жырларында жатыр. Қазақтың жаңа қоғам болып қалыптасып келе жатқан бүтін болмысын, жалпы адамзаттық құндылықтардың таразысына салып, сол биіктен саралап шешім шығарды. Бірақ, Абай жайын зерттеуші М. Әуезов советтік биліктің бетіне қатты келе алмай, Абайдың шығысын да жоққа шығара алмай қиналған. Жазушы келер ұрпақ түсінсін дегендей құлыптаулы сырдың кілтін меңзеп қана кетеді. М. Әуезов еңбегінде: Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні - дейді [1, б. 236] . Абай дүниетанымындағы елеулі бір көрінісі - оның дінге көзқарасында жатыр. Абай ақылмен, сыншыл оймен жаратушысын тануға ұмтылған батыл әрекетінде ойшылдық танытады. Бірақ әлеуметтік ортасы, өзін қоршаған қоғамдық ой санадағы танымның әлсіздігі ұлы ойшыл ақынды өзіне бейімдеп тарта бергенін өзі де ескертеді. Туған халқын алға сүйреген ақын әрекеті өзін қоршаған надан ортамен тартысқа түседі. Озық жұрт көшіне өршелене тартқан қадамын кейін шегіндіріп, аяғын шырмай береді. Міне, осы себептерді ескере отырып, ақын шығармаларында желілі, жүйелі түрде сөз болатын аса күрделі дүниетанымды мәні бар ұғымдардың бірі - ақыл мен жан жөнінде жиі қозғайды. Абайдағы осы танымның жалғасы Көк тұман - алдыңдағы келер заман өлеңінде тереңдеп түсіп, жаңа тың ұғымымен беріледі. Ақын өлеңін былай келтіреді:

Ақыл мен жан - мен өзім, тән - менікі,

Мені мен менікінің мағынасы - екі.

Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,

Менікі өлсе өлсін, оған бекі [2, б. 168]

дегенде Абайдың өлмейді деп танитыны мен, яғни ақыл мен жан. Мұнда да Абай пікірі сырттай қараған кісіге екі ұшты көрінеді. Бірақ мұндағы ойдың салмағы әрі осы арада жан сөзіне түспей, бірінші тұрған ақыл сөзіне ауатынына ерекше мән беруіміз керек. Әрбір сөзін таңдап, талғап барып мағынасына қарай қолданылатын сөз шебері Абай ақыл сөзін жайдан жай алдыға салып отырған жоқ. Сөзіне арнайы мән беруі себепті айтылар ойдың бар салмағын соған қарай аударып отырғаны аңғарылады. Өз ойының төркінін жете түсіндіруі үшін, әрі тыңдаушы назарын осы сөзге аудару мақсатымен ақыл сөзіне үстемелете салмақ артады. Ақыл сөзін жан деген сөздің синонимі, баламасы ретінде аталатынын аңғартады М. Әуезов Абайдың діні - сыншыл ақылдың шартты діні дейді. Өйткені исламда адамды саналы түрде дінге келуді насихаттайды. Шынымен де ақынның шығармаларын қарасақ ақылдың сының көптеп кездестіреміз. Соның бірі ақынның Абралыға атты өлеңі. Ақын өлеңінде:

Мен жасымнан көп көрдім

Мұсылманды, кәпірді.

Абралыдай көрмедім

Намаз білмес пақырды.

Қираәтін оқытып

Көріп едім, шатылды.

Ниет қыла білмейді,

Не қылады нәпілді - дейді.

Ақын өлеңде замандасын меңзегендей болғанымен сол уақыттағы Абралы секілді адамдар көп болған. Бір кісіні сынай барлық кісіге ескерту жасаған. Өлең соңында:

Осы оқумен намаздың

Қай жерінде сауап бар?

Тегін ойлап байқасаң,

Мұнда ми жоқ, құлақ бар - дейді.

Бұдан түсінетініміз сол уақыттағы халық ішінде құлшылығына салғырт қарайтын, ақылға салмай, елден естігенін оқып сонымен шектеліп қалатын адамдарды сынайды. Хәкім Абай 16-қара сөзімен осы өлеңнің мәнін ашып кеткендей. Ақын қарасөзінде: Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді. Саудагер несиесін жия келгенде тапқаным осы, біттім деп, алсаң - ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба? дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын дейді. Оқымадың демесе болады дағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?[12, б. 103] дейді. Ақын Құранға тілім келмейді дейтін сылтауды қатты сынға ала отыра, ақылды жоғары қойып ел айтқанға еріп кетпей өзіндік ой түйіп шешім шығаруды айта кетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезов – абайтанушы ғалым
Абайтану ғылымы туралы
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Т.Әлімқұлов сыншы және әдебиет зерттеушісі
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Қайымның әдебиет тарихына қосқан үлесі
Мұхамедханов және Абай мұражайы Семей таңы
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz