Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы

Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып - біледі. Көрген - білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Тіл - баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы барысында ой - өрісін, ақыл - парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.

Баланың тілін дамытып, қалыптастыруда ойынның маңызы зор. Ойын технология арқылы баланың тілін дамыту жеңіл болмақ. Ойын баланың оқуға деген ынтасын арттыратын әдіс. Бүгінгі таңда дидактикалық, сюжеттік, спорттық, ұлттық ж»не шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар арқылы баланың дұрыс және ұғынықты сөйлей білуін, сондай - ақ ойын жағдайлары арқылы олардың зейіні мен ынтасын арттыруға болады. Баланың тілін дамыту барысында ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс.
Ойын дегеніміз не? Ойын қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс - әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесінде кең тараған дамыту ойынның қызметі;
Ойынға тарту, рахаттану, демалдыру, қызығушылығын тудыру.
Ойын арқылы баланың бойында адамгершілік қасиеттерді, өмірге деген
құштарлықты қалыптастыруға болады.
Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойын - балалардың ой өрісін
жетілдірумен бірге өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу тәсілі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше
зерделейді. Ойын дегеніміз - баланың тілін дамытатын, қызықтыра отырып, ойдан ойға жетелейтін, тыныс кең, алысқа меңзейтін, қиялға қанат бітіретін нәзік нәрсе.
Ұлы педагог В. И. Сухомлинский; «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз, шығармашылықсыз толық мәндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды»,
дейді.

Демек, ойын арқылы баланың ақыл - ойы, сөздік қоры толыға түседі. Ойынның тілді дамытуда орны ерекше. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де олар бір - бірімен қарым - қатынасқа түсіп сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір - біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір - бірлерін бақылайды, тәрбиеші тек бағыттаушы болады. Ойын барысында тәрбиешінің рөлі үнемі өзгеріп отырады. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан жөн. Бала рөлде өзін неғұрлым еркін сезінетін болса, соғұрлым қызыға ойнайтын болады. Бастапқы кезде тәрбиешінің балалардың ынта - жігерін бақылағаны жөн.

Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды. Кейде тәрбиешінің өзі де басты рөлден басқа кез - келген рөлде ойнауына болады. Тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап, оның жұмысына жәрдем беруіне болады.

Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей, өзіне ғана түртіп алады да келесі сабақта осындай қателермен жұмыс жасайды. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс, нақты түсіндірілуі қажет. Рөлде ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп (мәселен батырға немесе шешенге), кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді, мақал - мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланады, сөздік қоры молаяды, халқымыз асыл - маржанын меңгереді. Рөлдік ойындар баланың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ақыл - ойын, дүниетанымын жетілдіруде тиімді нәтиже береді. Драматизациялық ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуға үлкен әсер етеді. Драматизациялық ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек, себебі ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құралады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы, драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:
1. Шығарманы өзгертпей, түпнұсқасында сахнада қою;
2. Мәтінге шығармашылық өзгерістер енгізіп, сахнада қою.
Драматизациялық ойындардың белгілі, айқын мақсаты бар:
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік қарым - қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру;
2. Балаларды сөйлеуге үйрету;
3. Өмірдегі кез - келген оқиға туралы естігенін айтуға және іс - әрекет жүзінде көрсете білуге машықтандыру.
Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай кезде баланың қызығушылығы төмендейді. Қандай да болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген дұрыс. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуді үйренеді. Ата - аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамыту мен тәрбиелеуде ойын түрлерінің маңызы зор екенін ұмытпаулары қажет.
Сөйлесу қызметі - белсенді әрі мақсатты үрдіс. Бұл қызмет түрі серіктестің болуын талап етеді. Онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты - бүлдіршіндердің диалогтық қарым - қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу арқылы тілін дамытады.
Ойынның мәні - баланың дербес әрекеті мен төңірегіндегі өзгерістерді танып - білуіне жол ашу. Ойын халықтық педагогиканың ең бір көне және тиімді құралдарының біріне жатады. Бала ойын арқылы өзінің өмірден байқағандарын жүзеге асырып, айналасындағы адамдардың іс -

қимылдарына еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды, ұлттық ойындар, оның ішінде ата - бабаларымыздың баға жетпес құнды қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді, сөздік қорын байыта түседі. Сабақтарды ұлттық ойындармен байланыстыра түсіндіру тақырыптарды тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы Мұхтар Әуезов:
«Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Балабақшаларда ұлттық ойындар ұтымды пайдаланылса, онда тәрбиеленушілердің тілін дамытуға, білімге деген құштарлығын арттыруға және қазақ халқының мол мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады. Қазақтың белгілі ғалым - ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін, өткен ұрпақтың дәстүрі мен тарихын құрметтеп, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерінің дамуына, сөздік қорының баюына қосатын үлесін жоғары бағаласа, біртуар ақын Мағжан Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігінің, тілдік тәрбиенің негізгі ажырамас бөлшегі деп тұжырымдайды. Тілді дамыту мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмыстарының негізгі болуы тиіс, өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, сана - сезімін кеңейтеді.

Тіл - халықтың ажары, базары, бағы. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, өзінің айналасында болып жатқан өзгерістерді, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата - анасы міндетті. Бала тілінің дамуы негізінен эмоциялық ортаға, әр баланың отбасында қалыптасқан әкесі мен анасының, атасы мен әжесінің, үлкен мен кішінің қарым - қатынасына тығыз байланысты. Баланың өзге адамдармен қарым - қатынасының негізгі де отбасында қалыптасады. Бүгінгі техникалық мүмкіндіктер жақсы дамыған заманда ата - аналардың да мүмкіншіліктері кеңейе түсуде. Теледидар арқылы көрсетілетін ертегілер мен қойылымдар, ойындар баланың тілдік дамуына өз әсерін тигізері сөзсіз.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, мектепке дейінгі әр түрлі топтардағы балалардың тілін дамытуда ойындарды тиімді пайдалану осы бағыттағы атқарылатын игі іс - шаралардың нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын.

Балабақшадағы оқыту - тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген

сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста дидактикалық ойындар арқылы қолдана білуге ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- дидактикалық ойындар арқылы тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Мен балалармен дидактикалық ойын арқылы сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретемін.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде дидактикалық ойын арқылы балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып

- балалардың сөздік қорларын дамытамыз;

- жаңа сөздерді меңгертеміз;

- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отырамыз;

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі дидактикалық ойын арқылы сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындар, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде дидактикалық ойындар -баланың шын тіршілігі. Дидактикалық ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады.

Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Дидактикалық ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала ешнәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал, еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлайда білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп -есейгенде де жалғаса береді. Ойын барысында өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным-түсінік, мінез-құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

Дидактикалық ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Ойын дегеніміз - баланың тілін дамытатын, қызықтыра отырып, ойдан ойға жетелейтін тыныс кең, алысқа меңзейтін, қиялға қанат бітетін нәзік нәрсе.

Ұлы педагог В. И Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз, шығармашылықсыз толық мәндегі ақыл - ой тәрбиесі

болмайды» дейді. Демек, ойын арқылы баланың ақыл- ойы, сөздік қоры толыға түседі.

Дидактикалық негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, еске сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болса, сол ойындардан үлкенде мәнді, мағыналы істер туындап өрбейтінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандайда бір өнердің бастауы деп білеміз.

Өз тәжірибемде балалардың сөздік қорларын дамытуда дидактикалық ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Дидактикалық ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар.

Тәжірибемде балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойыны) үш түрлі етіп өткізуіне айта кеткім келеді.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы аз, қайсысы көп?» т. б. Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады.

Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш?», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «Не артық?»

Ал, сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуді үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».

Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолнаумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр»,

«Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін береді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытта қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған деп тегіннен айтпаса керек. Балабақшаларда сонымен қатар ұлттық педогогиканы дидактикалық ойындармен ұштастырып ұтымды пайдаланылса, онда тәрбиеленушілердің тілін дамытуға, білімге деген құштарлығын арттыруға және қазақ халқының мол мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.

Табиғат біздің досымыз

Тәрбиеші: Ибраева Г. Аязбекова А

Күні:12. 04. 2022ж

Қызылорда 2022 жыл

Баланың тілдік қызметін ұйымдастыруда

ойынның маңызы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын-оқушылардың танымдық үрдістерін қалыптастыру және дамыту құралы
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын дидактикалық ойындарды пайдалану әдістемесі
Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
Ойын технологиясын ұйымдастыру арқылы өзін өзі дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуді дамытуда ойындарды қолдану және коммуникативті құзіреттілігін дамыту
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Ерік әрекеттерінің дамудағы бағыттар
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының дамуы
Ұлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz