Қазақстандағы білім берудің жаңа сипаты мен түрлері: даму бағыттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Тарих және педагогика факультеті

ЭССЕ

Тақырыбы: «Білім берудің жаңа сипаты мен түрлері, дамуы»

Оқу тобы: 1301-20

Орындаған: Жұмағұл Ә. М.

Қабылдаған: Доскараева Г. М.

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы) . Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.

Білімнің ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді.

Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т. т. - білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.

Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты - ұлттық білім моделін жасау.

Жалпы білім беру жүйесі үш сатыдан тұрады:

1-саты - бастауыш мектеп (3-4 жыл) ;

2-сатысы - негізгі жалпы білім беру мектебі (5-6 жыл) ;

3-сатысы - толық рота мектеп (8-12 жыл) . Мемлекеттік және муниципалды мекемелердің барлық үш сатысында жалпы ұлттық білім беру стандарттарының шеңберінде азаматтарға оқытудың жалпыға бірдейлігі мен тегіндігі қамтамасыз етілген.

Пәндерді тереңдетіп оқыту мектептерінде (лицейлер, гимназиялар және т. б. ) конкурстық негізде қабылданады. Негізгі мектепте оқыту стандарт бағдарламасын және таңдау бағдарламасын қамтиды. Ол міндетті жалпы кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының бірнеше түрін қамтиды: кәсіптік-техникалық училищелер (1-2 жыл), техникумдар (2 жылдан 4 жылға дейін) техникалық лицейлер (1-2 жыл) және техникалық колледждер (2 ден 4 ке дейін) .

Кәсіптік мектептердің оқу-жоспарлары мен бағдарламалары жалпы білім беретін және арнаулы болып бөлінеді.

Жоғары білім беру жүйесіне университеттер, академиялар және институттар кіреді. 1987 жылы басталған жоғары мектепте реформа одан әрі жалғасты. Реформаның жетекші идеясы жоғары білім беру жүйесін демократияландыру болып табылады, оқу үрдісін ұйымдастыруды өзгерту және оқу орындарын басқару, жоғары білім берудің мазмұнын деидеологизациялау.

Жоғары оқу орындарының нарықтық қатынастарға көшуге байланысты жоғары оқу орындарының өмірі елеулі өзгерді. Көптеегн жоғары оқу орындары коммерсиялық жұмыспен айналысты. Жоғары мектепте тегін білім алумен қатар ақылы оқыту кең өріс алды.

Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:

• Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;

• экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;

• ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жоғары білім жүйесінің жағдайы мен даму бағыттары
Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім берудің өзекті мәселелері мен даму жолдары
Білім берудің жаңа парадигмасы және мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
Қазақстандағы білім беру жүйесінің мәні, принциптері және даму бағыттары
Инклюзивті білім берудің негізгі бағыттары: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте анықтау, түзету және әлеуметтік интеграция
Білім берудің жаңа парадигмасы аясында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру ерекшеліктері
Қазақстандағы кәсіптік білім берудің модельдері мен ұйымдастыру ерекшеліктері
Қазақстандағы білім беру жүйесінің қалыптасуы, құрылымы және қазіргі даму бағыттары
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Инклюзивті білім берудің маңызы: халықаралық тәжірибе мен Қазақстандағы жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz