Математика мамандығы бойынша дипломалды тәжірибесі бойынша есебі



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Ғылым және технологиялар факультеті

Іргелі ғылымдар кафедрасы

5В010900-Математика

Күндізгі (сырттай) оқу академиялық Мат-18-1 тобында
(бакалавриат, магистратура, докторантура) білім алушы

Абдырахман Сайлау Бисенбайұлы

Дипломалды тәжірибесі бойынша

Есебі

Университеттегі тәжірибе
жетекшісі:
Доцент Кулиманова М.Р.

Ақтау 2022ж
Мазмұны:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды бөлім

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2012ж. №1080 жарлығымен бекітілген Жоғарғы білім берудің мемлекеттік Жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес педагогикалық тәжірибе өткізілді.
Тәжірибе мақсаты:
Студенттердің оқу үрдісінде алған білімдерін нығайта, кеңейте отырып, мектептің жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық негіздерімен таныстыру.
Тәжірибе міндеттері:
- студенттердің кәсіби жұмысқа қойылатын міндеттерді жүйелі тұрғыдан меңгеруі;
- жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің кәсіби ұстанымын қалыптастыру;
- кәсіби этиканы меңгеру;
- жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы мұғалім қызметінің практикалық тәжірибесімен танысу;
- мұғалімнің әр түрлі типтегі (диагностикалық, аналитикалық-бағалық және т.б.) кәсіби міндеттерді өз бетінше шешуі мен өздігінен ұйымдастыру мәдениетін қалыптастыру;
- мұғалімдермен, әр түрлі жастағы оқушылармен және мектеп әкімшілігімен кәсіби байланыс орнатудың амал-тәсілдерін меңгеру.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Мен, Абдырахман Сайлау 31.01.2022-19.03.2022ж. аралығында №28 жалпы білім беру орта мектебінде педагогикалық іс-тәжірибеден өттім.
1-апта. 31-04.02.2022
31 күні. Педагогикалық тәжірибе бойынша алдын-ала өткізілетін конференцияға қатыстып, педагогикалық тәжірибенің мақсат міндеттерімен танысып, университет тарапынан мектепке жолдама және күнделіктерімізді алдық. Университеттегі тәжірибе жетекшім - Кулиманова М.Р. Біздерді бұйрық бойынша мектепке бөліп, тәжірибе бағдарламасымен таныстырды. Менің педагогикалық іс-тәжірибе өтетін мектебім, Ақтау қаласындағы №28 жалпы білім беру орта мектебі және жетекшім Көшенова Н.Н. болды.

2 күні. Мектеп әкімшілігі және ұжымымен таныстым. Сол күні бізге бөлінген жетекшімнің сабақ кестесімен, маған бекітілген сынып оқушыларымен, сынып жетекшісімен таныстым. Тәжірибе кезінде сынып оқушыларымен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының жасауды жоспарладым.
Жетекшімен бірге математика сабақтарына қатыстым. Өткізілген сабақтар бойынша күнделікті өтетін сабақтардың ҚМЖ үлгісімен, мұғалімнің сабақ беру әдістемесімен, оқушылармен қарым қатынас жасау және т.б. педагогикалық іс-әрекеттермен таныстым.
Пән мұғалімінің сабақтарына қатысып, әдіскер жетекшімен бірге сабақ жоспарын талдадым. Оқушылардың білімін критериялдық бағалау жолдарын үйрендіп (ТЖБ, ҚЖБ), электронды журнал толтыруды меңгердім.

4 күні. Тәжірибелі мұғалімдердің оқу әдістемелерімен танысып, мұғалімдердің тәжірибелерін өзімнің болашақ сабақтарымда қолдануды үйрендім. Қатысқан сабақтарға талдау жасап, алғашқы күннен бастап сабақ жоспарын дайындадым. Пән мұғалімінің оқу жоспарымен, оқу кабинеттерінің жабдықталуымен танысып, бекітілген сынып бойынша сынып жетекшісімен оқу, тәрбие жұмысы бойынша әңгімелесіп, сынып ұжымымен танысу үшін оқушылардың мінездемелерімен таныстым.
Сабақтан бос уақытта жетекшіммен, алдағы болатын сабақтарға ҚМЖ жасауды үйрендім, және мектеп кітапханасымен таныстым.
Қасымдағы басқада студенттермен, ендігі аптада болатын сабақтарға дайындалдық.

2-апта. 07-11.02.2022
8 күні. Оқушыларға алғаш сабақ беру күні басталды. Жетекшіміз әрқайсымызға сынып бөліп берді. Маған 5 ж сыныбы түсті. Математика сабағы. Тақырып: Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау. Сабақта жаңа тақырыпты түсіндіріп, есеп шығарып оқушылармен жақын таныстым.

9 күні. Бүгінгі сабақта Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау тақырыбында В деңгейіндегі есептер шығардық. Сабаққа оқушылар түгел қатысты. Тақырыпты жақсы түсінді. Оқушыларды бағаладым.

10 күні. Бүгінгі сабақта Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау тақырыбында С деңгейіндегі есептер шығардық. Және тақырыпты қорытындылап, бір қайталап өттік.

3-апта. 14-18.02.2022
15 күні. Бүгін сабақта жаңа тақырып Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау. Оқушыларға жаңа тақыпрыпты түсіндірдім. Сосын А деңгейіндегі есептерді шығардық. Оқушылар түгел сабаққа қатысты.

16 күні. Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау тақырыбы бойынша В деңгейдегі есептерді шығардық. Белсенділік танытқан оқушыларды бағаладым.

17 күні. Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау тақырыбы бойынша С деңгейдегі есептерді шығардық. Тақырыпты қорытындылап бір қайталап өттік.

4-апта. 21-25.02.2022
22 күні. Бүгінгі жаңа тақырып Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау. Тақырыпты түсіндірдім, және А деңгейінің есептерін шығардық. Жеке тапсырмалар бердім және бағаладым.

23 күні. Бүгінгі сабақта оқушылардың сабаққа қатысуы жақсы. Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау тақырыбында топ болып жарысып есеп шығардық. Топтық бағалау жүйесі арқылы бағаладым. Яғни әр топта, топ басшысы басқа оқушыларды бағалайды.

24 күні. Тақырып бойынша С деңгейлі есептерді шығардық. Оқушылар есептерді белсенділік танытып шығарды. Сабақ соңында белсенді болған оқушыларды бағаладым.

5-апта. 28-04.03.2022
1 күні. Сабақты оқушылар түсінбеген жерлерінен сұрақ қойып, тақтаға жеке-жеке есеп шығару арқылы өткіздік. Қорытындылау мақсатында тақырыпты қайталап бір пысықтап алдық.

2 күні. Бүгін жаңа тақырып Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 көбейту ережелерін қолдану. Тақырыпты түсіндірдім. Оқушыларды тақтаға шығардым. Есеп талқыладық. Кейін бағаладым.

3 күні. Жаңа тақырыпты пысықтау мақсатында сұрақ-жауап жасадым. Әркім жеке есептер шығарды. Шығарған септерін тексере отырып, оқушыларды бағаладым.

6-апта. 07-11.03.2022

8 күні. Бүгінгі сабақта топқа бөлініп жарысып есептер шығардық. Топ басшылары, топтағы оқушыларды бағалады.

9 күні. Тақырыпты пысықтау мақсатында сұрақ жауап болды. Оқушылар жеке-жеке есептер шығарды. Сабақ соңында тақырыпты қорытындылап, оқушыларды бағаладым.

10 күні. Жаңа тақырып Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 бөлу ережелерін қолдану. Тақырып түсіндіріп, есептер шығардық.

7-апта. 14-18.03.2022

15 күні. Ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 бөлу ережелерін қолдану тақырыбына қатысты В деңгейлі есептерді шығардық. Белсенді оқушыларды бағаладым.

16 күні. Бүгінгі сабақта оқушылардан, жетекшім екеуміз дайындаған ТЖБ, БЖБ алдым.

17 күні. Тәжірибенің соңғы күні. Тәжірибе есебін дайындадым.

Қорытынды бөлім

Сонымен, мен бұл педагогикалық тәжірибеден өткен кезімде мұғалім болу оңай емес екендігін түсіндім. Сабақ берудің қызығы мен қиыншылығын және көп жауапкершілікті талап ететінін көріп білдім, түсіндім. Электронды журнал, ТЖБ, БЖБ, ҚМЖ қалай жасау керектігін үйрендім. Тәжірибе кезінде сабақ өткізудің қыр-сырын, оқушылармен жұмыс жасауды, қазіргі заманғы технологияларды сабақ барысында дұрыс қолдана білуді үйрендім. Біліммен қатар тәрбиеніде бірге ұштастыра білуді және оны тек қана теориялық тұрғыдан ғана емес, тәжірибе жүзінде пайдалана білуді үйрендім.
Және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Бастауыш білім беру мұғалімі мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту негізінде Баланың мектептегі алғашқы күндері оқу практикасы
Біліктілігі және лауазымы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды қайталау
Оқу практиканың бағдарламасы
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру
Халықтық педагогика ұғымы
Өндірістік тәжірибе
Коксохимия өндірісінде суды пайдалану және оның ластануын экологиялық зерттеу, ақаба суларды тазарту
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Пәндер