PISA зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылымижаратылыстану сауаттылығын дамыту мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
УДК 371.3.55

PISA зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту мәселелері

Р.Ж.Кожагалиева., философия докторы (PhD),
Rabdrakhmanova_7@bk.ru
Л.С.Жубангалиева., магистрант.
Lar_8101@mail.ru

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ.

Аннотация: Жүргізілген зерттеу жұмысының мақсаты мектеп бағдарламасы аясында жаратылыстану ғылымдары пәндерін оқыту үрдісінде, сыни ойлаудың құрылымы мен талаптарына басым назар аудара отырып, оқушылардың PISA тестін жоғары деңгейде тапсыруына ықпал ету жолдарын қарастыру. Зерттеу нәтижелерін химия, биология, физика оқытуда қолдануға болады.
Кілт сөздер: Пиза, сауаттылық, функционалдық сауаттылық, құзіреттілік.
Халықаралық (PISA) зерттеулері соңғы жылдары әлемдегі, оның ішінде Қазақстандағы білім беру дамуына үлкен әсерін тигізді. Бүгінде отандық білім беру жүйесі PISA-ның нәтижелерін есепке алады, өйткені бәсекеге қабілеттілік мәселесі өте маңызды. Қазақстандық білім беру сапасы шетелдік білім беру сапасынан ерекшеленеді: қазақстандық оқушылардың білімі мен дағдысы жеткілікті жоғары бола тұра, күнделікті тұрмыс жағдайында өз білімін қолдануда қиындықтарға тап болады, сондай-ақ әртүрлі формаларда ұсынылған ақпаратпен жұмыс істеуде де кедергілер туындайды. Осылайша, бүгінгі таңда әлемдегі ең маңызды тәжірибеге бағдарланған көрсеткіш бойынша, қазақстандық жалпы білім беру халықаралық талаптарға және стандарттарға толық сәйкес келмейді.
С.А. Крупник, В.В. Мацкевичтің пікірінше, жеке жағдайда, мемлекет өткеннің орнын толтыру, басқа елдерді басып озу қажет болған кезде ғана сауаттылық проблемасы (функционалдық сауаттылық) өзекті болады. Сол себепті, функционалдық сауаттылық түсінігі қоғам өмірінің сапасын (өзінше мəдени стандарт) түрлі елдердің əлеуметтік-экономикалық тиімділігін салыстырудағы бағалаудың өлшем бірлігі ретінде қолданылады [1, 18 б].
А.А. Леонтьев өзінің бір еңбегінде функционалдық сауаттылыққа өте орынды жəне терең түсінік берді: Егер формалды сауаттылық - оқу техникасының дағдылары мен біліктерін меңгеру болса, функционалдық сауаттылық - адамның осы дағдыларды нақты мəтіннен түсіну, қысқарту, тасымалдауға қажет ақпаратты алуда еркін қолдану қабілеті [2, 25б].
Қ.А. Байтажикованың пікірінше, білім беру қоғамның экономикалық, əлеуметтік жəне рухани прогресінің факторы ретінде мемлекеттің жалпы тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Білім берудің бұл миссиясын жүзеге асырудың басты шарттарының бірі өмір сүру сапасына жаңа қатынасты дамытуды көздейтін сауаттылық түсінігінің ауқымын кеңейту болып табылады [3, 22 б].
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік және интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін Қазақстан PISA, TIMSS халықаралық зерттеуіне қатысты.
PISA (Programm for lnternational Student Assessment) - оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы. Бұл бағдарламаның мақсаты білім беру жүйелері әр түрлі елдердің 15 жастағы жасөспірімдерінің мектепте математика және жаратылыстану ғылымдарынан алған білім, білік 3 және дағдыларын өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларды шешуде қолдана алуларын, сонымен қатар түрлі мәтіндерді оқып және түсінулерін салыстырмалы бағалау болып табылады [4] .
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы бойынша халықаралық тесті орындау нәтижелері мектептік ғылыми жаратылыстану білім беру аймағындағы әлемдік жетекші мамандар тұжырымдаған негізгі талаптарға сәйкес келмейтін қазақстандық оқушылардың төмен деңгейін де анықтады. Қазақстанның 15 жастағы оқушылары қарапайым жағдайларда білімін еске түсіруге арналған тапсырмаларды жетістікпен орындап, оларды шын өмірге жақын жағдайларда қолдануға қиналған. Жүргізілген ғылыми жаратылыстану зерттеулерінің нәтижелерін талдау немесе салыстыруда, ғылыми айғақты пайдаланып өзінің көзқарасын дәлелдеуді, алынған қорытындыны растауды немесе жоққа шығаруды талап ететін тапсырмалардан оқушылар төмен нәтиже көрсетті. Мектепте алған білімдерін пайдаланып, өзінің көзқарасын дәлелдей отырып, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және екі қарама-қарсы қорытындының пайдасына айғақтар табу немесе ұсынылған қорытындыларды жоққа шығару оқушыларда өте нашар қалыптасқан.
Мектепте алған білімін күнделікті өмірдегі жағдайларда қолдану, қойылған мәселені ғылыми әдіспен шешу, әртүрлі ақпарт көздерімен жан-жақты жұмыс істей алу және оны сыни тұрғыдан бағалау, әр түрлі болжамдар көрсетіп, оның дұрыс немесе бұрыстығына зерттеулер жүргізу, айтылған көзқарастарды дәлелдеу және негіздеу қабілеттілігі бағаланады [5, 19-20 бб].
Шешім қабылдау түріндегі мәселелерде оқушылар шартта тұжырымдалған ықтимал шешімдер мен шектеулерді түсінуі және осы шектеулерге сәйкес келетін шешім қабылдауы қажет.
Талдау және жоспарлау сияқты мәселелерде оқушы жағдайды талдап, шартта тұжырымдалған талаптарға сәйкес келетін жүйені жоспарлауы керек.
Кенеттен пайда болатын проблемалар сияқты мәселелерде оқушылардан құрылғының жұмысын түсіну, мәселенің ерекшелігін анықтау, ақауларды диагностикалау және мәселенің шешімін ұсыну талап етіледі. Тапсырма түрін қарастырсақ:кейбір құстар ұлулармен қоректенеді. Орманда өмір сүретін ұлу түрлерінің қабыршағы қара түсті болады. Ал шалғында өмір сүретін ұлулардың осы түрлерінің қабыршағы ақшыл болады" Ұлулардың өз өмірін сақтап қалуға түстері қалай әсер ететінін түсіндіріңіз.
Дұрыс жауап нұсқаларының үлгілері: орманда өмір сүретін ұлулардың қабыршағы қою (қара) түсті болады, өйткені бұл олардың орманның қою түстерінің арасында көрінбеуіне жағдай жасайды. Ал шалғында өмір сүретін ұлулардың ақшыл түсті өсімдік гүлдері арасына жасырынады. Екі жағдайда да оларды жыртқыштардың табуы қиын болады. Ұлудың қабыршағы оның тірі табиғатпен ұқсас болып, жыртқыштардан қорғануына көмектеседі.
Жартылай дұрыс жауап нұсқаларының үлгілері: Оларды құстар жеп қоймайды. Олар құстардан жасырына алады. Бұл оларды жыртқыштардан қорғайды. Дұрыс емес жауап нұсқаларының үлгілері: Шалғынға қарағанда орманда қараңғырақ. Ұлуларға қараңғы орманда қою қара түсті болған ұнайды. Шалғында жарық, сол себепті ұлу да ақшыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамытуда Pisa тапсырмаларын қолдану арқылы биология сабақтарында оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау және жаратылыстану сауаттылығын бағалау
PISA зерттеуінің математикалық сауаттылық бағыты
Оқушылардың ғылыми - жаратылыстану бағытында ойлау қабілеттерін дамытуды зерттеу
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Биология сабағында жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған мәтіндер
Функционалдық сауаттылықты дамыту
Пәндер