Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің пайда болуы, эволюциясы және сабақтастығы (ежелгі дәуірден Қазақ хандығының құрылуына дейін)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
8. Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің пайда болуы, эволюциясы және сабақтастығы (ежелгі дәуірден Қазақ хандығының құрылуына дейін).

ЖАУАП) Барлық тарихи кезеңде Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің болғаны белгілі. Мемлекеттік құрылымдардың санғасырлық әлеуметтік-мәдени дәстүрлері қалыптасты. Жоғарыда аталған мемлекеттік этно-саяси бірлестіктер негізінде түркі халықтарының үнемі бірігіп бас косуға ұмтылғанын анық көреміз. Мемлекетті билеуші ақсүйектер тобында қатаң иерархия -- қызмет адамдары мен әлеуметтік топтардың төменнен жоғары қарай бір-біріне бағыныштылық жүйесі қалыптасқанын байқаймыз. Әлеуметтік жағынан ақсүйек тайпалар мен оларға бағынышты тәуелді тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылық әскери міндеткерліктермен алым-салық төлеумен қатар жүрді. Түрік қағанатында билік лауазымы 20-дан астам сатыдан тұрды. Жоғары билік мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Хан мұрагеріне оның мөртаңбасы берілді. Бұл мөртаңба -- мемлекеттіліктің нышаны болатын. Мұны ерте ортағасырлық мемлекеттердің мәнді белгілерінің бірі деп айтуға болады. VI -- XIII ғасырларда Қазақстан аумағындағы ертедегі көшпелі түрік мемлекеттерінде мұрагерлік тікелей жолмен емес, сатылы түрде жүрді. Таққа үміткерлердің арасында жасы үлкендерінің артықшылығы көбірек. Егер билеуші қайтыс болса, таққа бірінші тікелей оның баласы емес, жасы үлкен інісі отыра алатын. Ал кейін XIV -- XV ғасырлардағы Қазақстандағы ортағасырлық мемлекеттерде бұрынғы "сатылы жүйемен" қатар хан билігіне тікелей баласы мұрагер болу дәстүрі пайда болды.
14-15 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда.Алтын Орда - Жошы ұлысында құрылған алғашқы ірі мемлекеттің бірі. 1240 жылдары Руськінәздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық. Қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан.
Түрік қағанаты-552-603
Батыс Түрік қағанаты-603-704
Түргеш қағанаты-704-756
Қарлұқ қағанаты-756-940
Қимақ,Оғыз,Қарахан,Қарақытай,Хорезм шах,Найман мемлекеттері

9. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының алғышарттары мен кезеңдері.

Қазақ хандығы біртұтас, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік құрылым ретінде 1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өмірден озғанға дейін төрт ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мәңгіге өз еншісін алды. Қазақ хандығының генезисін, яғни қалыптасу, даму кезеңдерін сараптағанда дамыған шаруашылық формаларының орныққанын, яғни көшпенді және жартылай көшпенді өмір салтын ұстанып, жер өңдеу ісінің, кәріздік суару жүйесінің, кен өндірісінің болғанына көз жеткіземіз.
Мемлекет басшысы 2014 ж 25 тамызда Ұлытау төрінде берген сұхбатында: Қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталатынын, ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасатынын, одан кейін Алтын Орда орнығып, әрі қарай хандық дәуірге ұласатынын және біртіндеп бүгінгі Тәуелсіздікке келіп тірелетінін атап өтті. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізді және бұл процесс бірнеше ғасырға созылды.
Қазақ халқының бастауы болып саналатын сақ тайпаларының тікелей жалғасы - үйсін, қаңлы тайпалары.
Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге бөлеміз. Біріншісі - үнді-еуропалық, екіншісі - түркілік.
Алғашқы кезеңде Қазақстан тұрғындары үнді-еуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. III-I мыңжылдықтарды қамтиды.
Екінші кезең Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың, соның ішінде ғұндардың батысқа қоныс аударуына байланысты қалыптасты.
Сақ және сармат тайпаларының жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы
Қазақ хандығының туы
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы тақырыбы бойынша рефлексия формасындағы эссе
Сирский каганат
Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәні, әдісі
Қазақ елінің даму тарихы
Қазақ халқының қалыптасуы туралы мағлұмат
Қазақ мемлекетінің құрылымы
Қазақ хандығының қалыптасуы
Пәндер